Лингвистикалық география XIX ғасырдың екінші жартысында диалектологиялық материалдары мен тұжырымдары топтала, жіктеле түскен Европа тілдерін зерттеуден басталды. Оның алғашқы үлгілерінің өзі тілді зерттеуде бұл әдістің келешегінен үміт күтуге болатынын танытты. Лингвистикалық географияның фактілері диалектологияның тоқырап жатқан көптеген мәселелерін қайта қарауға, диалект, говорлардың мәні мен өзара қаррым-қатысын жаңаша түсінуге бағыт сілтеді.
Лингвистикалық географияның қалыптасуына екі жағдай, яғни индоевропа тілдеріне байланысты жаңа көзқарастың тууына және диалектілерді зертеуде жаңа әдісті қолдануға мүмкіндік жасады.
XIX ғасырдың екінші жартысында жас грамматистік көзқарас бойынша диалект өз бастауын шекарасы айқын болған тұтас тайпалық тілден алады. Бірақ говорларды мұқият зерттеп, жиналған материалдарын картаға түсіріп қарағанда, кейбір диалектілік ерекшеліктердің өзара жақындасуы керек екендігі айқындалды. Бұл бұрынғы қалыптасқан диалектілер туралы концепцияны өзгертіп, лингвистикалық география деп аталған жаңа ғылыми ағымның тууына себеп болды. Оның ғылыми мазмұн, мәні диалектологиялық атлас негізінде диалектілерді зерттеуден көрінді.
2.Лингвистикалық география жасау ісі.
Лингвистикалық атлас жасау ісі 1876 жылдан қолға алынса да, «Неміс лигвистикалық атласы» атты үлкен еңбектің толық басылымы 1926 -1932 жылдар арасында ғана (алты томы) жарық көрді.
3.Неміс лингвистикалық атласы. Жаңа ағымның туып дамуына неміс және француз линвогеографтары үлкен үлес қосты. Бұл жаңа ағымды бастаушы неміс мұғалімі Георг Венкер болды.1876 жылы Венкер Рейн облысының мұғалімдеріне алғашқы сұраулықты таратады. Ол сұраулық неміс тілінің фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін белгілей алатын 300 сөзден құралған 40 қысқа фразадан тұратын еді. Сұраулық бойынша берілген жауаптарды жинақтай келіп,Венкер 1877 жылы «Рейн диалектісі» атты кітапша шығарады. Оны дамыта келіп, бір жылдан соң «Рейн провинциясы Мозоль өзені солтүстігінің диалектологиялық атласы» атты еңбегін дайындады.Мұнан кейін зерттеу обьектілерін кеңейте келіп, 1881 жылы ол «Солтүстік және Орталық Германияның диалектологиялық атласы» атты еңбегін алғаш рет бастырды