Жас түлектер

Скачать



-----Фанфары
-----Жүргізушілер шығады:  Медетов М.О. және Құдайбергенова Шұғыла.
Мият: -Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! Қош бол, алтын ұя мектебім! атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
Шұғыла:- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 32  түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Мият:--Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
Шұғыла:--Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан -  ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Мият:- Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар! 
Шұғыла:   -Қарсы алыңыздар, 11 а сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Төлекова Бәтіш Қайыржанқызы. Сыныпта 19 оқушы. Олар: Алтын белгі үміткері –Досанова Динара, Абай оқуларының жеңімпазы-Сенгірбаева Айгерім, мектеп КВН тобының   белсенді мүшелері-Апушева Азиза, Билялова Раушан;
Балмағынан бал тамған домбырашы-Апушева Айнур, тоғызқұмалақ ойынының шебері-Айтуарова Айнагүл, сынып белсендісі -Жахаева Айда, Павлодардың 70 жылдығына араналған конференция  қатысушысы –Адамбаева Дана, Бұхар жырау оқуларының қатысушысы-Жакупбаева Гүлназ, Әнші балапан сайысының қатысушысы-Исламова Диана, мың бұралған биші –Ибраева Меруерт, компьютер шебері-Искаков Мәнсур, әскери сайыстар қатысушысы-Қошқарбаев Сұлтан, спорт шебері –Мұқанова Айнагүл, домбырашы-Сейдахметов Суният, спорт шебері-Секер Имантай, қазақ тілінің шебері-Сағындық Әйгерім, орыс тілі шебері-Сыздыков Азамат, ағылшын тілі шебері-Теміржанова Малика.
Мият:        -Қарсы алыңыздар, 11 б сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Исханова Бибігүл Сағынтайқызы. Сыныпта 13 оқушы. Олар: орыс тілі пәнінен олимпиада жүлдегері-Нұрғалиева Қарлығаш, Сәтпаев оқуларының жеңімпазы-Кенжегожина Самал,  сынып оқымыстысы-Қуанышбеков Айдар, ашық мінезді-Ақшалова Жанар, сүйкімді оқушы –Бекқожинова Айгерім, мектебіміз еркесі-Дюсекин Данатбек, сынып бишісі-Құдайбергенов Ерболсын, сабырлы –Мағзумов Асхат, сымбатты –Маханова Зарина, ақжарқын-Мұқанғалиева Айгерім, келбетті –Оспанова Сара, салмақты-Рамазанов Асылхан, спортсмен-Тулепов Жұмабай.
Шұғыла: -Салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Мият:   -Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа 
Жарасады жігер берер әнұран.
1). Әнұран орындалады
Шұғыла:-Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып кетсек:
1.---------------------------------------------------------------------------------------------------
2.---------------------------------------------------------------------------------------------------
3---------------------------------------------------------------------------------------------------
4.---------------------------------------------------------------------------------------------------
Мият: --Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
Ұстаз деген аяулы , ардақты адам.
    Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол –болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген мектебіміз директоры Баян Ғайсанқызы Суханкуловаға береміз.(Гүл шоғын тапсырады)
 
Шұғыла: -Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз. 
Сөз кезегі құрметті қонағымыз----------------------------------------------------беріледі.
(Гүл шоғын бітірушілер сыйлайды)
Мият: ---Күмбірлей күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке 
Елітіп тұла бойың балбыраған.
2).Ән:                      бітіруші түлектерге арналады. Орындайтын ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Шұғыла:-- Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
Ғұлама білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Жазушыдан, ақыннан
Ел қорғаған батырдан
Мың бұралған бишіден
Ой тербетекен күйшіден
Оқыған жас кәріден
Оқушының бәрінен
Түлектерге мың сәлем!!!
Он жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Апалар мен ағалар!
Орындалды ойыңыз.
Құтты болсын тойыңыз!
Үлгілі болып сіздердей
Үлкейеміз біздер де.
Біз де ойшыл, өнерлі
Боламыз істің шебері.
Көп екен төрт,бесіңіз
Өмірде өстіп өсіңіз.
Талай сыннан өттіңіз
Кәмелетке жеттіңіз
Қыран болып ұшыңыз,
ВУЗ-ға барып түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
3. Ән: Бала тілегі орындайтынУақбай Жазира.
Мият:  ---Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған, 
Сөз кезегі  - жетекші бапкерлерде.
Ортаға екі  сыныптың сынып жетекшілері: құрметті ұстаздарымыз Төлекова Бәтіш Қайыржанқызы мен Исханова Бибігүл Сағынтайқызын қошеметпен шақырамыз.
4. Ән:  Ұстазым барлық ұстаздарға арналады. Орындайтын Бүгінгі кешке арнайы шақырылған әнші қыздарымыз, ПМУ-дың 3 курс студенттер:Айгерім мен Айнаш.
Шұғыла: ---Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің  алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Білімнің алтын кілтін 2008 жылғы Алтын белгі үміткері Досанова Динара 
2009 жылғы  Алтын белгі үміткері Құдайбергенова Шұғылаға тапсырады.
Динара:  - Білімге басқан жастарың,
Ғылымды іздер үңіліп,
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда күліп тұр үміт.
Білімді құйып санаңа 
Шәкірт болыңдар білікті.
Орнымызды нық басар деп,
Тапсырамыз Алтын кілтті
Шұғыла:    -Қанатын қағар ақ жолдан
Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.
Жарқыраңдар жұлдыздай
Қарасын жұрт таңырқап.
Аяқтап бүгін мектепті
Гүлдерге толды қолдарың.
Шаттықтан тіпті ес кетті ,
Сәт-сапар болсын жолдарың.
5.Би Адай Орындайтын мектебіміз Жас толқын үйірмесі.Қабыл алыңыздар.
Мият:  -- Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан:------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------береміз.
6.Ән: Анашым орындайтын әнші қыздарыңыз Айгерім мен Айнаш.
Шұғыла:  --Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?
Жақсы ұрпақ – еліміздің шын тірегі.
Ортаға шығып қане тілек айтсын
Әр сыныптың мен деген бір түлегі.
Ортаға мектебіміз мақтанышы ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------шақырамыз.(Осы арада ұстаздарға гүл шоқтарыни тапсырады
7. Ән Отырардағы той Орындайтын ПМу-дың 1 курс студенті, әнші қыздарыңыз  Әсем.
Мият:  --Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып.
8. Қоштасу вальсі. Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып , вальске билейді.
Шұғыла:     -Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11 сынып оқушысы
--------------------------------------------------------мен 1 сынып оқушысы
-------------------------------------------------------- тапсырылады.
Бүгінгі күн – жас түлектің жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін күн.Тек биіктеп самғай беріңдер көгершіндер.
 Мият:   --     Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
                       Орындалсын өмірде тілектерің.
                       Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
                       Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.
                       
Шұғыла:  --Бұл соңғы қоңырау үні...Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу 
   үні. Осыдан 11 жыл алдын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы...сендер де сондай тәтті едіңдер,  бір сәт балалықпен қауышыңдар...Әне , олар сендерді үлкен өмірге  аттандыруға бара жатыр ... Жүректерің не дейді? 
Дауыс (музыка әуенімен): -Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,
                                               Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.
                                               Сол бір сәттер енді қайта келер ме? 
                                               Балалығым біз өзіңді қимаймыз,
                                               Алтын ұя мектебім мен аяулы
                                               Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз. 
                                              Қош бол енді балалығым бал дәмім
                                              Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.                                                                                                                                                
Мият:   -Үлкен  өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын!
                 Жас түлектер!!!
Шұғыла:-- Қоштасады алтын ұя мектебің,
                     Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
                        Сәт сапар!-деп қол бұлғайық бәріміз,
                              Тілейік біз армандарға жеткенін.
9. Ән: Ақ тілек Орындайтын мектебіміз хореографы Медетов Мият Оразбекұлы.
Шұғыла:- Үлкен өмірге қадам тастаған түлектердің орнына келесі оқу                                                                               жылындағы 11 сынып оқушыларын шақырамыз.
 
Мият:-- Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.


Скачать


zharar.kz