Төле бидің Ұланбике деген қызынан туған жиен немересі

Скачать



Ескелді Жылгелдіұлы- би, шешен, қолбасшы. Шамамен 1695 жылы Жетісу өңіріндегі Қаратал өзенінің бойында дүниеге келіп, 1770 жылы дүниеден озған. Төле бидің Ұланбике деген қызынан туған жиен немересі. Ұлы жүз құамындағы жалайыр тайпасының сиыршы руынан шыққан. Ескелді би Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама жылдары Тұрлымбет Бекенұлы, Жайнақ, Тәттібай мерген, Малтабар, Құлжан сияқты батырларды өз маңына жинап, жоңғар шапқыншылығына қарсы қандай шайқастарда қаһармандық көрсеткен. Кейін Ескелді би бастаған жалайыр қолы Аңырақай шайқасына, Аягөз, Таскескен мен қазіргі Текелі қаласынан әрідегі Жолбарыс сайы, Балдырғанды, Қызқұлаған деген жерлерде өткен соғыстарға қатысып, қазақ жерін жаудан азат етуге елеулі үлес қосқан. Ескелді бидің Абылай ханның сенімді серігі болғаны жайында да аңыздар сақталған. Соның бірі- Ескелді бидің қалмақ ханы Қалден Серенмен келіссөз жүргізуге барып, соңында қалмақ ханы судың түбін қыз бекітеді деп, қызын Ескелді биге бергендігі туралы аңыз. Бірақ Ескелді би: Ата салтын санасыз бұзады. Тон жағасыз, ел ағасыз болмас деп, жолын Абылай ханға берген екен. Халық арасында Ескелді би айтты деген ұлағатты сөздер кең тараған.
Алматы облысының Талдықорған ауданы 1929 жылға дейін Ескелді би атымен аталып, кейін ол атау алынып тасталған болатын. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бұл атау қалпына келтірілді.
Ескелді би туралы жазушы Ұ. Доспанбет Қызыл жолбарыс атты 2 томдық тарихи роман жазды. Сонымен бірге Бақтыбай Жолбарысұлы мен Сара Тастанбекқызы жыр жолдарын жазды.
Ескелді би Жылкелдіұлы
Ескелді би Жылкелдіұлы (1695–1770) – би, шешен, туған жерін жоңғар шапқыншыларынан азат етуде аянбай күрескен қолбасшы, Төле бидің Ұланбике атты қызынан туған жиен немересі. Алматы облысының Іле мен Қаратал өзені аралығында туған. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының сиыршы руынан шыққан. Ескелді би Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары Тұрлыбет Бекенұлы, Жайнақ, Тәттібай мерген, Малтабар, Құлжан сияқты батырларды өз маңына жинап, жоңғар шапқыншылығына қарсы қанды шайқастарда қаһармандық көрсетті. Кейін Ескелді би бастаған жалайыр қолы Аңырақай шайқасына, Аягөз, Таскескен мен қазіргі Текелі қаласынан әрідегі Жолбарыс сайы, Балдырғанды, Қызқұлаған деген жерлерде өткен шайқастарға қатысып, қазақ жерін жаудан азат етуге елеулі үлес қосты. Ескелді бидің Абылай ханның сенімді серігі болғаны жайында да аңыздар сақталған. Соның бірі Ескелді бидің қалмақ ханы Қалдан Серенмен келіссөз жүргізуге барып, соңында судың түбін шым бекітеді, даудың түбін қыз бекітеді деп, қалмақ ханы қызын Ескелді биге бергендігі туралы аңыз. Бірақ Ескелді би Ата салтты санасыз бұзады. Тон жағасыз, ел ағасыз болмас деп, жолын Абылай ханға берген екен. Халық арасында Ескелді би айтты деген ұлағатты сөздер кең таралып, ол жөнінде Бақтыбай Жолбарысұлы, Сара Тастанбекқызы, т. б. жыр жолдарын арнады. Алматы облысының Талдықорған ауданы 1929 жылға дейін Ескелді би ауданы аталып, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бұл атау қалпына келтірілді. Ескелді би туралы жазушы Ұ. Доспанбети Қызыл жолбарыс атты 2 томдық тарихи роман жазды.

Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы


Скачать


zharar.kz