Көзқамандар туралы аңыз

Скачать

Қырғыз халқының жаһанға мәлім жыры – «Манаста» туысқан елдің сан ғасырлар бойында бастан кешірген оқиғаларының сарыны, болып өткен істерге бағасы, дүние-жаратылыс туралы ұғымы, мәңгі өшпейтін азаттық аңсары, алдан күткен үміт-арманы мейлінше мол бейнеленгені белгілі.«Манас» эпорсының танытқыштық,тәрбиелік,эстетикалықмәні тарихтың өзіндей терең,қайта оқыған сайын оның жаңа қырлары мен сырлары ашыла береді.Мұнда халық шежіресінің хронологиясы берілмегенімен,көп мәселенің философиялық түйіні, сан алуан құбылыстардың ұлы қорытындысы эпикалық аңыздау,әсірелеу түрінде көркем жыйнақталған.Кейде ондай аңыздар өмір,қоғам шындығының күтпеген, тосын құпияларына қанықтырады.Олардың жаңғырығы жасаған дәуірімен бірге кетпей,кейбір өзгерістерімен қайталанып отыратыны қайран қалдырады.Осы тұрғыдан біз Манастың дәстүрлі кесек оқиғалрынының ішінен бір ғана сарын туралы сөз қозғамақпыз.Ол-эпостың Көзқамандар деп аталатын шағын көлемді,бірақ астарлы мәні бар,ерекше көңіл бөлуді керек ететін тарауы.Эпосты үстірт шолып оқығанда көп оқиғаның бірі болып қабылданатын көзқамандар хикаясында көрсетілген істер мен мінездердің бүгінгі қырғыз бен қазақ қауымына да тікелей қатысы бардай көрінеді.Ол-халық арасынан жік шығарып,үй ішінен үй тіккен,шет дұшпандардың қолшоқпарына айналып,өз еліне жаудан бетер тиген опасыздықтың әшкерленуі.
Мәселенің төркіні түсінікті болу үшін Манастың Көзқамандар деп аталатын тарауының мазмұнына оралайық..Бір қырғын соғыста Манастың әкесі Жақыптың ағасы Үсен қалмақтар қолына түсіп,тұтқын болып кетеді.Үсен барған жерінде қалмақ әйеліне үйленіп,алты балалы болады.Балалаларының тілі қалмақша шығады,тұрмысы,салты-бәрі де басқа олып тәрбиеленеді.Міне, осы жағдайдың Қанғайдың билеушісі Есен хан пайдаланып,көзқамандар аталып кеткен Үсен балаларын жансыз етіп жіберіп,қырғыз мемлекетін іштей ірітпек болады. Есен хан Манасты ашық шайқаста жеңе алмайтынын білген соң,қырғызды қырғызға қарсы қойып,арам тәсіл қолданады.Есен хан өзінің ішінемұз қатқан өштігін былайша білдіреді.
Манастың үнін өшірмей,
Тұман кетпес жерімнен,
Ойран кетпес елімнен.
Ашуымды өрт етем,
Айнымасқа серт етем,
Қандыбалақ манасты,
Ұстап алып келгенге,
Алтын тәжді кигізем,
Алтын таққа мінгізем,
Қалмақ пенен манғолдың,
Билігінен де жүргізем...(Манас,1967,250-бет)
Эпос қандай елге де келетін пәленің бір ұштығы жат жұрттардан шығатынын баяндайды.Жау мұндай қанқұйлы қастандығын іске асыруға аты қырғыз,заты қалмақ болып кеткендерджі жұмсайды.Мінезі,пиғылы мүлде бөлектеніп кеткен көзқамандар туысқандық парызы, елдің киесі,обал-сауап дегенді білмейді,көздейтіні тек байлық пен мансап болып,қырғыздардың хас жауының қол-шоқпарына айналады.Олар туралы жырда:
Манастыңкөзін жоюға,
Қанына қанып тоюға,
Басын кесіп жеткізіп,
Есен ханның алдына,
Сыбаға қып қоюға,
Ант-су ішіп, у жалап,
Төрт шошқаны сойыпты,-делінеді.
Бордай тоздық бұл күнде,
Малдан біткен түлікті,
Шашып, қаңғып келеміз.
Құс ұшпаған шөлменен,
Ит баспаған белменен,
Қашып,қаңғып келеміз,
Қабырғамыз қайысты,
Балтырымыз майысты,
Батыр, сені қашан көреміз?-деп шынымен қырғыз елін сағынғандай сыңай білдіреді.
Халқының қамқоры,қолбасшысы әрі көсемі Манастың алыстан қайта оралған ағайындарын құрметпен қарсы алып,еліме ел қосылды деп қуанады,көзқамандардан ешбір жақсылықты аяп қалмайды.
Атсыз келген қалмаққа,
Арқар аяқ,жез тұяқ,
Ат тұлпарын мінгізді.
Тонсыз келген манғұлға,
Жағасы алтын,жеңі жез;
Қос бадана,торғай көз,
Оқ өтпес тонды кигізді.
Қатынсыз келген қалмаққа,
Қырмызы көйлек,қыпша бел,
Қыз сұлуын сүйгізді.
Малсыз келген қақсалға,
Адырда жылқы алабас,
Арғымақ,будан аралас,
Әр түрлі мал берді...
Бірақ пиғылы бұзылған,имансыз,дүниеқоныз көзқамандар бұныфң бәрін місе тұтпайды:Олардың ойлаған баққаны Манасты у беріп өлтіру,тағын тартып алу;мал-мулкін бөлісіп алу болады.Көзқамандар өздерінің ата-тегі қырғыз болса, қырғызға тән қасиеттің бәрін мансұқтағысы келеді.Қырғыздар неге қалмақша сөйлемейді,Манастың әйелі Қаныкей қонақтарды неліктен қалмақ салтымен күтпейді,қырғыздар борсық,тарбаған,аю етін жемейтіні несі-деп күңкілдеседі.Көзқамандар дүлей қараулығын,мүлде жат мінезді жандар екенін сезіп,бұлардан сақ болайық дегендерге аңқау,мейірімді Манас сенбейді.Ақырында олар Манасты қонаққа шақырып,қымызға у қосып береді.Манас көп азап шегіп, әрең дегенде удың зардабынан айығады.Құзғын мінезді сатқындар тұтас бір елді ойранға ұшырата жаздайды.Қастандық әрекеті іске аспай,өздерінің ел алдында масқара болып қалғанын сезген көзқамандар өзара ерегісіп,пышақтасып өліп бітеді.
Манас жырындағы бір тараудың қысқаша мазмұн желісі осындай.Бізге бұл жат оқиғаның аса үлкен салдарлы мәні де бар секілденеді.Өз елінің, бауырластарының мейрімсіз дұшпанына айналған,ақырында халық қарғысына ұшыраған көзқаман тектестер әр заманда бой көрсетіп тұратын құбылыс тәрізді елестейді.Нақтылы талдап қарасақ,көзқаманшылдықтың жаны сірі,өзіне қолайлы жағдай туса,әр кезеңде қайтадан тажал екенін аңғарамыз.Оның өзіне хас тұрақты белгілерін де тап басып тануға болады.
Көзқамандар,ең алдымен,өз халқының тілін білмейтін,сондықтан оны жат санайтын,іңгәлап дүниеге келгеннен ер жеткенге дейін басқа түсінік,пиғылда тәрбиеленген жандардан шығады.Оларға өз елінің асыл қасиеттерінің бір де бірі дарымаған,өзін асыраған,адам қатарына қосқан халқының тағдырына дұшпанның көзімен қарап дағдыланған.Тіпті жаратылысынан ақыл-есі бүтін болып туғанмен,мұндайлар өз елінің перзенті болып жарытпайды.Ана тілін білмегендіктен,халқының көңіліндегі мұңды,көкейкесті арманды көзқамандар сезбейді.Халық даналығы жаратқан небір әсем ән,құдіретті күй,аталар сөзі,ғибрат,нақыл бұларға әсер етпейді.Эпостағы көзқамандар жырақ жерлерде өскендер болса,қазіргі замандығы олардың ізбасарлары өз елінде жүріп-ақ жатбауыр болып қалыптасқандар.
Туған елінің тарихын білмеу,білгісі де келмеу-көзқаманшылдыққа тән нәрсе.Олар дүниедегі жақсылықтың бәрі басқа елдерде жасалған,өз жұртында мақтаныш тұтарлық,үлгі аларлық ешнәрсе жоқ деп есептейді,ел намысын жыртқан,азаттық үшін жанын пида еткендері керітартпалар,ел мүддесін аяққа басып, қарақан басының қамы үшін күштілерге бас игендеоді болашағын болжаған көрегендер санайды.Бұларға тәуелсіздік деген қасиетті сөздің киелі мағынасы түсініксіз,қарны тоқ болса,барлық мұраты орындалғандай көреді,азаттық,теңдік деген сөздерді көңіл үшін айта салатын нәрсе деп біледі.
Мәңгүрттік пен көзқамандық бір-біріне айырмасы үлкен екі түрлі құбылыс.Жау жолында тұтқын болып,қорлық-зролық атаулының бәрін көріп,миына жазылмастай зақым келген,қай елден шыққанын,кімнен туғанын білмейтін,тек кеудесінде жаны бар,ішіп-жеуге,қарадүрсін жұмыстарды атқаруға ғана қабілетті мәңгүрттер хәлі аянышты.Олар алыс пен жақынды,пайда мен зиянды ажырата алмайтын,өз анасын дұшпан санап атып жіберетіндер.Сондықтанда ел мұндайларды жадында ешнәрсені сақтай алмайтын миғұла,мәңгүрт деп атаған.Ал көзқамандар ақыл-есі ауысқандар емес.Бұлар ектеп,университет бітірген,жоғары лауазымды қызмет атқарғандар болуы да әбден мүмкін.Кейбіреулері талай елдердің тарихы мен философиясын жатқа айтып,жаңғақша шағып беретіндер,әділдік адам құқы,өркениет,достық,ынтымақ,бейбітшілік секілді сөздерді судай сапыратындар.Сырттай қарағанда, мінсіз шешен, сәуегейден бетер білгір,әлем тағдырын өз алақандағыдай кесіп-пішіп,сынап-мінеп отыратындар тәрізденеді.Бірақ бұлардың жазылмайтын немесе ұзақ емдеуді керек ететін ауруы-туған халқының дәстүрін танып-білуге салғырттығы,сөз жүзінде отаншыл болып көрініп,былай шыға бере елдің хас жауларымен тіл тауып,халықтың түпкілікті мүддесін сатып жіберетіндігі,тәуелсіздігімізді тәрк етуді көздеп отырғандармен ауыз жаласып,соларға арқа тіреп,намысымызды таптап кететіндігі.Мәңгүрттер есінен айрылған міскіндер болса,көзқамандар елдігімізге саналы түрде қарсы шығатын қаскүнемдер.
Эпостағы көзқамандар мен олардың қазіргі дәуірдегі сарқыншақтарын ортақтастыратын тағы бір нәрсе-бұлардың сырты бүтін,іші түтін болып,өздерінің мінез-құлқына,дүниетанымына жақын басқа бір патшалықтың сойылын соғатындығы.Эпостағы көзқамандар;
Қылыштары жарқылдап,
Садақтары сартылдап,
Мас болған Манас пақырға,
Құтырынып,қабынып,
Қоршап ұстап алсақ деп,
Құрбандыққа шалсақ деп,
Басын кесіп,байланып,
Есен ханның алдына,
Сүйіншілеп барсақ деп,
Алтын тәжді кисек деп...-жанын салатын еді.Тағы бір атап көрсетерлігі,көзқамандао қастандық етпек болған адамын өтірік алдарқатып,арақ ішкізіп,ақыл –естен айыратын.Манасты да пәлеге ұрындыратын у қосылған арақ болатын.Заманнан заман ауысса да,бүтін елдің ішіне алалықты әдейі тудыратын сырт күштер де,халықты адамшылдық бейнесінен айырып,аздырып тоздыратын арақ-шараптың кесапаты да қазіргі дәуірде қаз-қалпында тұрғанын көреміз.Ең қауіпті сол-осы күнгі көзқамандар жұртшылық көзіне елдің ең терең мұраттарын шырқырап іздегендей сынай байқата біледі,ал шынтуайттап келгенде басына зәредей қиындық түссе,лезде жалт бұрылып кетеді.Сөз бен істің бір-бірінен алшақ кеткендігі соншалық-жамағатшылық небір әдемі сөздердің өтірігі мен расы қаншалық екенін біле алмай,дал болады,ақырында мұндай жаппай жалғандыққа еті өліп,қоғамда болып жатқан апат опатқа селт етпейтін болып меңіреуленеді.


Скачать


zharar.kz