Мен үйдің үлкенімін. Менің бірге туған інім және сүйкімді қарындасым бар. Оларды мен қатты жақсы көремін.
Менің қарындасымның аты – Жанель. Ол сондай тәтті, әрі сүйкімді. Ол әлі кішкентай. Мен үйден сабаққа немесе домбыра үйірмесіне кетсем, оны қатты сағынамын. Оның қылықтары есіме түсіп, үйге қарай асығамын.