Желшешек
Желшешек – баланың терісіне, шырышты қабаттарында көпіршік тәріздес лимфаға толы бөртпе шығып, кейіннен бұл бөртпелер кеуіп, орнына ққабықшалардың қалуымен сипатталатын инфекциялық ауру.
Қоздырғышы- фильтрленуші вирус. сыртқы артада тұрақсыз.
Эпидемиологиясы:
Ауру көзі-ауру адам.
Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей жолы.
Төзімділік (сезімталдық-6 ай-12 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.
Иммунитет-тұрақты,
Маусымдылық- қыс-көктем.
Клиникалық белгілері:
Жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Бастапқы кезеңі көбінесе байқалмайөтеді.
Бөртпе шығу кезеңі: Баланың дене қызуының көтерілуімен қатар, бетінде, денесінде, басында, аяқ-қолында, шырышты қабықтарында желшешектің бөртпелері пайда болады: бастапқыда бөртпе терінің үстінде көтерілген қызыл дақ болып шығады, біраздан кейін дақтардың ішінде лимфа жиналып көпіршік пайда болады, 1-2 күннен кейін көпіршік қүрғап қабыршақтанып қалады.. Бөртпенің шығуына байланысты денесі қышып ауру мазасызданады.
Аурудың өрістеу кезеңі: Желшешектің бөртпесі полиморфизммен сипатталады.: терінің бір жерінде қызыл дақтарды, көпіршіктерді және қабыршшықтарды көруге болады.. Өрістеу кезеңі 5 күнге дейін созылады, содан кейін бөртпенің шығуы тоқталып, 1-2 аптаның ішінде денесі қабыршықтан тазаланады.
Асқынулары: стоматит, ларингит, менингит, энцефалит, пневмония, терінің іріңді жарасы.
Емделуі және күтімі:
1 Бала үйде емделеді, жалпы жағдайына байланысты төсек режимін сақтағаны жөн.
2. Диета- жасына сай, жылы, жұмсақ.
3. Жеке бас гигиенасы-тырнақтарын алып тастау керек.
4.Көпіршіктерді әбден құрғағанша 1-2 процентті бриллиант жасылымен немесе 2 процентті перманганаттың ерітіндісімен өңдеу.
5. Симптомдық ем.
6. Ауру асқынып қабыну процесстері дамыса-антибактериальды ем.
Профилактикасы: әдеіленген алдын-алуы жоқ.
Ошақтағы шаралар:
1.Ауруды оңашалау-5 күн, бөртпе шығуы тоқталғанша.
2.СЭС-ке №58 форма бойынша хабар беру.
3. Ауру баламен қарым-қатынаста болған балаларға 21 күнге карантин тағайындау., бөлмесінің тесіктерін екі жақтан желімдеп жабу.
4. Бөлмені жиі желдетіп, сүртіп тұру.
5.Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.