«Натуралистшіл» немесе «позитивтік» деп олар физика методтарын әлеуметтік ғылымдарға қолдануға оң көзімен қарайтын сол мектептерді атайтын боламыз; «қарсы натуралистік» немесе «негативтік»-бұлар сол методтар осында қолданылмайтын деп есептемейтін мектептер*1 Антинатуралистер өз тұрғынамаларын, теориялық әлеуметтік ғылымдарда табысты ғылымдардың, мысалы, эксперименталдық физиканың методтарын қолдану талпыныстары, қынжылу мен өкініштен басқа ештеңе әкелмейді деп дәлелдейді, олардың ойы бойынша мұның себебі әлеуметтік заңдардың тарихи өткіншілігі. Осыдан әлеуметтік ғылымдардың дағдарыс күйі шығарылады.
Әлеуметтік - ғылыми білімнің аналатикалық методына қарсы гуманитарлық опозиция, ал сонымен бірге тек ойлау формасы ретінде ғана емес, бірақ әлеуметтік институт ретіндегі тұтас ғылымды сынау ғылыми зерттеу методтары мен нәтижелерінің қоғамның анық немесе анық емес мақсаттарымен сәйкестігіне күмән келтіреді. Мысалы, ғылыми жаңалықтардың техникалық салдарлары, соғыс идеясын терістейтін рухани және табиғи салауатты қоғаммен толық сіңіре ала ма?
Сонымен бірге, синергетика және жаһандық эволюционизм көмегімен модельденген, білімдердің пәнаралық синтезіне негізделген, қазіргі әлемнің ғылыми суреттемесінде дүние туралы тұтас түсініктерді, бірегей процесс ретіндегі әлем суреттемесін қалпына келтіру туралы мәселе қойылып жатыр.
Бұл бағытта әлеуметтік-ғылыми білімнің де қозғалысын көруге болады. Солай Э.Гуссерль бойынша, «....біздің уақытымызда әржерде рухты түсінуге деген қызу мұқтаждық өзін көрсетіп тұр, және де табиғи ғылымдардың рух туралы ғылымдармен методикалық және нақтылы байланысының байланысының айқын еместігі қиналыс туғызады*2 К.Поппер Контпен (айтпақшы, ел қоғам туралы ғылымдарды белгілеу үшін «социология» сөзін енгізген), Миллмен және т.б. келісе отырып, метод бірлігі концепциясы және жалпылаушы ғылымдар (табиғи немесе әлеуметтік, маңызды емес) бірден-бір методты қолданады», ол «дидуктивтік себептілік түсіндірмелерін және оларды тексеруді (болжамдарды тексеру арқылы) ұсынады*3
Осыған дейін біз әлеуметтік – ғылыми және гуманитарлық білімді табиғаттанулық ғылыммен салыстырдық. Енді әлеуметтік және гуманитарлық танымдағы ортақтық пен ерекшелікті қарасытарайық, әлеуметтік ғылымдар мен гуманитарлық білімді ажыратуға бейім. Оппоненттердің дәлелдемелерін алдын ала келтірейік. Бұл аргументтердің ең байыптысына, білімнің екі түрінің де объектісі бір, сондықтан гуманитарлық және әлеуметтік-ғылыми суреттемелер тек бірін-бірі толықтырады деген жатады. Жалпы мұнымен келісе отырып, сонда да қазір эпистемологядағы танымның бұл типтері бөлінуінің кездейсоқ еместігін мойындайық. Басқа позиция батыстық дәстүрдегі Science мен humanitu қарама-қарсылығында, әлеуметтік-ғылыми білімді біріншісіне жатқыза отырып көрініс табады. Сондықтан да, мысалы, университет факультеттерінің атауында Social sciences and humanities деген кездеседі.
Әлеуметтік және гуманитарлық білімдердің ерекшелігі туралы пайымдай отырып, мынаны атап өтейік. Гуманитаристиканың пәні ерекше, қайталанбайтын, жиі тұлға ұғымымен, қашан ол (тұлға) ортадан бөлініп, таңдау жасауға қабілетті болатындықтан, онымен байланысты болып табылады. Бұл адамның ішкі дүниесінің, оның рухы өмірінің мәселелері. Бұл білімнің бір бөлігі, ғылымитаным пәнінің барлық критерийлері сай бола отырып, ғылым біліктілігіне енеді. Алайда, ол сезімталдық, интуиция, сенім (бұл жағдайда біз дни сенімді еске алып тұрғанымыз жоқ) ұғымдарымен, немесе мысалы, эзотериялық біліммен байланысты, басқа да бөлік бар. Сондықтан гуманитарлық білім ұғымы - гуманитарлық ғылымға қарағанда, кеңдеу, өйткені ол өзіне дәл мағынасында ғылыми білім болып табылмайтындарды да өзіне қосып ала алады. «Болмыс», «махаббат», «өмір», «өлім», «ақиқат», «әсемдік» сияқты ұғымдарға көңіл аудару көпмағыналықты ұйғарады, себебі осындай тектегі категорияларда жалғыз дұрыс мағынадағы анықтама жоқ және бола алмайды.
Әлеуметтік ғылым үшін бастысы - әлеуметтік өмірдегі тұрақтылық пен өзгерістерді анықтайтын, заңдылықтарды айқындау, терең жиі ретте индивидуалды сезілмейтін, адамдар іс-әрекетіне ықпалын тигізеді, бұл әрекеттің мотивациясы анық емес болатын, детерминациялаушы құрылымдарды талдау.
Бұл қөзқарастан, социология, мәдени антропология, саясаттану құқық, саяси экономия – гуманитарлық сала емес, әлеуметтік ғылымдар, ал филология, өнертану, тарих – гуманитарлық білімнің классикалық үлгілері (әйтсе де оларда бүгін де зерттеудің дәл методтары қолданылады). Егер бұл айтқанды ешкім бекерге шығармайтын болса, онда мәдениеттануға қатысты осындай тектегі пікірталастар кәсіби қоғамдастықта жиі болып тұрады. Оған тым болмаса екі себеп бар: біріншіден, ресейлік қоғамда оның шектері әлі айқын сызылмаған, білімнің жаңа саласы қалыптасып келеді; және екіншіден, бұл мәдениет ұғымының көпмағыналылығымен байланысты: сол немесе басқа түп негіздік тұғырды таңдау соған сәйкес зертеуші амалдарға мәжбүр етеді. Біздің пікірімізше мәдениеттану такапарлық ғылымдарға жатады және ода бұл екі қабатта бар.
Гуманитарлық білімнің ерекшелігі, алайда тек зерттеу пәнінен емес, мүмкін одан гөрі жетекші танымдық бағдардан шығарады.
Айталық, зерттеуші қайбір мәтінмен істес болып отыр. Тарихшы үшін берілген мәтін – дереккөз, ол тек оның артында белгілі бір тарихи шындық, оқиғалық дерек тұрғындықтан және ол оны түсіндіргендіктен ғана белгілі бір мүдделік тудырады. Бірақ дерекке берілгендік, парадокс заңы бойынша, егер тұтастықты сезіну жоқ болса немесе зерттеуші олардың жиынтығынан деректерді іріктеп алу критерийін таба алмаса онда он бұрмалауға әкеле алады. Дерек, егер байланыстары айқындалмаса және оны туындатқан мәдени өріс туралы түсінік болмаса, «өзіндік зат» болып шыға келеді.
Э.Дюркгейм енгізген әлеуметтік дерек ұғымы туралы атап өткенбіз.Ол оны былай анықтайды: «әлеуметтік дерек болып, орнықты немесе жоқ, индивидке сыртқы мәжбүрлеу жасауға қабілетті, кез келген іс-әрекет тәсілі табылады». «Әлеуметтік деректерге сенімдер, ұмтылыстар, коллективті алынған топтық дәстүрлері жатады...», «әлеуметтік дерек өзінің жеке-дара түрленулерінен ерекшеленеді*1 Танымның гуманитарлық типі үшін бұл деректің әлеуметтік – мәдени мағынасы жөнінде рефлексиялаудың негізгі ретіндегі мәтін маңызды, зерттеуші тарих өзі жөнінде не айтып тұрғанынан гөрі, оларды мәтінде жасыра отырып не туралы оның үндемей қалғанын, айқындауға тырысады. Қашан дерек соңғы ақиқат деңгейінде қабылданатын, ғылымның эмпирикалық деңгейі гуманитарий үшін жеткіліксіз. Нағыз ақаиқат немқұрайлы ақылға ашылмайды. Гуманитарлық және әлеуметтік бір-бірімен табиғат пен табиғаттану сияқты ара қатынаста болады. Оның үстіне олармен істес болатын мәтіндер де, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін әр түрлі.Мәтін ұғымы гуманитарлық дәстүрде кеңірек: тап осындай ретінде, әлеуметтік-мәдени мағынасы бар кез келген таңбалық – рәзімдік жүйе белгіленеді.
Гуманитарлық білім өз мәнісінде рефлективті, ал сондықтан принципиалды сұхбатшыл ғылым пәндеріндегі айырмашылық түрлі логикалық және зерттеуші құралдары талдаудың ойлық амалдарын керек қылады. Жеке алғанда, әлеуметтік ғылым эмпирикалық және рационалдық және методикалық түп негізде құрастырылуы тиіс (оны төмендететін ой спекуляциялары алынып тасталуы осыдан мүмкін). Оның үстіне, әлеуметтік ғылымның қазіргі күйі үшін, қашан олардың барлығы, өздерінің методикалық арсеналына тек қана аналитикалық амалдарды ғана емес, сонымен бірге модельдер, жобалар, аймақтық әлеуметтік-мәдени даму бағдарларын жасауды қосып ала отырып, барған сайын қолданбалы зерттеулер сипатына ала бастайтын, олардың жаңа сапаға сапаға ауысуы анық көрінетін бағдар бола бастайды.
Әрине, бізді қызықтаратын салалар өзара әсер етеді және бірін-бірі толықтыррады, бұл әбден табиғи нәрсе, мысалы, климатпен ладшафтың этнос ментальдығына немесе Нилдің тауысуына ықпалын тигізетін, бүкіләлемдік тартылыс заңының Ежелгі Египеттегі адамдар өмірінің әлеуметтік ырғақтарына тигізетін әсері де, сондай табиғи. Өз уақытында социологияның дербес пән болып бөлінуіне психологияның философиямен физиологиядан бөлініп шығуы алдын алды. Психикалық шындықты іздеуге түрткі болды және осылай ғылыми-методикалық прецедент қызыметін атқарды.
ХХ ғ. соңғы пәнаралық бағыттардың, білімдер тоғысында түрлі типтегі жаңа ғылымдардың пайда болуымен көрініс тапты. Әйтсе де, қалай Э.Трельч байқағандай, «табиғат туралы ғылымдарды рух туралыларына қарама-қарсы қою-мағынасыздық», сонда да.... бұл бөлігінен құрылымдары қалпына келтіру тым қиын*2
1. Дюркгейм Э. Социология.М., 1965. С. 39,35,34
2. Трельч Э. Историзм и его проблемы М., 1996 с. 556
Қорытынды шығарайық: білім беру болашағы туралы болжауларда табиғи-ғылыми методикалық дәстүр мен танымның гуманитарлық тәсілдерінің арасындағы толықтырмалық принципіне сүйену қажет, өйткені олар танымдық әрекеттердің көп аумағын қамтуға мүмкіндік береді. Тек осы жағдайда білім берудің қазіргі мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
2. Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттанудың қандай
ерекшеліктері бар?
Мәдениеттану - әлеуметтік – ғылыми және гуманитарлық білімдердің тоғысында қалыптасып келе жатқан, ғылымның салыстырмалы жас саласын. «Мәдениеттану» терминінің пайда болуы американ антропологі Л.Уайттың (1900-1975) еңбектерінен бастау алады. Ол мәдениеттануды, антрпологиядан бөлініп шыққан, қоғадық ғылымдар кешеніндегі дербес ғылым ретінде бөліп қарастырады. Алайда батыстық ғылыми қоғамдастық пен бұл термин қабылдайды, бүгінде де одан қалыптасқан, білімдердің құрылымдандырылған жүйесі мен анық айқындалған пәндік шектері бар ғылыми пән жоқ . Мәдениет феномен ретінде батыстық мамандар тарапынан (мәселе әрелге байланысты әр түрлі қойылып отырады), эмпирикалық материалға сүйенетін, әлеуметтік және мәдени антропология сияқты, оған қоса социология, құрылымдық лингвистика, семиотика, психология сияқты пәндер шеңберінде қарастырылады және зерттеледі.
Ресейде қазіргі мәдениеттанулық білімнің құрылымы мен түрлі бағыттарының қалыптасуы, бұл процесті ғылым дамуының кәдуілгі динамикасынан мәнді мәдениеттанулық білімнің құралы мен түрлі бағыттарының қалыпьасуы, бұл процесті ғылым дамуының кәдуілгі динамикасынан мәнді ерекшелейтін, өзінше айырмашылыққа ие. Әдетте, білім беру жүйесіне оқу материалы материалы ретінде, ол ғылымда тұрақтанған, мойындалған, шұғыл пікірталас тудырмайтын, білім түседі. 60-80 жылдада қалыптасқан, сол уақытта мамандардың шағын тобының пәні болған, қазіргі отандық мәдениеттану жылдам даму импульспен, идеологиялық парадигма өзгергенде пайда болған, бос кеңістікті толтыру міндетінен туындаған білім беру жүйесінен алады. Осыдан принципиалдыидеологиялық емес пән ретінде мәдениеттанудық қасиеттарге кейде бара отырып, қазіргі қоғамтанулық пәндер қатарына шұғыл енуі, оның талдау өрісінің кеңеюі, өзіне басқа салалардағыбілімдерді тартуы, сол мезгілде ғылымның басқа салаларына жататындар арылу.
Мәдениеттанудың объектісі мен пәнін анықтау мәдениет ұғымының маңайына жинақталатыны, түсінікті. Біз, алайда, біз сілтемемен шектеле алмаймыз, себебі мәдениет ұғымы өзінің көпмағаналылығы және күрделілігі бойынша кәдуілгі қолданулардан жаһандық кең мәтінге дейінгі аралықта («қылық мәдениетінен» «әлемдік мәдениетке дейін») мүлдем бөлек мазмұнда айқындалады.
Бұл ұғым өзінің қалыптастаруында біршама ұзақ жолдан өтті.
3 «Мәдениет» ұғымы қалыптасуының тарихы мен қисындылығы қандай?
Бұл ұғымның дамуындағы тарихи және логикалық негізгі кезеңдерді анықтап көрейік. Европалық дәстүрде бұл ұғым латын тілінің cultura- өңдеу, өсіру сөздерінен бастау алады. Жер өңдеу дәуірінде пайда болып, cultura сөзі адамның табиғатты көркейтуге қатысу мөлшерін білдіреді. Ұзақ уақыт бойы бұл ұғым адамның табиғатқа тигізетін ықпалын оның күштерін игерудегі адамның жеткен нәтижелерін анықтау үшін қолданады.
XVII ғ. соңында неміс ғалымы Пуффендорфтың (1684 ж) еңбектерінде жалпыланған түрінде мәдениет адамның бүкіл жасағаны ретінде (ода және қоршаған ортада табиғатты есептемегенде) қарастырылады. «Мәдениет»-бұл контрмәдениет деген көзқарас қалыптасады. Пуффендорф «мәдениет терминіне, ол өзінің міндеті бойынша өзінің маңыздылығы бойынша адамды жоғарылататын, өз әрекетінің нәтижесі болатын, оның ішкі және сыртқы табиғатын толықтыратын, феномен болып табылады деп, құндылық реңін береді.
Бірақ әрбір, ғылыми зерттеуге лайық және соны талап ететін, әлеуметтік өмірдің дербес құбылысы ретінде мәдениет XVIIІ ғ. екінші бөлігінде ағартушылық дәуіріндепайымдалды және қарастырылды. Ағартушылар (мысалы, Жан-Жак Руссо) мәдениетті ол табиғи ортаға табиғи. Табиғатқа қарсы тұратын, бірдеме ретінде, құрылыс ретінде бөліп көрсетті. Руссо мәдениетті адамды табиғаттан алыстатып әлдеңе түрінде түсіндіреді. Сондықтан Руссода мәдениеттің функциясы да –қиратушылық. Оның пікірі бойынша мәдени халықтар «бұзылғандар», «таза» арханкалық халықтармен салыстырғанда «әдепсіздер» болып табылады.
Неміс ағартушылары дәл сол уақытта, керісінше мәдениеттіғ «жасампаз», прогрессивтік сипатын атап өтті. Олар бойынша, мәдениет - бұл әсіресе сезімталдық және жануарлық күйден қоғамдық құрылысқа аысу Оның пайда болуымен адамзаттың ортақ сүрудің тобырлық қалпынан қоғамдасстыққа бақылайға көнбейтіннен ұйымдасқан реттілікке, соқыр сеніммен бағалаушы рефлекциялыққа трансформациясы жүзеге аса бастайды.
Бұл ұғымның маңызды сатысына неміс ағартушысы Иоганн Готфрид Гердердің (1744-1803) идеялары жатады ол мәдениетті адам жетілуінің сатысы және ең алдымен ғылым мен ағарту ісі дамуының сатысы ретінде түсіндіреді. Оның түсіндірмесіндегі мәдениет
Немістің басқа ойшылы Бильгельм дон Гумбольдт (1769-1859) мәдениет адамның табиғатта, ғылым мен қол өнердің көмегімен жүзеге асатын, үстемдігі болып табылады деді. Гердердің концепциясында мәдениет мәнісінде әлеуметтік прогрестің мазмұны, сипаты ретінде қарастырылады.
Неміс философы Имманиуил Канч (1724-1804) мәдениеттің мазмұнын зерттеудің жетілгендігімен басйланыстырады, сондықтан ол үшін әлеуметтік прогрессте – зерденің жетілгендігі түріндегі мәдениеттің дамуы. Басқа неміс ойшылы Иоганн Гочлиб Фихче (1762-1814) мәдениетті рухани сипаттамалармен байланысты рады: ол үшін мәдениет – бұл рухтың тәуелсіздігі және еркіндігі.
Сонымен, келтірген тұғырнамаларда мәдениет қоғамдық өмірдің рухани құрастырылуының құндылық аспектісі ретінде сипатталады.
ХІХ ғ. аяғында, қоғамдық өмірінің прогрессивті динамикасы туралы ағартушынық идеяларды жалғастыра отырып, тарихты материалистік түсіндіруге негізделе келе, неміс экономисі мен философы Карл Маркс (1818-1883), мәдениеттің түпкі негізі сапасында материалдық өндірісті ұсынады,бұл мәдениетті оның материалды және рухани жақтарына бөлуге әкелді және бірінші басым деп есептелді. К.Маркс мәдениеттің мазмұндық шектерін, оларға тек қана рухани емес, сонымен бір материалдық құрылымдарды енгізе отырып кеңейтті. Алайда, Маркстың жетістігі, оның мәдениеттіңәлеуметтік өмірдің барлық салаларымен байланысын негіздеуде, мәдениетті бүкіл әлеуметтік өндірісте, барлық әлеуметтік көріністерде көрсетуінде тұр. Оның үстіне, ол мәдениетте адамзат тарихын бірегей тұтас процесс етіп байланыстыратын функционалдық қабілеттілікті көре білді.
Мәдениет анықтамасының бірінші талпынысын ағылшын этнографы Эдуард Бернард Тайлор (1832-1917), эволюционистік мектебінің негізін қалаушы, жасады, ол мәдениетті, «білімдерден, сенімдерден, өнерден, әдептен, дәстүрлерден және қоғам мүшесі ретінде адам игерген, қайсыбір басқа да қабілеттер мен әдеттерден*1 құрастырылатын күрделі тұтастық деп түсіндіреді. Оның жетістігіне ол өмірлік қоғамдық көріністердің зор аумағын қамтитын, мәдениеттің кең ауқымды түсінігін бергендігі жатады.
Тайлар түсінігіндегі мәдениет жүйе болып байланыспаған, түрлі текті элементтердің қарапайым санағы болып шығады. Оның үстіне, ол мәдениетке адамзат тегінің жалпы жетілуі түрінде қарауға болады деп тұжырымдады. Міне осы идея және Ч.Дарвин идеяларын қоғамдық дамуға ауыстыру талпынысы эволюционизмнің негізін қалады.
Э.Б.Тайлердың мәдениетті анықтауға апаратын әдістемесінде тағы бір сонылық бар. Ол мәдениет және өркениет (лат. civilis- азаматтық, мемлекеттік) ұғымдарының ара қатынасын зерттеу. өркениет кейде мәдениеттің даму деңгейі, сатысы сапасында көрінеді. Тайлар мәдениет пен өркениет арасында мәнді айырмашылық жүргізбейді, кең этнографиялық мағынада ол үшін мәдениет пен өркениет-теңдес ұғымдар. Бұл ағылшын антропологиясы үшін сипатты. Алайда немістік (О.Шпенгляр, А.Вебер, Ф.Теннис) және орыстық (Н.А.Бердяев) дәстүрлерде өркениет пен мәдениет қарама – қарсы қойылады. Мәдениет, оған руханилық пен еркін шығармашылық тән, қоғамның «органикалық» күйі ретінде түсініледі. Мәдениет саласында дін, өнер, әдеп жатады. Тәсілдер мен құралдарды пайдаланатын, өркениет құрамында руханилыққа ие емес, ол рационалды, технологиялық. О.Шпинглер бойынша бұл мәдениеттің «өлі уақыты».
Мәдениетті әлде бір жүйе ретінде түсіндіруде алғашқылардың бірі болып ағылшын социолыгі Герберт Спенсер (1820-1903) жақындады, ол
1 Тайлар Э.Б. Первобытная культура. М., 1989 с.18
қоғам мен мәдениетті оларда өзінің мүшелері мен тән бөліктері бар, организм ретінде қарастырады. Бұл жерде мәдениеттік организмнің физологиялық табиғатымен теңдестіру емес, ал өздерінің функциалары бар, әлеуметтің түрлі бөліктерінің бірлікте (жүйеде) болатындығы, мәнді.
Мәдениетті бірегей организм ретінде қарастыра отырып, немістің мәдениет тарихшысы Освальд Шпенглер (1880-1936), әрбір мәдени организмнің тұрақты емес, ал динамикалық екендігін, өзінің «Еуропаның батуы» еңбегінде көрсетіп, тағы бір қадам алға барады. Бірақ бұл динамика белгілі бір циклдің шектерінде қайталанады: кез келген биологиялық организмдегі сияқты туу, гүлдену, бөлу. Осындай организмнің мәдени мәнін Шпенглердің сол немесе басқа да халық жанының ішкі түзілімінде көруі, ерекше маңызды.
Ағылшын антрополоктары Альфред Реджинальд Рэклифф – Браунның ( 1881-1955) және Бронислав Малиновскийдің ( 1884-1942) есімдерімен мәдениетті ғылыми түсіндірудің келесі кезеңі байланысты. Олар алғашқылардың бірі болып мәдениет табиғатында, оның әрекетшіл мәнін бөліп көрсетті. Рэдолифф-Браун, мәдениетті әрекетшіл тірі оргаизм ретінде түсіне отырып, бұл организмнің құрылымын зерттеу өзіне құрылымдық элементтердің біріне бірі және тұтас организмге қатысты функцияларын зерттеуді енгізеді деп пайымдады. Малиновский мәдениетті оның әрекет етіун тікелей динамикалық мұқтаждықтарды өтеумен байланыстырады.
ХХ ғ. 50-і жылдарында мәдениет қоғамының тұтастығымен өмір сүруін қамтамасыз етіп отыратын қоғамдық өмірдің мазмұны деген аңғарлыда. Сондықтан әрбір қоғамда, оны қайта өндірумен өміршеңдігін қамтамасыз ететін, өзіндік мәдениет бар. Осының қуатымен мәдениеттерді «жаман-жақсы», «дамыған-дамымаған» принципі бойынша бағалауға болмайды. Осылай мәдени релятивизм (М.Херсковиц) теориясы қалыптасты, оның шеңберінде, «адам-әлем» қатынасып анықтайтын құндылықтар жүйесі мәдениеттің негізінде жатыр деген, түсінік орнықты.
Мәдениет туралы түсініктер, оған қызығушылық танытқан Австриялық психоаналитик Зигмунд Фрейд (1856-1936) тарапынан біршама кеңейтілді, ол мәдениетті фсихикалық стериотиптермен байланыстырды. Атап айтқанда психологиялық антропология шектерінде тұлғаның мәдениетке ену процесі жүзеге асады.
Мәдениет ұғымының тереңдеуіндегі келесі кезең ол әрі ғылыми бағыт түрінде, әрі мәдениет феномендерін зерттеудің әдістемесі ретінде өрістеген, структурализм идеяларымен байланысты.
Тұжырымдай келе, «мәдениет» ұғымының тарихпен логикада қалыптасуының негізгі үрдістерін қысқаша белгілеп өтейік:
- терминнің пайда болуы, оның жерді (яғни, табиғатты) өңдеумен, көркейтумен бастапқы байланысы;
- табиғилық (стихиялық) – мәдени (адаммен жасалған) оппозициясы: ағартушысы Ж.Ж.Руссо;
- қоғамдық өмірінің рухани жағы, оның құндылық аспектісі: неміс ағартушылары
- материалды және рухани мәдениетке бөлу, материалдық өндірістің басымдылығы мәдениет тарихын біртұтас процесс ретінде түсіну: марксизм;
- жүйе болып байланыспаған, түрлі реттегі элементтерді санап шығу жолымен мәдениетке бірілген бірінші ғылыми анықтама: Э.Б.Тайлор;
- мәдениет және өркениет ұғымдарының арақатынасы;
- өз функцияларын атқара отырып, оның барлық бөліктері біртұтас динамикалық жүйеде болатын,мәдениетпен тірі организм арасындағы аналогия;
- мәдениеттің құрылымдық элементерінің функцияларын өзара қатынаста айқындау: функционализм;
- олардың төлтумалылығынан шығатын мәдениеттердің құндылық ұстанымдарының салыстырмалылығы;
- тұлғаны ( оның санасы және бейсаналылығымен, рационалды және иррационалды қабаттарымен) мәдениетке енгізу: психологиялық антропология, психоанализ;
- құрылымдық лингвистика методтарын әлеуметтік – мәдени шындықтың әртүрлі салаларына тарату, мәдениет құрылым білдіретін, рәміздер жүйесін қайта құру: структурализм.
Сонымен, романтикалық, субъективтік реңктегі, әбден шкектеулі, мәдениеттің тар түсінігінен қоғамдық ой, бұл танымда жалпы қабылданған ғылыми методтарды қолдана отырып және нәтижелерді бағалауда логикалық, қайшылықсыздың, тәжірибеде тексеру мүмкіндігі сияқты ғылымилықтың қазіргі критерийлерін басшылыққа ала отырып, адамзат жасаған «екінші табиғат» әлемін тұтас тану аймағына ауысты.
Оның үстіне, қазіргі уақытта, ол тек арнаулы мәдени зертеулерде ғана емес, сонымен бірге білімнің басқа да салаларында ( осы туралы техникалық мәдениетте толық айтамыз) қолданылатын, талдаудың арнаулы мәдениеттанулық методы қалыптасты.
Айтылған мәдениет туралы романтикалық түсініктер қоғамдық санадан мүлдем кетті дегенді білдірмейді: күнделікті өмірде олар, әрине, басымдылық танытады ( мысалы, мәдениетті адам театрға баруы керек, кітап оқуы қажет сияқты түсініктер), мәдениеттің тар түсінігі БАҚ- та кең таралған (мысалы, теледидарда диктор былай дейді: «Енді мәдениет пен спорт жаңалықтарына көшеміз») Техникалық интелигенция өкілі бөлек ғылым бар, бөлек мәдениет бар дегенде, тар ауқымды ойлайды.
Талдаудың өзіндік мәдениеттанулық методына келсек, онда оның әлі қалыптасып келе жатқанын атап өткен жөн, бұл метод интегративтік білім ерекшелігіне сүенетіндіктен, шекаралық, пәнаралық аймақтарда қалыптасып, мәдениет тарихы, этнография, социология, психология және т.б. жинақтаған материалмен істес болатындықтан, оны мәдениетті зерттеудің тарихи, өнертанулық, филологиялық, т.т. аспектілермен шатастырмау қажет. Әлеуметтік – ғылыми және гуманитарлық ізденіс өрістерінде тұратын мәдениеттану өз объектісі сапасында жасанды реттіліктердің бүкіл әлеміне (заттар мәденилендірілген аймақтар, тарихи оқиғалар, әрекет технологиясы, әлеуметтік ұйымдасу формалары, білімдер, ұғымдар, рәміздер, т.т.) ие, ал арнаулы пән сапасында мәдениеттіңпайда болуы мен морфологиясын, оның құрылымын, мәнділіктері мен мағаналарын, типологиясын, динамикасын және тілін зерттейді.
3. Мәдениеттанудың пәнімен методтары
Мәдениеттанудың пәндік аймағы мәдениеттанулық таным мақсаттарына сай анықтала алады. Бұл жағдайда мәдениеттанудың теориялық фундаменталдық және қолданбалы болып бөлінуі орын алады. Түпнегізділік ( териялық) мәдениеттанудың мақсатына мәдениет феноменін теориялық тану, оның категриялық құралын және зерттеу методтарын жасап шығару жатады. Теориялық білімге сүйенетін, қолданбалы мәдениеттану өз мақсаты ретінде, қоғамдық тәжірибеде орын алатын, өзекті мәдени процестерді болжау, жобалау және реттеуді қояды, ол мәдени саясаттың негізгі бағыттарын, мәдениинституттар торабының әрекетіндегі мақсаттармен методтарды, әлеуметтік – мәдени өзара әрекетінің міндеттері мен технологиясын, мәдени мұраны қорғау мен пайдалану мәселелерін зерттейді.
Сонымен мәдениеттану пәнінің негізгі қырлары мыналар:
- Мәдениет оптологиясы: оны анықтаудың және таным жақтарының көп түрлілігі;
- Мәдениет гносологиясы: мәдениеттанулық білімінің негізі және оның ғылымдар жүесіндегі орны, ішкі құрылым және методология;
- Мәдениет морфологиясы: әлеуметтік ұйымдасу формаларының жүесі ретіндегі оның функционалдық құрылымының негізгі көрсеткіштері, әлеуметтік тәжірибені реттеу және коммуникациялар, оны тану, кумуляция жасау және тарату;
- Мәдени семантика; рәміздер, таңбалар, мәдениет мәтіндері және тілдері, бейнелер, мәдени коммуницирациялау тетіктері туралы түсініктер;
- Мәдениет антропологиясы: мәдениеттің тұлғалық көрсетткіштері туралы, мәдениетті «жасаушы» және «тұтынушы» адам туралы түсініктер;
- Мәдениет социологиясы: мәдениеттің әлеуметтік страттануы және дифференциясы туралы, «ойын ережелері» жүйесі ретіндегі мәдениет туралы түсініктер;
- Мәдениеттің әлеуметтік динамикасы: әлеуметтік – мәдени процестердің негізгі типтері, мәдени феномендер мен жүйелердің генезисі мен өзгермелілігі туралы түсініктер;
- Мәдениеттің тарихи динамикасы: мәдени- әлеуметтік ұйымдасу формаларының эволюциясы туралы түсінік;
- Мәдениеттанудың қолайлы аспектілері: мәдени саясат, мәдени институттардың функциялары туралы түсінік1.
Ғылымда, олар кез келген мәдени феноменді талдауға келетін, танымның ерекше мәдениеттанулық методтары қалыптасып келеді.Олардың көпшілігі мәдениеттанудың түп негізін құрастыратын, басқа ғылымдар аумағында қалыптасқан, сол методтар танымдық тәсілдердің, әдістердің, амалдардың кешенді көрінісі болып табылады. Алайда олар, мәдениеттанулық зерттеудің мәдениетіне сай өзгеріске түсіп, таңдамалы пайдаланылады. Методтарды іріктеп алу қалай зерттеудің мақсаттарымен міндеттері бойынша болса, солай зерттеушінің жеке мүдделілігі, оның қызығушылығы, белгілі бір мектепке жататындығы бойынша жүргізіледі.
Егер мәдениеттанулық методтардың қалыптасу тарихын зерделесек, онда оның бастапқы деңгейі – эмперикалық уақытында гуманитарлық мәдениеттану шеңберінде нақтылы деректерді жинақтаумен, жіктеумен және суреттеумен ғылымдардың айналысқанын көреміз. Осында дәстүрлі далалық антропологиялық методтардың – суреттеу, жіктеу, іштей бақылау, интервью және салыстырмалы- тарихит методтардың пайдаланғанын аңғару қиын емес. Гуманитарлық мәдениеттану өзіне, миллиондаған адамдардың мәдени тәжірибесі жинақталған, ғылымнан тыс бөлімнің үлкен қабаттарын енгізеді. Бұлар - дәстүрлер, мінездер, қылықтар, салттар, мифтер, утопиптер және т.б. Даналық антропологиялық методтарды қолданатыне, зерттеушінің басты міндеті – зерттеліп жатқан мәдениетті, оның құбылыстары мен құндылықтарының ішкі мағынасын түсіну.
Келесі деңгейді қатар қою, компаративтік, яғни салыстырмалық, талдау нысанына суреттелген мәдениеттер, жалпылық пен ерекшелікті айқындау шығады. Компаративтік талдау да тек мәдениеттанудың үлесіне жатпайды, ол ғылыми білімнің басқа салаларында да қолданылады. Бірақ мәдениеттанушы үшін бұл методтың құндылығы оның көмегімен мәдениеттің мәнді белгілерін, оның қайталанбас сипатын анықтау мүмкіндігінде тұр. Сонымен бірге салыстырмалы талдау олар құрылымдық- функционалдық, факторлық; компоненттік талдау, модельдеу және т.б. сияқты методтармен зерттелетін, мәдени процестің жалпы заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Мәдениеттану, күдіксіз адамдардың мәдени өмір сүруінің әр түрлі формаларын байланыстыратын, сол жалпыны тануға мүдделі.
Гуманитарлық бағытталған зерттеулерде мәдениет қайталанбас феномендердің кешенді бірлігі ретінде қалыптастырылады. әлеуметтік бағытталғандарда көбірек шамада сол немесе басқа мәдениеттің дағдарысы, оның ыдырауы және жойылуы, жаңа мәдениеттің қалыптасуы, мәдени институттар трансформациясының түрлі процестері зерттелді. Алайда «таза» гуманитарлық немесе әлеуметтік методтарды бөліп көрсету қиын. Ереже ретінде мәдениеттанумен оларды үйлестіру қажет. Мысалы, ол мәдениет динамиканы себептейтін экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өзгерісін қадағалайды және суреттейді, яғни, экономикалық және әлеуметтік ғылымдарға көңілін бұрады. Жаңа таңбалық жүйелер мен тілдерді талдай отырып, ол семпотика мен тілтануға бұрылады. Психология мен педагогиканың деректеріне сүйене отырып, сол немесе басқа мәдениет өкілдерінің санасын билейтін, жаңа идеялар мен түсініктерді анықтайды.