АҚ АРМАНЫМ
Сырларым саған деген көгімде ойнап,
Барады жүрегімді сезім бойлап.
Қос ғашык қол ұстасып бара жатса
Сонда мен сағынамын өзіңді ойлап,
Ақ арманым.
Қиналам жауап іздеп сұрақтарға.
Біздерден бақыт бағы жырақтар ма?
Мен ғана серігің боп қалайыншы
Сен меннен өзге ешкімге сыр ақтарма,
Ақ арманым.
Қимайды біздер барған көл сені де,
Бағынып бұл өмірдің өлшеміне.
Өзге ешкім керек емес, сеннен басқа
Айналдың жүрегімнің бөлшегіне,
Ақ арманым.
Үмітті үзбегейсің ұғып терең,
Қалады сен жоқ жерде суып денем.
Менімен мәңгі бірге болам десең
Сен үшін жүрегімді жұлып берем,
Ақ арманым.