Мені өмірге әкелген жан - Анам. Анам біздің үйдің шырағы секілді, жан-жағына әрдайым шуағын шашып жүреді. Ана әр баласының үлгілі, тәртіпті, үлкен азамат болуы үшін бар күшін салады. Біздің бойымыздағы жақсы қасиеттер анамыздан тарайды, өйткені, ол бізге күнде әдепті бол, үлкенді сыйла, жақсы оқы,-деп айтып отырады. Оның бізге деген махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан анамызды ренжітпей, ардақтап, аялап жүрейік!