«Денсаулыққа қарсы қылмыстар» тақырыбына жазылған курстық жұмысты қорғау
Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар.Біздің осы қорғағалы отырған курстық жұмысымыздың тақырыбы- «Денсаулыққа қарсы қылмыстар»
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де, осы тақырыптың маңыздылығына байланысты болды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі мен дәрежесіне байланысты туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: жеке азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың маңыздылығын ашып көрсету және де оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: адам мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың ұғымы, олардың түрлері және топтау және де жекелеген түрлерінің қылмыстық-құқықтық сипатын ашу. Адам мен азаматтардың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығын анықтау.
Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. «Денсаулық дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі» яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.
Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбіненсе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы – адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек
Осы курстық жұмысты орындау барысында , жұмыстың мақсатына сай мынандай қорытынды жасауға болады:
Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы – оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы.
Осы курстық жұмыста алдымызға қойған басты мақсат – ол денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипатын ашу.Сондықтан да жоғарыда айтып кеткеніміздей, денсаулық дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Денсаулық – адам өміріндегі негізгі байлығы болып есептеледі, яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.
Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясының Адам мен Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Осы курстық жұмыстың негізгі бөлімінің 1.2 тармақшасында Адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығына тоқталсақ:
Адамның денсаулығын сақтау құқығы – бұл мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілген тегін медициналық көмек арқылы жүзеге асырылады. Осы құндылық заңмен қорғалаған. Соған мысал ретінде адам мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделуін қарастыруға болады.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау кезінде, оларға:
1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтру;
2. Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру;
3. Денсаулыққа қарсы жеңіл зиян келтіру;
4. Денсаулыққа абайсызда зиян келтеру;
5. Науқасқа көмек көрсету тағы басқа түрлері жатады.
Осы курстық жұмыста адам денсаулығына қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері мен оларды топтаған кезде жеке-жеке тоқталдық және де ерекше мән беріле жазылды.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстың обьектісі, субьектісі туралы түсініктер жан-жақты қаралды.
Осы курстық жұмысты орындау барысында біз көптеген ғалымдардың еңбектерімен таныстық. Оларды айтатын болсақ: Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаев, Алауханов Е.О., Ғайрат Сапарғалиев, Төлеубеков Б.К., Смитенко В.Н. тағы басқа да атақты ағаларымызбен таныс болдық.
Курстық жұмыстың құрылымды мазмұны мына бөлімдерден тұрады: кіріспе бөлімі, екі тарау, жеті параграф және қорытынды бөлімі, сондай-ақ жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
Қорытындылай келсек, осы адам денсаулығына қарсы қылмыстар туралы жазылған курстық жұмыста ең басты айтылған мәселе оның адам денсаулығына, өміріне тигізетін зияны туралы жайлы түсінік кеңінен көрініс тапты.