ЖОБА
Назарбаев Зияткерлік мектептері
дербес білім беру ұйымы
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Дүниетану
3-сынып
Астана, 2018
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып , тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
Мазмұны
1-ТОҚСАН 4
Бөлім: Тірі табиғат 4
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 10
2-ТОҚСАН 19
Бөлім: Уақыт 19
Бөлім: Сәулет өнері 27
3-ТОҚСАН 33
Бөлім: Өнер 33
Бөлім: Атақты тұлғалар 38
4-ТОҚСАН 42
Бөлім: Су – тіршілік көзі 42
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер 49
3
ЖОБА
1-ТОҚСАН
Бөлім: Тірі табиғат
Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Жер климатының негізгі түрлерінің
сипаттамаларын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Климат және ауа райы ұғымдарын ажыратады
• Сипаттамасы бойынша климаттық белдеулерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
1-тапсырма
Берілген ұғымдарды анықтамасымен сәйкестендір.
Белгілі бір жердегі жыл сайын жүйелі
ауа райы
қайталанатын негізгі күн райының көрсеткіштері
климат
Белгілі бір уақыттағы белгілі бір аймақтың
атмосферасының жай- күйі
Дескриптор Білім алушы
климат ұғымын анықтайды;
ауа райы ұғымын анықтайды.
2-тапсырма
Климаттық белдеулерді сипаттамасымен сәйкестендір.
Ауа температурасы жыл бойы біркелкі, жыл маусымдары ауыспайды. Мұнда мәңгі жасыл ормандар көп.
Жазда ауа температурасы жоғары, қыста төмен болады. Ауасы өте құрғақ болады.
Жылдың 4 маусымы анық байқалады. Табиғат жағдайлары да маусым бойынша өзгереді.
Солтүстік және оңтүстік белдеуден тұрады. Күн сәулесі аз түсетіндіктен үнемі мұз құрсап жатады.
Полярлық белдеу
Қоңыржай белдеу
Тропиктік белдеу
Экваторлық белдеу
Дескриптор Білім алушы
сипаттамасы бойынша климаттық белдеулерді анықтайды.
4
ЖОБА
Бөлімше: 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 3.2.3.1Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты
орналасуын талдау ( рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамдардың қоныстануына әсер ететін табиғи
жағдайларды анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Адамдардың қоныстануына қолайлы жерлерді белгіле ( ).
Неліктен олай деп ойлайсың? Түсіндір.
Адамдардың қоныстануына әсер ететін табиғи жағдайларды ата.
Дескриптор Білім алушы
адамдардың қоныстануына қолайлы жерлерді анықтайды;
белгіленген жерлердің қолайлы жақтарын сипаттайды;
қоныстануға әсер ететін табиғи жағдайларды атайды.
5
ЖОБА
Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы
Оқу мақсаты 3.2.2.2 Ауа райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау
ережелерін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қолайсыз ауа райы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін
құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қатты дауыл болатыны туралы ақпарат алғаннан кейін не істеу керек? Суретке сүйеніп, қатты дауыл кезіндегі қауіпсіздік ережесін құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
дауыл кезінде сақталуға тиісті қауіпсіздік ережелерін құрастырады.
6
ЖОБА
Бөлімше: 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 3.2.3.2 Геологиялық және табиғи-климаттық апаттар
туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін
құрастырады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара.Табиғи апаттардың атауын жаз.
__________________ __________________ __________________ _________________
Табиғи апаттар туындаған жағдайда өзіңді қалай ұстау керек? Жұпта талқыла. Суретте бейнеленген табиғи апаттардың біреуіне қатысты ереже құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
табиғи апаттардың атауын жазады;
табиғи апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережесін құрастырады.
7
ЖОБА
Бөлімше: 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 3.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-
қатерлерді анықтау және бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суреттерге сүйеніп, табиғи ортада кездесетін қауіп-қатерлер туралы әңгімеле.
Табиғи ортада тағы қандай қауіп-қатерлер кездесуі мүмкін? Сызбаға жаз.
Табиғи ортадағы қауіп-қатерлер
Дескриптор Білім алушы
сурет бойынша табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді сипаттайды;
табиғи ортада кездесуі мүмкін қауіп-қатерлерді атайды.
8
ЖОБА
Бөлімше: 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 3.1.4.4 Табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Табиғат аясындағы қауіптің алдын алу туралы
жоспар құрады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Табиғат аясында балалар қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек? Сурет бойынша әңгімеле.
Сыныптастарыңмен бірге орманға саяхатқа баруға жиналдың делік. Ол жерде қауіп-қатерге түспес үшін қалай дайындалар едің? Өзіңнің табиғи ортадағы қауіпсіздігіңнің жоспарын құрастыр.
Сұрақтарға жауап бер:
Адам қауіптің алдын алуды не себепті жоспарлайды?
Табиғат аясындағы қауіптің алдын алудың маңызы қандай?
Дескриптор Білім алушы
суретте бойынша қауіпсіздік ережелерін құрастырады;
табиғи ортадағы өз қауіпсіздігін жоспарлайды;
қауіптің алдын алудың маңыздылығын түсіндіреді.
9
ЖОБА
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 3.1.1.3 Өз отбасының құндылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз отбасындағы құндылықтарды сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Жұпта талқылай отырып, сұрақтарға жауап бер.
Отбасы деген не?
Отбасын не біріктіреді?
Отбасылық құндылық дегенді қалай түсінесің?
Сенің отбасың қандай құндылықтарымен қымбат? Құндылықтар картасын толтыр.
Жұбыңа өз отбасыңның құндылықтары туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
сұрақтардың негізінде ойын айтады;
отбасылық құндылықтарды атайды;
өз отбасындағы құндылықтар туралы әңгімелейді.
10
ЖОБА
Бөлімше: 1.1 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
Оқу мақсаты 3.3.5.2 Тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің
дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жеке тұлғаның дамуындағы еңбектің рөлі туралы
әңгімелейді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суреттің мазмұнына сәйкес келетін мақалды белгіле ( ).
Оқу – білім азығы,
Жалқауға күнде той.
Еңбек етсең ерінбей,
Білім – ырыс қазығы.
Тояды қарның тіленбей.
Топтық жұмыс
Сұрақтар бойынша ой бөліс.
Адамдар не үшін еңбектенеді?
Еңбек қандай жетістіктерге жеткізеді?
Еңбек етудің кімге қандай пайдасы бар?
Еңбекте табысты болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
Сенің отбасыңда еңбек қандай рөл атқарады? Сенің отбасыңның қай мүшесі қандай еңбекпен айналысады?
Сен қандай еңбекпен айналысасың?
Дескриптор Білім алушы
суретке сәйкес мақалды анықтайды;
адам өміріндегі еңбектің рөлін сипаттайды.
11
ЖОБА
Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 3.1.1.4 Өз шығындарын жоспарлау және негіздеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің қаржысын жұмсауды жоспарлайды және
негіздейді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Әр адамның өзіндік қаржылық табыстары мен шығындары болады. Сенің де кірістерің мен шығындарың бар. Сен ақшаны қайдан аласың? Оны қайда жұмсайсың? Жаз.
Сенің жинаған _______ теңгең бар делік. Сен оны қайда жұмсағың келеді? Жоспар құрастыр. Неліктен екенін түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
өзінің кірістері мен шығындарын көрсетеді;
өз шығындарын жоспарлайды және түсіндіреді.
12
ЖОБА
Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 3.1.1.5 Өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің қаражатын үнемдеу жолдарын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жағдаятты түсініп оқы.
Аслан қалада оқиды. Ол – студент. Жақсы оқығаны үшін шәкіртақы алады. Сонымен қатар ата-анасы да жиі ақша салып тұрады. Бірақ Аслан сол қаражатты барлық қажеттілігіне жеткізе алмайды. Бірде әкесі оған қолдағы бар қаражатты үнемдеп жұмсау керектігін ескертті.
Үнемдеу дегенді қалай түсінесің?
Қалаған заттың бәрін сатып ала беруге бола ма? Неліктен?
Сен өз қаражатыңды қалай үнемдейсің? Мысалдар келтіре отырып әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
үнемдеуге қатысты ойын айтады;
өз шығындарын оңтайландыру жолдарын айтады.
13
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 3.1.2.3 Қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Топтық жұмыс
Қоғамдық орындардың біреуін таңдап алып, ондағы сақталуы тиіс тәртіп ережелерін құрастырыңдар.
Тәртіп ережелерін жазу үшін шартты белгілер ойлап табыңдар.
Белгінің тұсына ережені жазыңдар.
Сыныптастарыңа мағынасын түсіндіріңдер.
Қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы маңызды ма? Ойыңды дәлелде.
Дескриптор Білім алушы
қоғамдық орындардағы тәртіп ережесін құрастырады;
тәртіп ережесіне қатысты шартты белгілер жасайды;
қоғамдық орындарда әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығы туралы ой қорытады.
14
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 3.1.2.4 Өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар
арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мағынасы суретке сәйкес сөзді анықтап, сәйкестендір. Сұрақтардың негізінде жұпта ой бөліс.
Қамқорлық
Достық
Кикілжің
Дос, достық сөздерінің мағынасын қалай түсінесің?
Адамдар неге достасады?
Нағыз достар қандай болады?
Қиын сәттерде досыңның саған немесе сенің досыңа көмектескен кездері болды ма? Мысалдар келтір.
Егер сенің досың болмаса не болады? Достарыңның бар болуының қандай маңызы бар?
Дескриптор Білім алушы
суретке сәйкес сөзді анықтайды;
достықтың мағынасын сипаттайды;
адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын түсіндіреді.
15
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру
және өз нұсқасын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сыныптағы өзін- өзі басқару ережелерін сипаттайды • Сынып ережесін құрастырады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Сыныптағы өзін-өзі басқару ережесін сипаттайтын сөздерді белгіле ( ).
Сенің сыныбыңда өзін-өзі басқарудың қандай ережелері бар?
Сен қай ережелерді өзгерткің немесе толықтырғың келеді?
Жұбыңмен талқылай отырып, сынып ережесін құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
өзін-өзі басқару ережелерін сипаттайтын сөздерді анықтайды;
сыныптағы өзін-өзі басқару ережелерін атайды;
сынып ережесінің өзіндік нұсқасын ұсынады.
16
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық
шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәселеге қатысты шешім қабылдау жолдарын
ұсынады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген жағдаятты оқы. Жұбыңмен жағдаятты шешу жолын талқыла.
Сен Гауһармен бір партада отырасың. Ол үнемі көңілсіз жүреді. Ешкіммен сөйлеспейді. Сыныпта достары жоқ. Сабағы да күн санап нашарлап барады.
Гауһарға қалай көмек беруге болады?
Сен мәселені шешудің қандай жолдарын ұсынар едің?
Дескриптор Білім алушы
жағдаятты шешу жолдарын ұсынады.
17
ЖОБА
Бөлімше: 1.5 Құқық және міндет
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Қазақстан Республикасының
Конституциясының маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• ҚР Конституциясының маңыздылығын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Қазақстан азаматтарының қандай құқықтары бар? Оларға қандай міндеттер жүктелген? Кестеге жаз.
ҚР азаматтарының құқығы
ҚР азаматтарының міндеті
1) _______________________
1) _______________________
2) _______________________
2) _______________________
3) _______________________
3) _______________________
Жұпта талқыла.
Қазақстан азаматтарының құқықтары мен міндеттері жазылған құжат қалай аталады?
Конституция адамдардың өміріне қалай әсер етеді?
Конституция болмаса не болар еді?
Дескриптор Білім алушы
ҚР азаматтарының құқықтарын анықтайды;
ҚР азаматтарының міндеттерін анықтайды;
Конституцияның маңызы туралы ой қорытады.
18
ЖОБА
2-ТОҚСАН
Бөлім: Уақыт
Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық
қатынастарды түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық атауларды
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Сызба арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық атауларды жаз.
Отбасылық суретті пайдаланып, өз отбасыңның мүшелерін таныстыр.
Дескриптор Білім алушы
отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды анықтайды;
өз отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынасты түсіндіреді.
19
ЖОБА
Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 3.1.1.2 Әулет шежіресін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз әулетінің шежіресін құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Өз әулетіңнің шежіре ағашын құрастыр. Әулет мүшелерінің атын жаз немесе фотосын желімде.
Сыныптастарыңа өз әулетіңнің шежіресін таныстыр.
Дескриптор Білім алушы
өз әулетінің шежіресін құрастырады .
20
ЖОБА
Бөлімше: 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 3.1.4.2 Спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір
түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Спорт түрлерін ажыратады
• Спортпен айналысуға қатысты өзінің қабілеттерін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Қысқы және жазғы спорт түрлеріне ажырат. Қысқы спорт түрін бейнелейтін суреттің астындағы дөңгелекті көк түспен, ал жазғы спорт түрлерін жасыл түспен боя.
Сұрақтарға жауап бере отырып, топта ой бөліс.
Адамдар спортпен не үшін айналысады?
Сен қандай спорт түрімен айналысасың немесе айналысқың келеді?
Бұл спорт түрінде жетістікке жету үшін қандай қабілеттер керек?
Сенің бойыңда ондай қабілеттер бар ма?
Дескриптор Білім алушы
қысқы және жазғы спорт түрлерін анықтайды;
спортқа қатысты өз бойындағы қабілеттерді сипаттайды.
21
ЖОБА
Бөлімше: 1.4 1.6 Мерекелер
Оқу мақсаты 3.1.6.1 Зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының
ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін
шығармашылықпен сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Берілген атауларды мемлекеттік және ұлттық мереке түрлеріне жікте.
Халықаралық Тәуелсіздік Тұңғыш
бірлік күні күні Президент күні
Наурыз Құрбан айт Жаңа жыл Жеңіс күні
Топтық жұмыс
Кез келген ұлттық мерекеге арналған қабырға газетін жасаңдар.
Жасаған жұмыстарыңды сыныпқа таныстырыңдар.
Дескриптор Білім алушы
мерекелерді түріне қарай жіктейді;
ұлттық мерекені шығармашылық түрде бейнелеп көрсетеді.
22
ЖОБА
Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы
Оқу мақсаты 3.2.2.2 Ауа райы мен климаттың қолайсыз жағдайларында
өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қолайсыз ауа райы кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін
құрастырады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Сурет бойынша желдің қоршаған ортаға тигізетін әсерін сипаттап әңгімеле.
Қатты жел кезінде сақталуға тиісті қауіпсіздік ережелерін белгіле ( ).
Дауылды шаңдақ жақындаған кезде есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпау керек.
Далаға шығып асыр салып ойнау керек.
Үй хайуанаттарын арнайы қораға қамау керек.
Автомобильде келе жатсаң, есік пен терезені мықтап жауып, жолдың шетіне тоқтау керек.
Далада қалған жағдайда ең жақын жердегі шұңқырдың ішіне етпетінен жату керек.
Дескриптор Білім алушы
-желдің қоршаған ортаға әсерін сипаттайды;
-дауыл кезіндегі қауіпсіздік ережелерін анықтайды.
23
ЖОБА
Бөлімше: 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Көшпелі және отырықшы өмір салтының
ерекшеліктерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көшпелі және отырықшы өмір салтына тән
ерекшеліктерді ажыратады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерді оқы. Көшпелі өмірді сипаттайтын сөйлемнің тұсына К әрпін, отырықшы өмірді сипаттайтын сөйлемге О әрпін жаз.
Олардың нақты айналысатын жұмыс түрі болды.
Тұрмысы мен мал шаруашылығына қолайлы жерлерге көшіп-қонып жүрген.
Қалаларда қолөнер шеберлері пайда болды.
Олардың тез тігіп, шапшаң жинауға қолайлы
баспанасы болған.
Олардың ыдыстары сынбайтын, икемді материалдан:
ағаштан, теріден жасалды.
Олардың баспанасы кірпіш, ағаш т.б материалдардан салынған.
Көшпелі және отырықшы өмірді салыстырып, әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
көшпелі өмір салтына тән ерекшеліктерді анықтайды;
отырықшы өмір салтына тән ерекшеліктерді анықтайды;
көшпелі және отырықшы өмір салтын салыстыра сипаттайды.
24
ЖОБА
Бөлімше: 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 3.3.1.2 Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау
маңыздылығын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Тарихи ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Тарихи ескерткіштерді не үшін сақтау керек? Дұрыс тұжырымдардың тұсына + таңбасын қой.
Тарихи ескерткіштер арқылы адамдарда тарихи таным қалыптасады.
Ескерткіштер арқылы өз ұлтыңның әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ән мен күйін, елге қасиетті тұлғаларды, дала аңыздарын білуге болады.
Тарихи ескерткіштер суретке түсу үшін керек.
Тарихи ескеткіштер адамдарды адамгершілікке, имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Ескерткіштер әдемілік үшін салынады.
Сен тұратын жерде қандай тарихи немесе мәдени ескерткіштер бар?
Оларды бүлдірмеу, сақтау туралы нұсқаулық жаса.
Дескриптор Білім алушы
тарихи ескерткіштерді сақтау маңыздылығы туралы дұрыс тұжырымдарды анықтайды;
жергілікті жердегі ескерткіштерді атайды;
тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау туралы нұқсаулық құрастырады.
25
ЖОБА
Бөлімше: 3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Түрлі материалдарды зерделеу арқылы
түркілердің өмір салтын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Ежелгі түркі халқының өмір салтын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді оқы.
Көне түркілер қасқырдан тараған әулет (ашина) деп саналған. Түркі мемлекетінің негізін қалаған - Бумын қаған. Ол көшпелі түркілерді Түрік қағанатына біріктірді. Түрік қағанатының құрамына қырғыз, қыпшақ, оғыз т.б тайпалар кірді. Шығыс түрік қағанатында көшпелі өмір салты басым болды. Олар мал шаруашылығымен айналысты. Батыс халқы отырықшы ел болып, жер жыртумен, қолөнермен, саудамен айналысты. Түркілер аспанды Көк тәңірі, ал жерді Бай ана деп санаған. Адамды бәле жаладан, ауру сырқаудан сақтайды деп отқа табынған. Жауынгер түріктердің туларында қасқырдың басы бейнеленген. Көне түркілердің жазба мәдениеті, көне жазуы болған. Олардың Батыс және Шығыс елдерімен сауда байланысы болған. Ұлы Жібек жолының үлкен бөлігіне иелік еткен.
Мәтінге сүйеніп, кестені толтыр. Кесте бойынша әңгімеле.
Түрік
Түрік
Өмір салты
Шаруашылығы
қағанатының
қағанантының
негізін қалаушы
құрамына енген
тайпалар
Дескриптор Білім алушы
кестеге мәтін мазмұнына сәйкес ақпараттарды жазады;
түркілердің өмір салтын сипаттайды.
26
ЖОБА
Бөлім: Сәулет өнері
Бөлімше: 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты
орналасуын талдау ( рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамдардың қоныстануына әсер ететін табиғи
жағдайларды анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Климаттық сипаттамаларды оқы. Олардың қайсысы адамдардың қоныстануына қолайлы болып табылады? Белгіле ( ). Неліктен? Түсіндір.
Қоңыржай климат- ауаның температурасы және ылғал мөлшері өсімдіктердің өсуіне қолайлы, сондықтан жері орманды, шалғынды болып келеді. Жазы қоңыржай жылы, қысы суықтау, қарлы болады. Жыл бойына ауа райы құбылмалы болады.
Полярлық климат - қысқы поляр түндерінде температура -40°, ал кей түндері -50°қа жетеді. Боранды қатты жел соғады. Жаз айларының ең жылы күндерінде әдетте температура 0° шамасында болады. Материкке жақын жатқан аралдарда жаз айларында да кей күндері температура -10°-15° болады.
Дескриптор Білім алушы
адамдардың қоныстануына қолайлы болатын климатты анықтайды;
себебін түсіндіреді.
27
ЖОБА
Бөлімше: 1.3 Менің атамекенім
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Елді мекендерді түрлі белгілері бойынша ажырату
(тип, көлемі, қызметі)
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Белгілеріне қарай елді мекендерді ажыратады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Қай суреттерде қала бейнеленген? Нөмірін қоршап сыз.
Қаланың ауылдан қандай айырмашылығы бар? Түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
қалалық жерге қатысты суреттерді анықтайды;
ауыл мен қаланың ерекшеліктерін сипаттайды.
28
ЖОБА
Бөлімше: 2.4 Туризм
Оқу мақсаты 3.1.3.2 Қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар
келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қала мен ауылдың байланысына мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге сүйеніп , ауыл мен қаланың байланысы туралы әңгімеле. Ауыл қаланы немен қамтамасыз етеді? Қаладан ауылға нелер жіберіледі? Бірнеше мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы
-суреттер бойынша ауыл мен қаланың байланысын сипаттайды;
-ауыл мен қаланың байланысына өздігінен мысалдар келтіреді.
29
ЖОБА
Бөлімше: 2.4 Туризм
Оқу мақсаты 3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік
нысандарының рейтингін жасау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қазақстандағы танымал туристік нысандарының
рейтингісін құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суретте Қазақстандағы танымал туристік орындарда демалған адамдардың саны берілген (шамамен). Осы деректерді пайдаланып, туристік орындардың рейтінгісін құрастыр. Диаграмма түрінде бейнелеп көрсет.
Нысанның атауы
Адамдар саны
Топтық жұмыс
Қосымша дереккөздерден рейтінгісі жоғары туристік орынның ерекшеліктерімен танысып, жарнама жаса.
Дескриптор Білім алушы
берілген деректердің негізінде диаграмма құрастырады;
рейтингісі жоғары туристік нысанға жарнама жасайды.
30
ЖОБА
Бөлімше: 2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
Оқу мақсаты 3.2.1.2 Масштаб пен шартты белгілерді пайдалана
отырып, жергілікті жердің жоспарын құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шартты белгілер арқылы жергілікті жердің
планын сызады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Шартты белгілерді пайдаланып, суретте бейнеленген жердің планын сыз.
Д
М
Шартты белгілер:
КӨПІР БАҚША КӨЛ
ОРМАН, ЖОЛ МЕКТЕП ҮЙ ДИІРМЕН
Дескриптор Білім алушы
жергілікті жердің планын сызады;
шартты белгілерді орынды қолданады.
31
ЖОБА
Бөлімше: 2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Астрономиялық белгілер бойынша көкжиек
бағыттарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Көкжиектің тұстарын астрономиялық белгілер
арқылы анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Жарық жұлдыздың атауын жаз.
Бұл жұлдыз арқылы көкжиектің тұстарын қалай анықтауға болады? Түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
жарық жұлдызды атайды;
көкжиектің тұстарын Темірқазық арқылы анықтау жолын түсіндіреді.
32
ЖОБА
3-ТОҚСАН
Бөлім: Өнер
Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 3.1.1.3 Өз әулетінің құндылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Отбасылық құндылықтарды атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Сенің ойыңша бұл отбасында қандай құндылықтар сақталған? Құндылықтарды тізіп жаз.
Құндылықтар:
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жазған құндылықтарды қолдана отырып, өз отбасың туралы әңгімелеп бер.
Дескриптор Білім алушы
отбасылық құндылықтарды атайды;
өз отбасының құндылықтары туралы әңгімелейді.
33
ЖОБА
Бөлімше: 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 3.1.4.1 Тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін
графикалық түрде көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Тұрмыстық құралдарды қолдану ережесін бейнелеп
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Бос орындарға тұрмыстық құралдарды қолдануға қатысты берілген ережелерге сәйкес сурет сал.
Үйден шығарда электр құралдарын ток көзінен ажырату керек
Өткір заттарды (қайшы, пышақ) тұйық жағымен ұсыну керек
Ток көзінің саңылауларына шеге немесе басқа да темір заттарды салмау керек
Тұрмыстық құралдарды қолдануға қатысты тағы қандай ережелерді білесің? Суретін сал және тұсына ережесін жаз.
Дескриптор Білім алушы
тұрмыстық құралдарды қолдану ережесін графикалық түрде бейнелеп көрсетеді.
34
ЖОБА
Бөлімше: 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
Оқу мақсаты 3.3.5.1 Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәнін
түсіндіру (Алтын адам , Бәйтерек монументі, Мәңгілік ел қақпасы)
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қазақстанның бейресми рәміздерінің мағынасын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қазақстанның бейресми рәміздерін белгіле ( ).
Қосымша дереккөздерден олардың біреуі туралы ақпарат іздеп тап және кестені толтыр.
Атауы
Қайда
орналасқан?
Қандай мәні
бар?
Тағы қандай бейресми рәміздерді білесің? Ол туралы жұбыңа әңгімелеп бер.
Бейресми рәміздер не үшін керек?
Дескриптор Білім алушы
бейресми рәміздерді анықтайды;
берілген рәміздерге қатысты ақпараттарды іріктейді;
өзі білетін бейресми рәміздерді сипаттайды;
бейресми рәміздердің мағынасын түсіндіреді.
35
ЖОБА
Бөлімше: 3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің
өмір салтын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Ежелгі түркі халқының өмір салтын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерді пайдаланып, ежелгі түркілердің өмір салты туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
суреттердің негізінде түркілердің өмір салты туралы әңгімелейді.
36
ЖОБА
Бөлімше: 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 3.3.1.2 Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау
маңыздылығын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерді тарихи және мәдени ескерткіштер тобына жікте және түсіндір.
Жұпта ой бөліс. Ойыңды дәлелде.
Тарихи және мәдени ескерткіштердің қандай ерекшеліктері бар?
Тарихи ескерткіштер неліктен қорғауға алынады?
Ұзақ мерзімді жеке жұмыс.
Сен тұратын жерде қандай тарихи немесе мәдени ескерткіш бар?
Ол туралы не білесің? Өз өлкеңдегі ескерткіштер туралы деректер жина.
Постер жаса және таныстыр.
Дескриптор Білім алушы
-тарихи және мәдени ескерткіштерді ажыратады;
-тарихи және мәдени ескерткіштердің ерекшеліктерін сипаттайды;
-тарихи ескерткіштерді қорғаудың себептерін атайды;
-өз өзкесінің ескерткіштері туралы әңгімелейді.
37
ЖОБА
Бөлім: Атақты тұлғалар
Бөлімше: 3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің
өмір салтын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Ежелгі түркі халқының атақты тұлғалары туралы әңгімелейді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Ежелгі түркі халқының атақты тұлғалары туралы мәтінді түсініп оқы.
Білге қаған Түрік қағанатының әміршісі, Тоныкөк оның кеңесшісі, Күлтегін әскербасы болған кезең қағанаттың мерейі тасыған кезеңі болып саналды. Білге қаған, Тоныкөк пен Күлтегін мемлекетті көркейту мақсатында көрші елдерге жорыққа шығып, жеңіске жетіп отырған. Олар бар күш-жігерін түрік мемлекетін біріктіруге жұмсаған. Олардың елін қорғау жолындағы ерлік істері туралы құлпытастарға ойылып жазылған. Бұл ескерткіштер түркі батырларының ерлігін жырлаған өшпес мұра болып табылады.
Мәтіндегі атақты тұлғалар туралы қосымша ақпарат жинақта. Кестені толтыр.
Білге қаған
Күлтегін
Тоныкөк
Атқарған қызметі
Қосымша деректер
Кестеге сүйеніп, түркілердің атақты тұлғалары туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
ежелгі түркі халқының атақты тұлғаларының атқарған қызметін сипаттайды;
-түркілердің атақты тұлғалары туралы әңгімелейді.
38
ЖОБА
Бөлімше: 3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақ хандығының құрылу себептерін анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Қазақстанның орталық бөлігін билеп тұрған Әбілхайыр ханның қатал билігінен қарапайым халық қатты қиналды. Ру-тайпалардың арасында жағдай ушыға бастады. Салық көбейді. Көшіп-қону тәртібі жиі бұзылды. Соғыстан жеңіліс тапқан халықтың тұрмысы нашарлай бастады. Әбілхайыр ханның билігіне бағынғысы келмеген Керей мен Жәнібек сұлтандар оған қарсы шығып, соңына ерген халықты ертіп Жетісуға қарай көшті. Шу және Талас өзендерінің бойына орналасты. Оларға Әбілхайырға наразы болған қазақтар көшіп келіп , қосыла берді. Халық саны екі жүз мыңға жетеді. Сөйтіп, Қазақ хандығының негізі қаланады.
Қазақ хандығының құрылуына не себеп болды?
Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер?
Қазақ хандығы туралы қосымша деректер жинақта.
Қазақ хандығы туралы постер жаса және әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
қазақ хандығының құрылу себептерін атайды;
қазақ хандығының негізін қалаушылар туралы әңгімелейді.
39
ЖОБА
Бөлімше: 3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен
билердің рөлін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Хандар, батырлар мен билердің рөлін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Сипаттамаға сәйкес суретті тауып, байланыстырып сыз.
Ержүрек , қаһарман, соғыс тәсілін жетік меңгерген , тапқыр, қажырлы, қайратты жауынгерге берілетін құрметті атақ. Олар елін, жерін жаудан қорғаған.
Қазақ хандығындағы аса құрметті атақ. Бұл атаққа сот мәселесін жетік білетін, әділ, шешен, дана адамдар ғана ие болған. Олар заңдарға өзгеріс енгізіп , саясатқа ықпал ете алған.
Қазақ хандығындағы ең жоғарғы мемлекет билеушісі. Елдегі маңызды мәселелерді шешкен. Өз атынан бұйрық шығарған. Соғыс жағдайында әскерге қолбасшылық еткен.
билер хан батырлар
Сен қандай тарихи қайраткерлерді білесің? Кестеге жаз.
Хандар
Билер
Батырлар
Олардың қазақ хандығының нығаюына, өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі туралы ақпараттар жинақта және әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
сипаттамаға сәйкес суретті анықтайды;
қазақ тарихындағы атақты қайраткерлерді атайды;
тарихи тұлғалардың рөлін сипаттайды.
40
ЖОБА
Бөлімше: 3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
Оқу мақсаты 3.3.4.2 Тарихи мысалдар негізінде қазақ халқының азаттығы
үшін күрескен тұлғалардың рөлін шығармашылық түрде көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақ халқының азаттығы үшін күрескен тұлғалар
туралы әңгімелейді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретте қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғаларға орнатылған ескерткіштер берілген.
Кенесары Қасымұлы Исатай Тайманов және Аманкелді Иманов
Махамбет Өтемісұлы
Топтық жұмыс
Қосымша дереккөздерден олардың біреуі туралы ақпарат жинақта және постер жаса.
Олардың азаттық жолындағы күресі туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
тәуелсіздік үшін күрескен тұлғалар туралы әңгімелейді.
41
ЖОБА
4-ТОҚСАН
Бөлім: Су – тіршілік көзі
Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сипаттамасы бойынша климаттық белдеулерді
анықтайды
• Өз аймағының климатын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген сипаттамасы бойынша климаттық белдеуді анықта және белгіле.
Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей , температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді. Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25-30ºС болып тұрады. Жауын -шашын жыл бойы біркелкі таралады. Жылу мен ылғалдың молдығы өсімдіктердің қаулап өсіп, сан алуан жануарлардың мекендеуіне қолайлы. Белдеудің көп жерін ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.
A) қоңыржай белдеу
B) полярлық белдеу
C) тропиктік белдеу
D) экваторлық белдеу
Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? _________________________
Картадан өзің тұратын облысты тауып, боя. Өз аймағыңның климатын сипаттап айт.
Дескриптор Білім алушы
сипаттамасы бойынша климаттық белдеуді анықтайды;
Қазақстанның климаттық белдеуін атайды;
картадан өзі тұратын аймақты анықтайды;
өз аймағының климатын сипаттайды.
42
ЖОБА
Бөлімше: 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты
орналасуын талдау ( рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамдардың қоныстануына әсер ететін табиғи
жағдайларды атайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Адамдар неліктен су қоймалары бар жерлерде көп қоныстанады? Берілген тұжырымдар қатарын толықтыра отырып, әңгімеле.
1) Су қоймалары балық шаруашылығының дамуына ықпал етеді.
2) Адамдар суды күнделікті тұрмыс үшін көп қолданады.
3) ...
4) ...
5) ...
Дескриптор Білім алушы
адамдардың су жағасына қоныстануына әсер ететін факторларды атайды;
су жағалауларының қоныстануға қолайлылығы туралы әңгімелейді.
43
ЖОБА
Бөлімше: 2.4 Туризм
Оқу мақсаты 3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік
нысандарының рейтингін жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақстанның туристік нысандарының рейтингісін
құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Қазақстанның кескін картасына Каспий теңізін, Алакөл және Балхаш көлдерін белгіле.
Топтық жұмыс
1. Суқоймалардың біреуін таңдап алып, оның туристік нысан ретіндегі ерекшеліктері туралы деректер жинақта.
2. Деректердің негізінде диагрмма құрастырып, рейтінгісін анықта.
Каспий Балқаш Алакөл
теңізі көлі
Дескриптор Білім алушы
кескін картаға аталған су нысандарын белгілейді;
туристік нысандардың рейтінгісін анықтайды.
44
ЖОБА
Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы
Оқу мақсаты 3.2.2.2 Ауа райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау
ережелерін құрастырады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қолайсыз ауа райы кезіндегі өзін-өзі ұстау
ережелерін құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген шартты белгілердің көмегімен көктайғақ кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
көктайғақ кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерін құрастырады;
шартты белгілерді дұрыс қолданады.
45
ЖОБА
Бөлімше: 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 3.2.3.2 Геологиялық және табиғи-климаттық апаттар
туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін
атайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретке мұқият қара.
Суретте бейнеленген табиғи апаттың атауын жаз. _____________ _________
Бұл табиғи апаттың туындауына не себеп болады?
Аталған табиғи апаттың салдары қандай?
Апат кезінде қалай әрекет ету керек? 2 ереже құрастырып жаз.
1) ________________________________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
суретте бейнеленген табиғи апатты атайды;
су тасқынының туындау себептерін анықтайды;
су тасқынының салдарын сипаттайды;
су тасқыны кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерін құрастырады.
46
ЖОБА
Бөлімше: 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 3.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-
қатерлерді анықтау және бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Судағы қауіп-қатерлерді атайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суда қандай қауіп-қатерлер туындауы мүмкін? Суретке сүйеніп әңгімеле.
Мұндай қауіптердің алдын алу үшін не істеу керек?
Судағы қауіпсіздік ережелерін құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
судағы туындауы мүмкін болатын қауіп-қатерлерді атайды;
қауіп-қатерлердің алдын алу шараларын ұсынады;
судағы қауіпсіздік ережелерін құрастырады.
47
ЖОБА
Бөлімше 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 3.1.4.4 Өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Топтық жұмыс
Табиғатта әр түрлі қауіп-қатерлер туындауы мүмкін. Табиғатта кездесетін қауіптердің бірін таңдап, оған тап болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін жоспарла.
Дескриптор Білім алушы
табиғи ортадағы қауіпсіздік ережелерін құрастырады.
48
ЖОБА
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 3.1.2.3 Қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Балалар қандай тәртіп ережелерін сақтады?
Сен қоғамдық орындарға қатысты тағы қандай әдеп нормаларын білесің?
Дескриптор Білім алушы
сурет бойынша анықталған тәртіп ережелерін атайды;
қоғамдық орындардағы әдеп нормалары туралы әңгімелейді.
49
ЖОБА
Бөлімше: 1.6 Мерекелер
Оқу мақсаты 3.1.6.1 Зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық
мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қазақстан халықтарының мерекелерін
шығармашылықпен сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суреттерге мұқият қара және мерекелердің біреуін таңдап ал.
Мерекені ата.
Сенің мектебіңде бұл мереке қалай тойланады? Коллаж жаса.
Сен мерекеге қандай үлес қостың? Жұпта әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
мереке түрлерін ажыратады;
аталған мерекеге сәйкес шығармашылық жұмыс жасайды.
50
ЖОБА
Бөлімше: 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 3.3.1.2 Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау
маңыздылығын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретте бейнеленген ескерткіштердің біреуін таңдап, ол туралы ақпарат жинақта.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Тамғалы петроглифтері Қозы Көрпеш- Баян сұлу мазары
Алтын адам ескерткіші Астана –Бәйтерек Қ. Рысқұлбековтың ескерткіші
монументі
Жинақтаған ақпараттардың негізінде ескерткіштің орны, ерекшелігі, оны сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
тарихизаманауи ескерткіштерді сипаттайды;
ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығы туралы ой қорытады.
51
ЖОБА
Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 3.1.1.4 Өз шығындарын жоспарлау және негіздеу
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Өз шығындарын жоспарлайды және негіздейді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өзіңнің бір апта ішіндегі шығындарыңның тізімін жаса.
Оларға жұмсалған ақша мөлшерін (шамамен) есепте.
Қаражатыңды үнемдеу үшін неден бас тартар едің? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
өз шығындарының тізімін жасап, есептейді;
өз бюджетін үнемдеу жолын ұсынады.
52
ЖОБА
Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 3.1.1.5 Өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығындарды оңтайландыру жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Сенің отбасыңа кіріс қайдан келеді? Оны қайда жұмсайсыңдар? Сызбаны толтыр.
Отбасының бюджетін үнемдеу үшін сен неден бас тартар едің?
1) ...
2) ...
Дескриптор Білім алушы
отбасылық кіріс көздерін атайды;
отбасылық шығындарды анықтайды;
шығынды оңтайландыру жолдарын ұсынады.
53
ЖОБА
Бөлімше: 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 3.1.4.2 Спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Спорт түрлерін ажыратады
Спортпен айналысуға қажетті қабілеттерді атайды
Спортқа қатысты өз қабілетін анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Шартты белгілер арқылы спорт түрінің атауын жаз.
______________ _______________ ________________ ________________
Сен қандай спорт түрімен айналысасың?
Бұл спорт түрімен айналысу үшін адамға қандай қабілеттер қажет?
Сенің бойыңнан ондай қабілеттер табыла ма?
Бұл спортта жетістікке жету үшін қандай қабілеттеріңді шыңдау керек?
Дескриптор Білім алушы
спорт түрлерін ажыратады;
спортпен айналысуға қажетті қабілеттерді анықтайды;
өз бойындағы қабілеттерді атайды.
54
ЖОБА
55