Аққу – ежелгі, өмірдің өзгерістеріне тез уйренін құс. Аққу – қазтәрізділер тобына жатады. Қай жерде су болса, сонда аққу өмір сүреді. Дүниежүзі бойынша 150 турі кездеседі. Қазақстан суларында оның екі түрі – сұңқұлдақ аққу және сыбырлақ аққу тіршілік етеді.
Аққулар ұзақ өмір сүретін, өте әдемі, көптеген ақын-жазушылардың шығармасыны арқау болған құстар. Олар сонымен қатар, ұша алатын үлкен құстар қатарына да жатады.Аққудың тусі ақ, салмағы 12-13 килограмға дейін жететін ірі құс. Қорегін іздегенде үйректер сияқты су астына сүңги алады. Кейбір аққу түрлері өзінің ұзын мойының арқасында 1м тереңдіктегі су өсімдіктерімен қоректенеді.
Қазақ халқы тазалық пен сұлулықтың символы ретінде қарайтын аққу өзінің ұясын кез келген көлдерге сала бермейді. Ол ұя салуға ну қамысты, суы таза әрі тұщы ірі көлдерді таңдар алады және ол маңда адамның болуын уната бермейді. Сондықтан да халқымыз оның кез келген батпақты шалшық көлде кездесе бермейтін аса талғампаз, тәкәппар қанатты екендігін қадірлейді.
Туып өскен жеріне наурыздың аяғы – сәуірдің басында қайтып оралған аққулар Қазақстан суларынан өздеріне азық, жауларынан және ауа – райының қалайсыз жағдайынан қорғанатын баспана табады. Әсіресе, қамысты қапалардың олар үшін маңызы өте зор. Көл жағасында жайқала өскен қамыс-құрақ арасына олар өздерінің ұяларын салады. Ұясын көбінесе қамыстан салады. Оның диаметрі 120-150 см болады. Аққулар еркек-ұрғашы болып жұптасқан соң, осы жұбын екеуінің біреуі өлмей жазбайды. Олардың бір-біріне сондай беріктігі туралы ел аузында ғасырдан ғасырға айтылып келе жатқан аңыздар бар. Бұл құстың бір-біріне сүйіспеншілігі сонша, егер түрлі себептен біреуі өлсе, екіншісі бұл қайғыға шыдап тұра алмайд екен. Жесір қалған аққу көк аспанның сонау биілігіне самғап, сонда соңғы әнін айтып болғаннан кейін, жерге қарай оқша зуылдап, тасқа соғылып өледі. Бұл шындық па? Жоқ. Бірақ, жұбайынан айырылған құстың қуу-у... қуу-у...қуу-у лап сол жерден көп уақыт кетпейтіндігі шындық.
Аққулар 3-7 жұмыртқа салады, оны енесі 35-40 күн басып, балапан өргізеді. Осы кезде еркегі ұя төңірегінен шықпай, балапандарын қорғап жүреді. Олар ұрпақтарымен күзге дейін бірге болып, оларды қорғаштайды. Шілде-тамыз айларында мамырлайды. Осы кезде аққулар көлдің адам бара алмайтын жерін таңдап алады. Күзде жылы жаққа кетер алдында 7-10-нан топтасады. Аққулар су өсімдіктерінің жапырықтары мен тамырларын қорек етеді. Ұсақ жәндіктерді де жеітіндігін мамандар анықтап отыр.
Аққудың көркі, мінез-қылығындағы ерекшеліктер сонау дәуірден бері халықты таңдандырып келеді. Оның су бетінде маңғаздана жүзгені, ұшқанда қанатын қағып көтерілуі, табиғаттың берген әсем бір құбылысы емес пе! Тіпті, қазақ халқы адам бойындағы жақсы қасиеттерді осы құсқа балайды ғой. Мәселен, аққу-мысық көлдегі, асылымсың елдегі деп ән шырқауда да адамды аққуға теңеп, оны әсемдіктің, сұлулықтың символы ретінде бағалап отыр емес пе?
Аққулар суда жақсы жүзеді. Бірақ сүңги алмайды. Ұшқанда су бетінен ауыр көтеріледі. Екі аяғымен суда артқа қарай итере желге қарсы ұшады. Өте сақ та, батыл да, күшті құс. Ол туралы халық аузында көптеген аңыз-әңгімелер бар. Оның бірі былай дейді: Бір табиғат әуесқойы Аққу әнін жазып алмақ болып, ертемен оны ұя салған көліне келеді. Қамыс арасында тығылып отырып, аққулардың келуін күтеді. Бір уақытта кербез сұлу құстар шалқар көлдің айдынына қона бергенде, мерген оның біреуін атып та үлгереді. Біреуін қанатынан жарақаттайды. Қанатынан отырған аққудың соңғы әнін жазып алудан үміткер болған аңшы оны жағаға алып шығып, басында телміріп отырады. Аққудың әнін жазып алып үлгерді ме, жоқ па, ол жағы бізге белгісіз, бірақ сол кезде кенеттен көл бетіндегі аққулар тобы аспанға көтеріліп жанағы мергенді тұмсықтарымен тістеп, қанаттарымен өлердей соғып, өлім халіне жеткізіпті. Бұл әңгіме де шындыққа онша жақындалмайды. Әйтсе де, аққудың күшті екені ақиқат. Ол қанатымен соғып баланың қолын сындырып жіберуге бар. Қазақ халқы аққудың киелі, қасиетті құс деп санайды. Оған тимей, қайта оның көл маңында көбірек жүруін ұнатады,
Өзінің сұлулығымен жұртты таңғалдыратын аққу бүкіл елімізде қорғауға алынған. Қазіргі міндет – осы құс падишасы сақталып қалған көлдерде оның ұя жасауын керекті материалды қолдан жасасақ, ол сол суда көбірек тоқтайтын болады.
Аққу қолға жақсы көнеді. Соған сәйкес, оны үй маңындағы, санаторийлер төңірегіндегі су қоймаларында ұстап үй құстарына айналдыруға әбден болады. Табиғаттың аса сұлу, кербез бұл кереметі Алматыдағы Үкімет үйі алдындағы су айдынына көріп беріп тұруы бұған дәлел болады. Ол жерге қаншама адам барып, құстың әр түрлі қимылымен, іс-әрекетінен өзіне эстетикалық әсер алып қайтады. Әсіресе, жасөспірімдер оны көріп, шаттана қуанып, мәз-мейрам болады. Жер бетіндегі аққудын 7 турі: қара аққу, қарамойын аққу, кернейші (сырнайшы ) аққу, тундра немесе кішкентай аққу, саңқылдақ аққу, американдық аққу және тістеуік аққу.
Сұңқылдақ және сыбырлақ аққулар
Біздің айдын шалқар көлдерде ұшырасатын саңқылдақ және сыбырлақ аққуларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?Қазтәрізділердің ең ірісі –сұңқылдақ аққу. Көлдің көгілдір айдында қардай аппақ болып ерекше көрінетін саңқылдақ аққу су бетінде отырғанда денесінің алдыңғы бөлігін суға терең батырады да, ал денесінің артқы бөлігін судан әлдеқайда көтеріңкі ұстайды. Өте ұзын мойны барлық уақытта тік тұрады. Қанаты денесіне қысыңқы. Дене мөлшері кішірек келеді. Аяғы қоңыр, қара, тұмсығының түбі сары да, жоғары бөлігі қара. Ал сыбырлақ аққу суда жүзгенде мойынын S әріпі тәрізді бүгіп ұстайды, басын үнемі төмен түсіріп жүзеді. Ұшқанда сыңқылдап көтерілсе, ол осы аққу болғаны. Сұңқылдақ аққудың дауысы ащы келеді. Сыбырлақ аққу тұмсығының кейбір жері қара, қалғаны қызғылт сары және тұмсығының үстінде томпақ өсінді болады. Дене мөлшері сұңқұлдақ аққуға қарағанда ірірек (салмағы 13 кг дейін жетеді). Сұңқылдақ аққу біздің өңірде букіл орманды дала және далалық, аймақтағы көлдерде, Каспий теңізінің солтүстік – шығысында, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерінде кеңірек таралған. Ал сыбырлақ аққу Арал теңізі, Сырдария, Торғай өзендері бойындағы көлшіктерде көбірек.
Тістеулік аққу.
Тістеулік аққу шалғайға кетсе де, туған жеріне жылма-жыл қайтып аралады. Ол сыңқылдақ аққудан сәл ірірек келеді, салмағы 8-13 кг аралығында болады. Өзге аққулардан айырмашылығы – мойнын 5 сас тәрізді етіп иеді. Ал тұмсығын әрдайым суға қарай иіп ұстайды. Мойыны жуандау, сондықтан да сәл қысқалау болып көрінеді.
Тістеулік аққу Еуропа мен Азияның оңтустін аймағын, Польша мен Дания, Монголияның батысы және Қытайдын шығысын мекен етеді. Ресейдің кейбір су қоймаларымен еліміздің белгілі бір көлдерінде де ттістеулік аққуды кездестіруге болады.
Тістеулік аққудың есту және көру қабілеті жақсы дамыған. Бір-бірімен сөйлесу кезінде тістеулік аққулар көптеген дыбыстарды пайдаланады.
Қара аққу.
Ғылыми болжамдарға қарағанда қара аққу дүниежузінің барлық жерлерінде болған екен. Олар адамдардың аулалы әсерінен қатты азайып, қазір жойылып кетудің алдында тұр. Қара түсті аққулар қазір Австралияның тукпірдегі аймақтарымен Жаңа Зеландияда өмір суреді.
Жұмыртқа басу кезінде су бетінде жузіп жүрген ұяда отырған қара аққуды көруге болады. Қара аққу көбіне ұяларына су өсімдіктеріне байлатырып салады. Кейде олар үзіліп кетеді де, су бетінде жүзіп жүре береді.
Қара аққу тобы өте тәртіпті. Олар жылы жаққа ұшу кезінде биікте, ұйымдасқан түрде бірге ұшады. Қара аққудың қауырсындары да аты айтып тұрғандай қап-қапа болады. Бірақ аспанда ұшып бара жатқан аққудын қанатының астынан жайшылықта көрінбейтін ақ мамықтарды да байқауға болады.
Қара аққу 10 жылдай өмір сүреді. Ұзындығы шамамен 110-140 см, қанатын жайғанда 160-200см-ге дейін жетеді.
Еуропаға қара аққуды XVIII ғасырларда алып келген. Англияда көп уақытқа дейін оны жаман хабардың белгісі деп санапты.
Тундралық немесе кішкентай аққу.
Аты айтып отырғандай бұл аққу Ресейдің тундралық аймақтарында ғана жұмыртқалайды. Британ аралдарында, Қытай мен Жапония, кейде біздің еліміздегі Түркістан аймағы мен Каспий теңізінде қыстап шығады.
Америкалық аққу.
Америкалық аққудың турі тундралық аққуға қатты ұқсайды. Тек қана ірі, салмағы ауыр болады. Олар өте сирек кездеседі. Қара мойын аққулар өте әдемі. Олар Оңтүстік Американы ғана мекен етеді.
Аққулар - өте ақылды құс. Олар адамдардың қайсысы мейірімді, кімнің қатігез екенін айыра алады. Сондай-ақ олардың есте сақтау қабілеті де жақсы дамыған.
Аққулар ешқашан да адамдарға шабуыл жасамайды. Егер олардың ұясына немесе балапандарына қауіп төнсе ғана ерекше мінез көрсетуі мүмкін.
Соңғы 10-15 жылдар ішінде Қазақстанның өзен – көлдеріндегі аққу саны адам айтқысыз азайып кетті. Оның басты себебі, құрғақшылық кезде біраз көлдер өзенінен – өзі құрғап қалса, екіншіден, ол адам әрекетіне байланысты. Ұялайтын көлдер маңының бәрі жыртылып тасталды, көлдерден қамыс шабылды. Осы жағдайлардың бәрі де сәнді құс – аққу қорының азайып кетуіне әкеп соқты. Айдын көлдерде аққу, қаз санын көбейту – қазіргі таңдағы басты міндеттеріміздің бірі болуға тиіс.
Ендеше, сұлулық әсемдік символы есебінде қарайтын қасиетті құс – аққу қорын молайтуға қүси салу барлық саналы азаматтың борышы.
Аққулар
Құс патшасы аққулар,
Сән берген жер мен аспанға,
Көктемде көлде саңқылдар,
Ұқсайды сырнай тартқанға.
Ақ қардай аппақ алыстан,
Ақ құстар көзді арбайды.
Қос аққу жаңа танысқан,
Жігіт пен қызды аумайды.
Білегіндей жас баланың,
Аққудың имек мойыны.
Басады көңіл алаңын.
Жас аққулар ойыны.
Аққуларға жетпейді,
Жер, көкте бар тазалық.
Бір көрсең шаттық көптейді.
Көңілің қалар тазарып.
Сағынып жаңа тапқандай,
Сұңқылдасып көп күлер.
Бірдеме әжең айтқандай,
Сыбырлары айқын естілер.
Ұмсынып көктен қараған,
Ай мен Күн кезек тыңдайды.
Ерекше дауыс тараған,
Саңқыл мен сұңқыл тынбайды.
Қанаты кейде қайырлса,
Қиындыққа үнсіз көнеді.
Сыңарынан оқыс айырылса,
Өзі де құлап өледі.
Өтсе де қанша замандар,
Тәртіпті берік сақтайды.
Ешқашан есті адамдар,
Аққуларды атпайды!