Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді

Скачать

Ақыт Қажы Үлімжіұлы (А. Алтайский) (1866(7), ҚХР, Шыңжан өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы — 1940, Үрімші) - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мешіт салдырып, медресе ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін тұтқынға алынып, мешіті талқандапып, кітаптары өртендіріліп, 1940 ж, түрмеде азаптап өлтірілген. [1]
1891 — 1914 жылдары Санкт-Петербург, Қазан баспаларынан Ақыт Қажы атамыздың "Жиһанша”, "Ахиретбаян”, "Сәйпілмүлік - Жамал” дастандары, "Абият ғақидия”, "Сейітбаттал Ғазы”, "Ишан Махмұд” аталатын кітаптары бірнеше рет жарық көрді. Оның шығармалары "А. Алтайский” деген бүркеншік атпен "Айқап” журналына да жарияланып тұрған. Ақыт өлеңді алуан ырғақта насихат, назира, ғақлия түрінде жазған. Ой толғауда Абай мәнеріне ден қояды. Абай өлеңдерін үлгі ете отырып, "Дәлейлул-ғақылия” ("Ақыл түбі”) өлеңдер топтамасын жазып шыққан. "Адамның жасы”, "Асан ата”, "Шыңжан қаритасы”, "Керей шежіресі”, "Ер Жәнібек”, "Алтай” деп аталатын туындылары ел арасына кеңінен таралған. Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 30-дан астам халық ақындарының шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналды.


Скачать


zharar.kz