ҚР территориясында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативтік құжаттар

Скачать

Жоспар:

І. Стандарттау жөнінде қысқаша мәлімет

ІІ. ҚР территориясында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативтік құжаттар

ІІІ. ҚР – да қолданылатын стандарттар

IV. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі

Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізі
Стандарттау – нақты бар және потенциалды мақсаттарға байланысты еркін, көпретті және жалпылама тәртіп бекітумен өнім, қызмет және үрдістерге талаптарды тәртіпке қоюдың тиімді деңгейіне жетуге бағытталған қызмет.
Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша қызмет келесідей реттеледі:
1. Қазақстан Республикасының 2004жылдың 9 қарашасынан №603-ІІ 3ҚР;
2. «Техникалық реттеу туралы» Заңымен;
3. Стандарттау бойынша мемлекеттік стандарттармен.
Қазақстан Республикасы территориясында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативті құжаттарға төмендегілер жатады:
1. Халықаралық стандарттар;
2. Аймақтық стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат тізілімдері(классификаторлар), стандарттау бойынша ережелер мен ұсыныстар;
3. ҚР техникалық-экономикалық классификаторлары мен стандарттары;
4. Өнеркәсіп стандарттары;
5. ҚР стандарттау бойынша ұсыныстары;
6. Ұлттық стандарттар, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат классификаторлары, шет ел мемлкеттерінің стандарттау бойынша ережелері, нормалары мен ұсыныстары.
Қазіргі уақытта Стандарттардың мемлекеттік қорын 47 056 нормативтік құжаттар құрайды, соның ішінде республикада:
- мемлекеттік нормативтік құжаттар – 1332;
- техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеушілері (ҚР МЖ) – 12;
- республикада есепке алу тіркеуінен өткен шетелдік нормативтік құжаттар – 1457;
- техникалық шарттар (ТШ) – 4900;
- сондай-ақ мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) – 20862;
- Ресей Федерациясы мемлекеттік стандарттары (ГОСТ Р) – 3338;
- халықаралық стандарттар (ИСО) – 7277;
- шетел елдерінің 10 000 астам стандарттары.
Стандарттау мен сертификаттаудың 2004-2006 жылдарға арналған ұлттық жүйесін дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.02.04ж. қаулысымен бекітілді.
Қазақстан аумағында стандарттау жөніндегі екі мемлекетаралық техникалық комитет: ДТП «ВНИИтүрлі-түстіметалл» базасында "Мырыш. Қорғасын" және «Қазқараметавтоматика»ААҚ базасында "Металлургиялық өндірісте ылғалдылықты өлшеу" құрылған.
Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттар:
ҚР СТ (Казақстан Республикасының мемлекеттік стандарты) –ҚР Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, міндетті және (немесе) ұсыным жасалатын талаптары бар және тұтынушылардың кең ауқымына қолжетімді стандарт. Мұндай мемлекеттік орган ҚР Мемстандарты және оның аумақтық бөлімшелері (стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітуге – іске қосуға уәкілетті).
ГОСТ – ТМД елдерінің «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы» үкіметаралық келісімге сәйкес ТМД елдері бірлесіп пайдаланатын мемлекетаралық стандарттар.
ГОСТ Р – Ресей Федерациясының мемлекеттік стандарты. Тек ҚР Мемстандартында тіркелгеннен (актуальданғаннан) кейін ғана қолданылуы мүмкін (актуальданғанан кейін ҚР СТ ГОСТ Р түріне ие болады).
ISO – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым әзірлейтін және қабылдайтын халықаралық стандарттар. Қазақ және орыс тілдеріне аударылғаннан және Мемстандарт қабылдағанан (актуальданғанан) кейін ҚР СТ ИСО түріне ие болады. Халықаралық, өңірлік және басқа елдердің ұлттық стандарттары ҚР-да стандарттау жөніндегі мемлекеттік орган оларды актуальдағаннан кейін ғана ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдердің негізінде қолданылуы мүмкін.
Республиканың ДСҰ кіруіне байланысты ақпараттық орталық құрылуда, оның қызметі сертификация процедураларын және стандарттарға қатысты ақпараттық алмасу бөліміндегі республика міндеттемелерін орындаумен байланысты болады.
Мүдделі заңды және жеке тұлғаларды ақпаратпен және нормативті құжаттармен қамтамасыз ету бір реттік сұрау (телефон арқылы, тікелей хабарласу, жазбаша хаттама арқылы, электрондық пошта арналары, Интернет халықаралық жүйесі бойынша) және келісім-шарт негізінде абонементтік қызмет ету арқылы іске асады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі
ҚР СТ 1.0-2006 Негізгі ережелер
ҚР СТ 1.1-2005 Стандартизация и смежные виды деятельности. Терминдер мен анықтамалары
ҚР СТ 1.2-2002 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі
ҚР СТ 1.3-2000 Техникалық шарттарды әзірлеу, келісу, бекіту және мемлекеттік тіркеу тәртібі
ҚР СТ 1.5-2008 Қазақстан Республикасының Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Стандарттарды құру, баяндау, рәсімдеу және мазмұнына жалпы талаптар. ҚР СТ 1.5-2004 орнына енгізілген.
ҚР СТ 1.6-2004 Қазақстан Республикасының түпнұсқалары мен екінші нұсқаларын есепке алу, сақтау және қайта қалпына келтіру тәртібі
ҚР СТ 1.7-2003 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау тәртібі
ҚР СТ 1.8-2003 Мемлекеттік стандарттар қорын нормативтік құжаттар мен ақпараттарды басып шығару және қамтамасыз ету тәртібі
ҚР СТ 1.9-2007 Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық, өңірлік және ұлттық нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі.
ҚР СТ 1.12-2000 Нормативтік мәтіндік құжаттар. Жалпы талаптар.
ҚР СТ 1.13-2005 Мемлекеттік органдар қызметтері. Жалпы талаптар
ҚР СТ 1.15-2004 Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру, жұмыс істеу тәртібі. Жалпы талаптар
ҚР СТ 1.16-2000 Стандарттау, сертификаттау ережелері және сертификатталатын өнім (жұмыстар, қызметтер) жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру тәртібі. Негізгі ережелер
ҚР СТ 1.17-2006 Сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтардың) жұмысына мемлекеттік бақылауды жүргізу әдістемсі
ҚР СТ 1.18-2001 Мемлекеттік қадағалау мен бақылау нәтижелері бойынша берілетін нұсқамалар нысаны мен оларды беру тәртібі
ҚР СТ 1.19-2006 Қызмет көрсету кезінде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүргізу әдістемесі
ҚР СТ 1.20-2006 Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау. Өнімді даярлау кезінде мемлекеттік қадағалауды жүргізу әдістемесі
ҚР СТ 1.21-2001 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттар қоры, оны жинақтау, жүргізу және сақтау
ҚР СТ 1.22-2001 Стандарт ісі. Оны құру, өзгертулер енгізу, сақтау, көкейкесті ету, мұрағатқа тапсыру және жою тәртібі
ҚР СТ 1.23-2001 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің, келісудің және қолданудың тәртібі
ҚР СТ 1.24-2001 Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау. Өнімді жүзеге асыру (сату) кезінде мемлекеттік қадағалауды жүргізу әдістемесі
ҚР СТ 1.25-2001 Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау. Өнімді әзірлеу және өндіріске қою сатысында мемлекеттік қадағалауды жүргізудің әдістемесі
Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі
ҚР СТ 5.0-2005 Негізгі ережелер
ҚР СТ 5.1-2007 Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың мемлекеттік жіктегіштерін әзірлеудің тәртібі
ҚР СТ 5.2-2005 Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың мемлекеттік жіктегіштерін жүргізу туралы ережелер
ҚР СТ 5.3-2005 Мемлекеттік тізілімдемені жүргізу тәртібі
Өнімді штрихті кодтау жүйесі
ҚР СТ 6.0-2005 Негізгі ережелер
ҚР СТ 6.1-2005 "5-дің екеуі алмасушылар" рәміздерінеталаптар
Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі
ҚР СТ 4.2-93 Халық тұтынатын азық-түліктік емес тауарлар
ҚР СТ 4.3-2002 Жеңіл өнеркәсіп өнімі. Негізгі ережелер
ҚР СТ 4.4-94 Азық-түлік және ауылшаруашылық өнеркәсібінің өнімі. Негізгі ережелер
ҚР СТ 4.5-2003 Шетелдік фирмаларды құжаттандыру жөніндегі өнімді өндіріске қою. Негізгі ережелер
Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
ҚР СТ 2.0-2005 Негізгі ережелер
ҚР СТ 2.1-2000 Терминдер мен анықтамалар
ҚР СТ 2.3-2001 Физикалық шамалар бірлігінің эталоны. Негізгі ережелер. әзірлеу, бекіту, тіркеу, сақтау және қолдану тәртібі
ҚР СТ 2.4-2007 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарын тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі. ҚР СТ 2.4-2000 орнына енгізілген
ҚР СТ 2.6-2003 Өлшеу құралдарының типтерін бекіту мақсатына арналған мемлекеттік сынаулардың типтік бағдарламалары. әзірлеу, рәсімдеу, бекіту және тіркеу тәртібі.
ҚР СТ 2.7-2001 Өлшеу құралдары және аккредитациялау объектілерінің мемлекеттік тізілімдемесін жүргізудің тәртібі
ҚР СТ 2.8-2002 Өлшеу құралдарын индикаторлар разрядына ауыстырудың тәртібі
ҚР СТ 2.10-2000 Аттестациялған қоспалар. Әзірлеу, аттестаттау және қолдану тәртібі
ҚР СТ 2.11-2000 Қазақстан Республикасының калибровка жүйесі. Негізгі ережелер
ҚР СТ 2.12-2006 Қазақстан Республикасының калибровка жүйесі. Өлшеу құралдарының калибровкасы. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
ҚР СТ 2.13-2000 Тұрмыстық газды есепшілер. Тексерудің әдістері мен құралдары
ҚР СТ 2.15-2005 Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау. Негізгі ережелер
ҚР СТ 2.16-2001 «Заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі туралы» ережелер
ҚР СТ 2.17-2001 «Қазақстан Республикасының заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандартты үлгілерінің Бас орталығы туралы» ережелер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі
ҚР СТ 3.1-2001 Өнімдер мен қызметтерді Сәйкестік белгісімен таңбалаудың тәртібі
ҚР СТ 3.4-2003 Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі, Жалпы талаптар
ҚР СТ 3.5-96 Қызметтерді сертификаттау. Негізгі ережелер
ҚР СТ 3.6-96 Қоғамдық тамақтану қызметін сертификаттау
ҚР СТ 3.7-2002 Туристік-экскурсиялық және мейманханалық қызметтерді сертификаттаудың тәртібі
ҚР СТ 3.9-2004 Импортталатын өнімді сертификаттау. Жалпы ережелер
ҚР СТ 3.10-2007 Сәйкестікті бағалау. Шағымдар мен аппеляциялар, принциптер мен талаптар. Қарау тәртібі. ҚР СТ 3.10-2004 орнына енгізілген
ҚР СТ 3.11-2003 Мемлекеттік тізілім жүйесінің құрылымы және жүргізу тәртібі.
ҚР СТ 3.12-2005 Телекоммуникациялар желілерінің байланыс құралдарын міндетті сертификаттаудың негізгі ережелері
ҚР СТ 3.13-2005 Телекоммуникациялар желілерінің байланыс құралдарын сертификаттаудың тәртібі
ҚР СТ 3.15.1-2006 Сапа және өндіріс жүйелерін сертификаттау. Негізгі ережелер
ҚР СТ 3.15.2-2006 Сапа және өндіріс жүйелерін сертификаттау. Сапа жүйелерін жүргізудің тәртібі
ҚР СТ 3.16-2004 Зертханааралық салыстырулар. Оларды өткізуді ұйымдастыру және тәртібі
ҚР СТ 3.19-2006 Мұнай, газ жабдықтарын сертификаттаудың тәртібі
ҚР СТ 3.20-2001 Шаштараздар қызметтерін сертификаттау тәртібі
ҚР СТ 3.21-2006 Кен өндіру штаттық жабдықтарын сертификаттау тәртібі
ҚР СТ 3.24-2001 Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды сертификаттаудың тәртібі


















Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Интернет материалдары

2. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы

3. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңы

4. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы

5. И. М. Лифиц «Основы стандартизации, сертификации и метрологии»


Скачать


zharar.kz