«Мәдениет» ұғымы

Скачать

Мәдениет( латын – cultura- өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс- әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанының бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымды мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет-адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат».
Мәдениет-жеке адамның өмір сүру мақсатымен құндылық жүйесі адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол-өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады.
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады.
Мәдениет -әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
Адам, оның қызметі мен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар.
Мәдениет материалдық және рухани: бірі- материалдық өндірістің, екішісі- рухани өндірістің өнімі деп құралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері-еңбек құралдары және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Материалдық мәдениетті де мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ол рухани иәдениеттің өнімі материалдық формада болады, соның нәтижесінде ол объективке айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ тұтас бірлікте алып қарауға да болады.
Өміршең мәдениет қоғамдық адаммен ажыратылмайды, адам-мәдениет субъектісі. Адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыптарға, ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңірді. Мәдениет- адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрынан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіріп, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышарттарына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды.
Тілдің пайда болуы дүниетанымның қалыптасуына алып келді. Тіл болмаса не айтамыз? Дүниені тілсіз тану мүмкін емес. Тіл дегеніміз-дүниетаным. Дүниетаным- адамдармен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық номаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі ( бастапқы) сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем.Дүниетаным адамның дүнеині ақиқатпен теориалық және практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-практикалық тәсілі. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемі моделі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды өте жоғары бағалап, «Аталы сөзге арсыз ғана таласады»-деген.
Ұлт өз дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді.
Қазақтардың ең алғашқы дүниеге көзқарасы мифологиялық космоцентірлік, яғни, адам мен ғарыштың біртұтастығы идеясы болды. Оларда ғарыш пен жердің ғайыптан пайда болғаны туралы, күннің, айдың және басқа да аспан шырақтарының қайдан шыққаны туралы айтылған. Сонымен бірге фетишизм, тотемизм, анимизм элементтері, адамдардың құдайлық күштермен « қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың- шамандардың қолында болды. Ете қазақи түркілер арасында әртүрлі діни наным-сенімдер болған. Олардың ішінде ең әйгілісі- оққа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Егіншіліктің пірі- Диқан баба, желдің пірі- Жалаңаш ата, түйеге- Ойсылқара, сиырға- Зеңгі баба, ешкіге- Сексек ата қамқоршы деп санаған. Қыдыр ата алуан түрлі игілік, молшылық, байлық, бақыт әкелуші. Жоғарғы құдай Тәңір-Көк идеясы көптеген түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың ата-бабаларының да дүниеге көзқарасында пайда болған. Бұл көзқарастың негізі Көкке және Жер-Суға сыйыну болады. Құдірет деп есептелген бұл күштердің негізі Көк болды. Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай- от басы мен бала-шағаны қорғаушы күш. Тоыкөк ескерткішінде: «Көк, Ұмай, қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлағаносылар деп ойлау керек!»-деп жазылған. Тағы бір жерінде : « Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасында адам баласы пайда болған. Адам баласына менің ата-бабаларым үстемдік құрған!».
Қазақтар 8-ғасырда ислам дінін қабылдаған. Ислам Қазақстандағы христиан дінін де, буддизм дінін де зороастризм дінін де жергілікті діндерді де біртіндеп ығыстырып шығарды. Сөйтіп қазақтар политеизмнен монотеизмге өтті.
Халықтың қауымдық санасы оның жекелеген өкілдері үшін оның сыртында өмір сүре алмайтын мәдени контексті білдіреді. Өйткені, бұл адамдар бір-бірімен бірлескен әрекетке қатысады, белгілі бір тілдердің кодын шартты белгісін қолданады. Бұл мағынада «Қозы Көрпеш-Бая сұлу» жыры өзі бастау алатын ғұндар мен сақтар үшін де, солардың ұрпақтары болып саналатын қыпшақтарға, наймандарға, арғындарға сондай-ақ, қазіге дейін махаббат жайлы осы бір жыр сүйіп оқитын қазақтар үшін те тең дәрежеде ұғымды, түсінікті.
Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі-тәңірінің жасампаздық құдіретіне деген халықтық сенім. «Орхон-Енесей», «Қорқыт ата кітабі» Оғызнама жазба ескерткіштерінде тотемдік, анимистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады.
Мәдениет- халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. Біз- дүниені жай ғана пайымдаушы ғана емес, оны өз қажеттіктерімізге байланысты өзгертуші тұлғамыз.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет- адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам-«хайуани мадани», яғни мәдениетті жан.
Адам және мәдениет мәселесін тереңтете түсетіе тағы бір мәселе- адамның көпмағыналығына, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американдық ғалым К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш деңгейге: физикалық, ментальдық және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген сауал туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қардүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениет өзінің ішкі мағынасында ментальды екеніне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние- бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі.
Сонымен, зерттеудің нәтижелерін екі түбегейлі мәселелер төңірегінде түйіндеуге болады: көшпелілік өркеиетке арқа сүйеген қазақ философиясының уақыт пен кеңістік арасындағы бітімдерін топшылау және мәдениеттің типтік ерешеліктерін анықтау. Әрбір халықтың өзіндік Отаны бар, әрбір адам өз табиғатының аясында, өзінің ата-бабаларының тәжірибесіне сүйене отырып өмір сүреді. Бірде-бір мәдениет кеңістікке бекер келмеген. Мәдени кеңістік әмбебап сипатта болады, өйткені ол уақыт және тарихпен қамтылып тұр. Бұл- мәдениет болмысын айқындауға апаратын жол.


Скачать


zharar.kz