Жақсы көру деген бір ұлы қасиет бар. Бұл сезім әйел адам мен ер адам арасында пайда болады. Махаббат, жақсы көру дегеніміз не? деген сұрақты қойсақ барлығы өзгеше етіп айтып берер еді. Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады. Жалпы адам баласын (адамзатты) жақсы көру. Және жеке біреуді жақсы көру, сол адам үшін барлық жақсылық жасау, қолымыздағын беру шынайы махаббат сезімі болса керек. Бала дүниеге келгенде ата-анасының махаббатына бөленеді. Есейгенде бір адамды кездестіреді, ғашық болады, кейде жүрегін жаралайтын сезімге дұшар болады. Махаббат әрі мейірімді, әрі қатал болып келеді. Кейде адам ғашық екенін сезбей де қалады. Немесе жауапсыз (безответная) махаббат сезіміне дұшар болады. Махаббат сезімі мыңдаған адамдардың жүрегін жаралаған, қаншама адам махаббат үшін күресте өмірімен қоштасқан (әдеби шығармалар, тарихи оқиғаларға сүйенсек). Бірақ, сонда да, махаббат туралы айтылған әндер, даналар сөзі, мақалдар, өлеңдер т.б. көп кездеседі. Қаншама атақты жазушылар бұл нәзік сезім туралы өлеңдер жазған десеңізші.
... . Біз өмірімізде әр түрлі адамдарды кездестіреміз. Балалық шағымызда тіпті балабақшада жүргенде біреуіне ғашық болып қаламыз. Есейгенде біздің бір адамға сүйіспеншілігіміз пайда болады, кейнірек болса арта түседі. Өмірімдегі жалғызымды таптым деп ойлаймыз, кейде қателесуіміз де мүмкін. Біреулер бір көргеннен ғашық болса, екіншілерге біршама уақыт керек болады. Басқалар болса өзінің махаббатын тым кеш кездестіреді. Махаббат адам жасына қарамайды - деп бекер айтпаған болса керек. Кейде жасы жеткен адамдар арасындағы нәзік сезімге күә боламыз. Киноларда мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Ал өмірімізде солай бола ма? Біздің өміріміз құпия мен сырларға, күтілмеген жағдайларға толы болады ғой...
Жастар ғашық болады. Отбасы құрады. Ер адам мен әйел адам арасында махаббат сезімі пайда болғаннан кейін де біреулердің отбасы құруға батылы жетпей жүреді. Көп уақыт ойланамын деп ғашық болған адамынан да айрылып қалғандарды кездестіруге болады. Біреулері ештен кеш жақсы деп ұзақ уақыт кездесіп, бірін–бірі жақсылап танып, кейін ғана отбасы құрады. Тағдырдың айтқанын ешкім өзгерте алмайтыны рас. Бір-біріне ғашық болғандар,үнемі бір-бірінің қасында жүретін адамдар да ғашығынан айрылып қалатын оқиғаларды да кездестірдік. Кейде қатал тағдыр біз үшін бәрін шешіп қоятыны да рас ... .
Біз дәл осы сәтте және дәл осы жерде өзіміздің бақытты екенімізді білмей жүріп бақытымызды күтіп жүреміз. Біз өзіміздің бақытты болғанымызды сәтсіз оқиғадан кейін,қасымыздағы адамнан айрылғаннан кейін ғана білеміз. Шынайы сезім күтілмеген жерден пайда болуы да мүмкін. Бір-біріне ғашық болып, бір-бірісіз өмір сүре алмайтындар арасында өшпенділік пайда болуы да мүмкін. Кейде бірін-бірі көргісі келмейтіндер бір-біріне ғашық болып, соңында жүрек қалауы бойынша қосылады. Әр адам өзіне қонған бақыт құсын аялай білуі керек. Осы сәтті пайдаланып, жүрегіміздегі сезіміміз туралы адамға айтуға асығуымыз керек. Әрине, бірінші қадамды ер адам жасағаны дұрыс. Себебі,отбасының тірегі ер адам емес пе? ...
Шын жүрекпен сүйгендер, махаббат сезіміне бөленген адамдар менің және сенің деген сөздердің орнына біздің деген сөзді пайдалынып келеді. Ғашықтарға қарасаң өзіңде бір қуаныш сезімі пайда болады. Сол адамдар үшін қуанасын, махабатты аялай біліңдер- деп айтқың келеді. Кейде күтілмеген жерден де кейбір отбасылардың шаңырағы шайқалып, оқыс оқиғалар болуы мүмкін. Бұған басқа ер адам, басқа әйел кісі, отбасы, туыстар т.б. себеп болуы да мүмкін. Үлкендер жастардың отбасына араласып ерлі-зайыптылар арасына салқындық салады. Бірақ шынайы махаббат бұған жол бермеуі тиіс. Егер адам бірінің сөзіне кіріп, өзінің қосақанымен айрылысатын болса, олар арасындағы нәзік сезімнің болғаны туралы айта аламыз ба? Адам басқа адамды шын жүректен жақсы көрсе, оған сенсе мұндай қателіктерге жол бермейді, басқаның айтқанын тыңдамайды ... .
Кейде адам ашу-ызаға бой береді, ғашығынан айрылады. Уақыт өте келе өзінің қателескенің түсінеді, бірақ кеш болады. Махаббатты сақтап қалу үшін, нәзік сезімді таптамау үшін, әйел кісі мен ер адам бірдей ат салысуы керек. Бір жағдайға тап болғанда мәселені бірлікте, ақылдасып шешу керек. Ақылды, сабырлы, инабатты, батыл, әйел отбасындағы мәселелерді шешуге күйеуіне көмектесіп, отбасының берекесін сақтап қалады.
Біздің өмірімізде бір-біріне ғашық болмай, бірін-бірі құрметтеп, сыйлап жүретін адамдар да отбасы құрады. Сол адамдар арасындағы нәзік сезім кейін пайда болуы да мүмкін. Олар құрған отбасы болса мықты әрі үлгілі отбасыға айналуы мүмкін. Ерлі-зайыптылар арсындағы сенімділік, түсінушілік,келісім соңында жеңіп шығады. Бұны біз қате деп айталмаймыз. Қазіргі заманда барлық нәрсе дамығанда, адамдар арасындағы қатынастар, адамдар арасындағы сезімдер де өзгерді ме? - деп ойланып қаласын. Осы күнде бір-бірін жақсы көріп, отбасы құрғандарды кездестіруге бол ма? Адамдар бір-бірінің алдында адал ма? Махаббатты кездестіруге бола ма? - деген сұрақтар барлығын ойландыратын болса керек.
Жеке өзім: махаббаттың күшіне, махаббаттың адалдығына тазалығына, пәк сезімдің бар екендігіне сеніңдер дегім келеді. Жастар қателеспесе екен, өзінің бақыты үшін күрессе екен, бір-біріне сеніп отбасы құрса екен деп ойлаймын. Мүмкін сонда берекелі отбасылар саны көбейіп, балалар бақытты отбасыда тәрбиеленіп келетін еді, ал балалар үйлерінде өсіп келе жатқан балалар саны болса азайып махаббат, отбасы, тазалық, пәктік, адамгершілік құндылықтары бірінші орында тұратын еді ... ..
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шырын ауылы
Шырын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
педагог-психологы Махпирова Дилбирим Талипжановна