Ылғалды оттегі беру

Скачать

Спазмофилия - гипокальциемиялық синдром-бала организмінде фосфор және кальций азайып денесінің құрысып-тырысуға бейімділікпен сипатталатын ауру. Көбіне 2 жасқа дейінгі балаларда, әсіресе көктем кезінде және бала рахитке байланысты Д витаминін алып жүргенде кездеседі.

Клиникалық айқындалуының 2 формасы бар:

1.Ларингоспазм-дауыс желбезектерінің тырысып дыбыс саңлауының тарылуы. Бала қиналып, шумен дем алады, реңінде қорқыныш, терлеп кетеді, есінен танып бірнеше секундтан соң шумен дем алады.

2.Эклампсия-баланың барлық бұлшықеттерінің құрысып-тырысуы, аузынан көбік шығып, бала есінен айрылады.

Емі:

І. Ларингоспазм кезінде:

1. Таза ауа жеткізу.

2. Салқын су шашу, құйрығынан ұру.

3. Ылғалды оттегі беру.

Жағдайы жақсарғаннан соң кальций препаратын беру.

ІІ. Эклампсия кезінде:

Сабырлы жағдай жасау.

Баланы жұмсақ жерге жатқызып басын, қол-аяғын жарақаттанудан сақтау, басын бұру.

Ылғалды оттегі беру.

Құрысып-тырысуға қарсы дәрілерді егу: реланиум, валиум, седуксен, ГОМК, дроперидол.

Спазмофилияның алдын-алуы рахиттың алдын-алуымен қатар өткізіледі.


Скачать


zharar.kz