Қоршаған ортаның бейнелері

Скачать



Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы

Көркем еңбек

2-сынып
Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып , тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2
Мазмұны

1-тоқсан 4

Ортақ тақырып Өзім туралы 4

Ортақ тақырып Менің отбасым және достарым 9

2-тоқсан 15

Ортақ тақырып Менің мектебім 15

Ортақ тақырып Менің туған өлкем 20

3-тоқсан 26

Ортақ тақырып Дені саудың-жаны сау 26

Ортақ тақырып Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 31

4-тоқсан 36

Ортақ тақырып Қоршаған орта 36

Ортақ тақырып Саяхат 41

3
1-тоқсан

Ортақ тақырып Өзім туралы

Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

Бөлімше 1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну

Оқу мақсаты 2.1.1.1 Қоршаған ортамен танысу барысында нысандар
мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем, фактура) суреттеу және түсіндіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Қоршаған ортадағы таныс бейнелердің түсін,
фактурасын, материалын сипаттайды

• Қоршаған ортадан түсі, материалы, фактурасы
ұқсас бейнелерді анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Берілген суреттерде не бейнеленген? Олардың түсін, пішіндерін және фактураларын сипаттап бер.

Жан-жағыңдағы түсі, материалы, фактурасы ұқсас заттарды ата және сипатта.

Дескриптор Білім алушы

суреттегі бейнелерді атайды;

суреттегі бейнелердің түстерін атайды;

суреттегі бейнелердің пінішдерін сипаттайды;

суреттегі бейнелердің фактурасын анықтайды;

қоршаған ортадағы түсі, пішіні мен фактуралары ұқсас заттарды анықтайды және сипаттайды.

4
Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

Бөлімше 1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту

Оқу мақсаты 2.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту үшін белгілі дерек
көздерінен ақпаратты жинау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Берілген тақырыпқа қатысты ақпарат жинақтайды

• Шығармашылық жұмыс орындау барысында
жинақтаған ақпаратты қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Жұптық жұмыс

Жұпта сайқымазақ туралы ой бөліс.

Түрлі дереккөздерді қолдана отырып, сайқымазақ туралы ақпарат жинақта.

Сайқымазақтың көңіл күйіне, киіміне назар аудар.

Жинаған ақпараттарға сүйене отырып, берілген орынға сайқымазақтың суретін сал.

Суретте сайқымазақтың көңіл күйін нақты бейнелеуге тырыс.

Дескриптор Білім алушы

сайқымазақ туралы ақпарат жинақтайды;

сайқымазақтың суретін салады;

суретте сайқымазақтың көңіл күйін нақты бейнелейді.
Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

Бөлімше 1.4 Жоспарлау

Оқу мақсаты 2.1.4.1 Шығармашылық жұмысты орындаудың реттілігін
анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Өз жұмысының орындалу барысын жоспарлайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Қалай және қандай материалдармен орындалғанын айт.

Кез келген материалдан және кез келген техникада өзіңе ұнайтын жұмыс орында.
Алдымен жұмысты қалай орындайтындығың туралы жоспар құрып ал.

Қандай жұмыс жасайсың?

Қандай материалдар қолданасың?

Бөлшектерді қалай біріктіресің?

Жұмыстың эскизин сал.

Эскиздер салуға арналған орындар:

Дескриптор Білім алушы

болашақ жұмысын жоспарлайды;

қолданатын материалдарды анықтайды;

жұмыстың эскизін салады.

6
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше 2.1 Қоршаған ортаны бейнелеу

Оқу мақсаты 2.2.1.1 Қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды
элементтерді әртүрлі тәсілдер және құралдармен бейнелеу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Қоршаған ортадағы визуалды элементтерді түрлі
тәсілдермен және құралдармен бейнелейді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Берілген қоршаған ортадағы визуалды элементті кескіндемеде және графикада бейнеле.
Ол үшін:

Кескіндеме:

Акварель бояуын;
Гуашь бояуын.
Графика:

Жай қарындаш;
Түрлі түсті қарындаш;
Қара қалам.

Дескриптор Білім алушы

кескіндеме құралдарымен ұқыпты бояйды;
графика құралдарымен нақтылап бояйды.

7

Бөлім Презентация, талдау және бағалау

Бөлімше 3.3 Шығармашылық жұмысты талқылау және бағалау

Оқу мақсаты 2.3.3.1 Шығармашылық жұмыстарын түсіндіру және
жақсартудың идеясын ұсыну

Бағалау критерийі Білім алушы

• Өз жұмыстарын таныстырады және жақсы
жақтарын сипаттайды

• Өз жұмысындағы жақсартуды қажет ететін
тұстарын айтады

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі

Тапсырма

Алдыңғы сабақта жасаған жұмысыңды таныстыр.

Жұмысыңды қалай атадың?

Өз жұмысыңды қалай жақсартар едің?

Нені өзгертер едің?

Дескриптор Білім алушы

өз жұмысын сипаттай отырып таныстырады;

сұрақтарға нақты жауап береді;

өз ойын қарапайым тілмен айтады;

жетілдіру жолдарын ұсынады.

8
Ортақ тақырып Менің отбасым және достарым

Бөлім
Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Бөлімше
1.2 Өнер, мәдениет және дәстүрлерді білу және түсіну
Оқу мақсаты
2.1.2.1 Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын анықтау

және
олардың
айырмашылық
ерекшеліктерін

(сипаттамасын) суреттеу

Бағалау критерийі
Білім алушы

Өз идеясы үшін ұлттық және әлем мәдениетінің өнер туындыларын сипаттайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Суреттерге назар аудар.

Жұмысты сипатта.

Қай суретте композиция сақталған?

Оны қалай анықтадың?

Композицияны қалай дұрыс құрастыру қажет?

Берілген орынға кез-келген ұлттық заттан натюрморт сал. Композицияны сақта.

Дескриптор Білім алушы

дұрыс орналастырылған суретті анықтайды;

композиция заңдылықтарын сақтап, жұмыс жасайды.

9
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше 1.3 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және

дамыту

Оқу мақсаты 2.1.3.1 Шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл-күйі,
мінезі) өнердің суреттеу құралдармен көрсету

Бағалау критерийі Білім алушы

• Идеясын шығармашылық жолмен ұсынады

• Өз идеясынсезімін әртүрлі материалдар мен
техникалар арқылы көрсетеді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Суреттегі жұмыстар қандай техникада орындалған?

А4 қағазына түрлі-түсті қағаздардан өзіңе ұнайтын тақырыпта аппликация жаса.
Ол үшін:

Жасайтын жұмысыңның тақырыбын анықтап ал.

Керекті құралдар мен қағаздарды дайында.

Қағазға жасайтын аппликацияңның эскизін сыз.

Аппликацияның жеке бөлшектерін дайындап ал.

Дайын бөлшектерді қиып ал.

Артқы фонды анықтап, бөлшектерді орындарына орналастыр.

Жеке бөлшектерді желімде.

Ұсақ элементтерімен толықтыр.

Өз жұмысыңды сипаттап бер.

Дескриптор Білім алушы

ойын эскизге түсіреді;

жұмысты нұсқаулық бойынша ұқыпты орындайды;

композицияны қолданады;

өз жұмысын сипаттайды.

10
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше 2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен

техникалары

Оқу мақсаты 2.2.2.1 Әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып,
материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жұмыс барысында қолданылған әдістер мен тәсілдерді
сипаттайды

• Идеясын іске асыру барысында әртүрлі материалдар
мен тәсілдерді пайдаланады

• Тапсырманы қарапайым эксперимент жүргізе отырып
орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Жапырақтармен сурет салуға эксперимент жүргізіп көр. Жапырақтардан баспа басып, композиция құрастыр.

Ол үшін:

Өзіңе ұнайтын жапырақтарды жинап ал.

Қандай композиция құрастыратыныңды жоспарла.

Жапырақтардың артқы жағына қылқаламмен бояу жақ (бояудың сұйық болмағаны дұрыс)

Қағаздың бетіне орналастырып, бастыр.

Дескриптор Білім алушы

жұмысын жоспарлайды;

қызықты композиция ойластырады;

баспаны ұқыпты бастырады.

эксперимент нәтижесін сипаттайды.

11
2. Әр түрлі материалдарды қолданып, отбасының фоосуретін салатын жиектемені безендір.

Ол үшін:

Қатырма қағаздан суреттің көлемінен үлкендеу етіп шаршы қиып ал.

Фотосуретті дәл ортасына орналастырып, белгіле.

Жиегін әртүрлі материалдармен (ермексаз, макорон, сумоншақ, түйме және т.б.) безендір.

Қажеттілігіне қарай гуашьпен боя және кептір.

Дайын жиектеменің ортасына фотосуретті желімде.

Дескриптор Білім алушы

қажетті өлшемдегі шаршы дайындайды;

фотосуреттің орнын анықтап, белгілейді;

жиектемені әртүрлі материалдармен безендіреді.

12
Бөлім
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше
2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқу мақсаты
2.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды
және

құралдарды қолдану

Бағалау критерийі
Білім алушы


Қауіпсіздік ережесін айтады


Құралдарды қауіпсіздік техникасы ережесіне
сай

қолданады

Ойлау дағдыларының
Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Суреттерге қатысты сұрақтарға жауап бер.

Еңбек сабағында алжапқыш не үшін қажет болады?

Оймақты не үшін қолданады?

Ине қадағыш не үшін қажет?

Инемен қарапайым тігіс түрлерін тігіп көрсет.

Дескриптор Білім алушы

берілген құралдардың қолданылуына қатысты қауіпсіздік ережелерін айтады;

инемен қарапайым тігіс түрлерін орындайды;

инемен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтайды.

13
Бөлім
Презентация, талдау және бағалау

Бөлімше
3.2. Өнердегі тәсілдерді талдау

Оқу мақсаты
2.3.2.1 Өнердің әртүрлі туындыларының
негізгі

суреттеу құралдары мен орындау материалдарын

анықтау

Бағалау критерийі
Білім алушы

Бейнелеу өнеріне тән көркемдік мәнерді (түс, бояу, фактура) атайды

Ұсынылған жұмыстардың негізгі көркемдік мәнерін анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер.

1. Суретте нелер бейнеленген?
2. Қандай түстер мен пішіндерді көріп тұрсың?
3. Олар қандай материалдармен салынғанжасалған?
4. Материалдардың негізгі көркемдік мәнерін анықтап, сипатта.

Өзіңе ұнаған жұмысты орында.

Дескриптор Білім алушы

ұсынылған суреттерді сипаттайды;

жұмыстың орындалу тәсілін анықтайды;

түстер мен пішіндерді анықтайды;

фактурасын, бояуын сипаттайды;

өзіне ұнаған жұмысты орындайды.

14
2-тоқсан
Ортақ тақырып Менің мектебім

Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

Бөлімше 1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту

Оқу мақсаты 2.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту үшін белгілі
дерек көздерінен ақпаратты жинау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Берілген тақырыпқа қатысты ақпарат жинақтайды

• Шығармашылық жұмысты орындау барысында
жинақталған ақпаратты қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Берілген суретке мұқият қара және сұрақтар бойынша ой бөліс.

Жұмыс қандай техникада орындалған?

Жұмысты жасау үшін қандай іс-әрекеттер орындалған?

Қандай материалдар қолданылған?

Өзіңе ұнайтын жануарды бейнелейтін қозғалмалы ашықхат жасап көр.
Орындау кезеңі:

1. Алдымен қандай жұмыс жасайтыныңды ойластыр.
2. Қажетті құралдарды дайындап ал.
3. Жасалатын бейненің жеке бөліктерін дайында.
4. Бейненің ұсақ элементтерін толықтыр.
5. Жеке бөліктерін біріктіріп, желімде.

Дескриптор Білім алушы

жұмыстың жасалу тәсілі туралы ақпарат жинақтайды;

қолданылған материалдарды анықтайды;

орындау кезеңдеріне сүйене отырып қозғалмалы ашықхат жасайды.

15
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше 2.3 Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты 2.2.3.1 Әр түрлі тәсілдермен материалдарды және
компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Бұйымның компоненттерін белгілеу, өлшеу, қию,
формасына келтіру, жинақтау және біріктіру үшін
түрлі тәсілдер мен материалдарды қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Қатырма қағаздан қарлығаштың көлемді пішінін жаса.

Орындау кезеңдері:

Ақ және қара түсті қатырма қағаздар, қайшы, желім дайындап ал.

Берілген үлгілерді қатырма қағазға бастырып сыз және қиып ал.

Үлгі:

Қарлығаштың жеке бөліктерін формасына келтіріп, дайындап ал.

Барлық жеке бөлікктерді жинақтап, біріктір. Ұсақ элементтерін (көзін, тұмсығын) желімде.

16

Дескриптор Білім алушы

үлгі бойынша қарлығаштың жеке бөліктерінің пішінін өлшеп, салады;

қарлығаштың жеке бөлшектерін ұқыпты қияды;

әр бөлікті формасына келтіріп, жинақтайды;

бөлшектерді қосып, біріктіреді және ұсақ элементтерін толықтырады.

17
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше 2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен

техникалары

Оқу мақсаты 2.2.2.1 Әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып,
материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып,
материалдарды қолдану үшін түрлі құралдарды
қолдану арқылы эксперимент жүргізеді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Берілген материалдарды қолдану үшін эксперимент жүргіз.

Ол үшін мына әдістер мен тәсілдерді және құралдарды қолдан:
Қию;
Кесу;
Жырту;
Сындыру;
Бояу;
Жабыстыру;
Біріктіру;
Бүктеу.

Дескриптор Білім алушы

жұппен бірлесе жұмыс атқарады;

эксперимент жасайды;

материалдардың қасиетін ұғынады;

әдіс-тәсілдерді қолданады.

18
Бөлім Презентация, талдау және бағалау

Бөлімше 3.3 Шығармашылық жұмысты талқылау және бағалау

Оқу мақсаты 2.3.3.1 Шығармашылық жұмыстарын түсіндіру және
жақсартудың идеясын ұсыну

Бағалау критерийі Білім алушы

• Өз жұмысын таныстырады және жақсы жақтарын
сипаттайды

• Өз жұмысындағы жақсартуды қажет ететін
тұстарды атайды

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі

Тапсырма

Бөлім бойынша жасаған жұмыстарыңның біреуін таңдап алып, таныстыр:

Жұмысың қалай аталады?

Жұмысты орындау барысында не ұнады?

Қандай қиындықтар кездесті?

Жұмысыңда не сәтті шықты?

Жұмысыңның қай тұсын жақсартар едің?

Дескриптор Білім алушы

өз жұмысының мазмұнын сипаттайды;

жұмыстың жақсы жақтарын айтады;

жұмыстың осал тұстарын анықайды;

осал тұстарын жетілдіру жолдарын ұсынады.

19
Ортақ тақырып Менің туған өлкем

Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

Бөлімше 1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну

Оқу мақсаты 2.1.1.1 Қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен
құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем, фактура) суреттеу және түсіндіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Қоршаған ортадағы таныс бейнелер мен пішіндерді
сипаттайды және бейнелейді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Көзіңді жұмып отырып, берілген әуенді мұқият
тыңда: https:www.youtubewatch?v=GXGR7puGRpg)

Көз алдыңа не елестеді?

Жан-жағыңнан не көріп тұрсың?

Олардың пішіні, түсі қандай?

Әуенді тыңдау барысында көз алдыңа елестеген бейнелердің суретін сал және түсіне келтіріп боя.

Дескриптор Білім алушы

тыңдау барысында елестеген бейнелердің суретін салады;

бейнелердің түстері мен пішіндерін анықтайды;

салынған бейнелер мен пішіндерді сипаттайды.

20
Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

Бөлімше 1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту

Оқу мақсаты 2.1.3.1 Шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл-
күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдарымен көрсету

Бағалау критерийі Білім алушы

• Өз идеясын шығармашылық жолмен ұсынады

• Идеяларынсезімдерін әртүрлі материалдар мен
техникалар арқылы көрсетеді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Берілген суреттерге мұқият қара. Жұмыстардың қандай техникада орындалғанын анықта.

Коллаж техникасында туған өлкеңнің декоративті пейзажын жаса.

Ол үшін:

Жасайтын жұмысыңның идеясын ойластыр.

Қажетті материалдарды дайында.

Ең алдымен коллаждың фонын таңдап алып, желімде.

Қажетті бөлшектердің эскизін сыз.

Жеке бөлшектерді қиып, дайында.

Фонның үстіне жоспарланған бөлшектерді орналастыр.

Жеке бөлшектерді желімде.

Дескриптор Білім алушы

өз идеясының эскизін жасайды;

жұмысты кезең-кезеңмен ұқыпты орындайды;

жалпы идеясын бейнелей алады.

21
Бөлім
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше
2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен

техникалары

Оқу мақсаты
2.2.2.1 Әр түрлі әдістер мен тәсілдерді
пайдаланып,

материалдарды (табиғи және жасанды) және
құралдарды

қолдану, эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі
Білім алушы

Идеясын іске асыру барысында әртүрлі материалдар мен тәсілдерді пайдаланады

Тапсырманы қарапайым эксперимент жүргізе отырып орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Берілген материалдарды біріктіріп жұмыс жасауға бола ма? Табиғи және жасанды материалдарды біріктіріп, әртүрлі жануарлардың бейнесін жаса.

Үлгі:

Дескриптор Білім алушы

бейне жасауда табиғи материалдарды қолданады;
бейне жасауда жасанды материалдарды қолданады;
табиғи және жасанды материалдардың үйлесімділігін сақтайды;
бейнені түсі мен пішініне келтіріп жасайды.

22
2. Ұнтақ жармасымен сурет салып көр.

Орындау кезеңдері:

Қара түсті қағаздың үстіне қарындашпен сурет сал.

Суреттің үстіне қылқаламмен ПВА желімін жақ.

Желімнің үстіне ұнтақ жармасын сеп.

Артық ұнтақты сілкіп таста.

1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең

Жұмыстың нәтижесін сипаттап айт.

Дескриптор Білім алушы

суреттің эскизін салады;

жұмысты кезеңдері бойынша ретімен орындайды;

жасалған эксперименттің нәтижесін сипаттайды.

23
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше 2.1 Қоршаған ортаны бейнелеу

Оқу мақсаты 2.2.1.1 Қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді
әртүрлі тәсілдер және құралдармен бейнелеу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, туған өлкесін
бейнелейді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Әр түрлі тәсілдерді қолданып, туған өлкеңнің суретін сал.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы

түрлі тәсілдерді қолданады;

туған өлкесінің суретін салады.

24
Бөлім Презентация, талдау және бағалау

Бөлімше 3.1. Презентация

Оқу мақсаты 2.3.1.1 Өзінің жұмысын (эскиз, бұйым) негізгі идеясын
және процесін түсіндіріп таныстыру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Өз жұмысының негізгі идеясы мен жасалу жолын
сипаттай отырып таныстырады

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі

Тапсырма

Туған өлке тақырыбы бойынша жасаған жұмысыңды таныстыр.
Жұмысыңды қалай атадың?
Қандай идея ойластырдың?

Жұмысыңның негізгі идеясы туралы әңгімеле.

Дескриптор Білім алушы

сұрақтарға жауап бере отырып, өз жұмысын таныстырады;

жұмыстың жасалу жолын сипаттайды;

өз жұмысының негізгі идеясын түсіндіреді.

25
3-тоқсан

Ортақ тақырып Дені саудың-жаны сау

Бөлім
Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Бөлімше
1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну
Оқу мақсаты
2.1.1.1
Қоршаған
ортамен танысу барысында нысандар

мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін,

өлшем, фактура) суреттеу және түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы


Қоршаған
ортадағы заттардың түсін, пішінін,

өлшемін, фактурасын анықтайды және сипаттайды
Ойлау дағдыларының
Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Берілген жұмыстарды сипатта (түсін, пшінін, өлшемін, фактурасын анықтап жаз).

___________________ ____________________ _____________________

___________________ ____________________ _____________________

___________________ ____________________ _____________________

___________________ ____________________ _____________________

Дескриптор Білім алушы

көрсетілген доптардың түсін анықтайды;

фактурасын сипаттайды;

пішінін жазады:

өлшемін анықтайды.

26
Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

Бөлімше 1.2 Өнер, мәдениет, дәстүрлерді білу және түсіну

Оқу мақсаты 2.1.2.1 Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын анықтау
және олардың айырмашылық ерекшеліктерін
(сипаттамасын) суреттеу

Бағалау критерийі Білім алушы

Ұлттық және әлем мәдениетінің туындыларын ажыратады және сипаттайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Суреттерге мұқият қара. Би атауларын жаз.

___________________ __________________ __________________

2. Оларды ұлттық және әлем мәдениетінің туындылары тобына жікте.

3. Ақпарат іздеп, жинақта және сипаттама бер.
Жұптық жұмыс

Өзіңе ұнайтын би түрі туралы ақпарат жинақта.

Бидің ерекшеліктерін сипаттап айт.

Дескриптор Білім алушы

би атауларын (қара жорға, балет, полька) ажыратып жазады;

ұлттық би түрлерін атайды;

әлемдік мәдениетке жататын би түрін атайды;

жинақталған ақпаратқа сүйеніп бидің ерекшеліктерін сипаттайды.

27
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше 2.3 Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты 2.2.3.2 Айқындалған тәсілдермен және материалдармен
(ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары)
қарапайым көлемді пішіндер жасау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мүсіндеу тәсілімен ермексаздан қарапайым көлемді
пішіндер жасайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Суретке мұқият қара. Бұйым неден жасалған? Қандай тәсілмен орындалған?

2. Берілген суреттерден өзіңе ұнағанын таңдап ал.

3. Таңдалған суретті негізге ала отырып, ермексаздан спортшының пішінін мүсінде.

Дескриптор Білім алушы

бұйымның орындалу тәсілін, материалын анықтайды;

өзіне ұнаған суретін таңдайды;

таңдалған суретті негізге ала отырып, ермексаздан спортшының пішінін мүсіндейді.

28
Бөлім
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше
2.3 Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты
2.2.3.1 Әр түрлі тәсілдермен
материалдарды
және

компоненттерді өлшеу, белгілеу,
қию, формасын келтіру,

жинақтау, қосу және біріктіру

Бағалау критерийі
Білім алушы

Көлемді пішіндер жасау үшін әр түрлі тәсілдер мен материалдарды қолданады

Материалдар мен компонентерді өлшеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру арқылы жұмысты аяқтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Берілген саусақ ойыншықтарына мұқият қара. Олардың неден, қандай тәсілмен жасалғандығы туралы жұпта ой бөліс.

2. Түрлі-түсті қағаздарды қолданып, үлгі бойынша көлбақа саусақ ойыншығын жаса.

Бетперде жасаудың кезеңдері:
1. Қажетті түрлі-түсті қағаздарды таңдап ал.
2. А4 парағын ұзынынан тең үш жолақ шығатындай етіп өлшеп, белгіле.
3. Екі жағын ортасына бағыттап бүкте.
4. Шыққан жолақты дәл ортасынан бүкте.
5. Екі жақ шетін қарама-қарсы жаққа бағыттап бүкте.

6. Түрлі-түсті қағаздан көз, ауыз, тіл, шаш, тіс сияқты қосымша бөлшектерді қиып алып, бүктелген қағаздың үстіне желімде.

Дескриптор Білім алушы

дайын бұйымдардың жасалу тәсілі туралы ой бөліседі;

ойыншықты жасау барысында түрлі –түсті қағаздарды қолданады;

жұмысты үлгідегі кезеңдер бойынша жасайды.

29
Бөлім
Презентация, талдау және бағалау

Бөлімше
3.2. Өнердегі тәсілдерді талдау

Оқу мақсаты
2.3.2.1 Өнердің әр түрлі туындыларының негізгі суреттеу

құралдары мен орындау материалдарын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы

• Сурет
салуға
арналған
материалдардың

көркемдік мәнерін айқындайды

Ойлау дағдыларының
Қолдану

деңгейі

Тапсырма

1. Көрсетілген материалдардың қалай аталатынын және олар не үшін қажет екендігін жаз.

____________
______________
______________
___________________
____________
______________
______________
____________________
____________
______________
______________
____________________
____________
______________
______________
____________________
Дескриптор
Білім алушы

қылқаламның не үшін қажет екендігін жазады;

палитраның не үшін қажет екендігін анықтайды;

су құятын ыдыс пен балауыз қарындаштары туралы жазады.

30
Ортақ тақырып Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

Бөлімше 1.2 Өнер, мәдениет, дәстүрлерді білу және түсіну

Оқу мақсаты 2.1.2.2 Қазақстан халықтарының қолданбалы өнерінің
негізгі элементтерін (ою-өрнектері, түстер, материалдар)
анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Берілген ұлттық заттарды сұрақтарға сүйене
отырып сипаттайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Сұрақтарға сүйене отырып, суреттердегі өнер туындыларын сипатта.

____________________ ________________________ ______________________
____________________ ________________________ ______________________
____________________ ________________________ ______________________
____________________ ________________________ ______________________

Көрсетілген заттар қалай аталады?
Оларды тұрмыста не үшін қолданады?
Олар қандай материалдардан жасалған?
Олар қалай безендірілген?

Дескриптор Білім алушы

бесіктің, ертоқымның, ыдыс-аяқтың атауларын жазады;

бұл заттардың тұрмыста не үшін қолданылатынын сипаттайды;

қандай материалдардан жасалғанын жазады;

ою-өрнектермен безендірілгенін анықтап, жазады.

31
Бөлім
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше
2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен

техникалары

Оқу мақсаты
2.2.2.1 Әр түрлі әдістер
мен тәсілдерді пайдаланып,

материалдарды (табиғи
және
жасанды)
және

құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі
Білім алушы

Эксперимент жүргізу үшін түрлі әдіс-тәсілдер мен табиғи материалдарды қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Орындау кезеңдеріне сүйене отырып, түрлі-түсті жүннен моншақ жаса.

Моншақ жасауға арналған түстерді брдей мөлшерде бөліп, таңдап ал. (1-сурет)

Әр моншақты алақаныңа салып, уқалап, дөңгелет және арнайы инемен біраз шанышқыла (2-сурет)

Дайын болған дөңгелек моншақтарды бірдей көлем жасау үшін уқалап шық (3-сурет)

Дайын дөңгелектерді жіпке немесе лескаға ине арқылы тіз?

1 2 3 4

Дескриптор Білім алушы

жұмыстың орындалу кезеңдерін сақтайды;

моншақтың пішінін келтіреді;

түстерді орынды қолданады;

жұмысты ұқыпты орындап, аяқтайды.

32
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше 2.3 Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты 2.2.3.1 Әр түрлі тәсілдермен материалдарды және
компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тақия өлшемін алып, қияды, формасын келтіреді,
бөлшектерді жинақтайды, қосады және біріктіреді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Орындау кезеңдеріне сүйене отырып, түрлі-түсті қатырма қағаздардан тақия жасап, әр түрлі ою-өрнектермен безендір.

1. 2. 3. 4. 5.

Түрлі-түсті қатырма қағазға тақияның үлгісін сал (1-сурет);

Жиегінен ұқыпты қиып ал (2-сурет);

Тақияның төбе бөлігін бір-біріне жақындатып желімде (3-сурет);

Үшкір тістерін астына бағыттап бүкте және жиегіне арналған жолақты үшкір тістерге айналдыра желімде (4-сурет);

Тақияның жан-жағын басқа түсті қағаздан өрнек қиып безендір (5-сурет).

Дескриптор Білім алушы

өлшемдері бойынша , тақияның үлгісін сызады;

үлгіні қатырма қағазға көшіріп, ұқыпты қияды;

бөлшектерді берік және формасын келтіріп жинақтайды;

тақияны ою-өрнектермен көркем безендіреді.

33
Бөлім
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше
2.3 Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты
2.2.3.3
Шығармашылық
жұмыстарды
дайындау

барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін

қолдану

Бағалау критерийі
Білім алушы

Шығармашылық жұмыстарда қазақтың ұлттық мәдениетінің элементтерін қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Берілген киім үлгілерінің біреуін таңдап ал. Түрлі-түсті қағаздарды қолдана отырып, коллаж техникасында ұлттық ою-өрнектермен безендір.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы

киім үлгілерінің біреуін таңдайды;

түрлі-түсті қағаздарды қолданады;

түстерді дұрыс таңдайды;

безендіру үшін коллаж техникасын қолданады;

ұлттық ою-өрнектермен безендіреді;

қызықты композиция ойластырады.

34
Бөлім Презентация, талдау және бағалау

Бөлімше 3.1 Презентация

Оқу мақсаты 2.3.1.1 Өзінің жұмысын (эскиз, бұйым) негізгі идеясын

және процесін түсіндіріп таныстыру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жасаған бұйымының идеясын және жасау
процесін айтып, таныстырады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Төмендегі сұрақтарға сүйеніп, өткен сабақта жасаған коллажыңды таныстыр.

Жұмыстың алғашқы идеясы қандай болды?

Қандай түстер қолдандың?

Оюдың қандай түрлерін қолдандың?

Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер, іс-әрекеттер орындадың?

Өз жұмысыңның жақсы жақтары қандай?

Жұмыс барысында қандай қиыншылықтармен кездестің?

Дескриптор Білім алушы

бастапқы идеясы туралы әңгімелейді;

қолданылған түстерді атайды;

оюдың түрлерін атайды;

орындаған кезеңдері мен іс-әрекеттерін атайды;

жұмысының жақсы жақтарын сипаттайды;

жұмысты орындау барысында туындаған қиыншылықтарды атайды.

35
4-тоқсан

Ортақ тақырып Қоршаған орта

Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

Бөлімше 1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну

Оқу мақсаты 2.1.1.1 Қоршаған ортамен танысу барысында нысандармен
құбылыстардың визуалды сипаттамасы (түс, пішін, өлшем, фактура) суреттеу және түсіндіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Әр түрлі гүлдерді зерттейді және олардың түсін,
фактурасын, пішінін анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Берілген суреттерге назар аудар. Таныс бейнелерді сұрақтарға сүйене отырып, сипатта.

Суреттерде қандай гүлдер көрсетілген?

Гүлдердің түстері қандай?

Пішіндері мен фактурасы қандай?

Олар жылдың қай мезгілінде гүлдейді?

Дескриптор Білім алушы

берілген гүлдердің түрлерін анықтайды;

түстерді анықтап, атайды;

фактурасы мен пішіндерін сипаттайды;

қай жыл мезгілінде гүлдейтінін айтады.

36
Бөлім
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше
2.1 Қоршаған ортаның бейнелері

Оқу мақсаты
2.2.1.1 Қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды

элементтерді әртүрлі тәсілдер және құралдармен бейнелеу
Бағалау критерийі
Білім алушы

• Бүктеу әдісін пайдалана отырып, қағазбен, қоршаған

ортадағы
визуалды
элементтерді
қолданып

шығармашылық жұмыс орындайды

Ойлау дағдыларының
Қолдану

деңгейі

Тапсырма

1. Қағазды бүктеу әдісін қолданып, көлемді бәйшешек гүлдерінен композиция құрастыр.
2. Суреттегі кезеңдерді орында.

Ақ қағаздан шаршы қиып алып, ортасынан бүкте; (1-сурет)

Үш бұрыштың ортасынан астына бағыттап бүкте; ( 2-сурет)

Шыққан бөлшектің екі жақ шетін астына бағыттап бүкте; ( 3-4-сурет)

Дайын гүлдерді түрлі-түсті А4 форматындағы қатырма қағазға желімдеп, гүлдің сабақтары мен жапырақтарын толықтырып жабыстыр. (5-сурет)

1-сурет 2-сурет 3-сурет 4-сурет 5-сурет

Дескриптор Білім алушы

көрсетілген кезеңдерді орындайды;

бәйшешекті қағаз бетіне орналастырып, қызықты композиция құрастырады;

жұмысты ұқыпты және көркем орындайды.

37
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше 2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен

техникалары

Оқу мақсаты 2.2.2.1 Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып,
материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жасанды және табиғи материалдарды
пайдаланып, эксперимент жасайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Берілген суретке назар аудар.
2. Орындау кезеңдеріне сүйене отырып, табиғи және жасанды материалды қолданып, эксперимент жасап көр.
Өзіңе ұнайтын жапырақты ал.

Жапырақты қағаздың астына орналастыр.

Қағазды бір қолыңмен ұстап тұрып, көмір немесе сангинаны көлденең ұстап, бояп шық (1-сурет).

Жасаған баспаларыңнан композиция құрастыр (2-сурет).

1. 2.

Дескриптор Білім алушы

кезеңдерді орындайды;

жапырақты қағаздың астыңғы жағына, ортасына келтіріп орналастырады;

көмір немесе сангина материалдарын қолданады;

қызықты композиция құрастырады;

жұмысты ұқыпты орындайды.

38
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше 2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқу мақсаты 2.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және
құралдарды қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы

• Материал және құралдармен жұмыс жасау
барысында қауіпсіздік техникасын сақтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Үлгілерге қарап, түрлі-түсті қағаздан қолыңның баспасынан әртүрлі аппликация жаса.

Қолыңды қағаздың бетіне қойып жиегімен сызып ал;

Жиегінен қайшымен ұқыпты қиып ал;

Қолдың пішінін кез-келген түсті қағаздың ортасына орналастырып, жабыстыр;

Қызықты композиция ойластырып, жұмысты аяқта;

Материалдар мен құралдарды қолданған кезде қаупсіздік ережесін сақта.

Дескриптор Білім алушы

қайшымен жұмыс істеуде қауіпсіздік ережесін сақтайды;

желімді қолдана алады.

39
Бөлім Презентация, талдау және бағалау

Бөлімше 3.3 Шығармашылық жұмысты талқылау және бағалау

Оқу мақсаты 2.3.3.1 Шығармашылық жұмыстарын түсіндіру және
жақсартудың идеясын ұсыну

Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармашылық жұмыстарын таныстырады және
идеяларын ұсынады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Жұптарыңмен немесе шағын топтарда жапырақтан бастырып алған баспаларыңды тірек сұрақтарды қолдана отырып жұмысыңды таныстыр.

Жұмысты жасау үшін қандай материалдар қолдандың?

Қандай кезеңдермен орындадың?

Қандай композиция құрастырдың?

Жұмысыңның жақсы жақтарын ата.

Жұмыс барысында қандай қиыншылықтар кездестірдің?

Жұмысыңды жақсарту үшін қандай ұсыныстар ұсынар едің?

Дескриптор Білім алушы

қолданған материалдарын атайды;

жасаған кезеңдерін талқылайды;

құрастырған композициясының идеясын таныстырады;

жұмысының жақсы жақтары мен кездескен қиыншылықтарын талқылайды;

жақсарту жолдарын ұсынады.

40
Ортақ тақырып Саяхат

Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

Бөлімше 1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту

Оқу мақсаты 2.1.3.1 Шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл-
күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдарымен көрсету

Бағалау критерийі Білім алушы

• Аралас техниканы қолданып, шығармашылық
жұмысты орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. https:www.youtubewatch?v=XapXYrd0tAk (Көктем, табиғат дыбыстары, жаңбыр)
атты әуенді тыңда.
2. Берілген орынға балауыз борын және акварель бояуын қолданып, аралас техникамен өз сезіміңді бейнеле. Жетелеуші сұрақтарға назар аудар.
Әуенді тыңдағанда көз алдыңа нені елестеттің?

Қандай дыбыстарды естіп тұрсың?

Бұл қай жыл мезгілі?

Әуеннен қандай ауа райы екенін естіп сезінуге бола ма?

Дескриптор Білім алушы

әуенді тыңдағанда көз алдына көктем мезгіліндегі табиғат бейнесін елестетеді;

естіген дыбыстарын анықтайды;

жыл мезгілі мен ауа райын анықтайды;

берілген орынға суретті композиция заңдылығына сай орналастырады;

балауыз борлар мен акварель бояуын араластырып, жұмыс жасайды.

41
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше 2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен

техникалары

Оқу мақсаты 2.2.2.1 Әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып,
материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Табиғи және жасанды материалдарды қолданып,
эксперимент жүргізеді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Шашырату әдісін қолданып, шығармашылық жұмыс орында. Ол үшін:
Қағаздың бетіне жапырақтарды орналастыр;

Тіс щеткасын түрлі-түсті бояуға батырып, қағаздың бетіне шашырат;

Жапырақтарды ұқыптылықпен қағаздың бетінен алып таста.

Үлгі:

Дескриптор Білім алушы

кезеңдерді орындайды;
түстерді таңдайды;
композиция заңдылықтарын сақтайды.

42
Бөлім
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше
2.3 Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты
2.2.3.1 Әр түрлі тәсілдермен материалдарды және

компоненттерді өлшеу, белгілеу,
қию, формасын келтіру,

жинақтау, қосу және біріктіру

Бағалау критерийі
Білім алушы

• Көлік жасау үшін әр түрлі материалдарды

қолданып, өлшемдер түсіреді, белгілейді,
ұқыпты

қияды, формасын келтіреді,
жинақтайды,
қосады

және біріктіреді

Ойлау дағдыларының
Қолдану

деңгейі

Тапсырма

1. Әртүрлі материалдарды қолданып, кез-келген көлік түрін жасап көр. Үлгіге қара. Ол үшін:
Қандай материалдан жасайтыныңды анықтап, дайында;

Көліктің өлшемдерін анықтап, белгілеп ал;

Белгілеген жерлеріңді ұқыпты қиып ал;

Бөлшектерді әртүрлі әдістермен біріктір;

Көлігіңді әртүрлі материалдармен безендір.

Үлгі:

Дескриптор Білім алушы

қандай материалдарды қолданатынын анықтайды;

өлшемдерді жасайды;

бөліктерді ұқыпты қияды;

бөлшектерді берік бекітеді;

жұмысты ұқыпты орындайды;

қауіпсіздік ережесін сақтайды.

43
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Бөлімше 2.3 Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты 2.2.3.2 Айқындалған тәсілдермен және материалдармен
(ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары)
қарапайым көлемді пішіндер жасау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Әр түрлі материалдар мен әдіс-тәсілдерді
қолданып, көлемді бұйым жасайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Суреттерде көрсетілген әр түрлі материалдардан (ермексаз, қағаз, қолданыстан шыққан материалдарды) жасалған тік ұшақтардың біреуін таңдап, жаса.

2. Қандай материалдардан жасалғанын анықта.

Дескриптор Білім алушы

берілген жұмыстардың қандай материалдан жасалғанын анықтайды;

әртүрлі материалдарды қолданады;

бөлшектерді сапалы біріктіреді;

жұмысты ұқыпты орындайды.

44
Бөлім
Презентация, талдау және бағалау
Бөлімше
3.1. Презентация
Оқу мақсаты
2.3.1.1 Өзінің
жұмысын (эскиз, бұйым) негізгі идеясын

және үдерісін
түсіндіріп таныстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы

Жасаған бұйымының идеясын және жасау процесін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі

Тапсырма

Жасаған жұмысыңды сұрақтарға сүйене отырып, таныстыр.

Жұмысыңның алғашқы идеясы қандай болды?

Қандай материалдар қолдандың?

Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер мен іс-әрекеттер орындадың?

Жұмысыңның жақсы жақтары қандай?

Жұмыс барысында қандай қиыншылықтармен кездестің?

Дескриптор Білім алушы

алғашқы идеясының қандай болғанын айтады;

қолданған материалдарды атайды;

орындаған кезеңдері мен іс-әрекеттерін айтады;

жұмысының жақсы жақтары мен қиыншылықтары туралы айтады.

45

Теруге 19.07.2017. берілді. Басуға 20.07.2017. қол қойылды. Пішімі 60х848. Кеңсе қағаз 80 грм2. Сандық басылыс. Шартты б. т. 5,3. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574 Педагогикалық шеберлік орталығы ЖМ типографиясында басылды. 010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.


Скачать


zharar.kz