Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті

Скачать


Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: ұя керек, ұя керек, - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан  көршісіне:
- Екеуміз  бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, - дейді. Көкек:
- Менің ұя салатын қуатым да,  қаруым да жоқ. Керек, керек деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер,- деп келіспейді.
Сауысқан көкектің көмегін күтпей-ақ, ұя салуға  кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен тасалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды.Іші-тысын саз балшықтармен сылады. Кішкене бұтақтардан құрастырып, шағын қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің керек, керек деп қақсай-қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда керек дегендегі р-ды айта алмай, керек деудің орнына келек, келек дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп көкек деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үй-іші де жоқ. Жұмыртқасын кез-келген ұяға табады, оны басқа құстар басып, балапан шығарады. Шібилер жетім өседі.


Скачать


zharar.kz