Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бү-
гінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол дең -гейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” дегені мәлім. Енде – ше қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи – танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси – экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісін жетік игерген, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан бол -ғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлғаға айналады.
Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 6345 өкімімен бекітілген “Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мем - лекеттік бағдарламасы” мектептегі білім беруді ақпараттандыруға негіз қалап отыр.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі – мақсаты оқушылар-
дың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды.
. Сондай – ақ “оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық – коммуникация-лық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың бас-ты бағыттарының бірі делінген.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика
мектептерін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттан-дыру. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.
“Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моде-
лінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Индустриалдыдан ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызме- тін құрайтын саяси – экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақ – параттық – коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғалам –дандыру мен қоғамдық қатынастар үрдістерін айқындайды.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың 30 – шы
жылдарында сауатсыздық пен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және
электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екенді –
гі атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қа – жеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі-ні, электрондық және телекоммунациялық құралдарды, электрондық оқулық – тарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз – тек компьютермен дұрыс жұмыс істей бі-
лу емес, кез келген ақпарат көзін , анықтамалықтарды, сөздіктерді, энциклопе – дияларды, көліктердің жүру кестелерін т.с.с дұрыс пайдалана білу деген сөз.
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауат –
тылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс – жүзіндік білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді өмірмен ұштас – тыру үшін компьютердің қажет екені даусыз. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми мәселелерді ше -шу ең басты орын алады. Бұған себеп оқу үрдісінде туындайтын компьютер -лендірудің педагогикалық – психологиялық мәселелері әлі толық шешілмеген.
Психологиялық зерттеудің негізгі бағытының бірі – компьютермен жұмыс
істеушінің психологиялық ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік беретін арнайы әдістемені қолдану . Оған мыналар кіреді:
- психодиагностикалық ақпартты жинау;
- адам туралы жалпы емес, оның нақты бір ерекшелігі мен қасиеті туралы ақпа- ратты алу;
- салыстыру мүмкіндіктерін беретін адамның психологиялық ерекшеліктерін көрсету;
- алынған ақпаратты іс – жүзіндік және диагностикалық мақсаттарға қолдану.
Психодиагностикалық зерттеу барысында компьютерлендірудің мүмкінді –
гін ескере отырып, психодиагностикалық әдістеменің мынадай түрлерін көрсе-туге болады:
- психофизиологиялық тесттер;
- стандартталған өзіндік есептер ( тесттер, ашық сұрақ кітабы, шкалалау әдісте-месі );
- проективтік техникалар;
- диагностикалық техникалар.
Компьютерлік оқытуға өтудің психологиялық негіздерін дамыту қажет, се-
бебі , компьютерлендіру кезінде пайда болатын әдістемелік мәселелердің бірі. Компьютерлендіру – қоғамдық практиканың саласы, онда психологиялық білім
нің кең қолданылуы керек және білімге қажеттілік өсуі тиіс, себебі, оған әлеу – меттік – психологиялық, педагогикалық, педагогикалық позиция тарапынан қорғауға болады. Оқушының ақпараттық ортамен қарым – қатынасы осы орта – дан қажет білімді алуына тікелей байланысты. Ақпараттық орта неғұрлым тиім-ді, сондай – ақ , ол адамдар арасындағы білім алмасуға септігін тигізеді. Ком – пьютердің адамға жекелеп алғанда оқушыға және оның психологиялық дамуы – на әсері үлкен. Компьютер жеке адамның танымдық, бірақ мотивациялық орта- сының дамуына, оның санасына ғана әсер етіп қоймайды, сабақ мазмұнының ақпараттық сыйымдылығын арттырады, оқушы мен оқытушының оқу қызметін
белсенді етеді, мақсатқа ұмтылуды анықтайды, оқу іс - әрекетінің қарқыны мен оқу еңбегі дағдыларының дамуын жеделдетеді. Психологияда мотивтер дегені- міз – қажеттен туындаған іс - әрекеттің себептері.
В.И. Андреевтың “Педагогикалық технология” туралы анықтамасында:
“Педагогикалық технология соның ішінде оқытудың технологиясы бұл жоба -лау, оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық заңдылықтарын, мақсаты мен прин циптері, мазмұны, формасы, әдісі мен құралдарын тәжірибеде қолдану, оның
тиімділігінің жоғары деңгейіне кепілдік беретін, соның ішінде келешекте оны
шығаруға, тираждауға ықпал ететін жүйе”
Педагогикалық технологияны төмендегі көрсеткіштер арқылы анықтауға
болады:
1.Мақсаттылық (анықтылық, нақтылық мақсатты дидактикалық жүйеге асыры-луы);
2. Тұжырымдылық (терең мазмұнды педагогикалық теорияға негіздеу);
3. Жүйелілік (оқытудың мақсаты, мазмұны, формасы, әдісі жағдайын жобалау және бүтіндей жүйеде қолдану);
4. Диагностикалық (оқушының оқу іс - әрекеті нәтижесінің алғашқы аралық және қорытынды бағасын сандық емес, терең сапалы диагностикалық мінезде-месі);
5. Оқыту сапасының кепілдігі (оқу материалын қабылдау коэфициенті)
6. Жаңалығы (педагогика, психология, дидактиканың жетістіктерін, қазіргі за-манның идеяларын, бейне құралдарды, компьютерлік техниканы қолдану т.б.).
Педагогикалық технологияларды енгізуде мұғалім іс - әрекетінің маңызы
зор. “Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып оқу – тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі”
“Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу
процесін ұйымдастыру және жүргізу. Бірлескен педагогикалық әрекетті жоба –лаудың жан – жақты ойластырылған үлгісі” – дейді ғалым В.М. Монахов.
Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, педагогика –
лық технологияны дұрыс жобалау үшін зерттеу, ұйымдастыру іс – шараларын жүргізу керек:
1. Мектепте оқушыға қолайлы микроклимат туғызу;
2. Мектеп ортасында оқушының жеке тұлғасының даму деңгейін жүйелі зерт-теу мақсатында психологиялық іс - әрекет ұйымдастыру;
3. Оқушының жеке тұлғасына бағытталған инновациялық технологияны енгізу.
Қабілеттілік – оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Әрбір іс - әрекет
адамға психикалық, физикалық жағынан да қатаң талап қояды. Жалпы қабілетті лікті бір ғана қасиетке апарып телуге болмайды, ол – адам бойындағы жақсы қасиеттер, яғни жиынтығы. Күнделікті тұрмыста қабілетті деген ұғымда біз та-лантты, дарынды деген сөздермен шатастырып жатамыз. Бұл дұрыс емес.
Қабілеттің дамуы үшін оқушы бойында міндетті түрде талаптың болуы ша-
рт. Талап, құлшыныс болмаған жерде қабілет те дами алмайды. Талап әдетте көру және есту анализаторларынан, сондай – ақ жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттерінен құралады. Бірінші және екінші сигнал жүйелерінің арақатынасы мен даму деңгейін де талапқа жатқызуға болады. Адам қабілетінің әрі қилы бо-луын ұлы физиологтар сигнал жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсінді -реді. Әдетте, ол адамда әр түрлі болып келеді. Мұны оқу үрдісінде көріп бай –қауға болады. Кейбір оқушының ойлау жүйесі мен зерделеу деңгейінің өзге тұр ғыластарынан жоғарырақ тұр