Өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындауды ұйымдастыруды жетілдіру

Скачать

Өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындауды ұйымдастыруды жетілдіру
1. Өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындаудың мазмұны мен мәні
2. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық нысандары
Өндірісті техникалық дайындау – өндірісті ұйымдастыру, жаңа және пайдаланған техника мен технологияны әзірлеу мен жетілдіру, шығарылған өнім түрлерін модернизациялау, сондай-ақ жаңа өнімнің ассортиментін жобалау мен өзара байланыс шараларының кешені.
Өндірісті дайындау кезеңдері:
1) ғылыми-зерттеулік (өндірістің даму перспективалараын зерттеу);
2) жоба-конструкторлық (жаңа өнімді жобалау, оның қасиеттері мен үнемділігін анықтау);
3) тәжірибе жұмыстарын өткізу (эксперимент – машиналар мен құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін сынау);
4) технологиялық (жаңа технологиялық үрдістерді енгізу).
Мұнайгаз саласында өндірісті дайындау түрлерін елесідей топтауға болады:
1. Материалдық дайындау – жаңа оьъекттерді іске асыру және оларды дәл кезде құруын қамтамасыз етумен, материалдардың ең үнемді түрлерін таңдаумен, материал-техникалық құралдардың және атқарылған жұмыстардың еңбексыйымдылығының шығын мөлшерін техника-экономикалық негіздеуімен тұжырымдалады.
2. Ұйымдастық дайындау - әртүрлі жұмыс инструкцияларын (нұсқауларын), регламенттерін, қауіпсіздік техника ережелерін құруын және бекітуін іске асырады.
3. Техникалық дайындауға кіретіндер:
• өндірілген мұнай, газ және конденсатты тасымалдауға дайындау;
• бұрғылау сапасын үздіксіз жоғарлату, бұрғылауда прогрессивті әдістер мен тәсілдерді қолдану;
• мұнай өндіруде қабаттардың мұнай бергіштігін жоғарлату үшін тиімді әдістерді енгізу;
• телемеханизация және автоматизация құралдарымен объекттерді қамтамасыз ету;
• еңбекті қоғау әне қауіпсіздік техника бойынша шараларын қамтамасыз ету.
4. Технологиялық дайындау технологиялық процесстерді жобалауын және іске асыруын қамтиды.
5. Құжаттық дайындау – алғашқа құжатқағаздарды қайта қарастыруын талап етеді. Олардың ішіне технологиялық карталар, операционды график бейнелер мен сұлбалар, машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдаланудың ережелері мен инструкциялары кіреді.
6. Конструкторлық дайындау – машина мен тетіктердің алғашқы енгізілген клнструкцияларын жетілдіру, жаңа сапалы деңгейіне жеткізу жобалауымен тұжырымдалады.
Жалпы талабы – үлкен қуаты және шапшаңдылығымен, азайған габариттер және салмағымен, жоғарылатқан техникалық параметрлермен, автоматтандырылған және бақылау элементтерімен қамтылған конструкцияларды әзірлеу болып табылады.


Скачать


zharar.kz