Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын! Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға алаш деген атты аламын. Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
Мен қазақпын! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Бұл жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер.Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңа оралады. Оны айтқанда арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарыарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, сергек сезінесің. Бойыңды ерекше сезім билеп, саңанда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің. Қазақ дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі қиқулаған аққу үні естіледі. Осындай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдері, кең даласы бар. Осы жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып-өскен.
Қазақстан −тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл - тарих. Өткенімізді ұмытсақ, болашақ −бізді кешірмейді деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық!
Жалпы, қазақ жұрты бастан не кешпеді?! Қаһарлы, шерлі, азуын айқара ашқан аяусыз жылдардың, басқыншылық, төңкеріс, қуғын-сүргін, соғыс жылдарының талайын көрді. Шыдады, төзді. Берілмеді, беріспеді, күресті. Соңында жеңіске жетті.
Осыдан бірнеше ғасыр бұрын Қозыбасы тауы мен Шу өзені аралығында Керей мен Жәнібек хандар бастаған үш жүздің тайпалары өз хандықтарын құрып, тарих сахнасында қазақ деген атау пайда болды. Алтай мен Атырауды, кең байтақ Сарыарқаны мекен еткен, қаны бір түркі тайпалары бір-біріне тез үйреніп, ар мен намысты алға қойған халық болды. Осы заманнан бастап халқымыз талай жаугершілік соғыс күндерін бастан кешкен. Сонау Тәуке ханның тұсында шығыстан анталап жоңғарлар, оңтүстіктен өзбек, қарақалпақ, солтүстік батыстан башқұрттар, солтүстіктен Сібір казактары тыныш жатқан халыққа күндіз күлкі, түнде ұйқы бермеген. Ел арасында Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Жауғашар, Қарасай сияқты батыр тұлғалар ел басына күн туғанда қалың қолын бастап, бейбіт өмір жолында үлкен рөл атқарған. Бертін келе XVIII ғасырда Ұлы империяға тәуелді болуы да халқымызға қиыншылықтан көз аштырмады. Халықты қорғаймын деп өзіне бағынышты еткен империяның малдың ізінде жүріп көшпелі өмір салтын ұстанған, момын халыққа көрсеткен қиындықтары да аз емес еді. Алайда қазақ тыныш жатқан момын халық болғанымен, бір-екі шалыс басқан қадамыңды кешірер-ау, бірақ тағы қайталап шамына тиер болсаң қылыштай шауып түсірер айбаты да жетерлік. Сонау сақ заманынан қанына сіңген осы қасиеті халқымыздың тәуелсіздікке деген қадамына жол ашты. Осы кезден бастап ата-бабаларымыз егеменді ел болуды аңсап, ұрпақтарының ешкімге тәуелсіз мемлекетте туып, бейбіт өмір кешсе екен деп армандап кеткен. Сөйтіп, ақырында азаттықтың ақ таңы арайлап атты. Алашымыздың арқа сүйер азаматтарының, жанашыр жақындарының, қалың елім қазағымның жалыңды жастарының, ұлтын сүйген ұлы жүрек иелерінің арқасында баға жетпес байлығымыз, таусылмайтын қазынамыз – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған ең асыл, аса биік ақ армандарына жете білдік.
Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы − қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Қаз тұрып , қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау жиырма екі жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді , - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Біз небәрі жиырма екі жастағы жас мемлекет болсақ−тағы осы жылдар ішінде Азияның жолбарыстары, Еуроодақ елдері, әлемнің дамыған азулы, алпауыт елдері тамсанып, қызыға қарайтындай бірәз игі, ізгі істер атқардық. Әрине, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан , елімде Тәуелсіздіктің туын желбіреткен ел бастаған, ел қостаған, ел қалаған елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арқасында мұндай ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Мұның бәрі-бәрі бір күндік еңбектің емес, айлап, жылдап тер төккеннің, талмай, тыңбай, тек алға қарағанның ғана жемісі деп білемін.
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, ...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың , бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал, оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн - дейді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ана тіліміз−қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы−Астана қаласы. Ол күннен−күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздері қабылданылды. Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері қабылданды. Мемлекеттік рәміздеріміз − Ту, Елтаңба және Әнұран. Туымыздың авторы − суретші Шәкен Ниязбеков. Бірыңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін , қазақ халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң таза-лығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркен-деудiң және өмiрдiң белгiс i. Күн – уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ал Қазақстан Республикасының келесі рәмізі елтаңба. Оның негiзi – шаңырақ. Шаңырақ – мемлекеттiң түп-негiзi отбасының бейнесi. Шаңырақ – күн шеңберi. Айналған күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi. Шаңырақ – киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң , ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар – дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, же-ңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар
– қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол – ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақ-сылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол – өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы. Қазақстан Рес-публикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов. Соңғы Республикамыздің мемлекеттік рәмізі ол - Әнұран. Әнұран негізі – ол халық арасында кең тараған Менің елім атты патриоттық өлең. Әнұран – халық жүрегінің соғуы , армандардың қорытпасы болып табылады. Әнұранның авторлары Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұран ресми рәміз ретінде, Қазақстан болашағы мен өзінің болашағына сенетін қазақстандықтардың ортақ қазынасына айналып кетті. Біз, Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары бұл күндері бүкіл еліміз болып сүйікті Әнұранымызды шырқаймыз. Туымыз бен Елтаңбамызды мақтан етеміз. Біз болашақта бұдан да бай, қуатты елде өмір сүретінімізге сенімдіміз. Ендігі тілек бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғып, Тәуелсіздік туы желбірей берсін. Менің Қазақстаным атты ұлы Гимн әрбір қазақстандықты бірлік пен татулыққа үндей берері сөзсіз.
Мұқағали ағамыз:
Сендердікі қоғам, өмір, заман да, Сән түзеген қалаң менен далаң да,
Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ, Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!,-
деп жазған.
Елімізде жаңа жас ұрпақ өсіп келеді. Бұлар – тәуелсіздіктің бел балалары. Елбасы осы ұрпаққа айрықша үміт артады. Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр − жастар ғасыры. Елдің ертеңі осылар деп қарайды. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуін осы ұрпақпен тікелей байланыстырады. Жастар – елдің болашағы,халықтың үміт артары, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз − жастар. Қалың елім қазағымның жанарында жанып тұрған оты бар жалынды, жігерлі жастары! Отан сүю − әрбір ет-жүрегі, қан-тамыры қазақ деп соғатын қазақжанды, елжанды, ұлтжанды ұландардың баға жетпес парызы. Сондықтан, парыздарымызды асқақ абыроймен, аса адал орындау арқылы ұлтымыздың іргетасын бірге нық тұрғызайық. Еңселі еліміздің ертеңі біздердің қолымызда! Қазақстанды биікке жетелелейік, жеткізейік!
Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер! Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!
Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы