Тәрбие сағаты 4сынып
Сабақ
тақырыбы
Астана EXPO – 2017: болашаққа қадам
Жалпы
мақсаты
Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Күтілетін нәтиже
Шығармашылық қабілеттері нығайып, тарихи зерделілік қасиеттері дамиды.
Негізгі идеялар
Патриоттық сезімдерін нығайтуға,ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге тәрбиеленеді.
Сабақтың ресурстары
Интерактивті тақта, А 4,постермен жұмыс, стикер.
Тапсырмалар
1. Ребус тақырыпты ашу
2.Ой қозғау (постермен жұмыс.)
3. Сен білесің бе? әр топқа бес сұрақ қойылады
4. ЭКСПО ға саяхат (Шығармашылық кезең,3 минут уақыт беріледі)
5.Галерея
6.Видео ЭКСПО 2017
7. Импровизация
8.Кері байланыс
Сабақтың көрнекілігі
Ребус, EXPO суреттері, видео,әр түрлі көлік макеттері,ЭКСПО символдары.
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Үш тілде амандасады.Оқу құралдарының дайындығын тексереді.Балалардың назарын сабаққа аударады.
Алақан әдісі бойынша сергіту сәтін жасайды
Бүгінгі сабақты өздерінің
жақсы қасиеттері сияқты,жақсы өткізулерін тілейді.
Оқушылар оқу құралдарын дайындайды.Назарларын сабаққа аударады
Оқушылар берілген алақан бейнесіне өз бойларындағы бір жақсы қасиетті жазып,бір-бірлеріне ұсынады
Кіріспе бөлім
-Балалар,бүгінгі сабағымызды бастау үшін біздер түстер арқылы топтасып алайық.Өздеріңіз көргендей,алдарыңызда қызғылт,жасыл,көк түстер бойынша топтаса қойыңыздар.( партада үш топтың аты жазулы тұрады).
-Оқушылар, сіздердің топтарыңыз не себепті бұндай атау алды?
Оқушылар 3топқа бөлініп отырады.
Сәуле, Қуат,Мөлдір,
Оқушыларға ребус және есеп таратылады.
Әр топ өз ребусының шешуін тақтаға іледі (тақырыпты ашу).
1000+1000+10+7
Негізгі бөлім
Ой қозғау (постермен жұмыс)
- Балалар, заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді деп,Елбасымыз айтқандай бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Астана EXPO – 2017: болашаққа қадам!
Бүгінгі сабағымызда білімдерің мен қажырлы еңбектеріңді көрсетуге ат салысыңыздар!
Жаңа сабақ
Сен білесің бе?
І-топ
1.Ең алғашқы ЭКСПО қай жылы,қай жерде өтті?
2. Америка Құрама штаттарында көрме неше рет болды?
3.ХКБ-(халықаралық көрмелер бюросы) штаб пәтері қай қалада орналасқан?
4. Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының І- құндылығын ата?
5. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының ІІІ-құндылығын ата?-
-Керемет!
ІІ-топ
1.Бүгінгі күнге дейін қанша көрме өтті?
2.ІІІ-Александр көпірі қай қалада орналасқан?
3. ЭКСПО ға қатысу туралы шешімді кімдер қабылдайды?
4. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының ІІ-құдылығын ата?
5. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының ІҮ-құдылығын ата?
-Молодцы!
ІІІ-топ
1.Қазақстанда ЭКСПО қай уақытта болады?
2.ЭКСПО ға қазақстаннан қанша мекеме қатысады?
3.Парижде көрме неше рет болды?
4. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының 5-ші құдылығын ата?
5. Мәңгілік ЕЛ ұлттық идеясының 6-шы құндылығын ата?
Берілген сұрақ төңірегінде өз білгендерін айтады.Әр топ бірін –бірі Алақан әдісімен бағалайды
2.ЭКСПО ға саяхат.
Үш топқа билет таратады
Мұғалім француз, шведцар,жапон және орыс тілінде сол елдердің ЭКСПО ға не әкелетінін сұрады.
Көңіл-күйлерің қалай?Саяхаттаған сіздерге ұнады ма?
Very good!
-Балалар,енді сіздер саяхаттан алған әсерлеріңізді қолданып,біздегі өткелі тұрған ЭКСПО-2017 ні қағаз бетіне түсірулеріңіз керек. (3 минут)
Әр топтан топ басшылары келіп,кемеге,поезға,ұшаққа көлікке билет алады.
Оқушы көліктің даусын салу арқылы көңіл-көйлерін көтеріп отырады,көлік жөргізушісі жолаушыларға жаңа ақпарат таратып отырады
Саяхат жасап жүріп,қызықты мағлұмат жинай береді
3.Галерея. Шығармашылық жұмыс. Оқушыларға плакат,стикер,түрлі-түсті қағаз,желім, түрлі- түсті маркер таратылады.
(музыка)
Оқушылар саяхаттан алған әсерлерін қағазға түсіріп,
әр топтан бір оқушы шығып келесі топқа баяндап береді.
Мадақтау
Смайликтермен
видеоролик
Астана ЭКСПО 2017
4. Импровизация
Әр топ басшысына бес сөз айтылады
Оқушылар суырып салма қасиеттерін танытады.
Кері байланыс
Екі жұлдыз,бір ұсыныс
Құрастырған макет сабақтың тақырыбына сәйкес келеді.
Өз пікірлерін стикерге жазып, топтың атына жапсырып,тақтаға орналастырады
Марапаттау.
Оқушыларға ЭКСПО -2017 ге сувенир билеттер беріледі
(музыка қойылып,оқушылар ,сау болыңыздар деп,шығып кетеді)