О.Қ.О Созақ ауданының эконом икалық географиялық орны

Скачать

Созақ ауданы 1928 жылы құрылған. Ауданының аумақтық жер көлемі 4 млн 104 мың 940 га, немесе 41 мың 41 шаршы шақырым. 1934 жылы аудан орталығы Шолаққорған болды.
Аудан орталығына ең жақын темір жол станциясы Жаңатас қаласы қала типтегі жұмысшы поселкелер 2, поселкілік әкімшіліктер 2, ауылдық әкімшіліктер 10, ауылдық әкімшіліктер мен поселкілердегі елді мекендер 36.
2007 жылға аудандағы халық саны 52700. Оның ішінде ер адамдар 25994, яғни 49%, әйелдер 26 706, яғни 51%, Ұлт бойынша қазақтар 47175 адам 90,2%, орыстар 1099 адам 2,1 %, өзбектер 3294 адам 6,3 % басқа да ұлттар 732 адам 1,4 % аудан бойынша барлық отбасы саны 9868.
Ауыл шаруашылығы. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы құрылымдар саны 704, оның ішінде жер актісін алған шаруа қожалықтары 698, өндірістік кооперативтер 3, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 15. Аудан бойынша ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер 3 млн 539 мың 323 га. Оның ішінде нақтыланған егістік жер көлемі 10 мың 251 га, оның ішінде суармалы жер көлемі 4 мың 247 га, тұрақты суармалы жер көлемі 4247 га, үй іргелік жер көлемі 417 га, жайылымдық жер көлемі 3 млн 516 мың 566 га, бау 316 га, шабындық жер көлемі 11 мың 773 га. Яғни ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2647,9 млн тенге.
Мал басының саны, мүйізді ірі қара 19777, қой, ешкі 310663, жылқы 6572, түйе 6863, құстар 35 000.
Өндірілген өніміне келсек /тонна/.
Ет – 10028
Сүт – 14599
Жұмыртқа /мың дана/ 4500.
Жүн - 400.

Шағын кәсіпкерлік саласы.
Шағын кәсіпкерлік субъектілер саны – 2461, оның ішінде заңды тұлғалар – 359, жеке тұлғалар 2102.
Жұмысшылар саны – 5090, жұмыс көлемі 689,2.
Әлеуметтік саласына келсек, атаулы әлеуметтік көмек алған адам саны 624, оларға төленген қаржы 11710,8 мың теңге.
Халықты жұмыспен қамту саласы. Жұмыс іздеп келгендер 1235, барлық тіркелгендер 256 адам. Жұмысқа орналасқандар 950 адам. Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгендер 535 адам. Кәсіптік оқуға жіберілгендер 90 адам. Ауданда жаңадан 938 ұмыс орындары ашылды. Кедейшілік деңгейі 1,5%, жұмыссыздық деңгейі 0,89%.
Ауданда білім беретін мектептер саны 36, оның ішінде 30 орта мектеп, 2 негізгі мектеп, 4 бастауыш, 1 кәсіптік техникалық мектеп, 1 спорт мектеп, 1 сад мектеп, 1 балаларды жазғы демалыс орны, 6 балабақша бар. Ауруханалар саны 12. Оның ішінде орталық аурухана -1, бөлімшелік аурухана – 4, дәрігерлік емхна -5, өкпе ауруханасы -1, емхана - 1, фельдшерлік-акушерлік пунктер – 19, дәріханалар – 72, ауданда орта арнаулы білімді мамандар саны 271.
Созақ ауданының географиялық орны шекарасы.
Географиялық орны. Аудан. Оңтүстік Қазақстан облысының Солтүстігінде орналасқан. Жер көлемі жөнінде Оңтүстіктің облысында бірінші орында. Жалпы жер көлемі 4 млн 101 мың 940 га.
Аумағының үлкендігі Азияның: Израильден екі есе, Тайваньннан 1,5 есе үлкен, Европаның: Белгиядан 1,5 есе, Орталық Америкадағы: Сальвадор мемлекетінен екі есе үлкен.
Аудан жер көлемі қанша үлкен болса, мұндағы өсімдіктер мен жануарларда алуан түрлі. Табиғат зоналары ендік бағытында созылып жатыр. Созақ ауданының Солтүстік ендігі Кишинев пен Будапешт қалаларының ендігінде, ал Оңтүстігіндегі шеткі нүктесі София, Рим қалалары орналасқан ендікте жатыр. Ауданның ең биік жері Бессаз тауы 2176 м.
Шекарасы: Созақ ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының Солтүстігінде орналасқан. Аудан үш облыс және екі ауданмен шектеседі. Шекарасының жалпы ұзындығы 1255 шақырымнан астам, оның барлығы құрлық арқылы өтеді.
Солтүстігінде Қарағанды облысынан 95 шақырым, Оңтүстігінде Бәйдібек және Түркістан аудандарымен 220 шақырым, ал батысында Қызылорда облысымен 365 шақырым шектеседі. Ауданымыз негізінен 12 ауыл әкімшілігіне бөлінген.
Олар Қаратау бөктерінде орналасқан. Таукен поселкасы, Жартытөбе, Шолаққорған, Сызған, Созақ, Қарақұр, Қаратау ауылдары: Шу өзені бойындағы: Шу, Тасты, Жуантөбе ауылдары және Қыземшек поселкасы әкімшіліктері.
Климаты. Аудан климаты шұғыл континентті келеді, қысы суық, құрғақ, жазы ыстық, қауақшылықты. Әрбір жердің климатының қалыптасуына климат түзуші факторлар ықпал етеді. Сондай-ақ біздің ауданымыз климатының қалыптасуына Қаратау жотасы мен Мойынқұм негізгі фактор болып есептелінеді. Себебі Қаратау жотасы Оңтүстік Батыстан келетін субтропик ауа массаларын тосып қалады.
Нәтижеде жауын – шашын түсуіне кедергі келтіреді. Біздің территорияда негізінен қыс айларында Сибирь антициклоны үстемдік жасайды. Соның салдарынан көбірек Шығыстан жел түріп ауа-райы суық болады.
Қаңтар айының орташа температураcы – 130С, қыс айларында кейбір күндері t төмендеп - 400С суықтықты көрсетеді. Жаз айы біздің аймақта ыстық әрі қуаңшылықты келеді. Шілдеде орташа t + 250С, кей кездері t + 400С ыстықтықты көрсетеді. Республикамыз жерінде соғатын желдердің бірі «Арыстанды – Қарабас» желі аудан территориясына өз әсерін тигізіп, әсіресе көктем айларында ауа – райын өзгертіп, күрт суытып жіберіп, егін шаруашылығына зиянын тигізеді. Осы желдің әсерінен көбінесе егін алқаптарына үсік келеді. Сондықтанда ол жерде егіндерді қайта егуге немесе кеш егуге тура келеді. Аймақта егерде жел шығыстан тұрса, құрғақ суық, батыстан тұрса, ылғалды жылырақ болып келеді. Ауа басымы өте құбылмалы. Сондықтан желдің бағыты тез – тез ауысып тұрады. Қардың қалыңдығы ауданымызда 10-13 см болады. Көп тұрмай, тез еріп кетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 170 мм деп аспайды.
Жауын – шашынның көбі көктемде наурыз, сәуір айларында, күзде қазан айының соңы қараша айындар жауады. Жауын шашын жеткіліксіз болғандықтан ауыл шаруашылығы дақылдарын қосымша суару қажет болады.
Созақ мың жылдық тарихқа ие көне қала.
Созақтың Қаратау сілемдерінің теріскейінде орналасуы, оны көптеген жауапкершіліктен, басқыншылықтардан сақтап қалған.
Себебі, ұрыс – керіс, таққа талас, басқыншылық жорықтары Қаратаудың күнгейінде жиі болып тұрған.
Армения патшасы бірінші Гетум 1254 жылы Монғолияға сапарында Қаратаудың Солтүстік ететін алып жатқан. Саудакент, Шолаққаорған, созақ, Ақсүмбе сияқты қалалар мен елді мекендерінен өткендігін жазған.
Бірақ өңірді адамдар ерте мезолит пен неолит дәуірінде мекендегені жайлы мәліметтер Бүркітті өзені, Қойтас сайы, Жуантөбе, Тасты ауылы Маңдарыня жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған. Созақ тарихында бірнеше хандықтардың ордасы болған. Жібек жолының Теріскейдегі өте дамыған сауда орталығы болған. Сауда – саттықпен айналысу мақсатында көптеген өзбектер: Қоқаннан, Бұқарадан, Қашқардан, Түркістаннан, Сунақпен Қарнақтан, Созақ пен Шолаққорған шекараларына қоныс аударған. Созақ алғаш 1928 жылдың жазында өз алдына аудан болып құрылды. Өткен 79 жыл ішінде халқының еңбекқорлығы арқасында Созақ ауданы көркейіп, экономикасы өркендеп бүкіл Қазақстанға танымал болды.
Созақ жерінің тарихын айтқан кезімізде «Созақ» сөзінің атауына да мән беріп кетуіміз керек. Созақ жері қасиетті жер, бұнда бірнеше әулиелер өткен, аты аңызға айналып кеткен Созақтың ішінде бірнеше аңыздар жатыр. «Созақ» сөзі ескі кітап жазбаларында да кездесетіні, онда Хунзак Туркте «Ұзақ Жер», «Ұлы Жер» деген мағынаны білдіреді. Ескі түркі тілінде Созақ «Халық тұратын мекен», «Манзилгох» деген мағынаны білдіреді. Созақ атты ауылдар Самарқанд облысының Бұлынғыр атты ауданында, Андижан облысының Хожабар ауданында, Қырғызыстанның Ом облысында бар. Созақ шаһарының қашан пайда болғандығы және Созақ атауының қалай шыққандығы туралы нақты деректер жоқ. Созақ шаһарының атауының шығуы жайлы жергілікті тұрғындар арасында мынадай аңыз деректер айтылады.
Ертеректе Созақ шаһарының төңірегі сазды болып, осы саздың бетінде көлшік болып су жатқан. Қарт – қариялар ХХ ғасырдың орта тұсында бұл сулар біршама азайғанымен оның сақталғандығын, ол суларға көктем айларында құстар ұшып келетінін айтады. Сондай-ақ бұлақ көздері де көп әрі мол сулы болған. Жергілікті халық саз бетіндегі суды «Зәк суы» - дейді.
Осыдан «Суызәк» деген сөз пайда болып, ол «Созақ» атауына айналған болуы мүмкін деп топшылайды. Атақты өзбек ғалымы, профессор Хамидулла Хасановта ол Созақтың сол мағынасын ақиқатқа жақын деп талқылайды. Ертедегі түркі тілі ескерткіштері сөздігінде. «Сузук» сөзі бар, бұл сөздің мағынасы – «Таза» - «Мөлдір» деген. Ал бұған келсек бұлда ақиқатқа жақын, неге дегенде, Созақ төңірегінде әулиелер көп болған.
Сондықтан да бұл жердің суы да таза, жері де таза деген ұғымға келеміз. Созақ жерінің ерекшелігі де және жерінің қасиеті де осында ғой деп ойлаймыз.


Скачать


zharar.kz