Әне - міне дегенше қақаған қыс келді

Скачать

 Әне-міне дегенше қақаған қыс келді. Далада жапалақтап алғашқы қар жауды. Далада ақ мақтадай ақ мамық қар. Терезеге қарап тұрсаң - ақ, көк, сұр түспен аюларды салып қойғандай. Барлық балалар қар жауғанын көріп баласын жетектеп аюдай қарды омбылап шаналарын сүйреп адырға шығып ойнады. Адырда тұрып үйлердің шатырлаларына қарап тұрсақ күннің сәулесі жарқ-жұрқ айнадай сәуле болып жарқырап тұрады. Бірі шанамен сырғып ойнаса, бірі қар атысып ойнап жатады. Ойнап жүрген балалар бірі құлап, бірі сүрініп, ауыздарынан бу бұрқырайды. Бәрі көңілді. Қыстың балаларға ұнап, ойнап жүргені сонша табиғат ананың өзі балаларға ертеңгі сабақтарыңды ұмытып кетпеңдер деп айтып тұрғандай. Балалардың барлығы кешке дейін ойнап, шаналарын сүйреп аналарының жағып қойған гуілдеген пештің жанына отырып жылынады. Аналарының пісірген ыстық тамағын ішіп денелері жылынады.Сондада балалардың ойындары қанбай екі көздері далада болады. Себебі, қыста күн қысқарады. Шіркін жаз, күз, көктем әсіресе қыс мезгіліне не жетсін! Әрине табиғат ананың көңілсіз кезеңі ешқашан болмайды. Себебі, әр мезгілдің өзіне тән сұлулығы мен қызықтары көп.
Әрдайым әрі қызықты, әсерлі мезгілдерді қызықпен өткізуге тырысайық!


Скачать


zharar.kz