Жетібаева Сабина
8 сынып, № 74 ЖББОМ
Қарағанды қаласы
Жетекшісі: Ходжаев С.Ә.
Менің Отаным - экономикасын, мәдениетін, ғылымын, зияттылығын, демократиясын, құқығын, дамуының мақсатын биік шыңдарға жеткізуге ұмтылған және осы ұмтылысын дүние жүзі таныған және мойындаған ұлы кемеңгерлер мен батырлар құрған мемлекет –Қазақстан.
Төрт мұхиттың арғы жағында Қазақстан - жері кең байтақ,халқы бауырмашыл,ғылымға,ілімге құштар ретіндігі ел болып танылды, шекарасы көптеген мемле-кеттерге ашылып, халықаралық қарым-қатынасқа түскен мемлекеттер алдында сыйлы және мәртебесі биік мемлекет.
Қазақ халқында Жері байдың- елі бай деген керемет кемеңгерлі мақал бар,осы мақалдың мағынасына үңілетін болсақ,ел аузындағы осындай дана сөзге дәлел табуға болады.Өйткені Қазақстаның жері кең байтақ ғана емес,сонымен қатар ғалым Менделеев таблицасындағы 111 элементтің 99-ы біздің жер қойнауында бар.Бұл жер байлығы ғана емес,бұл Отанымыздың, халқымыздың болашағы.Себебі алпауыт ірі еуропалық мемлекеттердің біздің мемлекетпен достық қарым-қатынаста болуы,бұл біздің Қазақстанды дүние жүзіндегі ең толерантты,адал серіктес ретінде сенуі.
Қазақстанның оңтүстігі,солтүстігі,шығысы мен батысында қазба байлықтар мол болуы – мемлекетіміздің болашақта бақытты,экономикасы мықты,дамыған мемлекеттердің алды болуына кәміл сенуі,сонымен қатар,Қазақстанды көп ұлтты,демократиялық,кұқықтық зайырлы,жоғары интелектуалды мемлекет ретінде дүние жүзі таныды.Оған дәлел менің туған қалам Қарағандыда 30-дан астам өзге ұлт өкілдерінің күнделікті жанымызда,бір үйде,бір көшеде бейбіт өмір сүруі.Туған қаламда көптеген мектептердің,жоғары оқу орындырының болуы халқы -мыздың ұлттық тілді,ресми тіл орыс тілін және ағылшын тілін жастайынан еркін меңгеруі – қазақстандықтардың білім деңгейлерінің жоғарылығын көрсетеді.
Мен өз Отанымды туған қалам Қарағанды мен байланыстырамын.Өйткені, бұл қалада мен дүниеге келдім,бақытты балалық шағым менің есею кезім,жақын туыстарым,ата-анам,жолдастарым,ұстаздарымның арасында ертеңгі күнге алаңдамай өтіп жатыр.Болашақта мен белгілі бір ел басқаратын азамат болмасамда,сайының тасы болайын деп мақсат қойдым.Мектепте жақсы оқып,үлкендерді сыйлап, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп Отаныма адал қызмет етемін.Өз елім – алтын бесігім-де, Отаным –қуатым,отбасым –шуағым,туған жерімнің түтіні де тәтті деп ойлай-мын.
Отан-оттан да ыстық,- деп бекер айтылмаған мақал екенін, жазғы демалыста көрші ел Қырғызстанда болғанымда түсіндім.Ол елдің жері, Ыстықкөлі қанша әдемі болса да,өзімнің үйімді қатты сағынғанда түсіндім.Сондықтан өз елім,Отаным,Қазақстаным өзіме өте қымбат,жолда туған елге қайтіп келе жатқанда Қазақстанның шекара бекетіне келгенде Қазақстанның желбіреген көк байрығы,өзімнің ұлттық тілімде сөйлеп жатқан отандастарымызды көргенде бір апта болған Қырғызстан жеріндегі экономикалық қиындықтарды байқағандықтан,өз елімнің
бейбітшілігі,ынтымағы жарасқан,тоқшылық, ырысы мол,берекелі ел екендігіне өте қуандым.
Осындай Отанымның болуы елді басқарып отырған кемеңгер,данышпан Елбасымыздың еңбегі деп айқын айта аламын.Елбасының Қазақстан халқына жасап жатқан істерін ерлікке теңеуге болады.Ердің ісі – елдің мойнында,елдің ісі –ердің ойында деп бекер айтпаған.Яғни,Ел барда – ер қор болмас,ер барда ел қор болмас,- деген сөзді бекем ұстанғым келеді.
Қорыта айтқанда, Қазақстан әлемдегі көптеген мемлекеттердін ортасындағы инновацияланған,индустрияланған,алдыңғы қатарлы дамыған мемелекеттердің ортасындағы жасы кіші болғанына қарамастан, ең үздіктердің қатарынан көрініп келеді. Біз Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы күні-түні еліміздің дамуына,елді көркейту үшін халықтың армандаған қиялдарын іске асырып,күш жұмсағанына тек біздер ғана емес, бүкіл халықаралық арена куә болуда.Яғни, Елбасы өзінің еңбектерінің аз уақыт, яғни жиырма жыл ішінде жемісін көріп жатыр. Қазақтың халық мақалында: Не ексең, соны орасың,-дейді емес пе?Расында бұл сөздерді астарлап қарасақ,ішінде құнды ойлар жатыр.Елбасымыз Қазақстанның байтақ еліндегі әрбір жарқырап атқан таңы мен алаулап батқан кеші бейбіт өмір мен ертеңгі болашақтың ғұмырлы болуына кепіл береді және халқы кәміл сеніп әрқашанда мемлекет басшысының барлық игі істерін қолдайды.
Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы