Тақырып Бұйымды жасау

Скачать



Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы

Көркем еңбек

(ұл балаларға арналған)

7-сынып
Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып , тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2
Мазмұны

1-тоқсан 4

Бөлім Визуалды өнер 4

2-тоқсан 17

Бөлім Сәндік-қолданбалы өнер 17

3-тоқсан 25

Бөлім Дизайн және технология 25

4-тоқсан 36

Бөлім Үй мәдениеті 36

3
1-тоқсан

Бөлім Визуалды өнер

Тақырып Өнердегі заманауи техника мен ғылыми жетістіктер

Оқу мақсаты 7.1.1.1 Қоршаған орта элементтерінің визуалды
сипаттамасын (композиция, түс, пішін, фактура, пропорция)
өзінше түсіндіру

Бағалау критерийі Білім алушы

Қоршаған ортадағы заттардың түсін, фактурасын, пішінін анықтайды және сипаттайды

Табиғи пішінді интерпретациялайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Берілген жапырақтардың атауын анықтаңыз, оларды сипаттаңыз (түсін, пішінін, фактурасын анықтап жазыңыз).

_______________________ _______________________ ________________________

_______________________ _______________________ _________________________

_______________________ _______________________ _________________________

_______________________ _______________________ _________________________

Дескриптор Білім алушы

берілген жапырақтардың атауын анықтайды;

жапырақтардың түсін анықтайды;
фактурасын сипаттайды;
пішінін жазады.

4
2. Кез келген жапырақты таңдап, оны гуашь акварель бояуымен бояңыз. А4
форматты қағазға бастырып, суретін салыңыз. (пішінін, түсін, фактурасын, пропорциясын өзгертіңіз).

Mысалы:

Дескриптор Білім алушы

жапырақ суретін бейнелейді;

түстік шешімді таңдайды;
жапырақ суретіне интерпретация жасайды.

5
Тақырып Табиғаттағы микро суреттер

Оқу мақсаты 7.2.1.1 Күрделі шығармашылық идеялары мен сезімдерін
білдіру үшін, өнер құралдары мен әр түрлі техникада
таңдалған қасиеттері мен тәсілдерін визуалды элементтерді
таңдау және негізделген түрде анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармашылық идеяларын түрлі тәсілдер арқылы
жеткізеді

• Визуалды элементтерді таңдайды және анықтама
береді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Өз қиялыңыздан шыққан бактерия вирустың суретін салып, түсті қарындаш, фломастер пастель бояуларымен бояңыз.
Мысалы:

Дескриптор Білім алушы

бактериявирустың сыртқы көрінісін қағаз бетіне дәлдікпен түсіреді;
бояулармен (түсті қарындаш, фломастерпастель) бояйды.

2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз, салған бактерия вирусыңызды сипаттаңыз.

1. Осы бактерия вирусыңыздың атауы бар ма?
2. Пішіні, түсі қандай?
3. Адам денсаулығы үшін қауіпті ме?
4. Осы бактерия вирусыңыздың пайдасы бар ма?

Дескриптор Білім алушы

бактерия вирусына атау береді;
пішіні мен түсін сипаттайды;
адам ағзасына келтіретін пайдасызиянын түсіндіреді;
салған суретін сипаттайды.

6
Тақырып Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттары (поп арт,

инсталляция және т.б.)

Оқу мақсаты 7.3.2.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің
және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер)
жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талқылау
және бағалау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Бейнелеу өнерінің заманауи бағыттарын анықтайды

• Пәндік терминологияны қолданып, заманауи
бағыттарды талдайды

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі

Тапсырма

1. Бейнелеу өнерінің заманауи бағыттарын анықтаңыз?

________________________________

_________________________________

Дескриптор Білім алушы

бейнелеу өнерінің заманауи бағыттарын анықтайды;
заманауи бағыттарды ажыратады.

2. Бейнелеу өнерінің заманауи ассамбляж бағытын зерттеңіз және презентация жасаңыз

(power point, prezi).

Дескриптор Білім алушы

ассамбляж бағытының шығу тарихын айтады;

ассамбляж бағытындағы суреттерді зерттейді;

презентацияны жасайды.

7
Тақырып
Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттары (поп арт,

инсталляция) Өздігінен заманауи зерттеулер
Оқу мақсаты
7.3.3.1 Пәндік терминологияны пайдалана отырып,

басқалардың (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер)

және өз жұмыстарындағы әдіс-тәсілдері мен техникаларды

талқылау және бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы


Пәндік терминологияны қолданып, бейнелеу

өнерінің жаңа бағытын зерттеп, талқылайды


Өз идеясын жаңа техника арқылы көрсетеді
Ойлау дағдыларының
Білу және түсіну
деңгейі

Тапсырма

1. Бейнелеу өнерінің заманауи поп арт бағытын зерттеңіз және презентация жасаңыз (power point, prezi).

Дескриптор Білім алушы

поп арт бағытының шығу тарихын анықтайды;

поп арт бағытындағы суреттерді зерттейді;

презентация жасайды.

2. Әр түрлі бояу материалдарын (акварель, түрлі-түсті қарындаш, балауыз қарындаштары немесе т.б.) қолданып, машина суретін поп-арт стилінде бояңыз.

Мысалы:

8
Дескриптор Білім алушы

поп-арт бағытын түсінеді;

поп-арт стилінде сурет салады;

өз идеясын түсіндіреді.

Тақырып Қазақстанның заманауи суретшілері

Оқу мақсаты 7.1.2.1 Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер,
қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Ақпарат көздерінен Қазақстанның заманауи суретшілеріне зерттеу жұмыстарын жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма

Қазақстанның заманауи суретшісін ақпарат көздері арқылы зерттеп, оның шығармашылық жолын қысқаша баяндаңыз.

Мысалы:

Акжана Абдалиева, Акмарал Абулхаир, Бубэ Нелли Витальевна, Максим Ведерников, Динара Дукенбаева, Вячеслав Люй-ко, Лиза Рэй, Фридлин Евгений, Харченко Юрий Григорьевич, Ирина Зиновьевна Ярема және т.б.

Дескриптор Білім алушы

Қазақстанның заманауи суретшісін таңдайды;

ақпарат көздерімен жұмыс жасайды;
зерттеу жұмыстарын жасайды;
суретшінің шығармашылық жолын баяндайды.

9
Тақырып
Қазақстанның заманауи суретшілері
Оқу мақсаты
7.1.3.1 Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру

мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып,

қолдану
(оның
ішінде
ақпараттық-коммуникативтік

технологияны қолдану арқылы)

Бағалау критерийі
Білім алушы

Түрлі ақпарат көздерін қолданып, Қазақстанның заманауи суретшілерінің туындысын таңдап, сипаттайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Түрлі ақпарат көздерінен заманауи суретшілерінің бір туындысын таңдаңыз және сұрақтарға жауап беріп, суретті сипаттаңыз.

Суретте не бейнеленген?
Автордың түпкі ойы қандай?

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы

түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды;
суреттегі бейнені түсініп, сипаттама береді;
суретшілердің түпкі ойын түсінеді.

10
Тақырып Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу

негізінде тәжірибелік жұмыс орындау. (2 D немесе 3D форматында)

Оқу мақсаты 7.1.6.4 Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі
(заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармашылық жұмысты жасау үшін түрлі-түсті
бояуларды таңдап және заманауи стильде суреттейді

• Жасаған жұмысының идеясын және жасау үдерісін
түсіндіреді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Монотипия техникасында сурет салыңыз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы

монотипия техникасында сурет салады;
бояумен жұмыс жасайды;
белгіленген бейнені анықтайды;
бейнені суреттеп, жалғастырады.

2. Салған суретіңізді сұрақтарға сүйене отырып таныстырыңыз. Суреттің алғашқы идеясы қандай болды?
Қандай материалдарды қолдандыңыз?
Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер, іс-әрекеттер орындадыңыз? Жұмысыңыздың жақсы жақтары қандай?
Жұмыс барысында қандай қиыншылықтармен кездестіңіз?

11
Дескриптор Білім алушы

өз идеясын айтады;

қолданған материалдарды атайды;

орындаған кезеңдері мен іс-әрекеттерін сипаттайды;

жұмысының жақсы жақтары мен қиыншылықтары туралы баяндайды.

12
Тақырып Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу

негізінде тәжірибелік жұмыс орындау. (2 D немесе 3D форматында)

Оқу мақсаты 7.1.6.2 Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды
білу, оларды өңдеу, пайдалану және үйлестірудің тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармашылық жұмысты жасау үшін заманауи және
дәстүрлі емес материалдарды таңдайды

• Түрлі материалдарды пайдаланып, ассамбляж бағытында
шығармашылық жұмысты жасайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Түрлі материалдарды пайдаланып, өз ойыңыздан ассамбляж бағытында шығармашылық жұмыс жасаңыз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы

жұмысты орындау барысында креативтік шешімдерді қабылдайды;
жаңа идеяларды ойластырады;

түрлі материалдардан композиция жасайды.

13
2. Шығармашылық жұмысыңызды сұрақтарға сүйене отырып, таныстырыңыз. Қолөнердің алғашқы идеясы қандай болды?
Қандай материалдарды қолдандыңыз?
Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер, іс-әрекеттер орындадыңыз? Жұмысыңыздың жақсы жақтары қандай?
Жұмыс барысында қандай қиыншылықтармен кездестіңіз?

Дескриптор Білім алушы

өз идеясын айтады;

қолданған материалдарды атайды;

орындаған кезеңдері мен іс-әрекеттерін сипаттайды;

жұмысының жақсы жақтары мен қиыншылықтары туралы баяндайды.

14
Тақырып Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу

негізінде тәжірибелік жұмыс орындау. (2 D немесе 3D форматында)

Оқу мақсаты 7.2.1.1 Күрделі шығармашылық идеялары мен сезімдерін білдіру
үшін, өнер құралдары мен әр түрлі техникада таңдалған
қасиеттері мен тәсілдерін визуалды элементтерді таңдау және
негізделген түрде анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Өз идеяларын іске асыру үшін әр түрлі материалдарды
таңдап, шығармашылық жұмыс жасайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Сұрақтарға жауап беріп, бейнелеу өнерінің заманауи бағытындағы суретті талдаңыз.

Суретте не бейнеленген?
Бейнелеу өнерінің қандай бағытына (жанрына) жатады?
Автордың түпкі ойы қандай?

Дескриптор Білім алушы

суретті сипаттап, талдайды;
бейнелеу өнерінің қандай бағытына (жанрына) жататынын анықтайды;
автордың түпкі ойын анықтайды.

15
2. Берілген суреттерге сүйене отырып, өз қиялыңыздан шыққан инсталляцияның нобайын салыңыз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы

инсталляция бағытында композиция жасайды;
қиялдан шыққан инсталляцияның нобайын салады;
түрлі-түстерді өзінің суретінде үйлесімді қолданады.

Тақырып Жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру

Оқу мақсаты 7.3.1.1 Ауқымды аудитория алдында дайын болған өз
жұмыстарын таныстыру (көрме, сән көрсетілімі)

Бағалау критерийі Білім алушы

Ауқымды аудитория алдында дайын өнімді қорғайды

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі

Тапсырма

Дайын өнімді сынып алдында көрсетіп, қорғаңыз.

Дескриптор Білім алушы:

дайын өнімді ұсынады;
өзге топтардың жұмыстарын бағалайды.

16
2-тоқсан

Бөлім Сәндік-қолданбалы өнер

Тақырып Пирография өнерімен танысу. Көркемдеп күйдіру

техникасы мен тәсілдері

Оқу мақсаты 7.1.2.1 Тарихи және мәдени шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер
мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы

Әр түрлі қолөнер туындыларын сұрақтарға сүйене отырып сипаттайды

Көркем күйдіру техникасын зерттейді

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі

Тапсырма

1. Берілген суреттердегі қолөнер туындыларын сұрақтарға сүйене отырып, сипаттаңыз.

1.

2.

3.

4.

1.

2.

3.

4.

1.

2.

3.

4.

17
Берілген қолөнер туындылары қалай аталады?
Тұрмыста не үшін қолданады?
Олар қандай материалдардан жасалған?
Қалай безендірілген?

Дескриптор Білім алушы

қолөнер туындыларының атауларын анықтайды;
тұрмыста не үшін қолдананылатынын сипаттайды;
қандай материалдардан жасалғанын жазады;
ою-өрнектермен безендірілгенін анықтап, жазады.

3. Пирография өнерін зерттеңіз және презентация жасаңыз (power point, prezi).

Дескриптор Білім алушы

ағашты күйдіру техникасын зерттейді;

презентация жасайды.

18
Тақырып Нобай орындау. Материалдарды таңдау және

дайындау

Оқу мақсаты 7.1.5.2 Бұйым жасауда әр түрлі графикалық құралдарды
қолдана отырып (оның ішінде ақпаратты-коммуникативтік
технологияны қолданып), нобайлар, графикалық және
технологиялық құжаттар дайындау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармашылық жұмысты жасау үшін графикалық
құралдарды қолдана отырып, бұйымның нобайын
жасайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. А4 қағазына геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш, жұлдызша шеңбер) қолдана отырып, аспа баудың (подвеска) нобайын салыңыз және салған нобайыңызды сипаттаңыз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы

геометриялық фигураларды үйлестіреді;
жұмысты ұқыпты және көркем орындайды;
аспабаудың нобайын салады;
салған нобайын сипаттайды.

19
Тақырып Нобай орындау. Материалдарды таңдау және

дайындау

Оқу мақсаты 7.1.6.4 Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі
(заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі
(заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын
анықтау, таңдау және біріктіру

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Түрлі-түсті ермексазды қолдана отырып, кобдиша жасаңыз және ермексаздан жасалған қобдишаны ұлттық ою-өрнектермен, түрлі сәндік материалдармен безендіріңіз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы

ермексазбен жұмыс істейді;

қобдишаны жасау үшін креативті шешімдер қабылдайды;
түстерді таңдайды;
қызықты композиция ойластырады;

ұлттық ою-өрнектермен безендіру үшін, түрлі сәндік материалдарды қолданады;

жұмысты ұқыпты және көркем орындайды.

20
Тақырып Бұйымды көркемдеп күйдіру. Безендіру

Оқу мақсаты 7.2.3.1 Бұйымдардың функционалдық және эстетикалық
сапасын арттыру үшін материалдарды механикалық өңдеу және бұйымды безендіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармашылық жұмысты орындау барысында,
пирография техникасын меңгереді

• бұйымды жасауда қазақ ұлттық мәдениет
элементтерін пайдаланып, безендіреді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Аспа бауға (подвеска) салған суретіңізді аппаратпен күйдіріп, әсемдеңіз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы

пирография техникасын меңгереді;
күйдіру аппаратымен жұмыс істейді;
қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

21
Тақырып Бұйымды көркемдеп күйдіру. Безендіру

Оқу мақсаты 7.2.3.4 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау
барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

Бағалау критерийі Білім алушы

• Бұйымды жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет
элементтерін пайдаланып, безендіру

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Күйдіру әдістеріне қолданылатын құрал-жабдықтар тізімін көрсетіңіз және ағаштан шеңбер кесіп алып, нобайды қарындашпен ағаш бетіне көшіріңіз.

Дескриптор Білім алушы

күйдіру әдісін орындайды;
пирографияның құрал-жабдықтарын атайды;
ағаштан шеңбер кеседі;
нобайды ағаш бетіне көшіреді;
қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

22
Тақырып
Бұйымды көркемдеп күйдіру

Оқу мақсаты
7.2.6.1
Техника
қауіпсіздігін
қадағалап,
оның

маңызылығын сезіне және демонстрациялай отырып,

материалдар мен құралдарды қолдану

Бағалау критерийі
Білім алушы

Шығармашылық жұмысты орындағанда материалдар мен құралдарды пайдаланады

Қауіпсіздік ережесін сақтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Суретке мұқият қараңыз.
Бұйымның қандай материалдан жасалғанын, орындалу техникасы мен әдіс-тәсілін сипаттаңыз. Ағашты күйдіру жұмысы барысында қандай қауіпсіздік ережелерін сақтайтыныңызды жазыңыз.

Дескриптор Білім алушы

бұйымның орындалу техникасын анықтайды;
бұйымның материалын анықтайды;
бұйымның орындалу әдіс-тәсілін сипаттайды;
қауіпсіздік ережесін жазады.

23
Тақырып Жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру

Оқу мақсаты 7.3.1.1 Ауқымды аудитория алдында дайын болған өз
жұмыстарын таныстыру (көрме, сән көрсетілімі)

Бағалау критерийі Білім алушы

• Ауқымды аудитория алдында дайын өнімді қорғайды,
бірін-бірі бағалайды

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі

Тапсырма

1. Төмендегі сұрақтарға сүйеніп, өткен сабақта жасаған аспабауды таныстырып, қорғаңыз.

Жұмыстың алғашқы идеясы қандай болды?

Оюдың қандай түрлерін қолдандыңыз?

Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер, іс-әрекеттер орындадыңыз?

Өз жұмысыңыздың жақсы жақтары қандай?

Жұмыс барысында қандай қиыншылықтармен кездестіңіз?

Дескриптор Білім алушы

дайын өнімді ұсынады;

бастапқы идеясын айтады;

оюдың түрлерін атайды;

орындаған кезеңдері мен іс-әрекеттерін атайды;

жұмысының жақсы жақтарын сипаттайды;

жұмысты орындау барысында туындаған қиыншылықтарды атайды.

2. Жұпта бір-бірінің жұмыстарын талқылап, жақсы жақтары, жетілдіру жолдары кестесін толтырып, бағалаңыз.

Жақсы жақтары
Жетілдіру жолдары

Дескриптор Білім алушы

жұпта жұмысты талқылайды;

кестені толтырады;

өзгенің жұмысын бағалайды.

24
3-тоқсан

Бөлім Дизайн және технология

Тақырып Ағашты механикалық өңдеуге арналған құрал-

жабдықтар

Оқу мақсаты 7.2.2.1 Заманауи технологиялық машиналардың

құрлысына және жұмыс барысына сипаттама
бере отырып, конструкциялық, табиғи және
жасанды материалдарды өңдеу операцияларын
орындайды

Бағалау критерийі Білім алушы

• Технологиялық машиналардың құрылысы мен жұмысына

сипаттама береді

• Материалдарды өңдейді

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Технологиялық машиналардың құрылысы мен жұмысына сипаттама бере отырып, табиғи және жасанды материалдарды өңдеңіз.

Мысалы:

Технологиялық машиналардың
Материалдар ретінде ағаш, тал қабығы,
суреттерін көрсету
металл пластиналарын алып өңдеуге

болады

Дескриптор Білім алушы

технологиялық машиналардың құрылысы мен жұмысы туралы айтады;

конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу операцияларын орындайды;
жұмыс дәптерінде жазба жұмысын жүргізеді.

25

Тақырып Ағашты механикалық өңдеу барысындағы

жұмысты ұйымдастыру

Оқу мақсаты 7.2.6.2 Заманауи технологиялық машиналармен

қауіпсіз жұмыс жасау жолдарын білу және түсіндіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Заманауи технологиялық машиналармен қауіпсіз жұмыс

жасауды түсіндіреді

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі

Тапсырма

Заманауи технологиялық машиналармен қауіпсіз жұмыс жасауды түсіндіріңіз. Мысалы

Дескриптор Білім алушы

заманауи техникалық машиналар туралы түсіндіреді;

қауіпсіздік ережесін сақтайды.

26
Тақырып Ағашты механикалық өңдеу барысындағы

жұмысты ұйымдастыру

Оқу мақсаты 7.1.6.1 Жобаланатын нысанды дайындау

барысында конструкциялық, табиғи және
жасанды материалдардың физикалық,
технологиялық пен механикалық қасиеттерін
анықтау және салыстыру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Табиғи және жасанды материалдардың физикалық,

технологиялық, механикалық қасиеттерін анықтайды

• Конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардың

физикалық, технологиялық, механикалық қасиеттерін

салыстырады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Нысан дайындау үшін конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардың физикалық, технологиялық және механикалық қасиеттерін анықтап, салыстыру

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

материалдардың физикалық қасиеттерін анықтайды;

материалдардың технологиялық қасиеттерін анықтайды;

материалдардың механикалық қасиеттерін анықтайды;

материалдарды схема түрінде салыстырады.

27
Тақырып Ағаштан жасалған бұйымды өңдеу. Бұйымның дизайны

Материалды таңдау және дайындау

Оқу мақсаты 7.1.5.1 Функционалды (техникалық ) және

эстетикалық талаптарға сай, дизайн дайындау
бойынша тапсырмаларды орындау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Нобай орындайды

• Шығармашыл идея ұсынады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Ағаштан қарапайым бұйым жасау үшін нобай салыңыз және жоспар құрыңыз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

− қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін жұмыс барысында көрсетеді;

жұмыс орнын ұйымдастырады;

ағаш бұйымның эскизін салады;

эскиз бойынша жұмыс кезеңдерін анықтайды;

жоспар құрастырады.

28
Тақырып Ағаштан жасалған бұйымды өңдеу. Бұйымның дизайны

Материалды таңдау және дайындау

Оқу мақсаты 7.1.5.2 Графиканың түрлі тәсілдерін қолдана

отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік
технологияны қолданып), бұйым жасауда эскиздер,
графикалық және технологиялық құжаттар дайындау

Бағалау критерийі Білім алушы

• АКТ қолдана отырып, ағаштан жасалынатын нысанның

нобайын салады

• Дизайн элементтеріне материал таңдайды

• Графикалық және технологиялық құжаттар дайындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Ағаштан бұйым жасау үшін АКТ қолданып нобай жасаңыз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

идеяларды талқылайды;

нобай салады;

композиция заңдылықтарын сақтайды;

нысан элементтеріне материал таңдайды;

графикалық құжаттар дайындайды;

технологиялық құжаттар дайындайды.

29
Тақырыбы Ағаштан жасалған бұйымды өңдеу. Бұйымның дизайны

Материалды таңдау және дайындау

Оқу мақсаты 7.1.4.1 Алған білімдері мен тәжірибелерін қолдана

болашақ іс-әрекеттерін анықтау және шығармашылық қызметін жоспарлау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жұмыстың барысын жоспарлайды

• Бұйымды дайындауға қажетті материалдарды

қарастырады

• Жасалу жолын жоспарлайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Бұйым жасауда болашақ іс-әрекеттеріңізді анықтап, шығармашылық қызметіңізді жоспарлаңыз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

бұйымның дизайнын қарастырады;

материалды таңдайды;

жасалу жолын жоспарлайды;

жұмысқа керекті құрал-жабдықтарды жазады.

30
Тақырыбы Ағаштан жасалған бұйымды өңдеу. Бұйымның дизайны

Материалды таңдау және дайындау

Оқу мақсаты 7.1.4.2 Бұйымның өзіндік құны мен материалдық

шығындарын анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Бұйымның өзіндік құнын зерттейді

• Материалдың қасиетін қарастырады

• Бұйымға жұмсалатын материалдың шығынын анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Бұйымның құнын зерттеңіз, қасиетін және материалдық шығындарын есептеңіз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

АКТ қолданады;

зерттеу жұмысын жүргізеді;

материалдың қасиетін қарастырады;

материалдың өзіндік құнын қарастырады;

материалдың шығынын анықтайды.

31
Тақырыбы Бұйымды жасау. Материалдар мен бөлшектерді

механикалық өңдеу. Бұйымды безендіру

Оқу мақсаты 7.2.3.1 Бұйымдардың функционалдық және эстетикалық

сапасын арттыру үшін материалдарды механикалық өңдеу және бұйымды безендіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Бұйымның өлшемдерін өлшеп, белгілейді

• Материалдарды өңдейді

• Бұйымды безендіреді

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Материалдардың өлшемдерін өлшеңіз, өңдеңіз, бұйымды безендіріңіз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

бұйымның өлшемдерін өлшеп,белгілейді;

жұмысқа керекті құрал-жабдықтарды дайындайды;

материалдарды өңдейді;

бұйымды безендіреді.

32
Тақырыбы Бұйымды жасау. Материалдар мен бөлшектерді

механикалық өңдеу. Бұйымды безендіру

Оқу мақсаты 7.2.3.2 Технологиялық құжаттар бойынша реттілікті

және дәлдікті сақтай отырып, күрделі бұйымдарды жасау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Бұйым дайындау барысында өңделген материалдарды

қолданады

• Жұмыс барысында түрлі құрал-саймандарды қолданады

• Бұйымның бөлшектерін реттілікті, дәлдікті сақтай

отырып бекітеді

• Жұмысты шығармашылық тұрғыда орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Өңделген материалдарды қолдана отырып, түрлі құрал-саймандарды пайдаланыңыз, бұйымның бөлшектерінің реттілігін, дәлдігін сақтай отырып, күрделі бұйым жасаңыз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

нобайлары бойынша бөлшектерді бекітеді;

кескіш құралдарымен кесетін жерлерді кесіп, ию жұмыстарын орындайды;

жұмыс барысында реттілікті, дәлдікті сақтайды;

сызбаға қарап, қайта өлшеп, түзетіп отырады;

бұйымды шығармашылық тұрғыда орындайды.

33
Тақырып Бұйымды жасау. Материалдар мен бөлшектерді

механикалық өңдеу. Бұйымды безендіру

Оқу мақсаты 7.3.4.1 Өзінің және өзгелердің жұмыстарын

жетілдіру және адаптациялауда қолданылған
идеяларды салыстыруда негізделген сыни
ұсыныстар жасау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Бұйымды безендіру барысында өзінің және өзгелердің

жұмыстарына пікір, ұсыныс жасайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Бұйымды безендіру барысында өзіңіздің және өзгелердің жұмыстарын салыстырыңыз және ұсыныстар жасаңыз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

өзгелердің жұмыстарына сыни ұсыныс білдіреді;

өзінің және өзгелердің жұмыстарына идеяларын жеткізеді;

жұмыстарын салыстырады;

жинақтап қорытынды жасайды.

34
Тақырып Көрме ұйымдастыру

Оқу мақсаты 7.3.1.1 Ауқымды аудитория алдында дайын болған өз

жұмыстарын таныстыру (көрме, сән көрсетілімі)

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жасаған шығармашылық жұмыстарынан көрме
ұйымдастырады

• Жұмыстарын таныстырады

• Жұмыстарын қорғайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Ауқымды аудиторияда шығармашылық жұмысыңызды ұйымдастырып, жұмыстарыңызды қорғаңыз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

дайын жұмыстарын сынып алдында ұсынады;

көрмеге жұмыстарын дайындайды;

жұмыстарын безендіреді;

көрме ұйымдастырады;

бірігіп жұмыс жасайды.

35
4-тоқсан

Бөлім Үй мәдениеті

Тақырып Ауыл шаруашылық өндірістегі заманауи техникалар

мен жабдықтар

Оқу мақсаты 7.2.5.1 Ауыл шаруашылығындағы жабдықтарды және

заманауи техникаларды сипаттау, жіктеу және бағалау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Ауыл шаруашылық өндірісінің түрлерін ажыратады

сипаттайды, жіктейді және бағалайды

• Заманауи техникалар мен жабдықтарды сипаттайды

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі

Тапсырма

Ауыл шаруашылығындағы жабдықтарды сипаттаңыз, танысыңыз және жіктеңіз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

ауыл шаруашылық көліктері мен құрал-жабдықтарын ажыратады;

техникалар мен жабдықтар туралы материал жинайды;

техникалар мен жабдықтарды сипаттайды.

36
Тақырып Ауыл шаруашылық өндірістегі заманауи техникалар

мен жабдықтар

Оқу мақсаты 7.1.3.1 Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру

мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)

Бағалау критерийі Білім алушы

• АКТ-ны қолданады

• Зерттеу жұмыстарын жүргізеді

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Шығармашылық идеяларын дамыту үшін АКТ-ны қолданыңыз және зерттеу жұмыстарын жүргізіңіз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

заманауи техникалар мен жабдықтар туралы ақпарат көздерінің көмегімен зерттеу жұмысын орындайды;

АКТ-ны қолдану барысында шеберлігін көрсетеді.

37
Тақырыбы Тұрмыстық құрал-жабдықтар мен электроарматураны

жөндеу

Оқу мақсаты 7.2.5.2 Электротехникалық арматуралардың және

тұрмыстық құралдардың қарапайым жөндеу
жұмыстарын жүргізу

Бағалау критерий Білім алушы

• Тұрмыстық құралдардың қарапайым түрлеріне жөндеу
жұмыстарын жүргізеді

• Қарапайым электр тізбегін жинайды

• Электро-техникалық жұмыстар барысында қауіпсіздік
техникасын сақтайды

Ойлау дағдыларын Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Электротехникалық арматуралардың және тұрмыстық құралдардың қарапайым түрлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіңіз және электр тізбегін жинаңыз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

қарапайым тұрмыстық құралдарды жөндейді;

электр тізбегін жинайды;

электрмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

электротехникалық материалдармен жұмыс істеу үшін арнайы аспаптарды қолданады.

38
Тақырыбы Тұрмыстық құрал-жабдықтар мен электроарматураны

жөндеу

Оқу мақсаты 7.2.5.3 Электр тізбектеріндегі ақауларды табу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тоқ тізбегінде болатын ақауларды табады

• Ақаулардың болу себебін анықтайды

• Ақауларды болдырмау жолдарын іздестіреді

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма Электр тізбектеріндегі ақауларды табыңыз, себебін анықтаңыз және болдырмау жолдарын іздестіріңіз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

ақауларды табады;

оның болу себебін анықтайды;

ақауларды болдырмау жолдарын іздестіріп, шешімін табады.

39
Тақырып Тұрмыстық құрал-жабдықтар мен электроарматураны

жөндеу

Оқу мақсаты 7.2.5.4 Есептеулер орындау үшін арнайы бақылау-

өлшеу құралдарын таңдау және қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы

• Арнайы өлшеу құралдарын анықтау

• Өлшеу құралдарының түрлерін таңдау және қолдану

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Тұрмыстық құрал-жабдықтарды өлшеу үшін арнайы бақылау-өлшеу құралдарын ажыратып, қолданыңыз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

арнайы өлшеу құралдарын анықтайды;

өлшеу құралдарының түрлерін ажыратады;

өлшеу құралдарының түрлерін қолданады.

40
Тақырып Үй экологиясы. Үйдегі микроклимат

Оқу мақсаты 7.1.3.1 Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру

мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)

Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармашылық идеяларын дамыту мен зерттеу барысында

түрлі ақпарат көздерін қолданып, ең тиімдісін (АКТ-ны

қолдану) пайдаланады

Ойлау дағдыларын Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Заманауи тұрғын үйлердің кейбір санитарлық-гигиеналық талаптарының нормаларын табыңыз және танысыңыз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

БАҚ-тан тұрғын үйлер үшін санитарлық-гигиеналық талаптардың нормалары бойынша мәліметтер табады;
нормативтік талапқа сай үйді жарықпен қамтамасыз етудің жазбасын жасайды;
желдеткіш жүйесіне қойылатын талаптарды жазады;

жылыту түрлері мен үй-жайына қатысты жылу талаптарына сай жазбасын жасайды.

41
Тақырып

Үй экологиясы. Үйдегі микроклимат

Оқу мақсаты

7.2.5.5 Интерьерді ұйымдастыру бойынша тәжірбиелік жұмыстар орындау барысында жарықтандыруға (табиғи және жасанды), желдеткіш және жылу жүйесіне қойылатын нормаларды сақтау және қарастыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Интерьерді ұйымдастыру бойынша эскиздер орындайды

• Жарықтандыруға (табиғи және жасанды), желдеткіш және

жылу жүйесіне қойылатын нормаларды қарастырады

Ойлау дағдыларын деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Үйдегі микроклиматты сақтау бойынша интерьер ұйымдастыруда жарықтандыруға (табиғи және жасанды), желдеткіш және жылу жүйесіне қойылатын нормаларды сақтай отырып, эскизін салыңыз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

жарықтандыруға (табиғи және жасанды), желдеткіш және жылу жүйесіне қойылатын нормаларды қарастырады;

жұмыс дәптеріне жазба жүргізеді;

интерьерді ұйымдастыру бойынша эскиздер орындайды.

42
Тақырып Үй экологиясы. Үйдегі микроклимат

Оқу мақсаты 7.3.1.1 Ауқымды аудитория алдында дайын болған өз

жұмыстарын таныстыру (көрме, сән көрсетілімі)

Бағалау критерийі Білім алушы

• Дайын жұмыстарын көрмеде таныстырып, қорғайды

Ойлау дағдыларын Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Тапсырма

Үй-жайын жарықтандыру дизайны бойынша презентация дайындаңыз.

Мысалы

Дескриптор Білім алушы

презентациясын жасайды;

сынып алдында жұмыстарын қорғайды;

бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

43


Скачать


zharar.kz