Құран Кәрім Ислам дінінің негізгі көзі.

Скачать

Құран Кәрім-Хз Мұхаммедке уахи етілген және барлық адамзатқа жіберілген илаһи кітабының аты. Тікелей немесе жәбірейіл арқылы Ислам пайғамбарына уахи етілген, 23 жыл пайғамбарлық кезінде Хз. Мұхаммедке аят-аят; сүре-сүре болып түскен. Хз. Мұхаммед те өзіне уахи етілгендерді адамдарға үйреткен, жаттауды және жазып алуды ұсынған.
Уахи жазушылардың тарапынан Хз. Мұхаммедтің сау кезінде жазылған және жатталған. Құран уахи халифа Хз.Әбу Бәкір заманында бір кітапқа жинақталды. Хз. Мұхаммед өмір сүрген кезді уахидің келуі жалғасып тұрғандықтан, бір кітап болып жиналуы мүмкін емес еді. Құран Кәрім «оқы» аятымен басталған 6666 аят және 114 сүреден тұрады. Алғашқы уахи 610 жылы Хира тауында, ал соңғы уахи меккеде Веда қажылығынан (Хз.Мұхаммедтің соңғы қажылығы, кейін келген. Олай болса, Құран Кәрім Хз. Мұхаммедке түскен мусхафтарға жазылған, теватүр /ауыздан ауызға айтылу/ жолымен жеткен/ оқу аралығы ғибадат етілетін және онымен іс істелетін илаһи кітап. Оның бірнеше аты бар: Құран , Мусхаф, Фуркан, Беян Рух және т.б.
Құран Кәрім Ислам дінінің негізгі көзі, мұсылмандардың панасы тура жол көрсетуші. Адамдардың оған ұқсас кітап жазуға күші жетпейді. Осы жөнінде Құран адамдар мен жындардың алғашқы аятқа да ұқсас ешнәрсе жаза алмайтынын сеніммен айтады. Құранның сөздері, үкімдері мен теориялық толық тәртіптелген.
Анық және түсінуге оңай әрі араб тілінде түсірілген Құран Кәрім жалпы сенім, ғибадат және ахлақ (мінез-құлық) негіздеріне тоқталған. Адамдардың әлеуметтік, мәдени және экономикалық мәселелерін шешуші ережелер ұсынған. Оның үкімдері, бұйрықтары және тыйымдары арасында қайшылық жоқ.
Құран Кәрімнің негізі адам. Адам және адамзаттың бақытты болуын мақсат етеді.

Ислам өз атын қасиетті кітап құраннан алды. Негізін бүгінге дейін өзгертпей сақтаған жалғыз дін, Ислам әлемдік дін. Барлық пайғамбарлардың әкелген діні. Барлық пайғамбарларға ислам уахи етілген. Ислам адамға тән және барлық адамзаттың діні. Адам нәсілінің ерекшелігін қорғау және «Алладан басқа илаһ жоқ» (лә иләһә иллалаһ) сөзіне байланысты бір құлшылық түсінігі, «танысу ахлақын» орнату үшін келген. Бұл мақсатқа жету үшін адам өмірін бұзатын табиғи әдеміліктерді жоятын қате батыл сенімдерді, надандықты, зұлымдықты және Алладан басқаға құлшылық етуге себеп болған жамандықтарды жоюға бағытталады. Ислам діні илаһи діндердің ең соңғысы және ең толығы.
Құран Кәрім жақсы ахлаһтың (мінез құлықтың) барлық адамның өмірінде көрініс табуын қалайды. Барлық адамды бейбітшілікпен тыныштықта өмір сүруге, сүйіспеншілік және қайрымдылық пен әрекет етуге шақырыды. Жеке адам мен қоғамның мәдениетті және бақытты болуын тілейді. Өзін жүректегі аурулар үшін шипа бағынғандар үшін тура жол ретінде ұсынған Құран Кәрім дұрыс білім мен жаңашыл түсініктің, өшпес мәдениетпен өркениеттің негізгі көзі болып табылыды.


Скачать


zharar.kz