Оқушыларды тәрбиелеудегі отбасы мен мектеп тәрбиесі

Скачать

Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғам өркениетілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыпттасады.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десен, бесігінді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгінің ұстары, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отырады. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында кеиелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік - отбасы болса, екіншісі, алтын ұя - мектеп. Бұл екі ортаныңда мақсат мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл кеиелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата- анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.
Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көргендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетесы ата-ана арқылы отбасында қаланады.
Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ананың әрбір іс -әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала- ата –ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін – бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата- ана мен балалар арасындағы мейрімді, қарым- қатынастың қатынасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады. Баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа, адалдыққа жинақылыққа баулп өсіріу шарт. Осы тамаша қасиеттердің бәрін ата - ана бойынан тауып, соған еліктеп өссе және әрбір ата - ана баласының жүрегіне жол тауып, оның өміріндегі шынайы досына айналса, тер төккен еңбегінің жанғаны. Ал мектеп баланы болашаққа дайындап, келешек өмірін қай бағытпен жүрсе дұрыс екенін, өзідерінің керекті, бейім мамандық таңдауға жол, бағыт беретін ұя. Отбасынан кейінгі, үйміз мектеп осы мектепте, отбасының тәрбие бағыт беріп келген жерінен бастап, сол тәлім –тәрбиені, бағыт беруші. Мектеп пен отбасы арасында саналы да тәрбиелі бала тәрбиелеу үшін өте тығыз байланыста болуы керек. Бірлік арқылы біз көздеген мақсатымызға жетеміз. Және де адамға тән жақсы қасиеттердің бәрі бойына алған саналы ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз.
Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында барлық кезде жүре береді. Сондықтан «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» екенін ескеріп, жас ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеу – ең негізгі міндетіміз. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ
Бүгінгі отбасыларындағы ата-аналардың бала тәрбиесін заман талабына ұйымдастырудағы қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Қазақ зиялылыарының бірі М. Жұмабаевтың «тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емесе, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы балалар тәрбиесінде ата-аналар алдында үлкен жауапкершілікте тұрғандығын дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал тәрби қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емесе. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысндағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс. Бүгінгі отбасы тәрбиесінің барысын екі жақты қырынан байқауға болды. Біріншісі, отбасының мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отырғандығы. Мұнда ата-аналар балаларының сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін оларды ең таңдаулы мектепке оқуға береді. Оқушылардың ұлыттық тәрбие алу мен қоса әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалану қолға алынуда. Мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы нәтижесінде ата-аналар тарапынан мектептің педагогикалық қызметіне әр түрлі көмектер көрсету, атап айтқанда, демеушілік жасау, тәрбие тәжірибелерімен бөлісу, кәсіби қызмет саласын кірістіру және т.б. жүзеге асырылады.
Екіншіден, отбасының мектеппен ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлық пен қарауы орын алуда. Бұл күн көріс жағдайы мен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті, ата-аналардың жиналысқа келмеуі, мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауы, бала тәрбиесінен қатысты аз оқитындығы және т.б. арқылы айқындалады.
Атам қазақ басынан талай «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаның» кешкен, солай болсада ортасында жүрген дана тәрбиешілерінің ғұлама ұстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян. Дүние ауыспалы ал педагогикалық міндеті қоғам өзгерістері ізімен жалғаса, дамып бару. Әр дәуір ұрпақтары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгілік , бірақ олардың нақты кезеңдердегі шешімі әрқашан жаңаланып барғаны дұрыс. Ал ондай шешімдерді ата-аналар есіне салу отбасылық драмалардың астарлы, көзден таса бұлтарыстарын тереңнен түсінетін педагогтың міндеті.Бұрын жазлған дарамалар мен шығармаларды оқи отырып, өзіңіе қажетті көптеген тәрбиелік әсерлерді алуға болады. Сол кездері баларды қалай тәрбиелегені жөнінде біле отырып қазіргі жастарды дәл солай болмасада, қазіпгі заман талабына сай тәрбиелуміз керек.Қазіргі жасөспірімдеріміздің көбісі басына түскен қийыншылықта көте алмай жаман жолға түсіп кетуде. Бұрын қанадй қиналса да , жігерлекпен жеңе жүрді емсепе? Сол қиындық адам басына түскенде бағыт беретін жандар кездесіп, мына жол дұрыс емес, деп. Мына жолмен жүрдеп бір бағыт берсе, сол қиындықтан шығып кетеді. Осы біздерге бағыт-бағдар беріп отыратын бізді тәрбиелеп өсіретін, ата-аналар мен мектептегі мұғалімдер емес пе? Біз бұл салада ата-анамен мектеп бірге отырып, саналы, тәрбиелі, білімді, адамға тән жақсы қасиеттердің бәрін бойына сіңірген болашақ жастарды тәрбиелеуіміз керек. «Баланы жастан»- демекші бала тұылғаннан бастап, оны тәрбиелеуміз керек. Бұрын бір кісі бір білімді, иманды молдаға барып «мен баламды қалай тәрбиелейін және қай уақыттан бастап деп сұраса? Сонда сол молда одан сұрапты, балаң қанша да? Ол 3 айлық дегенде онда сен үш ай кешігіпсің»- деген екен. Сол үшін менің балам әлі жас үлкейгенде ақыл кіреді,сонда бәрін түсіндіремін деп жүріп, уақыттың қалай өткізіп алғанын сезбестен, көпшілік ата-аналар баларын қолдан шығырып алуда. Кейбір ата –аналар бар өздерінің балаларының тәрбиесіне, оқына, күнделікті не істеп жүргенін қадағаламай, бір күні баласының жаман жолға түсіп кеткенін білген ата-ана мектепке барып, мұғаліміне айқайлайды , сонда оның ойынша мектеп жасындағы жасөспірімдерді тек мектеп ғана тәрбиелейді - деген ата-аналар аз емесе. Негізінде бұндай ой дұрыс емес , бала мектепте ары барса 3-4 сағат ғана болады, ал қалған уақытын үйде өткізеді емес пе? Қазіргі кездегі жасөспірімдердің байқаусызда жаман жолға түсіп кетіп жатқанының бірден бір себебі осы. Мекеп пен ата-аналар арасындағы қарымқатынастың болмауы. Кейбір ата-аналар мектепте жйналыс болып жатса, бармайды «қойшы, айтатыны тек мектепке өз үлестеріңізді қосыңыздар, сұрайтындары, айтатындары тек ақша»-деп барғысыда келмейтіндер аз емес.Қазігі таңда шыныда да мектептердің көпшілігі балалардың тәрбиесі үшін емес, сол ата-аналардың қаржы жағынан көмегі үшін шақырады. Бірақ барлық мектептер осындай деп те, айта алмаймыз. «Бір құмалақ, бармайды шірітеді демекші»-кейбірлер осы мақсатта шақырады. Осыдан емеспе? Егер жиналыстарда мұғалімдер балаларының тәрбиесін, білім дәрежесінің қандай екенін, айтып ата-аналармен көп бірігіп жұмыс жасап, баланы екі жақтан қолға алып тәрбиелесе. Үйде ата –аналар баласының бүгін не істедің? Қандай сабақтар өттің, алып кел қай жеріне түсінбедің? Үй тапсырмасын бірге орындайық деп қадағалап отыратын болса.Келешектегі болашақ жастар саналыда, тәрбиелі,білімді болып өсер еді. Мұның барлығы негізінде мұғалімге келіп тіреледі. Әрбір мұғалім сынып жетекші болып, жұмыс істейді емес пе? Сол мұғалімнің ата-аналар мен қалай қарым-қатынас жасау қабілеті болу керек. Егерде сенің білім дәрежең жоғары, саналы жан болсаң. Сенің қасыңдағы кісі 90 жаста болсада, сен онымен қандай жағдайда болса да, оған түсіндіре алатын боласың. Әрбір мұғалім ата-анамен көп қарым-қатынас жасап, көп байланыста жүруі керек. Өйткені баланы тәрбиелеуге өзінің шамасы жетпейді. Халқымыз бекер айтпаған ғой « Бірлік болмай, тірлік болмас»- демекші ата –аналармен мектеп арасында тығыз байланыста болуы керек. Енді келешекте мекептерге, міне біздер мұғалім болып барамыз емес пе? Келешек ұрпақты біз тәрбиелейміз .Сол үшін біздер қазір қолымыздан келгенше сапалы білім алып, жан-жағымыздағы қандай жастағы адамдар болсын қарым-қатынас жасай білуге бейімделуіміз керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде ұлы Абайдың даналық ойларына терең үңіліп, ойымды аяқтай келе
Бес нәрседен қашық бол. Бес дұшпанын білсеңіз.
Бес нәрсеге саық бол, Талап, еңбек терең ой,
Адам болам десеңіз, Қанағат рахым, ойлап қой,
Тілеуің өмірің алдыңда, Бес асыл іс көнсеңіз.
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Мұндағы қашық болатын бес қасиет бала бойына алдыртпасақ, ал асық болатын бес нәрсені тәрбиенің түп қазығы етіп алсақ көздеген мақсатқа жетеріміз анық.. «Санаға сілкініс, тәрбиеге серпіліс»


Скачать


zharar.kz