1989 жылы

Скачать



1989 жылы: Айдарбеков Қайрат Нұртасұлы 1989 жылы 25-ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.
1996 жылы: Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы 140 мектеп-гимназиясында алғаш қолына қалам алады.
1997 жылы: "Махаббат мұңы" әнімен алғаш 8 жасында экранға шықты.
2005 жылы: Эстрада цирк колледжінің студенті атанды.
2006 жылы: "Шаншар" әзіл-ысқақ театрында "Әке" әнін орындады. Сол жылы "Арман" әні жазылды.
2007 жылы: Қайрат елге белгілі әндері "Тәтті сезім","Еркетай қарындасым","Жаралдың кім үшін", "Аллаға шүкір","Көз жасың көмектеспейді" сияқты тағы да басқа әндерін тыңдарманға ұсынды.
2008 жылы: 25 ақпанда Алматы қаласы Республика сарайында "Тәтті сезім" атты алғашқы шығармашылық ән кешін берді.
2009-2010 жылы: Белгілі хит әндер мен бейнебаяндар жарық көрді. Осы уақытта тек Қазақстанда емес, ҚХР,Қырғызстан,Өзбекстан т.б елдерде аты мәлім болып, бірнеше шығармашылық кештерін өткізді.
2010 жылы: "Ауырмайды жүрек" әні жазылды.
2011 жылы: Қазақстан ұлттық арнасы ұйымдастырған "Екі жұлдыз" байқауына қатысты.
2012 жылы: 25 ақпанда "KN" журналының тұсауы кесілді.
2013 жылы: Баян Есентаева продюсерлік еткен "Саз әлемі" байқауына "Ауырмайды жүрек", "Мейлі" әндерімен қатысып, "Жыл әншісі" және "Жыл әні" атағын жеңіп алады.
9 сәуірде "Өкініш" фильмінің премьерасы өтті.
2014 жылы: Муззон ЕМА-2014 премиясында Жылдың үздік әншісі атанды Алматы және Астана қалаларында Қазақстанда бұрын соңды болмаған 3D шоу концертін берді. "Қайрат Нұртас" тігін цехі жұмыс істей бастады.
2015 жылы: Ұлттық аспаптар оркестірімен жанды дауыста Қызыл гүлім-ай кешіне қатысты.
Тұңғыш рет Астана қаласында өткен МуЗТВ арнасының арнайы Гравитация премиясында халықтың дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның үздік әншісі атанды.

Дереккөзі: http:wwwbiography6487-kn.html?Like
©


Скачать


zharar.kz