Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.

Скачать

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясының шеңберінде 2005 жылы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы әзірленіп, қабылданды.

Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің оң әсерін тигізуде.

Алдын ала деректер бойынша облыста тіркелген кәсіпкерлік жастар саны 142,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың саны 127,7 мың бірлікті құрап 266,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Заңды тұлға ретінде тіркелген кәсіпорындардың саны 16,6 бірлікке жетіп, оның 13,0 мың бірлігі жұмыс істеуде. Онда 72,1 мың адам қызмет атқарады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдарының саны 11,3 пайызға артқан. Облыс бойынша шағын бизнес саласында 338,2 адам жұмыспен қамтылған немесе облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31,1 пайызын құрайды.

2007 жылы шағын кәсіпкерлік құрылымдары 130,9 млрд. теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндіріп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан.

Облыста заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 1 қаңтарына 1228 кәсіпорын құрылып, 3547 жаңа жұмыс орны ашылды.
Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының бірі кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету болып табылады. Облыста кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде - екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлар мен, микрокредиттік ұйымдар арқылы жүргізілуде.

Жыл басынан шағын кәсіпкерлік құрылымдарына жалпы-74107,9млн.теңге, оның ішінде екінші дәрежелі банктерден –66818,0 млн.теңге, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы –475,8 млн. теңге , “Несие беру Қазақстандық қоры” – 4601,5 млн. теңге және “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры” қоғамдық қорымен – 117,4 млн теңге, ауылшаруашылық несие серіктестіктері мен несиелік серіктестіктері-2096,0 млн. теңге. Барлық қаржылық институттардан шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына бөлінген несие қаражаттардың көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 45,3 пайызға өскен.

Экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік тосқауылдарды жоюдың тиімді механизмдерін әзірлеу мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі заңдардың және басқа да республикалық, облыстық деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірленді

2007 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігіне 2008-2010 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасына Халықаралық Сауда Ұйымына кіру барысындағы отандық тауарөндірушілерді кері әсерінен қорғау жолдары, ИСО–сериялы халықаралық стандарттарды енгізуде кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру, шағын және орта бизнеске арналған оқыту бағдарламасының тұрақты жүйесін қалыптастыру туралы ұсыныстар енгізілді.

“Атамекен” Одағымен бірлесе мемлекет пен бизнестің әлеуметтік-әріптестікті стратегиясын және отандық бизнестің экспортқа бағытталған жүйесін қалыптастыру бойынша 2007 жылға арналған негізгі бағыттары белгіленіп, облыстың әлеуметтік саласындағы қаржылық және тағы басқа мәселелерді шешуге кәсіпкерлерді тарту бойынша ұсыныстар енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметіне «Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 100 мектеп пен аурухананың құрылысын жүргізу» жобасын жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына бірқатар ұсыныстар енгізілді олар: құрылысқа және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарды кеңейтуге қатысты жобаларды шұғыл түрде несиелендіру мәселесі бойынша «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, отандық құрылыс индустриясының өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірісі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету туралы және тағы басқа.


Жастар белсенділігі артып келеді

Кеше Талдықорған қаласында Парламент Мәжілісінің депутаты, “Жас Отан” жастар қанаты республикалық кеңесінің төрағасы Тәңірберген Бердіоңғаров облыс аумағындағы аудандық және қалалық жастар көшбасшылары-мен кеңес өткізді. Оны Алматы облыстық “Жас Отан” жастар қанаты және “Жетісу жастары” жастар орталығы ұйымдастырды.
Жиынды “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айтбай Сейітов ашып, жастар тәрбиесі мен олардың қоғамдағы орны жайлы әңгімеледі. Одан соң облыстық “Жетісу жастары” жастар орталығының директоры Қуаныш Тұрсынбаев сөз алып, “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы” Заңның аясында атқарылған жұмыстар мен оның орындалуын, түйінді мәселелерді шешу жолдарын ортаға салды. Сонымен қатар, ол жастарды “Қазақстан – 2030” Стратегиясының 10 жылдығымен құттықтады.

Өткен мерзім ішінде аталған ұйымның ұйытқы болуымен “Жетісу жастары” атты бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 16-29 жас аралығындағы 1551 жұмыссыз жастың 1163-і жұмыспен қамтылды және 137 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ “Менің ауылым” үгіт автопойызы елді мекендер тұрғындарымен Отанды сүю, құрметтеу бағытында кездесулер, акциялар өткізіп, аталған шараға 10 000-нан астам жастар қамтылды. Президент Н. Ә. Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Жолдауын басшылыққа алу арқылы жаз айларында 150 студент “Ауыл құрылысы”, “Даубек” және “АЛЖТМ”, “Газ-маркет” құрылыс отрядтарында еңбек етіп, 124 млн. теңгенің құрылыс жұмыстарын жүзеге асырды. Осылайша жұмыссыздық мәселесін шешу барысында мүмкіндіктері шектеулі жастарға нысаналы көмек көрсетіп, олардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру қолға алынды.
– Бүгінде елімізде жастарға жоғары сенім көрсетіліп, олар биліктің әр тармағына келе бастады. Жастардың ұшқыр ой-пікірі осылайша еліміздің өркендеуіне негіз қалауда. Бүгінгі кездесуді Парламент пен жастар арасындағы байланыстың алғашқы қадамы деуге болады. Жастар өмірі, оқуы, тұрмысы, әлеуметтік жағдайына бай­ланысты мәселелер көпшілікті толғандырады. Жастарға деген облыс әкімінің ағалық қамқорлығы әрдайым сезіледі, – деді Т.Бердіоңғаров.

Кеңесте облыстық жастар мәслихатының спикері Қимәділ Бекболат, Қапшағай қалалық “Жас Отан” жастар қанатының төрағасы Арыстанғали Сансызбаев, облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев сөз алып, “Жастар саясаты туралы” Заң аясында атқарылған істер мен өмірге келген тың мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, Қапшағай қаласындағы “Жастар-2030” қоғамдық бірлестігінің жұмыстары ерекше атап өтілді.

Күмісжан БАЙЖАН, Талдықорған.

Жаңа ғасыр адамы – дені сау, рухы мықты азамат
2009 жылғы 30 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының ұйымдастыруымен ООҮБА-нда «Балалардың адамгершілік-рухани тәрбиесі негізінде гуманистік білім беру үрдістерін жүзеге асыру» жобасы шеңберінде «Жаңа ғасыр адамы – дені сау, рухы мықты азамат» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Шараның мақсаты:
- жас ұрпақты адамгершілік-рухани тұрғыда жан-жақты салауатты, дені сау, рухы мықты тұлға ретінде тәрбиелеп, сонымен қатар үлкен-кішіні сыйлауға, ізеттілікке, инабаттылыққа, адамдарға қол ұшын беруге, дайын болуға үйрету.

Білімге қол жеткізу
2002 жылы республиканың 554 елдi мекенiнде мектептер мүлдем
болмаған, 625 ауылда - орта, ал 593 ауылда - негiзгi мектеп болмаған.
Осының салдарынан 25,5 мың бала күнделiктi мектепке жеткiзiп тұруды қажет
етедi. Әсiресе қыс кезiнде мектепке дейiн күн сайын 3 километрден 40
километрге дейiн жол жүру қажеттiгi оқушылардың осы санатының сабаққа
келмеуiне әкеп соғуда.
Мектептен тыс қалған балалар мен жастар арасында аз қамтылған және
жағдайы нашар отбасылар өкiлдерi едәуiр үлестi құрайды. Материалдық
жағдайдың тұрақсыздығы, жұмыссыздық және мәжбүрлi көшi-қон отбасы
жағдайының бюджетiне әсер етуде және жекелеген отбасыларды балаларының
бiлiм алуына жұмсалатын қаражатты үнемдеуге мәжбүр етуде.
Аз қамтылған отбасы балалары, жетiм балалар және денсаулығы
әлсiреген балалар үшiн ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесi бiлiмге қол
жеткiзумен байланысты елеулi проблема болып табылады. Тұтастай алғанда
республика бойынша мектеп асханаларында аз қамтылған отбасылардың 186
мыңнан аса оқушысы тегiн тамақтанады, бұл олардың жалпы санының 12%-ы, 92
мыңнан аса оқушы (5%) арзандатылған тамақ алып отыр.
Бiлiм берудiң барлық сатыларында әйел жынысындағы оқушыларды қамту
(6-дан 24 жасқа дейiн) 71,6%, ал ерлер - 70,1% құрайды. Студенттер
арасында қыздардың үлесi жас жiгiттерге қарағанда, жоғары. Алайда, еңбек
рыногында олардың жұмысқа орналасу мүмкiндiктерi аз. Жоғары оқу
орындарына түсе алмаған және қалада қалуды қалайтын ауылдан келген
талапкерлер проблемасы өзектi күйiнде қалып отыр. Ауылдық жерде алынған
бiлiм деңгейiнiң төмен болуы нәтижесiнде ауыл жастары жоғары бiлiм алуда
бәсекеге түсе алмайды.
"Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуы бiлiм алуға қол
жеткiзудi жақсартуға ықпал еттi. 1999 жылдан бастап мектепке дейiнгi
ұйымдар және жалпы бiлiм беру мектептерi санының бiртiндеп өсуi
байқалуда. Алайда, тұтынушылар үшiн бiлiм алу сапасы және олардың нақты
құны, бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы және
санитарлық жағдайы әлi де болса халықтың сапалы бiлiмге қол жеткiзуiнде
елеулi кедергi болып отыр.
Қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Мақсаты

Құқық тәртібін нығайту, құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру, ұйымдасқан және жасөспірімдер қылмысына, нашақорлық пен есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға қарсы күресті күшейту, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті, оның ішінде жол қауіпсіздігін қорғаудың сапалы деңгейін қамтамасыз ету.

Міндеттері

1. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, құқық қорғау органдарын нығайту және дамыту, олардың қызметін үйлестіруді жақсарту.

2. Озық отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескертудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру.

3. Құқық қорғау қызметінің, бірінші кезекте, ұйымдасқан қылмыстың неғұрлым қауіпті түрлеріне, терроризм мен діни экстремизм көріністеріне, есірткінің заңсыз айналымына, жеке тұлғаға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру.

4. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту. Экономиканың сыбайлас жемқорлық дәрежесін азайту бойынша елдің көрсеткіштерінің жақсаруы.

5. Меншік иелерінің құқықтары мен заңдық мүдделерін олардың мүлкіне заңға қайшы қол сұғушылықтардан қорғаудың тиімді құқықтық тетіктерін құру.

6. Заңға қайшы жасалған әрекеттер үшін жазаны бұлтартпауды қамтамасыз ету.

7. Құқық қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықты күшейту.

Шешу жолдары

Құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру күшейтілетін болады.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтіледі, қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу кеңейтіледі.

Үкімет криминологиялық және криминалистикалық ғылымның соңғы жетістіктерін, сондай-ақ шетелдік озық тәжірибені ескере отырып, құқық қорғау қызметі мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.

Бейнеқадағалау желісін кеңейту, бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру және кіріктірілген деректер банктерін құру бөлігінде аумақтық ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары техникалық жағынан одан әрі дамытылады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысына жұртшылық пен халықты кеңінен тарта отырып, олардың алдын алудың мемлекеттік жүйесі құрылады.

Азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін нығайтуға бағытталған халықпен өзара іс-қимылдың әлеуметтік бағдарланған әдістеріне негізделген алдын алу қызметіне тұжырымдамалық жаңа қағидаттар әзірленеді және қолданылады.

Құқық қорғау органдары басшыларының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, полиция мен басқа да құқық тәртібі күштерінің қызметін насихаттау мәселелері бойынша халықпен тұрақты есеп беру кездесулерін өткізуі практикаға енгізіледі.

Қоғамдық тәртіпті қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары әзірленіп, енгізіледі.

Елде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 2008 – 2010 жылдарға арналған шаралар кешені әзірленіп, іске асырылады.

Қауіпсіз тыныс-тіршілік үшін жағдайлар жасау және қылмыс пен құқық бұзушылықтарды жасау үшін мүмкіндіктерді азайту мақсатында елді мекендердің инфрақұрылымына қойылатын талаптар әзірленетін болады.

Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу мен ескертуге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту мәселелерін шешуге бағытталған тәрбие жұмысының тиімділігі арттырылатын болады.

Жастардың демалыс орындарында есірткіні таратудың жолын кесу, есірткінің таралу фактілері анықталған көңіл көтеру орындарының, жастардың бос уақыттарын өткізу және демалыс орындарының басшылары мен иелерінің жауапкершілігін қатаңдату жөнінде қосымша шаралар қабылданады.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің нысандары мен әдістері жетілдіріледі. Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар арасында нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жақсартылатын болады.

Тергеушілердің іс жүргізу тәуелсіздігі күшейтіледі, олардың мәртебесі арттырылатын болады, тергеу қызметкерлерінің кәсіби өзегін нығайту және тергеу органдарындағы кадрлардың тұрақтамауын азайту үшін жағдай жасалады.

Адвокаттардың мәртебесі арттырылады әрі қылмыстық және әкімшілік процестерде азаматтардың құқықтарының сақталуы үшін адвокатураның әлеуметтік жауапкершілігі күшейтіледі, азаматтарды мәжбүрлеп әкелу орындарында адвокаттардың кезекшілік жасау практикасын енгізу жоспарланып отыр.

Үкімет сот сараптамасы жүйесін материалдық-техникалық, ғылыми және кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту жөнінде қосымша шаралар қабылдайды.

Құқық қорғау органдарының қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыс күшейтіледі.

Шекаралық және паспорттық бақылаудың тиімділігі арттырылады, заңсыз көші-қонға, терроризм мен діни экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимыл жасау шаралары күшейтіледі.

Еңбек иммигранттарының қазақстандық заңнаманы сақтауын бақылауды күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылдау көзделіп отыр.

Үкімет жол-көлік оқиғалары құрбандарының санын азайтуға бағытталған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар кешенін іске асыратын болады.

Басым бақылау-қадағалау функциясынан қызмет көрсету функциясына көшу жоспарлануда.

Азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңдық мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғау қамтамасыз етіледі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, оны анықтау және жолын кесу жөніндегі нормативтік-құқықтық база жетілдіріледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нысандары мен әдістері, азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл оңтайландырылады, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығы жандандырылады;

Елдің бәскеге қабілеттілік индикаторларын жақсарту мақсатында коммерциялық шығындар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әкімшілік шығыстарды қысқарту жөнінде қосымша шаралар әзірленіп, іске асырылады.

Үкімет «рейдерлікке» қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды тұжырымдайды, меншік иелерінің құқықтарын қорғауға және осы құбылысқа ықпал ететін іс-әрекеттер үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін белгілеуге бағытталған заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады;

Нәтижелері

Азаматтарда заңға қарсы қол сұғушылықтан қорғалу сезімін қалыптастыру, құқық қорғау органдарының халықпен ынтымақтастығын дамыту.

Жеке тұлғаға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалатын және кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың санын азайту.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының санын қысқарту.

Қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру, заңдылықты бұзу оқиғаларын болдырмау, тергеу қызметкерлерінің нақты іс жүргізу тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдардың іс-қимылын үйлестіруді жақсарту, есірткінің заңсыз айналымының ауқымын және нашақор қылмыскерлердің белсенділігін төмендету.

Заңсыз еңбек көші-қон деңгейін төмендету, ішкі еңбек нарығы үшін залал келтірмей шетелдік жұмыс күшін бөлу.

Көлік құралының бір бірлігіне шаққанда жол-көлік оқиғаларының санын қысқарту, ЖКО зардаптарының ауырлығын төмендету.

4.4.2. Қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту

Мақсаты

Қылмыстық-атқару жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру.

Міндеттері

1. Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелеріндегі адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту, сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету және қылмыстық жазаларды орындаудың тиімділігін арттыру.

2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдайлар жасау.

3. Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларының тиімділігін арттыру.

4. Кадр құрамын нығайту, қызметкерлерді кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру, ҚАЖ мекемелері персоналының құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыру, ҚАЖ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының санын азайту.

Шешу жолдары

Үкімет ҚАЖ-ды одан әрі дамытудың 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдайтын болады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде медициналық қызмет көрсету сапасы арттырылады, қауіпті аурулардың алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу мәселелері бойынша денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-қимыл күшейтіледі.

Бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстың алдын алу және түзеу мекемелерінде сотталғандарды ұстау тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі жедел және режимді жұмыс күшейтіледі.

Қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары үшін өндірістік қуаттар жаңартылады және мемлекеттік тапсырыстар көзделеді.

Жергілікті атқарушы органдар жанындағы қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі органдардың жұмысы жандандырылады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін, оның ішінде жұмыс берушілерді азаматтардың көрсетілген санатын жұмысқа қабылдауға ынталандыру жолымен жағдай жасалатын болады.

Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындаушы қылмыстық-атқару инспекцияларының функциялары кеңейтіледі. Олардың базасында мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы сынақтан өткізу қызметі құрылатын болады.

Тиісті өңірлердің жағдайларын ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің сараланған жүйесі енгізілетін болады.

Нәтижелері

Қылмыстық-атқару жүйесі жұмысының, оның ішінде жедел және режимдік жұмысты ұйымдастыру, қылмыстың деңгейін және рецидивін, бас бостандығынан айыру орындарындағы өлімді азайту бөлігінде тиімділігін арттыру.

Еңбекпен қамтылған сотталғандардың санын ұлғайту.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдайлар жасау.

Жазалаудың балама шараларын атқарудың тиімділігін арттыру. Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталғандардың арасында қайталама қылмысты азайту.

ҚАЖ қызметкерлерінің сапалық құрамын жақсарту, ҚАЖ қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту үшін жағдайлар жасау.


Скачать


zharar.kz