Жиынтық бағалаудың құрылымы

Скачать



Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Cауат ашу

1-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына Сауат ашу пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-сынып) Сауат ашу пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

2
Мазмұны

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... . 4

Саяхат ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... 7

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР... 16

Тағам және сусын ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16

Дені саудың – жаны сау ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... .. 18

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20

3
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Саяхат ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
Тыңдалым және айтылым

1.1.1.1* Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

Білім алушы
• Тыңдалған мәтінге қатысты тілдік бірліктерді (сөз, сөйлем) анықтайды
• Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды

Білу және түсіну Қолдану

20 минут

Тапсырма

Тыңдалым және айтылым

1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

Оқушылар Алматыға саяхатқа барды. Алматының көшелері кең. Әдемі гүлдерге толы. Зәулім, биік үйлер көп. Қалада көптеген оқу орындары, театрлар мен цирк бар. Балалар циркке барды. Циркте үйретілген хайуанаттар көп. Балалар жануарлардың ойындарын көрді. Сайқымазақтың өнерін тамашалады. Саяхат көңілді өтті.

1) Мәтінде кездесетін сөздерді белгіле ( ).

саяхат аю қала ағаш

2) Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін көрсет (1-4).

Балалар циркке барды. Саяхат көңілді болды.
Балалар сайқымазақтың өнерін тамашалады. Циркте үйретілген хайуанаттар көп.

4
3) Сұрақтарға сүйеніп мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

• Балалар қайда барды?
• Балалар саяхатты қалай өткізді?

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Тыңдалған мәтінге қатысты тілдік бірліктерді (сөз) анықтайды
1
мәтінге қатысты бірінші сөзді белгілейді;
1

мәтінге қатысты екінші сөзді белгілейді;
1

мәтіндегі оқиғаның ретін анықтайды;
1
Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды

мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
1

оқиғаның жүйесін сақтап баяндайды;
1

сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

1
Барлығы
6

5

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
Оқылым Жазылым

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.2.1.1 Сөзсөйлем сызбасын оқу және құрастыру
1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдермәтін құрастыру және жазу

Білім алушы
• Буындап немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды • Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды
• Сызба бойынша қарапайым сөйлемдер құрастырып жазады

Білу және түсіну Қолдану

20 минут

Тапсырма Оқылым

1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Қасқыр аңдарға:
- Қатар тұрыңдар!-деді. Аңдар қатар тұрды.
- Ал жүгіріңдер!-деді.
Аңдар жарыса жөнелді. Қорбаңдаған аю араның ұясын бұзып кетті. Аралар аюды талай бастады. Арадан қашқан аю тез жүгірді.
Ол мәреге бірінші болып келді.

1) Мәтін не туралы? ___________________________

2) Мәтіннен сызбаға сәйкес сөйлемді тауып, қоршап сыз.

7
Жазылым

2. Берілген сызба бойынша 1 сөйлем құрастырып жаз.

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Буындап немесе тұтас
1
сөздерді буындап немесе тұтас оқиды;
1
сөздермен түсініп оқиды

мәтіннің тақырыбын анықтайды (жарыс туралы);
1
Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды

мәтіннен сызбаға сәйкес сөйлемді табады;
1
Қарапайым
2
сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазады;
1
сөйлемдер

сөйлемнің құрылымын сақтайды;
1
құрастырып жазады

сөйлемдегі сөздерді сауатты жазады.
1
Барлығы
6

8

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта Сауат ашу пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Сауат ашу оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (1- сынып).

3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы - 40 минут Оқылым - 20 минут Жазылым - 20 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны – 12

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауаптарды қажет ететін сұрақтарды қамтитын 3 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден немесе сұрақтардан тұруы мүмкін. Алғашқы тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші тапсырма – оқылым,
үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

10

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

Сауат ашу пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым

1. Ертегіні мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.

Түлкі мен тырна (Ертегі)

Ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырып: – Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пісіріп қоямын, – дейді.
Тырна түлкіге қонаққа келеді. Түлкі оның алдына табаққа салынған ботқаны қойыпты да: – Кел, қымбаттым, қысылма. Тамақ же, – депті.
Тырна ұзын тұмсығымен жалпақ ыдыстағы ботқаны жей алмапты.
Келесі күні тырна енді түлкіні қонаққа шақырыпты. Ол түлкіге арнап салқын көже дайындайды. Көжені мойны тар құмыраға құйып береді. Түлкі қанша әуреленсе де, құмырадағы тамақты жей алмайды. Түлкінің басы құмыраға сыймады. Ал тырна ұзын тұмсығымен өз тамағын өзі жей беріпті. Түлкі тамақ жей алмай, үйіне аш қайтады.
Осылайша түлкі мен тырна достықтарынан ажырапты.

1) Ертегінің кейіпкерлерін жаз: _____________________________________________

[1] 2) Ертегіге сүйеніп, суреттерді ретімен нөмірле.

[1]

12
3) Сұрақтардың көмегімен ертегінің мазмұнын айт. - Ертегі неден басталды?
- Ары қарай не болды? -Ертегі қалай аяқталды?
[3]

Балл қою кестесі

Оқылым

2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Автобусқа алты-жеті жасар бала мінді. Билет алып, бір бос орынға отырды. Бірнеше аялдамадан кейін автобусқа қарт әже мінді. Бала әжеге өз орнын ұсынды.Әже оған алғыс айтты. 1) Мәтін не туралы?
А) автобус туралы В) әже туралы
С) әдептілік туралы D) бала туралы
[1]

13

2) Мәтіннің мазмұнына сәйкес белгіле: Иә

Әже Бала

1) Ол алты-жеті жаста.

2) Ол алғыс айтты.

3) Ол орын берді.
[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
2
С
1

2) Ол алғыс айтты.
1
Бірінші кейіпкерге қатысты сөйлемді анықтайды.

1) Ол алты-жеті жаста.
1
Екінші кейіпкерге қатысты сөйлемдерді анықтайды.

3) Ол орын берді.
1

Барлығы
4

Жазылым

3. Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, көшіріп жаз.

Менің ... (домбыра, домбырам) бар. Мен домбыра ... (тартамын, тартасың). Оның ... (шаңғы, шаңғысы) бар. Ол шаңғы ... (тебеді, тебемін).
[4]

Балл қою кестесі

Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
3
Менің домбырам бар.
1

Мен домбыра тартамын.
1

Оның шаңғысы бар.
1

Ол шаңғы тебеді.
1

Барлығы
4

14
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

15
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Тағам және сусын ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің Тыңдалым және айтылым түрлері

Оқу мақсаты 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
Білім алушы
• Сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастырып айтады.

Қолдану

15 минут

Тапсырма

Тыңдалым және айтылым
1.Суреттердің ретін тауып, нөмірле. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Досыңа айтып бер.

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастырып айтады
1
сюжетті суреттердің ретін анықтайды;
1

бейнеленген оқиғаға сәйкес әңгіме құрастырады;
1

оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды;
1

сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
1

сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

1
Барлығы
5

16

Дені саудың – жаны сау ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
Оқылым Жазылым

1.2.5.1* Мәтін иллюстрация бойынша (мұғалімнің көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру
1.3.9.3* Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген аттары) анықтау
Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады және жауап береді
• Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды
Білу және түсіну Қолдану

20 минут

Тапсырма

Оқылым
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Балалар футбол ойнауға жиналды. Бәрі де жақсы шыныққан, мықты балалар. Олар екі топқа бөлінді. Асқар қақпашы болды. Болат допты қақпаға қарай тепті. Асқар оны жылдам қағып алды.
Футбол ойыны қыза түсті.

1) Ойынға қандай балалар қатысты? Жаз. ___________________________________ 2) Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз. ___________________________________

2. Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жаз.

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады және жауап береді
1
мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап жазады;
1

мəтін бойынша бір сұрақ құрастырады;

1
Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды

2
мәтіннен бас әріппен жазылатын бірінші сөзді тауып жазады (Асқар);
1

мәтіннен бас әріппен жазылатын екінші сөзді тауып жазады (Болат).
1
Барлығы
4
18

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта Сауат ашу пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Сауат ашу оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (1-сынып).

3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы - 40 минут Оқылым - 20 минут
Жазылым -20 минут
Тыңдалым және айтылым бөлек тексеріледі Балл саны – 12

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылжғаунап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден немесе сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші және үшінші тапсырма оқылым, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

20

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

Сауат ашу пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым

1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

Көгөністер өзінің адамға пайдасы туралы дауласты. Дауды қияр бастады.
- Адамға мен пайдалымын. Мен тез өсемін. Бәріңнен бұрын пісемін. Адам мені көп пайдаланады, - деп мақтанды ол.
- Менің пайдам көбірек. Менің ақ түсімнен қант жасайды. Қызыл түсім нәр береді - деп сөзге қызылша араласты.
- Ал менің шырыным өте пайдалы. Ол адамдарға күш береді, – деді сәбіз. Дауға басга көгөністер де қосылды. Олар бір-бірін жеңе алмай, ұзақ дауласты.

1) Дауды қай көгөніс бастады? Белгіле ( ).

[1]

2) Сұрақтарға жауап бер.

• Көгөністер не туралы дауласты?

• Сен қай көгөніс пайдалы деп ойлайсың? Неліктен?

[3]

Балл қою кестесі

22

дәрумендер бар Барлық көгөністің пайдасы бар. Олар денсаулықты нығайтады.

қабылданады. Сұраққа қатысты
дәлелді пікір айтады - 1 балл.
Сөйлемнің құрылымын сақтайды - 1 балл.

Барлығы

4

Оқылым

2. Берілген үзіндіні оқы. Мәтіннің бөліктерімен сәйкестендіріп сыз.

Мұғалім бұлақ суының шипалы екенін айтты.
басы Олар бұлақтан су ішті. Судың дәмі

ерекше екен. Балалар судың дәміне таң
қалды.

ортасы

Балалар тауға саяхатқа шықты. Тау соңы етегіндегі мөлдір бұлақтың басына келді.

[3]

3. Сұрақтарға жауап жаз.

Бұлақтың суы қандай? ___________________________

[1] Мәтінді қалай атауға болады? ___________________________
[1]

Балл қою кестесі

23

3

Дәмдішипалыдәмі ерекшемөлдір

1

Кез келген дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.

Шипалы суБұлақ басындаСаяхатта

1

Мәтіннің мазмұнына сәйкес басқа да тақырыптар қабылданады.

Барлығы

5

Жазылым

4. Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдер құрастырып жаз.

1) Мараттың, деген, , бар, Ақтөс

2) Ақтөс, сүйкімді, өте

3) Марат, көреді, , жақсы
[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

4

Мараттың Ақтөс деген күшігі иті бар.

1

Ақтөс – өте сүйкімді күшік ит.

1

Марат күшігін итін жақсы көреді.

1

Барлығы

3

24

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

25


Скачать


zharar.kz