Дауымшар Құттықадамұлы (1770-1810) - Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ жерінің тұтастығын сақтауда көрсеткен ерлігімен, табандылығымен танылған батыр. Кіші жүз құрамындағы адай тайпасынан шыққан. Әкесі Құттықадам Тікенекұлы (1705— 1798) қалмақтармен шайқасқа қатысқан. Орталық Үстіртте, Білеулі керуен сарайынан оңтүстік- шығысқа қарай 25 шақырым жерде жерленген. Дауымшар батыр жөнінде нақты дерекгер аз. Х.Досмұхамедов өз еңбегінде оны Атағозы, Сүйінқара, Өтен, Нарынбай, Қүлбарақ, Жапарберді, Мыңбай, т.б. атақты батырлармен тең қояды. Халық арасында Дауымшар батыр туралы Жемнің сол жақ жағалауында зерттеу жұмыстарын жүргізген экс- педициялық отрядпен (кейбір мәліметтерде орыстар, енді бірінде ағылшындар) болған ұрыста қаза тапты деген аңыз бар. Шайқаста қаза тапқандардың барлығы, соның ішінде қарсыластарының басым күшінен сескеніп, шайқасқа қатысудан бас тартқаны үшін Дауымшардың өз қолынан қаза тапқан.Құдабай батыр да сол жерге жерленіп, ол жер Дауымшар қорымы аталып кеткен. Батырдың бейітіне қару мен ат бейнеленген құлпытас орнатылған