Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру туралы мәлімет

Скачать

Зейнетақымен қамсыздандыру
1) 2008 жылдан бастап зейнетақыны есептеуге алынатын ең жоғарғы табысты шектеудегі планканы 15 АЕК-тен (16380 теңге) 25-АЕК (29200 теңге) дейін көтерілетін болады.
Бұл ретте, зейнетақылық іс қағаздарында жоғары табыстары туралы мәлімет бар жарты миллионға жуық зейнеткерлердің зейнетақылары арттырылатын болады. Бұрын қолданыстағы шектеуге байланысты олардың айлық табыстары толық есепке алынбаған болатын.
2) Базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % -на дейін арттыру (3000 теңгеден 4210 теңгеге)
1 млн. 675 мыңнан астам адам базалық зейнетақы төлемін алушылар болып табылады. Базалық зейнетақыны арттырылған мөлшерде төлеу үшін қосымша 19,1 млрд. теңге бөлінді.
3) Зейнетақы мөлшерін болжамды инфляция деңгейінен 2 пайызға ілгерілеп арттыру.
Бұл зейнетақы төлемдерінің мөлшерелері 25 АЕК арттыруға жатпайтын бір миллоннан астам зейнекерлерге әсер етеді.
2008 жылдан бастап айлық табысты 25 АЕК шектеу, зейнетақыны 9 %-ға және базалық зейнетақыны арттыруда төмендегілер күтіледі:
- елімізде зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемімен қоса есептегенде 17 мың теңгеден асады немесе 29 %-ға арттырылады.
Мысалы: 13660 теңге (еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері) + 4210 теңге (базалық зейнетақы) = 17870 теңге.
- егер жасына байланысты зейнеткер жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары болса (жыл сайын 79 мыңға жуық адам), оның орташа зейнетақысы 21 мыңнан астам болады.
Мысалы: 13660 теңге (еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері) + 4210 теңге + 4000 теңге (ЖЗҚ төлемі) = 21870 теңге.
- егер жасына байланысты зейнеткер (500 мыңнан астам адам) жеңілдіктер орнына төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарында болса, оның орташа әлеуметтік төлемінің мөлшері 20000 теңгеге жуық болады.
Мысалы: 13660 теңге (еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері) + 4210 (базалық зейнетақы) + 3000 (жеңілдіктер орнына берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы) = 20870 теңге.
- егер, жасына байланысты зейнеткер Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болып табылса, оның әлеуметтік төлемінің мөлшері 35000 теңгеден жоғары болады.
Мысалы: 13660 (еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері) + 4210 (теңге базалық зейнетақы) + 17520 теңге (жеңілдіктер орнынан берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы) = 35390 теңге.
- зейнетақылары еліміздегі орташа зейнетақы мөлшерінен асатын (855 мыңнан астам адам) зейнетақы алушылар санының өсуі;
- зейнетақы (ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақы қорынан) ауыстыру мөлшерлемесін орташа жалақыдан 40 % төмен емес деңгейде белгілеу, бұл Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған табысты ауыстыру мөлшерлемесіне сәйкес.
- ең төменгі зейнетақы төлемінің мөлшерін базалық зейнетақы төлемі есебімен 18 % жоғары арттыру (100 мыңға жуық адам).
Мысалы: 7900 теңге (ең төменгі зейнетақы) + 4210 теңге (базалық зейнетақы) = 12110 теңге.

Әлеуметтік қамсыздандыруда
1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зиянды және ауыр өндірістерде еңбек стажы бар азаматтарға әлеуметтік қорғау мақсатында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап № 2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 9344 тенге енгізіледі.
Аталған жәрдемақыны төмендегі азаматтар алатын болады.
• еркектер - 58 жасқа тоғанда 1998 жылдың 1 қаңтарына кемінде 25 жыл жалпы еңбек стажы, оның ішінде 12,6 айы № 2 Тізім бойынша;
• әйелдер - 53 жасқа толғанда 1998 жылдың 1 қаңтарына кемінде 20 жыл жалпы еңбек стажы, оның ішінде 10 жылы № 2 Тізім бойынша.
Бұл ретте, ҚР Үкіметі аталған жәрдемақыны алуға құқық беретін өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Тізімін бекітеді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес жәрдемақы алушылар зейнеткерлік жасқа толғанда қалауы бойынша жәрдемақы алуға немесе зейнетақы төлемдерін тағайындауларына болады.
28 мыңдай азамат жәрдемақы алу құқығына ие болады.

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
2006 жылдан бастап мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ең төменгі күнкөріс деңгейінен (ЕТКД) есептеледі.
Келесі жылдан бастап ЕТКД өсуіне байланысты мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері еліміз бойынша орта есеппен 14 % арттырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар төленеді.
- егер мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушы зейнеткерлік жасқа жетсе, оның жалпы әлеуметтік төлемінің мөлшері 16000 теңгеден жоғары болады.
Мысалы: 10674 теңге (еліміздегі жәрдемақының орташа мөлшері) + 4210 теңге (базалық зейнетақы төлемі) + 1168 теңге (жеңілдіктер орнына берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы) = 16052 теңге.
- егер мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылса (12 мыңнан астам адам), оның әлеуметтік төлемінің жалпы мөлшері 15000 теңгеден жоғары болады.
Мысалы: 10674 теңге (еліміздегі жәрдемақының орташа мөлшері) + 1168 теңге (жеңілдіктер орнына берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы) + 4000 теңге (әлеуметтік сақтандыру қоры төлемінің орташа мөлшері) = 15482 теңге.

Әлеуметтік қамсыздандыру
Күнкөрістері төмен азаматтарға әлеуметтік қолдау мақсатында Заңда қаралғандар: тұрғын және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейін балаларға тағайындалатын және төленетін (жергілікті бюджеттен).
Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде мүгедектерді:
- кресло-арбалармен;
- санаторлық-курорттық емдеумен;
- протездік-ортопедиялық;
- сурдо-тифлотехникалық құралдарымен;
- міндетті гигиеналық құралдарымен (несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, памперстер) қамтамасыз етеді.
- мүгедектерге жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерін көрсетеді.
Өзiнiң негiзгi өмiрлiк сұраныстарын өз бетiмен қанағаттандыру мүмкiндiгiн, жүрiп-түру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге үйден және аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынан әлеуметтiк қызмет көрсетіледі.
Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтiмiне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерге, денсаулық жағдайына сәйкес бейiмделген әлеуметтік-медициналық мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
Мүгедектер үшiн орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде 0,5 % мөлшерде қабылдау квотасы және жеңілдетілген шәкіртақы көзделеді.
Сонымен қатар мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жұмыс орындарының жалпы санының 3 %-ы мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлейді; жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын; арнаулы, сондай-ақ әлеуметтiк жұмыс орындарын құрады.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарды әлеуметті қорғау мақсатында облыстарда нан және негізгі тағам түрлерінің қымбаттауына байланысты қосымша көмек берү үшін келесі шаралар қолданды:
- әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықтың бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетү үшін қосымша қаражат бөлінді;
- аз қамтылған отбасыларына бағасының өсүін есепке алмай төмен бағадағы ұнмен қамтамасыз ету туралы міндеттеме алынды.
Негізгі тағам түрлерінің қымбаттауы алдымен көп балалы және аз қамтылған отбасыларына, зейнеткерлерге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға ауыр тиетінін ескере отырып, қосымша әлеуметтік қолдау мақсатымен мемлекеттің қолға алған шаралары осы адамдарға арналады.
Республика бойынша әлеуметтік сала бойынша бюджеттің жобасында 2008 жылға 537 млрд.тенгеден астам қаражат бекітілді алдынғы жылғы қарағанда 17 % өскен. Ең төменгі кункөріс денгейінің өсүіне байланысты устіде көрсетілген қаражат қосымша 8,7 млрд.тенгеге өседі, оның ішінде:
атаулы әлеуметтік комек - 1,1 млрд.тенге
18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы – 1,7 млрд.тенге.
Бұдан басқа коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты жергілікті бюджеттерге тұрғын үй көмегін көрсетү үшін республикалық бюджеттен қосымша 3,5 млрд.тенге бөлініүі қаралған, бұл, қөмекті алушыларының контингентін 36 % және көмектің мөлшерін 2,2 есе қобейтүге мүмкімдік береді.


Скачать


zharar.kz