Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма

Скачать



Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары - қарасөз деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар Он алтыншы, Он сегізінші, Он тоғызыншы, Жиырмасыншы, Жиырма төртінші, Отыз бірінші, Қырық бесінші сөздері. Жалпы қарасөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын- Қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала - очерк тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқазерттеу сияқты. Өзге қырық бес сөздің ішінде көлем жағынан ең мол шығарма бұрын Абайдың қолжазбаларында Ғақлиат тасдиқат деген атпен бөлекше көшіріліп жүретіндін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен ой-толғауы болады. Бұл - Отыз сегізінші сөз. Осыдан соң қарасөзбен жазылған мысал, өсиет есебіндегі Сократ пен оның шәкірті Аристодим әңгімесі. Бұл -Жиырма бесінші сөз. Көпшілік қарасөздерден және де өзгешерек қалыптанған Абайдың Отыз жетінші сөзі. Бұл бөлімше өзге қарасөздерге тұтас құрылған бүтін шығарма емес. Шартты түрде Отыз жетінші сөзден бір араға бастары құрылған афоризмдер саналады. Мүрсейіттің көшірулерінде және Абайдың толық жинақтарының бәрінде осы афоризмдер Жиырма үш деп саналады. Анығында, Абайдың афоризмдері бұлар ғана емес және жинақтарға басылғандай бір ғана 1896 жылда туған болмау керек. Әр жылдарда айтылған терең ойлы, шешен, шебер сөздерді 1896 ж. ең алғаш Абай шығармаларын құрастырушы шәкірттері сол жылда түгендеп еске алып отырып, ойда сақталғандарын осылайша Отыз жетінші сөз деп мөлшермен, шартты бір шеңберге сыйғызған тәрізді. Афоризмдер Абайда жиырма үштен әлдеқайда кеп екенін Абай оқушыларының бәріде біледі. Ақынның өз шығармалары ғана емес, Пушкиннен, Лермонтовтан және әсіресе Крыловтан жасаған аудармаларының тұсында әр алуан өсиет, сын, мысқыл, әжуа, психол., эстетик., пед. жайлардан түйіп айтқан нақыл, ақыл, терең ойлар аса көп кездеседі. Сондайлық бір-екі өлең жолының бойына сыйған тұжырымды көркем сөз Абайда көбінше афоризм боп қалыптанған. Ал өз өлендеріне ауыссақ, онда осылайша жазылып және жұртқа молжайылып, нақыл-өсиетесебінде тарап кеткен талай өлең жолдары бар. Соның көбі және де Абайдың афоризмдерінің санын молайту керек. Еңақыры, осы тұста бөлек тексеріліп отырған қарасөздердің өздерінің кейбіреулерінен де Абайдың шешен, шебер, тапқыр етіп түйген сөйлемдері афоризм қатарында оқушы жұртқа ертеден көп тарап кеткені бар. Олар да Отыз жетінші сөзді көп тың мысалдармен әлі талай тамаша бағалы афоризмдерімен молайта алады. Осылайша, жалпы Абай қарасөздерінің ішінен Отыз жетінші сөзді де біраз ерекшелігін қарап, бөліп шығардық. Жоғарыда жасалған екшеулер бойынша біз жеті сөзді қысқалық себебінен және өзге сездерде әр көлемде айтылған пікірлерді қысқа түйіп, қайталайтын болғандықтан, бір бөліп шығардық. Онан соң Абайдың түгел өз сөзі болмағандықтан, аударма ретінде жиырма жетінші сөзді - Сократ сөзін бөлдік. Түр өзгешелігі бойынша Отыз жетінші сөз афоризмдер жайын жеке қарадық. Және Отыз сегізінші сөз - Ғақлиат - тасдиқатты бұрынғы барлық қолжазбаларда белініп жүрген ретімен жалпы қарасөздерден бөлекше атадық. Тағы да тақырыбы ғылымдық мәселе болғандықтан, Қырық алтыншы сөз - тарихтық очеркті де бөліп атадық. Осымен жиыны он бір сөз, қарасөздер көпшілігінің қалпынан бізге басқарақ саналды. Содан арықалатын Абайдың анық қарасөз атты мұрасын алғанымызда, олар отыз бес сөзден құралған болады. Енді ең алдымен осы қарасөздің қалың тобын тақырып мазмундарына қарай арнаулы жіктерге бөле отырып тексеріп, танып көрейік.
Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Кейбірсырт сипаттарына қарағанда Л. Н. Толстойдың Круг чтения деп аталатын еңбегіне ұқсас. Толстой өзінен басқа ойшылдардың көп-көп жайлардан жазған толғаулы терең пікірлерін жиып топтап, өз оқушыларына бірнеше кітап етіп ұсынған. Бірақ Толстой Круг чтенияда оқушыларымен тыныш, тату әңгіме өткізем дейді. Сөз бастағанда әрбір жайлардан өз ойларын келтірмейді. Абайдың қарасөзінде Сократтың сөзін дін үгітшілерінің сөздерін келтіргендей етеді. Абай қарасөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Осыдан соңғы қарасөздер жөнінде айқын байқалатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Онысы - анығында солай да еді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қарасөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қарасөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдар мен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде Абай өзінің көпшілік оқушы, тыңдаушысыменен әңгімелеседі. Және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық сипаттың жауы болатын аярлық жалғаншылық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтык, мансапқорлық, өсекші-өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тындаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен келтіреді; Кейде өзі көп алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы күнделік болмысынан алады. Сол мысалдарды кейде күлкіге сайып, мысқыл, әжуахалдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты боп жетсін деген мақсатты ойлайды. Өзінің адамгершілік, әлеуметшілдік, ағартушылық ойларын айтуда Абай педагогикалық жақсы әдіс қолданады. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Сатылап отырып үгіт-өсиет асырады. Соңында тыңдаушысы туралы Абайдың күдігі көп. Кейбір терең өсиет, озғын ойлар бұның тыңдаушыларының санасына жетпеуі мүмкін. Сол себепті елең сөздерінде ұзақтан, тереңдеп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік үлкен ойлары мен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын мынау қарасөздерінде оңайлатып, азайтып, қысқартып айтатыны да болады. Бұл ретте кейде ақынның өлеңінде кездесетін қайшылықтар және тарихтық тар көлемді, түсініктер көбірек көрінетін кездері де болады. Оқушы мен көпшілік тыңдаушыларының өз тұсындағы сенім-нанымдарын еске алғандықтан, ақын дін тақырыбын көбірек сөз қылады. Әрине, оның өз нанымы өзгермейді. Сондықтан өлеңдегі сияқты дінді адамгершілік моральдың, тәрбиенің қараңғылыққа қарсы, шартты түрдегі өткелі есебінде бағалайды.
Осындай негізгі түсінік Абайдың қарасөзінде де көрінеді. Бірақ осымен қатар мұсылман дініне иланған тыңдаушыларына құдайдың, пайғамбардың, иман, парыздардың жайларын көбірек айтады. Мынау оқушылармен әңгімелескенде өз ойына соларды көбірек серік етеді. Және өлеңнен қарасөздерді төменірек түсіретін тағы бір өзгешелік бар. Онысы: дін түтынушылар мен би-болыс, атқамінерлер жөніндегі аса аяусыз, сыншы, жазушы болған қалпын Абай қарасөздерде біраз жеңілейтіп, ашуын азайтыңқырап алады.
Өлеңінде жаңағы топтар жөніндегі шығармалар көп болса, қарасөздерінде аз көрінеді. Бірнеше шығармаларда басып айтқан ащы, сыншы пікірлер болғанмен, көпшілік қарасөздер орташа шындықты орташа халде тарады. Бұнда жалпы байкалатын күй, осы тыңдаушылармен Абай тану, тыныш мәжіліс құрғандай болады. Ол тыңдаушыларды әрине Ғаклиат-тасдихаттағы оқушылар ғана деп бағалау дұрыс болмайды. Өйткені Ғақлиатты Абай өзінің касында жақын жүрген шәкірт достарына, үміт еткен жаксы жастарына аса бір жылы жүректен ағалық өсиет етіп айтқан. Ал, көпшілік қарасөзде Абайдың көзалдында көрініп отырған тындаушысы жаңағы жастар ғана емес сияқты. Бірақ олар Абайды аяп әңгімелесетін, тартына сөйлейтін адамдары тәрізденеді. Осы себептен болу керек, қарасөз ой тереңдігі жағынан да көп өлең сөздерден таязырақ, сәл ғана шындықтардың өріс-өрісін байқаткандай болады. Енді осы жайларды жоғарыда біз бөліп шығарған отыз бес қарасөздің әр алуан жіктерінен, таптарынан нақтылап танып көрейік.
Жиыны барлық қарасөз, біздің аңғаруымызша, он-он бір тақырыпқа бөлінеді. Кейбір тақырыптар бір топ сөздердің көлемінде қайталап, әр алуан жаңа мысқыл, теңеулермен, дәлелдермен молайғаны болмаса, ойжағынан бір алуандас болады. Ал кей тақырып, бір-бір қарасөзде айтылумен тоқтап отырады. Мыс, Бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Бұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерде оралмайды. Екінші сөзінде - халықтарды салыстырады. Қазақ, ноғай (татар), сарт (өзбек), орыс сияқты көршілес елдерді оқушысы қазақ жұртшылығына әділетті достық көңілмен ұғындырып береді. Әңгімені жай бір тыңдаушылар тобында отырғандай, жеңіл әзіл тәрізді бастап, өз халқының дәлелсіз үстірт өзімшілдігін мысқыл ете келеді. Содан барып шын сыншыл ойларына ауысады. Еңбек суйген ел атаулының бәрі де қазақтай еңбексіздікке мол салынған және сол еңбекті өнеркәсіпте, күндегі тірлікте көрші елдің бәрінен кейін қалып отырған халқына үлгі берерлік, артық елдер болып бағаланады. Тақырып жағынан алғанда, Үшінші сөз де өзінше бөлек бір алуан. Бұнда казақ сахарасын билейтін әкімдер, тергеуші билер, соттар туралы сөйлейді. Сол күндегі ел тірлігінің қайшылық, ауыртпалықтарын молайтып отырған патшалық өкімет туралы да ой қозғайды. Болыс атаулының елге сор болатын тынымсыз сойқаңды мінездерін әшкерелейді. Уақытша себі бола ма деп бірер ұсыныстар айтады. Сол ретте ендігі болыс орысша оқуы бар адамнан болса екен дейді. Және тергеу мен үкім шығаратын қазақтың биі, сот орны туралы пікір айтады. Ел ішіндегі дау оңай шешілу үшін, әділетпен аяқталу үшін патшалық өкімет сайлаумен қойып жүрген билер болмаса екен дейді. Оның орнына третей билікті ұсынады. Абайдың осы пікірі Герценнің Былое ду-масында жазылған соттар думасындағы пікіріне өте дәл келеді. Герцен Россиядағы параны құрту үшін халықтың көз алдында әшкере тергеу болатын болсын және бұрынғы третей соты қайтадан заңға кірсін деген.
Абайдың ойында да билік, тергеу халықтың қамына жақын болсын. Жұртшылыққа залалды жаманшылық атаулы орынды жазасын алатын болсын деген қамқорлық талап бар. Бұл қарасөз Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді. Өлеңдік шығармаларында өз заманының шындықтарымен қолма-қол байланысты болып, оны сынау арқылы пайдалы іс етемін деген ақын жаңағы қарасөзінде сол әлеуметтік, әкімшілік қалпына нақтылап араласқысы келеді. Әсіресе халыққа күнделік іс-әрекеттерімен бейнет, дерт әкеліп отырған тергеушілік тәртіптің сорақылықтарымен алысуға кіріседі. Бұл жөніндегі Абайдың кемшілігі, қателігі Шоқанның бір кателік пікірімен үйлес келеді. Екеуі де ендігі билер ауыспайтын, өмірлік би бопсайлансын дейді. Бұл ескі феодалдық қалыпқа тартар еді. Төртінші сөздіңде тақырыбы өзінше бір бөлек шығады. Бұл өсиетте бұрынғы өлең сөзінде көп айтқан бір тақырыпты қозғайды. Онысы - күлкі туралы ойлаған ойы, сыны.
Бесіншісөз - қазақтың кейбір мақалдарын сынайды. Мұнда халық санасының өзіндегі надандық, қараңғылықтың салдарынан туатын мінді мінез, кемшін ой, айыпты әрекеттерді шеней өтеді. Мал үшін өмір кешетін адамдарды үлкен қиялменен сынап, айыптап түземек болады. Осы жоғарыда аталған бес сөзінде бес бөлек тақырып болса, келесі Алтыншы сөзден бастап белгілі ой мен сындардың, өсиет пен үгіттің арнаулы тақырыптары бірталай сөздерде қайталап отыратынын көреміз. Мыс, Алтыншы, Сегізінші, Тоғызыншы, Оныншы, Он төртінші, Жиырма үшінші, Жиырма алтыншы, Жиырма тоғызыншы, Отыз үшінші, Отыз тоғызыншы, Қырқыншы, Қырық бірінші, Қырық екінші және Қырық үшіншісөз сияқты үлкен бір топ сөздерінде Абай ел мінезін көптен-көп сөз етеді. Бұнда бірлік жөнінде, ол ақылды болыс-би сияқты ел әкімдерінің пара алмайтыны жөнінде кекету -әжуа айтылады (Алтыншы, Сегізінші сөздерде). Және де осы топта ол туралы толғанған ойдың ызалы ащы күйін уланған оймен көрсететін сөз бар (Тоғызыншы сөз).
Осы қатарда мінез жайын айта келіп өтірік, батырсынған бояма мінезді сынау, адамдықты үгіттеу Он төртінші сөзде көрінеді. Ел мінезін сынайтын сышыл-реалист жазушы кйде бұрынғы өлеңінде қолданатын қатты сатираны да өзіне үлгі етеді. Қуаныш пен жұбаныш жайын аса ащы сатирамен Жиырма үшінші сөзде, Жиырма алтыншы сөзде айқын көрсетеді.
Жиырма төртінші сөзінде тағы да мақалды шенеу арқылы ел мінезіне үлкен сыншылдық жасайды. Және де кәсіп, еңбек иесі адамды бұзып, аздыратын салтты Отыз үшінші сөзде баяндайды. Осыдан соңғы бір топ толғаулар қазақтың бұрынғы өткен адамдарының мінезін сөз етеді. Халықтың даналық мақалдарын елдің қасиеті есебінде ақынның қадірлейтінін көреміз (Отыз тоғызыншы сөз). Ел мінезіне арналған сөздердің Қырқыншысы - тыңдаушысымен көзбе-көз әңгімелесу үстінде туғандай, Жазушы кеп сүрақтар бере отырып, қазақ қауымындағы адаммен адам арасындағы қарым-қатынасты қатты сынай сөйлейді.Жәнеде елмінезіне арналған Қырық бірінші сөзде Абайдың көп өсиет-сын өлеңдерімен ұштасатын жайттер қайта қозғалады. Елді тағылым-тәрбие түзер еді, ол жоқ деген арманды ой туады. Халық басындағы, қоғам ішіндегі ауыртпалық күйдің бәрін теріп көрсететін осыған тән сөздердің бір алуаны (Қырық екінші сөз) жұмыссыздыққа арналады. Еңбексіз жатып ішу, қолы ұдайы бос болу жеке адамның басындағы және бар қауымдағы кеселдің үлкен себепшісі деген аса сыншыл, дұрыс ойлар айтылады. Осы бір топ сөздердің ең соңғысы Қырық үшінші сөз - алғашқы жолдарында Абай санасындағы дуализмді көрсеткенмен педагогик., психол. үлкен жүйрік ойды танытады. Қарасөздер ішіндегі көлемі үлкен, кенеуі мол сөздің бірі де осы деуге болады.
Енді бір бөлек тақырып боп, Жетінші сөз оқшаулау көрінеді. Ол - жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз. Баладағы білуге ұмтылу жақсы қасиет екенін атаумен бірге, үлкеннің надандығы сол жақсы баланы жаман тәрбиемен қорлап бұзғанын білдіреді.
Өзге карасөздерден және де өз тақырыбымен оқшауырақ тұратын Он бірінші сөз - ұлық турасынан басталып, үлықтарға қарсы, оларды қатты әшкерелеген сыншының ойын танытады. Халықтың, көпшіліктің өкілі болып отырған азамат жазушы жаңағыдай үлықтар кесірінен бейнет шегетін ел үшін ширығып, ызалы турашылдық сөздерін сөйлейді.
Бүл тексерілгендерден бөлек қарасөздердің ішінде тағы бір қайталай түсетін тақырып - дін менен мораль, тәрбие жайларын қозғайды. Олар: Онекінші, Он үшінші, Жиырма жетінші, Отыз бесінші, Отыз алтыншы, Отыз сегізінші және Қырық бесінші сөздерде.
Осы сөздердің кейбірінде Абай құдайға құлшылық етудің мәнін айтып, иман жайын сөз етеді (Онекінші, Он үшінші сөздер). Бірақ, сол мұсылманшылдықтың анық діндік үгітін айта отырып, Абайдың өз оқушысына жеткізбегі - адамгершілік өсиеттер болады. Сол адамгершілік қасиетті адам өзінің жаратылыс сырымен қоса бағалап, түсінсін деп ойлайды. Сондай түсінік адамды адамгершілік биік сатыға көтереді дейді. Осы ойына тіреп, дерек етіп (Жиырма жетінші сөзінде) әдейі ұстаздық, тәрбиешілік ниетпен Сократ сөзін береді. Отыз бесінші, Отыз алтыншы сөздерде Абай қазақтың дін күтушілерін және сол дін жолының өзіндегі ерескел мінді мінездерін шенейді. Пайғамбар өсиетін айта отырса да, сыншыл ақылдың талаптарын Абай айқын атап отырады. Осы топта көлемі мен мазмұны бойынша ең үлкен орын алатын Отыз сегізінші сөз- “Ғақлиат-тасдиқат”. Бұнда Абай аят, хадистерден цитаталар келтіріп сейлейді. Жазу тілінің, басқа қарасөздердегі анық қазақтық түрін өзгертіп, кітапшалап (түркіше) тың үлгі, стиль іздейді. Сыртқы стильдегі, тілдегі өзгешеліктер бұл сөздегі діндік мазмұн менен нық байланысты. Осы кезде Абай өзінің дінін тұп наным жағынан да, моральдық қасиеттер турасынан да және адамгершілік тәрбие мақсатымен де анықтап, таныта түспек болады. Өлендерінің тұсында айтқанымыздай, әрине, бұл сөзде де Абай өзін мұсылман етіп көрсетеді. Ол діннің құдайына иланады. Енді соның көп сипаттарын өз оқушысына баяндап береді. Сол баяндауында үнемі адамның жақсы сипаттар жағын айрықша өкшеп терумен болады. Ендеше, бұл сөздің де түп мазмұн-мақсаты адамды жақсы етіп шығаратын қасиет, сипаттарды жеткізе түсу. Моральдық философияның, педагогикалық мұраттардың негізін діндегі негіздермен қабыстырып бермекші. Жалғызақ осы жөніндегі Абай ойларында кейде көрінеу тайыздық, көнелікте байқалады. Бұл әсіресе жаратылыс жайымен адамның жаратылыс сырын шешемін деген кездерінде аса айқын сезіледі. Сонымен қатар осы үлкен сөздің ішінде Абай үлкен батылдық табады. Тарихтық, әлеум., ағартушылық жөнінде күшті қуат көрсетіп, заманы үшін аса сыншылдық танытатыны да бар. Ол - қазақ ортасындағы жалпы мұсылмандық шығыстағы қоғамдык, әлеум. құрылыстар жөнінде айтатын терең толғаулы пікірлер.
Алғашқы айтылған сөздің мысалын осы Отыз сегізінші сөзде келтірген бір ұзақ пікірден байқауға болады. Барлық жаратылыстың молдық берекесін айтып келіп, Абай Адам баласының үзілмес нәсіліне таусылмас азық болсын дегендік - дейді. Осымен бар дүниенің жан-жануары, өлі-тірі табиғаты баршасы да тек адам баласы үшін жаралады. Өйткені, адам нәсіліне тәңір иесінің жасаған махаббаты солай деген ой таратады. Анығында, жаратылыс диалектикасын ойлағанда, Абайдың бұл айтқаны жаңылыс, теріс пікір. Және философия тарихында әлдеқашан ескірген - дүние адам үшін жаралады дейтін, көп заманнан бері қолданудан қалған, кене пікір болады. Ал әлеум. мәселеде Абайдың дін жайын қозғай отырып, дін ұстаздарына айтатын қатты соққы, сындары және осы сөзде. Бұл жоғарыда біз айтқан Абай ойының ең қымбатты, бағалы жағы. Абай молдаларды сынап келіп Бұл заманның молдалары хаким атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бәлкім бұзық пиғыл деп, осыдан кейін Абай молдаларды өздерінің тілдерімен дәлелдер айтып отырып әшкерелеп, қатты шенеп шығады. Содан әрі жалғыз қазақ емес, бүкіл мұсылманшылық ғаламына ауысады. Өздерінің реакциялық қараңғы нанымдарымен елді улатып, шырмап келген үлкен дін басыларға да аяусыз соққы береді. Мыс., Молдалар тұра тұрсын. Хұсусан бұл заманның имандарынан бек сақ болыңдар. Олар фитнәй ғалам. Бұлардан залалдан басқа ешнәрсе шықпайды. Өздері хукім шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Онан асып өзін-өзі әһли тарихат біліп және біреуді жеткізбек дағуасын қылады. Бұл іс олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбегі - мұхал. Бұлар - адам аздырушылар, хатте дінге де залалды. Бұлардың сүйенгені надандар, сөйлегені жалған, дәлелдері таспиғы менен сәлделері, онан басқа ешнәрсе жоқ,- дейді. Осындай дінмен байланысты діншіл ойларды айтып келіп, Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ойтолғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады. Адамды қор қылатын ең залалды жаманшылықтарды санап өтеді.
Олары үш нәрсе: надандық, еріншектік, залымдық - деп атайды.
Өлең шығармаларында адамгершілік, тәрбиелік терең ойларды қозғағанда айтатын қорытынды түйіндерін осы арада тағы келіп табады. Сөйтіп анық айқын діншілдік үгіт сияқтанып басталған сөз ақынның өз ұғымындағы үлкен моральдық философияның тәрбиелік талаптарына келіп қосылады. Ақындық өсиеттері мен қарасөзде көрінген ұстаздық мақсаттар екеуі де осындай тұстарда табысып кеп, үнемі бір сағаға қосыла құйылып жатады. Осылайша топталып, тексерілген қарасөздердің тақырып бойынша құралатын ендігі бір мол түрі тағы бір топ сөздерде көрінеді. Олар: Он бесінші, Он жетінші, Он сегізінші, Жиырма бірінші, Жиырма екінші, Жиырма сегізінші, Отызыншы, Отыз екінші, Отыз төртінші және Қырық төртінші сөздер. Бұнда әр аулан түрде қайталап келіп отыратын бір тектес тақырыптар бар.
Сол ортақ тақырыптар адамның адамдық қасиеттерін тереді. Үлкен адамгершілік, ақтық, тазалық, азаматтық жөніндегі тәрбиелік ойлар айтылады. Он бесінші сөзде мораль мәселесін мінез белгілерімен байланыстыра отырып, әрбір жақсы адам боламын деген кісіге өз-өзіне есеп беру қажет екенін айтады.
Он жетінші сөзде Абайдың өз тұсындағы және Абайдан бұрынғы үлкен моралист, педагог ойшылдардың, ұстаздардың көп айтқан пікіріне жанасатын ой-толғау жүргізеді. Ол - толық сапалы адам болудың шарты жайындағы ойлар. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болу үшін оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, тең табыссын деген талап қояды.
Он сегізінші сөзінде және де қысқа қайырып, адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын ақыл, ғылым, ар, мінез деген ой түйеді.
Жиырма бесінші сөзінде қазақ халқынан қадірлі азамат, қауымға пайдалы қайраткер шығару үшін орыс оқуының ерекше бағасын қадірлеп айтады. Оқушы өзі үшін емес, халқы үшін еңбек ететін адам болсын дейді. Бірақ осы сөзінің ішінде және осыдан бұрын жазылған Жиырма екінші сөзінде Абай бірнеше қайшылық пікірлер айтады. Орысша оқып жүрген жастардың ішінде жақсы атаның баласы аз оқыды деп, екі ұдай ұғым қалдырады. Жақсы ата деп Абай тұсындағы жалпы ұғымды алсақ, жуан атаны ұғынуға да болады. Немесе Абайдың өзіндік сыны бойынша - үлгі берер жеке жақсы атаны айтты деугеде болады. Қалайда осылай екі ұдай түсінік беретіндіктен Жиырма бесінші сөздің бағасын біраз әлсірететін жай бар. Жаңағы аталған Жиырма екінші сөзде Абай көрсеткен қайшылық бұрынғы өлеңінде де бірең-сараң жерде ұшырасқан қайшылыққа жалғасады. Ел билеуші адамдардың адамгершіліктен тыс мінездерін сынап, әшкерелей келе отырып, Абай еңбек байын қостаймын дегендей ойға ауысады. Көп байдың сорақылық, зияңды, қомағайлық, қанаушылық мінез-құлықтарын көп шығармаларында ашып, әшкерелеп келген Абайдың еңбек байы дерлік байы қоғам ішінде болмайтындығын айыра алмаған.
Адамгершілік женіндегі тәрбиелік тақырыпты Абай Отыз екінші сөзіндеде және Қырық төртінші сөзіңде де қайталап, толық дәлелдеп өтеді. Бұлардағылым басқа есеп ушін емес, адамның бас қасиеті өсуі үшін, арлы, мінездітолықмағыналыадамболу үшін жәрдем етсін дейді (Отыз сегізінші сөз). Қырық төртінші сөзінде тәрбиелік ойдың тағы біршартын адамның басындағы мінезділікпен байла-нысты талапқа әкеп саяды.
Міне, осылайша топтап тексеру ретінде тақырыптық өзгешеліктерін еске алып отырып, біз Абай жазған қарасөздердің барлығын шолып өттік. Ақынның бұл шығармаларын тексеруде жылмажыл (хронологиялық) ретпен талдауды қолданбадық. Абайдың лирикасын тексеруде ол әдіс ерекше қажет шарт болса, мынау үлгідегі шығармаларын талдап ұғынуда поэзия тұсыңдағыдай соншалық қажет міңдет боп танылған жоқ. Себебі, өлеңде ақынның тақырыгтгары қайталап отырса да барлық ақындык, шеберлік жаңалык, көркемдік түрлер үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Ал, қарасөздер түр жағынан, әдебиеттік құрылыс жақтарынан бұндай жыл санап жаңғырып, өзгеріп отырған тың түрлердің тосын үлгілерін бермейді. Солсебепті бұндағы түр, отильдік өзгешеліктерді жалпы қарасөздердің барлығына ортақ қалпымен осы бөлімнің алғашқы кіріспе беттерінде атап өттік. Содан кейін жазушының өзінің де зер салғаны - ой менен мазмұн болғаңдықтан, қарасөздерді біз әдейі тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктерге қарап, жоғарыда өзіміз жіктеген топтар бойыншатексеріп тануды орынды көрдік.
Қорыта келгенде, Абайдың қарасөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қарасөздердің бағасы - Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді. Рас, біздің заманымыз үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы, барлық дерті және Абайдың сол ортада отырып, күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныс ойлары - бәрі де ескірген. Біздің қоғам үшін Абай өмір кешкен тарихтық орта мен қоғамдық шындықтар мүлде алыста, артта қалған дүние. Осы тұрғыдан қарағанда қарасөздердің арманы мен мазмұны, мұраттары тек тарихтық жағынан бағалы деу керек. Екінші - Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес. Бұл жағы айрықша таратып, талдауды қажет етпейтін түсінікті жайлар. Ал, осы аталғандардан басқа Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қарасөздері беретін әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазына бар. Ол - Абайдың осы қарасөзді жазған тілі. Өлең сөзінде өзінің барлық шеберлігі, жаңалығы, кер-кемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапасын әдебиет тілінің дәрежесіне көтерген ұлы тарихтықе ңбегі қандай болса, карасөздерінің тілімен де Абай осындай еңбекті біздің мәдениет тарихымызға мол сіңірді. Біздің осы күнгі сөйлеп, жазып жүрген әдебиет тіліміздің тарихы жалғыз ғана Абайдан басталады деп кесіп айтпасақ та, сондай сапалы тілді қазақтың жазба әдебиетінде анық биік белге өрлетіп шыгарған Абай екені даусыз. М.О. Әуезов.
Абай қарасөздерін баспаға дайындауда шығарушылар алқасы Мүрсейіт қолжазбаларының 1905, 1907, 1910 жылғы нұсқаларын, сондай-ақ әркездегі басылымдарды салыстырып, нақты зерттеулер жүргізді. Бұл қолжазбаларда қарасөздердің жазылған жылдары көрсетілмеген. Басылымдарда әр сөздің жазылған жылын шығарушылар ешбір дерекке сүйенбей өздерінше қойған. Мүрсейіт қолжазбаларында рет санымен қырықбір сөз, ал қалғандары китаб тасдих, Насихат, Сократ хакімнің сөзі деген тақырыптармен берілген. Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы тарихи еңбегі 1907 жылғы қолжазбада ғана бар. 1905 жылғы Мүрсейіт қолжазбасымен салыстырғанда Қарасөздердің рет саны әр кезде әрқалай өзгеріске ұшырағаны байқалады. 1907, 1910 жылғы колжазбалардағы саны бірдей. 1905 жылғы қолжазбадағы 8 -сөз, 1907, 1910 жылғы қолжазбаларда 7-сөз болып, 7-26-сөздердің рет саны сол тәртіппен бір сан кем болып келеді. Абай шығармаларының 1933 ж. жинағында М. Әуезов қарасөздердің рет саны мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған


Скачать


zharar.kz