Шығармадағы кейіпкерлер

Скачать



Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы

Қазақ әдебиеті
(оқыту қазақ тілінде)

5-сынып

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ
1-тоқсан 4
Бөлім: Таза, мінсіз асыл сөз 4
2-тоқсан 26
Бөлім: Тәрбиенің қайнар бұлағы 26
3-тоқсан 44
Бөлім: Адамгершілік асыл қасиет 44
4-тоқсан 74
Бөлім: Отбасы құндылықтары 74

1-тоқсан

Оқылатын шығарма
тақырыбы Керқұла атта Кендебай ертегісі

Оқу мақсаты
5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Әдеби шығарманың сюжеттік дамуын жанрына қарай баяндайды

Білу және түсіну

1-тапсырма
Ертегінің сюжеттік желісі бойынша қарапайым жоспар құрыңыз.

1.________________________________
2. _______________________________
3. _______________________________
4. _______________________________
5. _______________________________
6. ______________________________
7. _______________________________

2-тапсырма
Жұбыңызды жоспарыңызбен таныстырыңыз. Жоспар негізінде ертегінің сюжеттік дамуын әңгімелеңіз.

Дескриптор
Білім алушы

ертегінің мазмұны бойынша сөз тіркестерімен жоспар құрады;
жоспар негізінде жұбына ертегіні әңгімелейді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Керқұла атты Кендебай ертегісі

Оқу мақсаты

5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың негізгі тақырыбын анықтайды
Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
Ертегіге сай тақырыпты белгілеңіз.
А. Ердің атын ел шығарады.
В. Көз – қорқақ, қол - батыр.
С. Батыр туса, ел ырысы.
Д. Еңбек ерлікке жеткізер.

2-тапсырма
Шығарманың идеясын анықтаңыз. Анықтаған идеяңызды ПОПС формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңіз.
Бірінші сөйлем: Менің ойымша, ертегідегі басты идея - ... .
Екінші сөйлем: Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...
Үшінші сөйлем: Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...
Соңғы сөйлем: Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... . 

Дескриптор
Білім алушы

берілген нұсқалардың ішінен ертегіге сай келетін тақырыпты белгілейді;
бірінші сөйлемде шығарманың идеясын анықтайды;
екінші сөйлемде идеяны таңдау себебін түсіндіреді;
үшінші сөйлемде идеяны нақтылауға қатысты ертегіден
2 дәлел келтіреді;
төртінші сөйлемде идеяға қатысты өзіндік тұжырым жасайды.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Керқұла атты Кендебай ертегісі

Оқу мақсаты

5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы негізгі кейіпкерлердің портретін жинақтайды
Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдайды
Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Мәтіннен өзіңізге тиісті кейіпкердің сипаттауларын іздеп тауып, портретін жинақтаңыз. Кейіпкердің ертегідегі ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты қорытынды жасаңыз (жұптағы бір оқушы - Кендебай, екінші оқушы – Керқұла образына талдау жасайды).

1-оқушы
Кейіпкер
Ертегідегі портрет
Кейіпкердің ең маңызды 3 әрекеті
Кейіпкер образына қатысты көзқарас
Кендебай
Торсық шеке, аппақ ұл ...
1. Аң аулап, кедейлерді қарық қылыпты.
2.
3.

2-оқушы
Кейіпкер
Ертегідегі портрет
Кейіпкердің ең маңызды 3 әрекеті
Кейіпкер образына қатысты көзқарас
Керқұла ат

1.
2.
3.

Дескриптор

Білім алушы

ертегіден өзіне тиісті кейіпкердің портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды;

кейіпкердің ең маңызды 3 әрекетін анықтайды;
портрет пен маңызды әрекеттер негізінде кейіпкер образына қатысты өз пікірін 1 сөйлеммен жеткізеді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Керқұла атты Кендебай ертегісі

Оқу мақсаты

5.1.4.1. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Шығармадан өзіне ұнаған эпизодты анықтайды
Эпизодты мәнерлеп жатқа айтады

Қолдану

Тапсырма
Ертегіден өзіңізге ерекше әсер қалдырған эпизодты таңдап, жұбыңызға мәнерлеп жатқа оқыңыз.

Дескриптор
Білім алушы

ертегіден әсер еткен эпизодты анықтайды;
эпизодты жаттайды;
жұбына үзіндіні мәнерлеп жатқа оқиды.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Қобыланды батыр жыры

Оқу мақсаты

5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Жырдағы автордың ойын білдіретін жолдарды табады
Анықталған үзінділер негізінде автордың образын анықтайды

Қолдану

1-тапсырма
Шығармадан баяндаушының көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді белгілеңіз. Осы үзіндіден баяндаушының көзқарасын қос жазба күнделігі арқылы түсіндіріңіз.
Мұғалімге нұсқау:
- екі кестенің сол жағына жырдан үзінділер жазылады, оң жағына түсіндірме жазылады.
- үзінді жырдан алынған тармақ немесе шумақтар, ал түсіндірмеде неге осы ойды таңдады, ол несімен маңызды екенін түсіндіреді.

2-тапсырма
Берілген үзінді негізінде автор бейнесіне талдау жасаңыз.
... Артық туған Қобыланның
Ісі келді жөніне,
Келмеді дұшпан шеніне,
Қалмақтан алған көп олжа,
Әділдікпен батырың
Жиып алып көп халқын,
Бөліп берді еліне,
Пақыр, кедей, кеміне.
Кедейі байға теңеліп,
Риза болды бәрі де
Қобыланды сынды еріне...

Дескриптор
Білім алушы

жырдан баяндаушының көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді анықтайды;
баяндаушының көзқарасына өз пікірін білдіреді;
үзінді арқылы автор бейнесін анықтап, сөз тіркестері арқылы жеткізеді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Керқұла атты Кендебай ертегісі

Оқу мақсаты

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты суреттеулерді анықтайды
Суреттеулердің бейнелеу түрін ажыратады

Қолдану

Тапсырма
Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты 5 қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеуді тауып, көркемдік түрін анықтаңыз.

рс
Суреттеу
Қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеу
Бейнелеу түрі
1
Кендебай ай сайын
емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты.
Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты.
Әсірелеу
2

3

4

5

Дескриптор
Білім алушы

ертегіден кейіпкерлерге қатысты бір суреттеуді анықтайды;
анықталған суреттеуге шығармадан қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеуді табады;
суреттеулердің түрін ажыратады.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Қобыланды батыр жыры

Оқу мақсаты

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Бейнелеу құралдарын анықтайды
Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасына талдау жасайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Жырдан 5 бейнелеу құралын анықтап, мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

Бейнелеу құралы кездесетін тармақтар
Бейнелеу құрал түрі
Мағынасы
...Құртқа сынды cұ л у ы ң
Алтын тонға орады...

эпитет
Құртқаның ханның қызына лайық киінетіндігін көрсету

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы 5 түрлі бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды анықтайды;
5 бейнелеу құралының түрін ажыратады;
қолданылу мағынасын өз сөзімен жеткізеді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Қобыланды батыр жыры

Оқу мақсаты

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Стратегия бойынша авторға хат жазады
Хат мазмұнынан алған әсерімен бөліседі

Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
РАФТ стратегиясын негізге ала отырып, шығармадан алған әсеріңізбен бөлісіп, авторға хат жазыңыз (100-120 сөз).
Р (роль) - болашақ ұрпақ
А (аудитория) - автор
Ф (форма) - хат
Т (тақырып) - Отанға деген сүйіспеншілік

Дескриптор
Білім алушы

стратегия бойынша болашақ ұрпақ атынан авторға хат жазады;
хат мазмұнында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі туралы жеткізеді;
шығармадан алған әсерін кейіпкерлер әрекетімен байланыстырады;
хат құрылымын сақтайды.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Қобыланды батыр жыры

Оқу мақсаты

5.3.1.1 Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Шығармадағы құндылықтарға қатысты эпизодтарды анықтайды
Анықталған эпизодтар негізінде ертегінің тарихи құндылығына баға береді

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
Топта берілген құндылықтарға қатысты шығармадан бірнеше эпизодтарды анықтаңыз.

1-топ
Құндылық
Эпизодтар
Отбасы
1.

2.
2-топ
Құндылық
Эпизодтар
Отанды қорғау
1.

2.
3-топ
Құндылық
Эпизодтар
Адамгершілік
1.

2.
4-топ
Құндылық
Эпизодтар
Достық
1.

2.

2-тапсырма
Шығарманың тарихи құндылығын тиісті құндылықпен байланыстыра отырып, өзіндік баға беріңіз.

Дескриптор
Білім алушы

құндылықты танытатын эпизодтарды анықтайды;
шығарманың тарихи құндылығын өздеріне тиісті құндылықпен байланыстыра отырып, баға береді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Қобыланды батыр жыры

Оқу мақсаты
5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарма кейіпкерлерінің бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді ажыратады
Кейіпкерлердің қасиеттерін шынайы өмірдегі адамдармен салыстыра бағалайды

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
Шығармадағы бір кейіпкерге таңдау жасаңыз. Кейіпкердің бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін топтастырыңыз.

Кейіпкер
Жағымды қасиеттері
Дәлел
Жағымсыз қасиеттері
Дәлел

1.
2.

1.
2.

2-тапсырма
Өзіңіз таңдаған бір кейіпкердің бойындағы қасиеттерді қазіргі өмірдегі адамдармен салыстыра отырып бағалаңыз.

Дескриптор
Білім алушы

кейіпкер бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді анықтайды;
әр жағымды және әр жағымсыз қасиетке 1 дәлел келтіреді;
кейіпкерлердің бойындағы анықталған қасиеттердің қазіргі өмірдегі адамдардың бойында кездесу кездеспеуін салыстырады.
салыстыру арқылы кейіпкерге өзіндік баға береді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Қобыланды батыр жыры

Оқу мақсаты

5.3.1.1 Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Шығарманың тарихи құндылығын дәлелдейтін эпизодтарды анықтайды
Анықталған эпизодтар негізінде жырдың тарихи құндылығына өзіндік баға береді

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
Шығарманың тарихи құндылығын көрсететін эпизодтарды ментальді картаға түсіріңіз.

2-тапсырма
Шығарманың тарихи құндылығына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

Дескриптор
Білім алушы

жырдан шығарманың тарихи құндылығын танытатын 4 эпизодты анықтайды;
анықтаған эпизодтарын байланыстыра отырып, жырдың тарихи құнды мұра екендігін көрсететін пікір білдіреді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Қобыланды батыр жыры

Оқу мақсаты
5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Шығарма кейіпкерлерін шынайы өмірмен салыстыра бағалайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Жырдағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетін талдаңыз. Өз пікіріңізді білдіре отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетін шынайы өмірмен салыстыра сипаттаңыз.

Кейіпкер
портреті
(жыр бойынша)
іс-әрекеті
(жыр бойынша)
ХХІ ғасырда ...
(қазіргі өмірге сай өз пікірі)
Қобыланды

Құртқа

Қараман

Дескриптор
Білім алушы

жырдағы кейіпкерлердің портретін анықтайды;
кейіпкерлердің іс-әрекетіне 2 мысал жазады;
кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетін шынайы өмірмен салыстыра отырып, өз пікірімен сипаттайды.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Асан қайғы Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы

Оқу мақсаты

5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың мазмұны мен сюжеттік дамуын сипаттайды

Білу және түсіну

Тапсырма
Топтағы өз рөліңізге қатысты берілген міндетті орындаңыз.
2 баяндаушы - мәтіннің мазмұнын баяндайды.
2 сұрақ қоюшы - мәтін сюжетінің дамуына қарай сұрақтар қояды.
Тыңдаушылар - баяндаушыларды тыңдайды, сұрақ қоюшылардың сұрақтарына жауап береді.

Дескриптор
Білім алушы

аңыздың мазмұнын баяндайды;
сюжеттік дамуына қатысты 6 сұрақ дайындайды;
шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Асан қайғы Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы

Оқу мақсаты
5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Салыстыру арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясына талдау жасайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Аңызда кездескен жер-су атауларын Қазақстанның тарихи кезеңдік картасынан (1-карта) көрсете отырып, аңызда қай аймақтар туралы айтылғанына көз жеткізіңіз және Қазақстанның пайдалы қазбалары картасынан (2-карта) сын айтылған жерлердің ерекшеліктеріне аңыздағы мәтінмен сәйкес тоқталыңыз.

Дескриптор
Білім алушы

аңызда айтылған жерлердің географиялық орнын картадан анықтайды;
елді-мекендерге қатысты айтылған сынды қазіргі ерекшелігімен салыстырады;
салыстыру бойынша шығарманың тақырыбын анықтап, сөз тіркесімен береді;
шығарманың негізгі идеясын 1 сөйлеммен жеткізеді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Асан қайғы Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы

Оқу мақсаты
5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Кейіпкердің портретін сипаттайды
Іс-әрекеті арқылы кейіпкер образын талдайды

Қолдану

Тапсырма
Берілген сурет бойынша Асан қайғының портретін сипаттап жазыңыз. Кейіпкер әрекетіне дәлел келтіріңіз. Әрекеті негізінде кейіпкер образын 2 сөйлеммен талдаңыз.

Портреті
Іс-әрекеті
Аңыздағы образы

Дескриптор
Білім алушы

суретке мұқият зер салып, кейіпкердің портретін (бет-әлпеті, киімі) сөзбен сипаттайды;
кейіпкердің іс-әрекетіне 1 дәлел келтіреді;
іс-әрекет негізінде кейіпкер образына 2 сөйлеммен талдау жасайды.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Асан қайғы Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы

Оқу мақсаты
5.1.4.1 Көркем шығармадан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады

Қолдану

Тапсырма
Аңыз мазмұны бойынша берілген суреттердің біріне таңдау жасаңыз. Аңыздан суретке сәйкес келетін үзіндіні тауып, жаттаңыз. Жұбыңызға жаттаған үзіндіңізді мәнерлеп жатқа оқыңыз.

Дескриптор
Білім алушы

бір суретке таңдау жасайды;
аңыздан суретке сай келетін үзіндіні табады;
үзіндіні жаттайды;
жұбына мәнерлеп жатқа айтады.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Асан қайғы Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы

Оқу мақсаты

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Оқиға желісіндегі суреттеулерді белгілейді

Қолдану

Тапсырма
Жұбыңызбен ақылдаса отырып, аңыз мазмұнынан салыстыра суреттеуге 2 дәлел, қарама-қарсы суреттеуге 2 дәлел табыңыз.

Салыстыра суреттеу
1-дәлел
2-дәлел

Қарама-қарсы суреттеу
1-дәлел
2-дәлел

Дескриптор
Білім алушы

шығармадан салыстыра суреттеуге қатысты 2 дәлелді анықтайды;
шығармадағы қарама-қарсы суреттеуге қатысты 2 дәлелді анықтайды.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Асан қайғы Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы

Оқу мақсаты

5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Қолдану

Тапсырма
Асан қайғының жерге айтқан сындарын мұқият оқи отырып, Асан қайғы бейнесін ментальді картаға түсіріңіз.

дәлел
көріпкел

Дескриптор

Білім алушы

шығармадағы автор бейнесін ментальді картаға түсіреді;
әр бейнеге аңыз мазмұнынан дәлел келтіреді.

Оқылатын шығарма
Тақырыбы Асан қайғы Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы

Оқу мақсаты

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын анықтайды
Қолданылу мағыналарын талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының әрқайсысына дәлел табыңыз. Аңыздағы қолданылу мағынасына талдау жасаңыз.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарына 1 дәлелден табады;
аңыздағы мағынасын түсіндіреді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Асан қайғы Асан қайғының жерге айтқан сыны
аңызы

Оқу мақсаты

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсерін сипаттап, пікірін жазбаша жеткізеді

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Екі түрлі түсініктеме күнделігі стратегиясы бойынша бірінші бағанға аңыз сюжетіндегі өзіңізге әсер еткен үзіндіні жазыңыз. Екінші бағанға үзіндіден алған әсеріңізбен бөлісіп, Асан қайғыға хат немесе бір шумақ өлең жазыңыз.

Аңыздан өздеріңізге әсер еткен үзіндіні жазыңыз
Авторға арнап осы үзінділерден алған әсеріңізді сипаттайтын өлең немесе хат жазыңыз

Дескриптор
Білім алушы

аңыз мазмұнынан ерекше әсер еткен үзіндіні анықтайды;
таңдалған үзіндіден алған әсерімен бөліседі;
Асан қайғыға шағын хат немесе бір шумақ өлең жазады.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Асан қайғы Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы

Оқу мақсаты

5.3.1.1 Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың тарихи құндылығын дәлелдейтін эпизодтарды анықтайды
Тарихи құндылығына қазіргі өмірмен байланыстыру арқылы баға береді

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
Аңыздың тарихи құнды мұра екенін дәлелдейтін үш эпизодты анықтаңыз.

1-эпизод
2-эпизод
3-эпизод

2-тапсырма
Жерге айтқан сындарға қатысты анықталған эпизодтарды елді-мекендердің қазіргі географиялық ерекшеліктерімен байланыстыра отырып, шығарманың құндылығын дәлелдеңіз.

Дескриптор
Білім алушы

шығарманың тарихи құндылығына дәлел болатын 3 эпизодты анықтайды;
аңыздағы елді-мекендерді географиялық ерекшелігімен байланыстырады.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Асан қайғы Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы

Оқу мақсаты

5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Шығарма кейіпкерін шынайы өмірмен салыстыра бағалайды

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
www.mediakurskzvideo329-aral_tengizi сілтемесі арқылы бейнематериалды көріңіз. Асан қайғы шынайы өмірдегі осы ақпаратқа қандай пікір айтар еді деп ойлайсыз? Өз сөзіңізбен салыстыра бағалаңыз.

Дескриптор
Білім алушы

кейіпкердің ақпаратқа қатысты пікіріне болжам жасайды;
жасалған болжам негізінде өзіндік баға береді.

2-тапсырма
Асан қайғы жерге айтқан сындарын VI-VII ғасырларда бұрын айтқан екен. Айтылған сындардың біздің заманымызға тура сай келгеніне көз жеткіздік. Қалай ойлайсыз, егер көріпкел абыз ХХІ ғасырда өмір сүрсе, өзі баға берген жерлеріне қандай сын айтар еді? Асан қайғы болып, аңыздағы екі жерге қатысты сын жазыңыз.

Дескриптор

Білім алушы

Асан қайғының сын айтқан екі жеріне таңдау жасайды;
ХХІ ғасырдағы Асан қайғының рөліне енеді;
таңдалған екі жерге қазіргі өмірмен байланысты сын жазады.

2-тоқсан

Оқылатын шығарма
тақырыбы Дулат Бабатайұлы О, Ақтан жас, Ақтан жас

Оқу мақсаты

5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Өлеңнің сюжеттік дамуын баяндайды

Қолдану

1-тапсырма

Өлеңнің сюжеттік желісі бойынша қарапайым жоспар құрыңыз.

Жоспар
Кіріспе бөлім ____________________________
Негізгі бөлім ____________________________
Қорытынды бөлім ________________________

2-тапсырма
Жоспар негізінде өлеңнің сюжеттік дамуын анықтаңыз.

Дескриптор
Білім алушы

өлеңнің мазмұны бойынша жоспар құрады;
жоспар негізінде өлеңнің сюжеттік дамуын анықтайды.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Дулат Бабатайұлы О, Ақтан жас, Ақтан жас

Оқу мақсаты

5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Негізгі кейіпкердің портретін жинақтайды
Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдайды
Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Кестеге Ақтанның кескін-келбетін бірінші бағанға, екінші бағанға ең маңызды 4 іс-әрекетін жазыңыз.

Ақтанның кескін-келбеті
Ақтанның маңызды 4 әрекеті

Дескриптор

Білім алушы

Ақтанның портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды;
Ақтанның ең маңызды 4 әрекетін ажыратады.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Дулат Бабатайұлы О, Ақтан жас, Ақтан жас

Оқу мақсаты

5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады

Қолдану

Тапсырма
Өлеңнен орта көлемді шағын үзіндіні таңдап алып, жаттаңыз. Жаттаған үзіндіні жұбыңызға мәнерлеп жатқа айтып беріңіз.

Дескриптор
Білім алушы

өлеңнен орта көлемді үзіндіні таңдайды;
үзіндіні жаттайды;
жұбына мәнерлеп жатқа айтады.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Дулат Бабатайұлы О, Ақтан жас, Ақтан жас

Оқу мақсаты

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарма бойынша суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды
Суреттеулердің бейнелеу түрін ажыратады

Қолдану

Тапсырма
Шығармадағы суреттеулерді анықтап, 6 қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеуді табыңыз. Суреттеулерді кестеге толтырып, көркемдік ерекшелігін ажыратыңыз.

Салыстыра суреттеулер
Қарама-қарсы суреттеулер
Бейнелеуіш құралдар
1

2

3

4

5

6

Дескриптор
Білім алушы

шығармадан салыстыра суреттеулерді іріктейді;
анықталған суреттеуге өлеңнен қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеуді табады;
суреттеулердің көркемдік түрін ажыратады.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Дулат Бабатайұлы О, Ақтан жас, Ақтан жас

Оқу мақсаты

5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Автордың ойын, көзқарасын білдіретін жолдарды табады
Анықталған үзінділер негізінде автордың образын талдайды

Қолдану

1-тапсырма
Өлеңнен автордың ойын, көзқарасын білдіретін үзінділерді белгілеп, кестеге толтырыңыз. Кестемен жұмыста автордың ойын, көзқарасын, үмітін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

Өлең үзіндісі
Ақын үміті қандай?
Сен де жетер ме екенсің?

Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Өмір сүрер ме екенсің?

Жетімдіктен өтерсің,
Жетерсің, әлі жетерсің.

...

2-тапсырма
Шығарма авторының бейнесін сипаттайтын түйінді ойыңызды бір сөйлеммен жеткізіңіз.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Дескриптор

Білім алушы

өлеңнен автордың ойын, көзқарасын анықтайды;
автор көзқарасына өз пікірін білдіреді;
үзінді арқылы автор бейнесін анықтап, бір сөйлем
арқылы жеткізеді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Дулат Бабатайұлы О, Ақтан жас, Ақтан жас

Оқу мақсаты

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан бейнелеу құралдарын анықтайды
Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасына талдау жасайды

Қолдану

Тапсырма
Өлең мазмұнынан 4 бейнелеу құралын анықтап, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын сатылай кешенді талдау арқылы талдаңыз.





Дескриптор

Білім алушы

өлеңдегі 4 түрлі бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды анықтайды;
көркемдегіш құралдардың мағыналарын талдау арқылы жеткізеді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Дулат Бабатайұлы О, Ақтан жас, Ақтан жас

Оқу мақсаты

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсерін сипаттап, жазбаша жеткізеді
Қолдану

Тапсырма
Шығармадан алған әсеріңізді сипаттап 4 сөйлем арқылы пікіріңізді жазыңыз:
1-сөйлем: шығарманың сізге қалай әсер еткені туралы бір ой жазыңыз;
2-сөйлем: өлеңнен бір мысал келтіріңіз;
3-сөйлем: бір сұрақ қойыңыз;
4-сөйлем: сол сұраққа жауап беріңіз.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадан алған әсерін бір оймен жеткізеді;
өлеңнен бір мысал келтіреді;
сұрақ қояды;
сұрағына жауап береді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Дулат Бабатайұлы О, Ақтан жас, Ақтан жас

Оқу мақсаты

5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін талдап, эссе жазады
Эссе құрылымын сақтайды
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Автор арнау өлеңінде басты кейіпкер Ақтанды ел мақсаты үшін жан аямай күресе алатын ер, батыр ретінде суреттеу себебін немен байланыстырасыз? Ақын үміті тақырыбында эссе жазыңыз (100-120 сөз).
Дескриптор
Білім алушы

өлеңдегі басты кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдайды;
кіріспе бөлімде Ақтан туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);
негізгі бөлімде автордың Ақтанды батыр ретінде суреттеу себебін анықтайды (30 сөз);
Ақтанның қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);
қорытынды бөлімде Ақтанның бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз)

Оқылатын шығарма
тақырыбы Ыбырай Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл, Атымтай
Жомарт, Дүние қалай етсең табылады? әңгімелері

Оқу мақсаты

5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың мазмұны мен сюжеттік дамуын сипаттайды

Білу және түсіну

1-тапсырма
Топтағы өз рөліңізге қатысты берілген міндетті орындаңыз.
2 баяндаушы - мәтіннің мазмұнын баяндайды.
2 сұрақ қоюшы - мәтін сюжетінің дамуына қарай сұрақтар қояды.
Тыңдаушылар - баяндаушыларды тыңдайды, сұрақ қоюшылардың сұрақтарына жауап береді.

2-тапсырма
Шығарманың композициясын төмендегі жүйеге сай сипаттаңыз:
Оқиғаның басталуы –
Оқиғаның дамуы -
Оқиғаның шиеленісуі –
Оқиғаның шарықтау шегі –
Оқиғаның аяқталуы –

Дескриптор
Білім алушы
әңгіменің мазмұнын баяндайды;
сюжеттік дамуына қатысты 6 сұрақ дайындайды;
шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

шығарманың композициясын анықтайды;
шығарманың сюжеттік дамуын сипаттайды.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Ыбырай Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл, Атымтай
Жомарт, Дүние қалай етсең табылады? әңгімелері

Оқу мақсаты
5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды

Білу және түсіну

Тапсырма
Сызба бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.
Үлгі:

Дескриптор

Білім алушы

шығарманың тақырыбын анықтайды;
шығарманың идеясын көрсетеді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Ыбырай Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл, Атымтай Жомарт, Дүние қалай етсең табылады? әңгімелері

Оқу мақсаты

5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Әңгімедегі басты кейіпкердің портретін сипаттайды
Іс-әрекеті арқылы кейіпкер образын талдайды

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Берілген сурет бойынша кейіпкерлердің портретін сипаттап жазыңыз. Кейіпкер әрекетіне дәлел келтіріңіз. Әрекеті негізінде кейіпкер образын 2 сөйлеммен талдаңыз.
Суреттер
Оқиғалар
Мінездеме

Дескриптор
Білім алушы

суретке мұқият зер салып, кейіпкердің портретін (бет-әлпеті, киімі) сөзбен сипаттайды;
кейіпкердің іс-әрекетіне 1 дәлел келтіреді;
іс-әрекет негізінде кейіпкер образына 2 сөйлеммен талдау жасайды.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Ыбырай Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл, Атымтай
Жомарт, Дүние қалай етсең табылады? әңгімелері

Оқу мақсаты

5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Шығармадан үзінділерді диалог арқылы мәнерлеп жатқа айтады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Кейіпкерлер рөліне ене отырып, шығарма үзіндісі бойынша диалог құрыңыз. Диалог барысында сөздерді мәнерлеп жатқа айтыңыз.

Дескриптор

Білім алушы

үзінді бойынша диалогке сенімді түседі;
сөздерді мәнерлеп жатқа айтады.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Ыбырай Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл,
Атымтай Жомарт, Дүние қалай етсең табылады?
әңгімелері

Оқу мақсаты

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарма бойынша салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды

Қолдану

Тапсырма
Жұбыңызбен ақылдаса отырып, аңыз мазмұнынан салыстыра суреттеуге 3 дәлел, қарама-қарсы суреттеуге 3 дәлел табыңыз.

Салыстыра суреттеу
1-дәлел
2-дәлел
3-дәлел

Қарама-қарсы суреттеу
1-дәлел
2-дәлел
3-дәлел

Дескриптор

Білім алушы

шығармадан салыстыра суреттеуге қатысты 3 дәлелді анықтайды;
шығармадағы қарама-қарсы суреттеуге қатысты 3 дәлелді анықтайды.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Ыбырай Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл, Атымтай
Жомарт, Дүние қалай етсең табылады? әңгімелері

Оқу мақсаты

5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Қолдану

Тапсырма
Шығарма бойынша пікіріңізді білдіріңіз, мына сөйлемдерден басталуы тиіс:
Мен автор ретінде, әңгімені бұлай бастау себебім ...
Мен автор ретінде, бұл әңгімедегі кейіпкердің әрекетін былайша түсіндірер едім...
Мен автор ретінде, әңгімені былайша аяқтауым ...

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы автор рөліне ене отырып, оның көзқарасын жеткізеді;
әңгімедегі кейіпкердің әрекетін түсіндіреді;
автордың бейнесін жинақтап қорытады.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Ыбырай Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл, Атымтай
Жомарт, Дүние қалай етсең табылады? әңгімелері

Оқу мақсаты

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағыналарын анықтайды

Қолдану

Тапсырма
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдарын тауып, белгілеңіз.
https:kk.wikipedia.orgwiki сөздігінің көмегімен сөздердің мағынасын анықтаңыз.

Қағаз бетіне қолдың суретін салыңыз, төрт саусаққа сөздіктің көмегімен суреттеу құралдарының мағынасы туралы жазыңыз. Кішкентай-шылдыр шүмекке сөздердің мағынасына немесе басқа да суреттеулерге қатысты сұрақтарыңызды жазыңыз. Жазып болған соң, қағазды бүктепумаждап басқа орындыққа лақтырыңыз.

Сол жазбаны алған топ жұмыспен танысып, қойылған сұраққа жауап беруі тиіс.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табады;
мағыналарын анықтайды;
сұрақтарға жауап береді.

Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл,
Атымтай Жомарт, Дүние қалай етсең табылады? әңгімелері

Оқу мақсаты

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын анықтайды
Қолданылу мағыналарына қарай талдайды

Қолдану

Тапсырма
Әңгімедегі тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының әрқайсысына дәлел табыңыз. Әңгімедегі қолданылу мағынасына талдау жасаңыз.

Дескриптор

Білім алушы

әңгімедегі тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табады;
мағыналарын анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл, Атымтай Жомарт, Дүние қалай етсең табылады? әңгімелері

Оқу мақсаты

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсерін сипаттайды
Пікірін жазбаша жеткізеді

Қолдану

Тапсырма
Шығарманы оқығаннан кейін қандай әсер алдыңыз? Сипаттап беріңіз. Осы сұраққа жауап ретінде бес жолды өлең жазыңыз.
1. зат есім
2. сын есім
3. етістік
4. сөйлем
5. синоним
Оқыңыз.

Дескриптор
Білім алушы

шығарманы оқығаннан кейін алған әсерін сипаттайды.
ойын жинақтап, бес жолды өлеңмен жазбаша жеткізеді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Ыбырай Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл,
Атымтай Жомарт, Дүние қалай етсең табылады?
әңгімелері

Оқу мақсаты

5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкердің құндылығын дәлелдейтін эпизодтарды анықтап, эссе жазады
Эссе құрылымын сақтайды

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
Сызба бойынша шығармадағы кейіпкердің өзіндік 3 құндылығын анықтап, сыни тұрғыдан пікіріңізді білдіріп, талдаңыз.
Үлгі:

2-тапсырма
Сейітқұлдың бойындағы қасиеттерін негізге ала отырып, эссе жазыңыз (100-120сөз).

Дескриптор
Білім алушы

кейіпкердің өзіндік құндылығына дәлел болатын 3 эпизодты анықтайды;
кіріспе бөлімде Сейітқұл туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);
негізгі бөлімде Сейітқұлдың бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);
әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);
қорытынды бөлімде Сейітқұлдың бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).

3-тоқсан

Оқылатын шығарма
тақырыбы А.Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы, Адамдық
диқаншысы өлеңі

Оқу мақсаты

5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Өлеңді сюжеттік дамуына қарай сипаттайды
Композициялық құрылысына талдайды

Қолдану

1-тапсырма
Егіннің бастары өлеңін композициялық құрылысына талдаңыз.
Композиция
Басталуы

Дамуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

2-тапсырма
Композиция бойынша өлеңді жұбыңызға өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы эпизодтарды композициялық құрылымына жіктейді;
жұбына өлеңнің сюжеттік дамуын өз сөзімен әңгімелейді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы А.Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы,
Адамдық диқаншысы өлеңі

Оқу мақсаты
5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың идеясына қатысты тақырып ұсынады
Шығармадан идеяға қатысты бөлімді анықтау арқылы, өзіндік тұжырым жасайды

Қолдану

1-тапсырма
Өлеңге басқаша тақырып қойып, себебін түсіндіріңіз.

Өлеңнің тақырыбы
Себебі

2-тапсырма
Өлеңдегі дәнге толы және дәні жоқ егіннің бастарын сипаттайтын жолдарды, өлеңнің идеясын ашуға тірек болатын шумақты анықтаңыз.

Дәні жоқ егіннің басы
Дәнге толы егіннің басы
Идеяға қызмет ететін шумақ

Өзіндік тұжырымыңыз

Дескриптор
Білім алушы

шығармаға басқаша атау ұсынады;
атауды ұсынудың себебін 2 сөйлеммен түсіндіреді.
өлең мазмұнынан егіннің бастарын сипаттайтын жолдарды теріп жазады;
өлеңнен идеяны ашуға негіз болып тұрған шумақты анықтайды;
анықталған шумақ негізінде өз пікірін бір сөйлеммен білдіреді.


Оқылатын шығарма
тақырыбы А.Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы,
Адамдық диқаншысы өлеңі

Оқу мақсаты

5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкер портреті мен іс – әрекетін анықтайды
Әрекет пен портрет негізінде кейіпкердің образына талдау жасайды

Қолдану

Тапсырма
Топта тиісті кейіпкердің портретін және іс-әрекетіне қатысты сызба дайындаңыз. Сызба негізінде кейіпкер образын ашыңыз.

1-топ. Дәні жоқ егіннің басы
2-топ. Дәнге толы егіннің басы
3-топ. Бала
4-топ. Әке

Дескриптор
Білім алушы

өлеңнен кейіпкердің портретін және әрекетін көрсететін жолдарды анықтайды немесе өлең мазмұны негізінде өз болжамдарын ұсынады;
анықталған портрет пен әрекеттер негізінде кейіпкер образын 2 сөйлеммен ашады.

Оқылатын шығарма
тақырыбы А.Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы,
Адамдық диқаншысы өлеңі

Оқу мақсаты

5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алынған үзіндіні мәнерлеп, жатқа оқиды

Қолдану

Тапсырма
Жұбыңызбен өлеңнен үзіндіні таңдап, рөлдік ойын арқылы мәнерлеп жатқа айтыңыз.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы диалогтен үзінді таңдайды;
үзіндіні жатқа оқып, рөлдік ойын арқылы көрсетеді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы А.Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы,
Адамдық диқаншысы өлеңі

Оқу мақсаты

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармалардағы қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды
Көркемдегіш құрал түрін ажыратады

Қолдану

Тапсырма
Өлеңдегі қарама-қарсы суреттеулерді тауып, кестеге орналастырыңыз. Қарама-қарсы суреттеулердің көркемдегіш түрін анықтаңыз.

Суреттеу
Қарама-қарсы суреттеу
Көркемдегіш құрал түрі

Дескриптор
Білім алушы

шығармадан қарама-қарсы 4 суреттеуді табады;
анықталған суреттеулердің қандай көркемдегіш құрал түріне жататындығын анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы А.Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы,
Адамдық диқаншысы өлеңі

Оқу мақсаты
5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы мәселелер негізінде автор образын анықтайды

Қолдану

1-тапсырма
9 ромб әдісі бойынша шығармадағы автор МАҢЫЗДЫ және ОНША МАҢЫЗДЫ ЕМЕС деп санаған мәселелерді анықтаңыз. Жұбыңызға анықталған мәселелердің неліктен маңызды және маңызды емес екенін түсіндіріңіз.
Мысалы: адамдық, еңбек, бейнет, зейнет.. - МАҢЫЗДЫ; мал, есек, жасық ... - ОНША МАҢЫЗДЫ ЕМЕС.
Анықталған маңызды аспектілер арқылы автор бейнесін сипаттаңыз.
Дескриптор
Білім алушы

өлеңнен автордың маңызды деп санайтын 6 аспектісін анықтайды;
3 маңызды емес аспектіні анықтайды;
анықталған маңызды аспектілер негізінде автор бейнесін 2 сөйлеммен сипаттайды.

2-тапсырма
Шығармадан автордың МЕН бейнесін көрсететін тармақтарды табыңыз.
Үлгі:
МЕН қырға шықтым,
МЕН құрға шықтым,
МЕН тұқымын шаштым ...
МЕН ...

Тармақтардың мазмұны бойынша автор бейнесін сын есімдер арқылы ашыңыз.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы автордың мен бейнесін ашатын өлең тармақтарын табады;
тармақтар мазмұны бойынша автор бейнесіне қатысты сын есімдерді кластерге түсіреді.
Оқылатын шығарма тақырыбы А.Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы,
Адамдық диқаншысы өлеңі

Оқу мақсаты
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын анықтайды
Мағыналарына қарай талдайды

Қолдану

Тапсырма
Өлеңнен ауыспалы мағынадағы сөздер кездесетін тармақтарды табыңыз. Суреттеу құралының мағынасын түсіндіріңіз.

Ауыспалы мағынадағы сөздер
Мағынасы

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы ауыспалы мағынада қолданылған сөз кездесетін
3 тармақты анықтайды;
әр тармақтың құрамындағы ауыспалы мағынадағы сөздің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы А.Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы,
Адамдық диқаншысы өлеңі

Оқу мақсаты

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Алған әсерін өз сөзімен сипаттап жеткізеді

Қолдану

Тапсырма
Төменде ұсынылған бір зат есімге таңдау жасап, бес жолды өлең құрастырыңыз. Өлең құрылымындағы сөздер арқылы шығармадан алған әсеріңізді көрсетіңіз.
Ұсынылатын зат есімдер: тәкаппарлық, адамгершілік, қасиет, үлгі

1. зат есім
2. сын есім
3. етістік
4. 4 сөзді сөйлем
5. синоним

Дескриптор
Білім алушы

берілген зат есімдердің біріне таңдау жасайды;
таңдаған зат есімге қатысты екі сын есім жазады;
зат есімге қатысты үш етістік жазады;
төрт сөзден тұратын сөйлем құрастыру арқылы әсерін жеткізеді;
таңдаған зат есімге мағыналас болатын бір зат есім жазады.

Оқылатын шығарма тақырыбы А.Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы,
Адамдық диқаншысы өлеңі

Оқу мақсаты
5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Кейіпкерлердің бейнесіне қатысты үзінділерді анықтайды
Үзіндіде берілген қасиеттерді қазіргі өмірмен салыстыра отырып, көзқарасын білдіреді

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Өлеңнен кейіпкерлер бейнесін айқындайтын өлең тармақтарын анықтаңыз. Негізгі сөздерге өз сөзіңізбен анықтама беріңіз. Анықталған қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына қатысты көзқарас білдіріңіз.

Мәтіннен үзінді
Өз сөзіңізбен сипаттаңыз
ОЛ КІМ?
Қазіргі өмірде
Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам, - дейді.

Көп білетін адам, ізденгіш әрі еңбекқор адамдар...
Мұндай адамдар тарихта ұмытылмайды, артында еңбегі, ашқан жаңалығы қалады...мысалы...
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.

Күн көрісі үшін басқа адамның жұмысын істейтін адам... барлық қара, қиын жұмыстарды атқарады...
Тарихи деректерге сүйенсек байлар құл ұстаған, малы, ақшасы, ішерге тамағы жоқ адамдар құлдыққа алынған. Бірақ қазір біздің елімізде құл деген жоқ ...

Дескриптор
Білім алушы

өлеңнен кейіпкерлер бейнесіне қатысты 3 үзіндіні тауып жазады;
өлең тармағындағы кейіпкер бейнесін ашатын кілт сөзді анықтайды;
кілт сөзге өз сөзімен сипаттама береді;
анықталған қасиеттердің қазіргі өмірде кездесуіне мысал келтіру арқылы өз көзқарасын 2 сөйлеммен жеткізеді.

Оқылатын шығарма тақырыбы А.Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы,
Адамдық диқаншысы өлеңі

Оқу мақсаты
5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктеріне талдап, эссе жазады
Эссе құрылымын сақтайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Шығармадағы бір кейіпкерді таңдаңыз. Таңдаған кейіпкеріңіздің бойындағы қасиеттерін негізге ала отырып, эссе жазыңыз (100-120сөз).

Дескриптор
Білім алушы

шығармадан бір кейіпкерді таңдайды;
кіріспе бөлімде кейіпкер туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);
негізі бөлімде кейіпкердің бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);
әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);
қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).

Оқылатын шығарма тақырыбы А.Байтұрсынұлы Егіннің бастары мысалы,
Адамдық диқаншысы өлеңі

Оқу мақсаты
5.3.4.1 Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың оқырманға берер әсерін анықтайды
Өз көзқарасын білдіріп, жазба жұмысын жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
А.Байтұрсынов өлеңдерінен алған әсерім қандай? тақырыбында жазба жұмысын орындаңыз (100-120 сөз).
Дескриптор
Білім алушы

кіріспе бөлімде мысал өлеңдердің адамгершілік қасиеттер туралы екендігіне тоқталады (20-25 сөз);
негізгі бөлімде шығармадан алған әсері, неге ойландыруға жетелейтіні, тәрбиелік мәні туралы пікірін білдіреді (60-70 сөз);
қорытынды бөлімде өлеңдердің идеясы, тәрбиелік құндылығы жайлы ойымен қорытындылайды (20-25 сөз).

Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа хикаяты

Оқу мақсаты
5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Кейіпкер әрекеті арқылы шығарманың тақырыбын анықтайды
Шығармадағы автор идеясына дәлелдер келтіреді

Қолдану

Тапсырма
Берілген кестеге шығарманың тақырыбына дәлел болатын кейіпкерлердің әрекеттерін орналастырыңыз. Сол бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын бір сөйлеммен беріңіз.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы 4 кейіпкердің бір-бір әрекетін таңдайды;
әрекеттер негізінде шығарманың тақырыбын сөз тіркесімен береді;
идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа хикаяты

Оқу мақсаты
5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетіне талдау жасайды
Талдау негізінде кейіпкерді анықтап, образын сипаттайды

Қолдану

Тапсырма
Берілген үзінділер арқылы кейіпкерлерді анықтаңыз және образын суреттеп сипаттаңыз.

Кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті
Бұл кім?
Кейіпкердің образын өз сөзіңізбен суреттеп сипаттаңыз
Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес.

Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді.

Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш 

Дескриптор
Білім алушы

үзінділердің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды;
кейіпкерлердің образын өз сөзімен сипаттайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа хикаяты

Оқу мақсаты
5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты суреттеулерді анықтайды
Суреттеулердің бейнелеу түрін ажыратады

Қолдану

Тапсырма
Топта берілген кейіпкерлерге қатысты салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы суреттеулерді анықтаңыз.
1-топ. Қожа мен Жантас
2-топ. Анасы мен Майқанова
3-топ. Қожа мен Жанар
4-топ. Сұлтан мен Қожа
5-топ. Оспанов және Майқанова

Дескриптор
Білім алушы

кейіпкерлердің арасындағы суреттеулерге шығармадан 3 дәлел табады;
дәлелдер бойынша салыстыра және қарама-қарсы суреттеулер екенін анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа хикаяты

Оқу мақсаты
5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Қолдану

Тапсырма
Шығармадан автордың өзі туралы жазылған эпизодтарын табыңыз. Сол арқылы автор бейнесін анықтап, мінездеме ұсыныңыз.
Сотқарлау, бірақ жаны таза кейіпкері туралы Бердібек Соқпақбаев былай деген екен (үнтаспа тыңдау): Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан, басымнан кешкенді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.

Автор туралы эпизодтар
Автор бейнесі қандай?
1.
2.
3.
4.
5.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадан автордың бейнесіне қатысты 5 эпизодты табады;
эпизодтар негізінде авторға мінездеме береді.

Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа хикаяты

Оқу мақсаты
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін сөйлемдерді табады
Анықталған құралдардың түрін анықтап, мағынасын түсіндіреді

Қолдану

Тапсырма
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін үзінділер табыңыз. Олардың қандай көркемдегіш құрал түрі екенін ажыратыңыз. Өз сөзіңізбен мағынасын түсіндіріңіз.

Бейнелеу, суреттеу құралдар кездесетін сөйлемдер
Қай кейіпкерге тән?
Көркемдегіш құрал түрі
Мағынасы

Дескриптор
Білім алушы

шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін
3 сөйлемді табады;
олардың қай кейіпкерге қатысты екенін жазады;
анықталған суреттеулердің қандай көркемдегіш құрал түріне жататындығын анықтайды;
әр суреттеу құралының мағыналарын 1 сөйлеммен түсіндіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа хикаяты

Оқу мақсаты
5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Кейіпкерден алған әсері туралы кейіпкерге хат, өлең жазады
Жазба жұмысының құрылымын сақтайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Өзіңіз таңдау жасаған бір кейіпкерге хат жазыңыз. Хатта кейіпкерден алған әсеріңізді жүйелі жеткізу үшін төмендегі кестені негізге алыңыз (120-130 сөз).

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы бір кейіпкерге таңдау жасайды;
кіріспе бөлімде кейіпкермен амандасып, оның бойынан көре алған қасиеттері туралы жазады;
негізгі бөлімде кесте негізінде шығармадан дәлелдер келтіре отырып, кейіпкер бойынан көрген жақсылық немесе кемшіліктерін айтады;
қорытынды бөлімде кейіпкерімен қоштасады.

Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа хикаяты

Оқу мақсаты
5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Шығарма кейіпкерлерінің бірін таңдаңыз. Кесте арқылы кейіпкердің шығармадағы әрекеттерін жазып, ол әрекеттердің қазіргі өмірде көрініс табуын өз сөзіңізбен талдаңыз.

Шығармада...
Қазір...
Мейлі, біздің класс жетекшіміз Майқанова мені жамандай берсін, сотқар деп, ұрса берсін. Мен өзімнің көкейтесті арманымды, жанымның түпкірінде маздап жанған құпиямды Жанарға бір жөні келгенде ақтарып айтып берсем, менің кім екенімді ол таныр еді...
Қазіргі уақытта мұғалім мен оқушы арасында мұндай түсінбестік жоқ, мұғалімдер оқушылардың білім алуы мен тәрбиесіне белсенді қатысып отырады, мұғалімдер оқушыларды жамандамайды, қатты ұрыспайды, тек ненің дұрыс, ненің бұрыстығын түсінуге көмектеседі, ата-аналар да мектеп жұмысына қатысады...

Дескриптор
Білім алушы

бір кейіпкерге таңдау жасайды;
шығармадан кейіпкердің 3 әрекетіне таңдау жасап, кестеге орналастырады;
таңдалған әрекеттердің қазіргі өмірдегі көрінісіне дәлел келтіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа хикаяты

Оқу мақсаты
5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін түсіндіріп, эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Қожа түбінде адам болатын бала деген пікірмен келісесіз бе? Өз пікіріңізге шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Қожаның бойындағы адамгершілік қасиеттердің болу-болмауын талдап, эссе жұмысын жазыңыз (120-130 сөз).

Дескриптор
Білім алушы

берілген пікірге қатысты өз пікірін анықтайды;
өз ойына шығармадан дәлелдер келтіреді;
дәлелдер арқылы Қожаның бойындағы адамгершілік қасиеттердің бар-жоғын талдайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа хикаяты

Оқу мақсаты
5.3.4.1 Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсерін талдай отырып, жазба жұмысын жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Төмендегі жазбалардың негізінде шығармадан алған әсеріңізбен бөлісіп, Повестен кейінгі ой тақырыбында өз пікіріңізді білдіріп, жазба жұмысын орындаңыз.
- Қожа - менің сүйікті кейіпкерім;
- Қожа - жаны таза бала;
- Қожа - түбі  адам болатын бала;
- Қожаның болашағы жарқын.

Дескриптор
Білім алушы

жазбалар реті негізінде негізгі кейіпкерді ақтайды;
әр жазбаға өзіндік көзқарасын білдіреді;
қорытындыда шығарма туралы жалпы тұжырым жасайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай Бауыр әңгімесі

Оқу мақсаты
5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың сюжеттік дамуын ретімен орналастырады

Білу және түсіну

Тапсырма
Шығарманың сюжеттік дамуын ретімен қойып, жұбыңызға әңгімелеңіз.
Сюжет
Реті
Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытты сұрап, жаттығуға асығуы.

Аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы.

Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде Волгаға отырып, вокзалға бағыт алуы.

Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, директормен әңгімесі.

Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы тосырқаулық, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.

Дескриптор
Білім алушы

шығарманың сюжеттік даму ретін анықтайды;
мазмұнын жұбына әңгімелейді.

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай Бауыр әңгімесі

Оқу мақсаты
5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді
Идея негізінде шығарманың тақырыбын анықтайды

Білу және түсіну

Тапсырма
Шығарманың идеясын анықтаңыз. Анықтаған идеяңызды ПОПС формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңіз.
Бірінші сөйлем: Менің ойымша, ертегідегі басты идея - ... .
Екінші сөйлем: Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...
Үшінші сөйлем: Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...
Соңғы сөйлем: Осыған байланысты мен шығарманың тақырыбы ... ... ... ... деген шешімге келдім ... . 

Дескриптор
Білім алушы

бірінші сөйлемде шығарманың идеясын анықтайды;
екінші сөйлемде идеяны таңдау себебін түсіндіреді.
үшінші сөйлемде идеяны нақтылауға қатысты ертегіден
2 дәлел келтіреді;
төртінші сөйлемде идея негізінде шығарманың тақырыбына қатысты өзіндік тұжырым жасайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай Бауыр әңгімесі

Оқу мақсаты
5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетіне талдау жасайды
Кейіпкер образына қатысты өзіндік пікір танытады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Кейіпкерлердің шығармадағы портреті мен әрекетіне өзіндік пікіріңізді білдіріңіз. Сын есімдер немесе мақал-мәтелмен образға қатысты тұжырым жасаңыз.

Кейіпкер
Менің пікірім...
Ой-тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал-мәтел
Директор - жасамыс, ақ сары әйел...
Директор кұжаттарды алдына жайып салып, қадағалап оқыды.
Әр қайырма сайын басын бірде шайқап, кейде изеп, жігітті жылы шырайда тыңдаған директор саусақтарының буынын сыртылдатып үзіп отырды да, сөзге көшті...
Директорлар әдетте құжатқа өте жауапты қарайды. Сұхбаттасып отырған адамды мұқият тыңдау мәдениетін меңгерген...
Сауатты, жанашыр...

Дескриптор
Білім алушы

3 кейіпкердің портреті мен іс-әрекетіне шығармадан айғақ табады;
анықталған әрекет немесе портрет арқылы кейіпкер бейнесіне өзіндік пікір білдіреді;
кейіпкер образын сын есім немесе мақал-мәтелмен тұжырымдайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай Бауыр әңгімесі

Оқу мақсаты
5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Кейіпкерлер арасындағы салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеулерге дәлел келтіреді

Қолдану

Тапсырма
Шығармадан кейіпкерлер арасындағы суреттеулерді табыңыз. Олардың суреттеудің қай түріне жататындығын дәлелдеңіз.

Шығармадағы суреттеулер
Суреттеулердің түрлері

Дескриптор
Білім алушы

шығармадан кейіпкерлер арасындағы суреттеулерді табады;
салыстырмалы және қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады.

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай Бауыр әңгімесі

Оқу мақсаты
5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Қолдану

Тапсырма
Шығармадан автордың бейнесін танытатын эпизодтарды кестеге түсіріңіз. Анықтаған эпизодыңыздағы автор бейнесіне өз ойыңызбен пікір білдіріңіз.

Эпизодтар
Менің пікірім...
Манап Директор деген алтын жазулы кабинетті тез тауып алды. Рұқсат сұрап, сыпайы кірген мұны басынан аяғына дейін шапшаң шолып шыққан жасамыс, ақ сары әйел орнынан тұрып, нақ алдындағы орындықты нұсқады. Бұл кабинеттің табалдырығын аттаған жан ең әуелі ашық қабақ пен жылы сөзді аңсап келетінін жақсы біле ме, директор саулығын, жол машақатын тәптіштеп сұрады ...
Автор - баяндаушы, себебі оқиғаны баяндап үшінші жақта сөйлеп тұр.
Лекіп сөйлеген директор жол ортада бөгеліп, інісін іздеп келген жігітке қараса, стол бетіне үңіліп, жылтыр тақтайды жанарымен сүртіп отыр екен. Орынсыз мылжыңдап, түн қатып, түсі қашып келген қонағымды шаршатып алдым ба? — деп ойлады ма, болмашы қызарып, күлімсіреді. Төмен қарап, көзімен жер сүзу Манаптың, қала берді Төрекелді тұқымының маңдайына жазылған қасиет екенін бір көрген директор қайдан білсін?...
Автор - сезімтал, бақылаушы, директордың Манапқа қатысты ойын жеткізуінен көрінеді.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы автордың бейнесіне қатысты 3 эпизодты анықтайды;
әр эпизодтағы автор бейнесіне өз сөзімен сипаттама береді.

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай Бауыр әңгімесі

Оқу мақсаты
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін ойларды анықтайды
Бейнелеу құралының түрі мен мағынасына талдау жасайды

Қолдану

Тапсырма
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін сөйлемдерді табыңыз. Олардың түрлері мен мағыналарына талдау жасаңыз.
Шығармадан үзінді
Бейнелеу, суреттеу құралының түрі
Мағынасы

Дескриптор

Білім алушы

шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін 3 сөйлемді табады;
олардың түрлерін анықтайды;
бейнелеу, суреттеу құралдарының мағыналарын талдайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай Бауыр әңгімесі

Оқу мақсаты
5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Стратегия бойынша авторға хат жазады
Алған әсерімен бөліседі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
РАФТ стратегиясын негізге ала отырып, шығармадан алған әсеріңізбен бөлісіп, авторға хат жазыңыз (100-120 сөз).
Р - роль - оқырман
А - аудитория - автор
Ф - форма - хат
Т - тақырып - туыстық қатынас

Дескриптор

Білім алушы

стратегия бойынша болашақ оқырман атынан авторға хат жазады;
хат мазмұнында туыстық сезім туралы жеткізеді;
шығармадан алған әсерін кейіпкерлер әрекетімен байланыстырады;
хат құрылымын сақтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай Бауыр әңгімесі

Оқу мақсаты
5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкерлердің тағдырын шынайы өмірмен салыстыра бағалайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Шығармадағы кейіпкерлердің қазіргі күндегі өміріне өз ойыңызша болжам жасаңыз. Жасаған болжамдарыңызға шығармадан дәлел келтіріңіз.

Кейіпкер
Қазіргі өмірде
Неге олай болжам жасаймын?
Манап Төрекелдиев – соғыстан кейінгі ауыр жылдарда балалар үйіне тапсырған бауырын іздеуші жігіт.

Қали Төрекелдиев – балалар үйінде тәрбиеленуші Манаптың бауыры.

Виктория Ивановна – балалар үйінің директоры.

Эльжбета Сергеевна – балалар үйінің қызметкері.

Дескриптор

Білім алушы

шығарма кейіпкерлерінің қазіргі өміріне болжам жасайды;
болжамының себебін түсіндіреді;
шығармадағы кейіпкер әрекеттерімен байланыстырады.

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай Бауыр әңгімесі

Оқу мақсаты
5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктеріне талдау жасайды
Анықталған ерекшеліктерге шығармадан дәлелдер келтіреді

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Шығарма кейіпкерінің бірінің тұлғалық ерекшеліктерін талдаңыз.
Үлгі: Манап - еңбекқор, бауырмал, адал, әке алдындағы борышын өтеді, қамқоршы, бейнет көрген жігіт.
Анықталған қасиеттеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, кейіпкердің тұлғалық ерекшелігін сипаттап, эссе жазыңыз (120-130 сөз).

Дескриптор
Білім алушы

шығармадан бір кейіпкерді таңдайды;
кіріспе бөлімде кейіпкер туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);
негізі бөлімде кейіпкердің бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);
әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);
қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай Бауыр әңгімесі

Оқу мақсаты
5.3.4.1 Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсерін талдай отырып, жазба жұмысын жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Жазушының Бауыр әңгімесі терең психологиялық сезімге құрылған. Шығармаға арқау болған адамдар өміріне зардабын тигізген, бауырлардың бір-бірінен еріксіз ажырап қалуына себеп болған Ұлы Отан соғысының ащы шындығы сізге қалай әсер етті?
Осы сұраққа жауап ретінде сыни хабарлама жазыңыз.


Дескриптор
Білім алушы

кіріспе бөлімде шығармадағы кейіпкерлер, шығарманың тақырыбы мен идеясына тоқталады (20-25 сөз);
негізгі бөлімде шығармадан алған әсері, кейіпкерлер әрекетінің неге ойландыруға жетелейтіні, тәрбиелік мәні туралы пікірін білдіреді (60-70 сөз);
қорытынды бөлімде отбасы құндылығы, оның маңыздылығы жайлы ойымен қорытындылайды (20-25 сөз).

4-тоқсан

Оқылатын шығарма тақырыбы Т.Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала әңгімесі
Нұрдәулет Ақыш Нағыз әже қайда? әңгімесі

Оқу мақсаты

5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың жанрына қарай фабуласын, сюжеттік дамуын сипаттайды

Қолдану

Тапсырма
Шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуын анықтаңыз және оны сипаттайтын тақырып қойыңыз.
Оқиғаның басталуы –
Оқиғаның дамуы -
Оқиғаның шиеленісуі –
Оқиғаның шарықтау шегі –
Оқиғаның шешімі –

Дескриптор
Білім алушы

шығарманың жанрына қарай фабуласын, сюжеттік дамуын анықтайды;
шығарманың сюжетін сипаттайтын тақырып қояды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Т.Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала әңгімесі
Нұрдәулет Ақыш Нағыз әже қайда?" әңгімесі

Оқу мақсаты

5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Әңгімедегі негізгі тақырыпты анықтайды
Идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді

Қолдану

1-тапсырма
Берілген суреттерден әңгімеге сай келетін тақырыпты анықтаңыз.

Әйел бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтаңыз, сызбаға түсіріңіз.

Дескриптор
Білім алушы

берілген сурет нұсқаларының ішінен әңгімеге сай келетін тақырыпты белгілейді;
әйел бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтайды;
анықталған сөздерді сызбаға түсіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы Т.Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала әңгімесі
Нұрдәулет Ақыш Нағыз әже қайда? әңгімесі

Оқу мақсаты

5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын суреттеп сипаттайды

Қолдану

Тапсырма
Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын төмендегі кесте бойынша суреттеп сипаттаңыз.

Ая туралы жазушы ойы
Менің ойым (суреттеп сипаттау)
Үні жасына лайық нәзік болғанымен, Аяның сөйлеу мәнерінде орнықтылық байқалады. Райхан сенен екі жас кіші. Оны жылатпай қайта оған өзің көмектесе жүр, - деп шешесі екеуміз құлағына құя бергендіктен де болар, Ая сіңлісінің қасында кейде өзін үлкен кісідей ұстауға тырысатын...
Меніңше, Ая Райханнан үлкен болғанымен де өзін әлі кішкентай сезінеді, шығармаға сүйенсек, ол сіңлісіне қарағанда неғұрлым ерке, талапшыл сияқты: Папа, тағы да, бізге балабақшада мұндай ертегі айтпайды, Ия, папа, сен мұның бәрін қайдан білесің?, Әже деген кім? деп бәрін тез-ақ сұрап, білгісі келіп тұрады...

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетін анықтайды;
кейіпкерлердің образын суреттеп сипаттайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Т.Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала әңгімесі
Нұрдәулет Ақыш Нағыз әже қайда? әңгімесі

Оқу мақсаты

5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан үзінділерді пайдалану арқылы диалог, монолог құрастырады

Қолдану

Тапсырма
Қима қағаздардағы үзінділерді оқып шығыңыз, мәнерлеп жатқа айтыңыз.

Дескриптор
Білім алушы

шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп жатқа оқиды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Т.Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала әңгімесі
Нұрдәулет Ақыш Нағыз әже қайда? әңгімесі

Оқу мақсаты

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Әңгімедегі кейіпкерлердің бойынан салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы суреттеулерді анықтаңыз. Суреттеулерді (салыстырмалы, қарама-қарсы суреттеулер) өз сөзіңізбен ұсыныңыз.

Үлгі:
... Сол түні өз әжем түсіме кіріпті. Осыдан отыз жыл бұрынғы қалпы, басында аппақ кимешегі бар екен деймін. Ескі мақаммен ыңылдап ән айтып, ұршық иіріп отыр. Мен болсам әжемнің бүйіріне басымды тығып, еш алаңсыз ірімшік жеп жатыр екенмін.
Әжесінің қолында тәрбиеленген,
Әжесіне еркелеп өскен.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы суреттеулерді табады;
суреттеулерге талдау жасайды, өз ойын ұсынады;
кейіпкерлердің арасындағы суреттеулерге шығармадан 2 дәлел табады;
дәлелдер бойынша салыстыра және қарама-қарсы суреттеулер екенін анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Т.Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала әңгімесі
Нұрдәулет Ақыш Нағыз әже қайда? әңгімесі

Оқу мақсаты

5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Қолдану

Тапсырма
Шығармадағы автордың бейнесін талдап, тұжырымдамалық карта арқылы анықтаңыз.

Үлгі:

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы автордың бейнесін талдайды;
шығармадағы автор бейнесін тұжырымдамалық карта арқылы анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Т.Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала әңгімесі
Нұрдәулет Ақыш Нағыз әже қайда? әңгімесі

Оқу мақсаты

5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы
Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Сіз автор ретінде осы шығарманы неліктен осылай бастадыңыз? Егер сіз автор болсаңыз осы шығарманы қалай аяқтар едің? деген сұрақтарға жауап дайындаңыз.
Өз жауабыңызды Автор орындығында оқыңыз.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы автордың көзқарасы мен ойын талдайды;
автор орындығында автордың бейнесін сипаттап жеткізеді.

Оқылатын шығарма тақырыбы Т.Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала әңгімесі
Нұрдәулет Ақыш Нағыз әже қайда? әңгімесі

Оқу мақсаты

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдарын іріктейді
Бейнелеу құрал түрлерін анықтайды
Анықталған бейнелеу құралдарын мағынасына талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Әңгімеден тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табыңыз, қарындашпен белгілеңіз.
Тілдік құралдардың мағыналарын анықтау үшін түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасаңыз және тілдік құралдарды қолдану мақсатын анықтау үшін келесі сұрақтар тізбегіне жауап беріңіз: не? қайда (кімнің)? қашан?
Үлгі:
Бейнелеу, суреттеу құралдары
Мағынасы
Не? қайда (кімнің)? қашан?
Бал-бұл жайнаған

-не? - жүздері;
кімнің? - балалардың; қашан? - әжемен кездесуді естігенде.
Көл-көсір етіп дастарқан жайған

- не? дастарқан;
қайда? - қонақта;
қашан? – қонақта болған кезде

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы ауыспалы мағынада қолданылған 4 тармақты анықтайды;
әр тармақтың құрамындағы сөздің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы Т.Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала әңгімесі
Нұрдәулет Ақыш Нағыз әже қайда? әңгімесі

Оқу мақсаты

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды іріктейді
Бейнелеу құрал түрлерін анықтайды
Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасын талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Сен маған, мен саған. Шығармада кездескен бейнелеу, суреттеулерді теріп жазып алыңыз.
Суреттеулерді қима қағаздарға жазыңыз, жұбыңызбен қима қағазбен алмасыңыз.
Бейнелеу, суреттеулер мәтінде қандай мақсатта қолданылғанын мәтінге қарамастан мазмұндап, түсіндіріп беріңіз.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы бейнелеу, суреттеу құралдарын табады;
бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Т.Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала әңгімесі
Нұрдәулет Ақыш Нағыз әже қайда? әңгімесі

Оқу мақсаты

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсері туралы жазбаша жеткізеді

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
Шығармадан алған әсеріңізді білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің тізбегін жасаңыз.

Анықталған сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, шығармадан алған әсеріңізді сипаттайтын пікіріңізді жазбаша (хат немесе өлең) жеткізіңіз.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадан алған әсерін сипаттайды;
хат немесе өлең жазады;
хат мазмұнында шығармадан алған әсері туралы жеткізеді;
шығармадан алған әсерін кейіпкерлер әрекетімен байланыстырады;
хат құрылымын сақтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Т.Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала әңгімесі
Нұрдәулет Ақыш Нағыз әже қайда? әңгімесі

Оқу мақсаты

5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін түсіндіріп, эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
Шығармадағы кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін концептуалды кесте арқылы талдаңыз.
Үлгі:
Кейіпкер
Өмірге қызығушылығы
(автор көзімен)
Адами қасиеті
(автор көзімен)
Ана

2-тапсырма
Осы талдауға сүйеніп, ананың тұлғалық ерекшелігін түсіндіретін әдеби эссе жазыңыз (120-130сөз).

Дескриптор
Білім алушы

кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін талдайды;
кіріспе бөлімде ана туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);
негізі бөлімде ана бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);
әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);
қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).

Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесі

Оқу мақсаты

5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Әңгіменің сюжеттік дамуын сипаттайды
Композициялық құрылымына талдайды

Қолдану

1-тапсырма
Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесінің композициялық құрылымына талдаңыз.

Композиция
Басталуы

Дамуы

Өрбуі

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

1. Оқиғаның басталуы - Ривераның рингке шығуы
2. Оқиғаның дамуы - Дэннидің рингке көтерілуі
3. Оқиғаның өрбуі - Ривера мен Дэннидің айқасы
4. Оқиғаның шиеленісуі - Дэнни төрешінің қитұрқы әрекеттері
5. Оқиғаның шарықтау шегі - Ривераның айласы
6. Оқиғаның шешімі - Ривераның жеңісі

Құрылымы бойынша шығарманы өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы эпизодтарды композициялық құрылымына жіктейді;
композициялық құрылымы бойынша әңгіменің сюжеттік дамуын өз сөзімен әңгімелейді.

Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесі

Оқу мақсаты

5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтайды

Білу және түсіну

Тапсырма
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау үшін келесі кестеге мән беріңіз, шығарма сюжетіне сүйене отырып, сұрақтарға жауап беріңіз, кестеге түсіріңіз.
Үлгі:
Қандай мәселелер көтерілді?
Шығармадағы мәселені ашатын үзінділер
Қандай үлгі-өнеге береді?
Ривераның туған елінің аянышты тұрмысы...
Шығарманың басындағы Ривераның Деннимен сайысқа түсер алдындағы туған елін көз алдына елестеткен тұсы...
Елін сүюге, өз халқының жарқын болашағы үшін күресуге, ...

Дескриптор
Білім алушы

шығарманың тақырыбы мен басты идеясын анықтайды;
басты идеясын талдайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесі

Оқу мақсаты
5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкер портреті мен іс – әрекетін анықтайды
Әрекет пен портрет негізінде кейіпкердің образына талдау жасайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Шығармадағы 2 кейіпкердің портретін және іс-әрекетін анықтап, шығармадан дәлел келтіріңіз.

Шығармадағы кейіпкерлер
Қандай?
Шығармадан дәлел келтіретін үзінді

Дескриптор

Білім алушы
әңгімеден 2 кейіпкерді анықтайды;

кейіпкердің портретін және әрекетін көрсететін жолдарды анықтайды;
анықталған портрет пен әрекеттер негізінде шығармадан
2 дәлел келтіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесі

Оқу мақсаты

5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан үзінділерді пайдалану арқылы диалог, монолог айтады

Қолдану

Тапсырма
Шығармадан өзіңізге ұнаған үзіндіні таңдаңыз. Таңдалған үзіндіні өз сөзіңізбен мәнерлеп айтып беріңіз, айтылған мазмұнды үзіндімен салыстырыңыз, толық айтылғанына мән беріңіз.

Дескриптор
Білім алушы

әңгімеден үзіндіні таңдайды;
үзіндіні жатқа оқып, рөлдік ойын арқылы көрсетеді.

Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесі

Оқу мақсаты
5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Әңгімеден өзіне ұнаған эпизодты анықтайды
Эпизодты мәнерлеп жатқа айтады

Қолдану

Тапсырма
Әңгімеден өзіңізге ерекше әсер қалдырған эпизодты жаттап, жұбыңызға мәнерлеп жатқа оқыңыз.

Дескриптор
Білім алушы

әңгімеден әсер еткен эпизодты анықтайды;
эпизодты жаттайды;
жұбына үзіндіні мәнерлеп жатқа оқиды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесі

Оқу мақсаты

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Әңгімедегі қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды
Көркемдегіш құрал түрін ажыратады

Қолдану

Тапсырма
Әңгімедегі қарама-қарсы суреттеулерді тауып, кестеге орналастырыңыз. Қарама-қарсы суреттеулердің көркемдегіш түрін анықтаңыз.

Суреттеу
Қарама-қарсы суреттеу
Көркемдегіш құрал түрі

Дескриптор

Білім алушы

шығармадан қарама-қарсы суреттеуді табады;
анықталған суреттеулердің қандай көркемдегіш құрал түріне жататындығын анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесі

Оқу мақсаты

5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Білу және түсіну

Тапсырма
Шығарма авторының бейнесін анықтау үшін келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

- Автор әңгімені неге Мексика ұлы деп атады?
-Жазушы Ривера бейнесі арқылы қандай ой тастайды?
-Шығарма мазмұнынан авторға қандай мінездеме беруге болады?
-Шығармадан қандай әсер алдыңыз, сипаттап беріңіз?
Жауаптарды келесі сызбаға түсіріңіз:

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы автордың бейнесін анықтайды;
автор бейнесіне сипаттама береді.

Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесі

Оқу мақсаты

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды іріктейді
Бейнелеу құрал түрлерін анықтайды
Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасын талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Шығармадағы бейнелеу, суреттеу құралдарын табыңыз, топтастырыңыз.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табады, топтастырады;
тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын талдайды, анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесі

Оқу мақсаты

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсерін өз пікірімен жазбаша жеткізеді

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Шығарма сізге қалай әсер етті? деген сұраққа жауап ретінде ұсынылған бағыттың бірін таңдап, Мені селт еткізген оқиға деген тақырыпта авторға немесе кейіпкерге хат жазыңыз.
1. Автормен сырласу.
2. Кейіпкермен сырласу.
Хатты қағазға түсіріңіз, Автор орындығында оқыңыз немесе сынып бұрышына іліңіз.
Бір-бірлеріңіздің хаттарыңызды оқып, стикерде авторкейіпкер атынан жауап жазып қалдыруға болады.

Дескриптор
Білім алушы

шығарма авторы немесе кейіпкерді таңдайды;
кіріспе бөлімде кейіпкер туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);
негізі бөлімде кейіпкердің бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);
әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);
қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).

Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесі

Оқу мақсаты

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсерін сипаттап, жазбаша жеткізеді

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Меніңше...
Шығармадан алған әсеріңізді стикерге жазып жұбыңызға ұсыныңыз.
Сыныптасыңыздың шығармадан алған әсерімен келісесіз бе? және өз пікіріңізбен бөлісу үшін шығармадан алған әсеріңіз туралы Меніңше... деп басталатын оқырманға (сыныптасыңызға) хат жазыңыз.
Хатпен таныстырыңыз.

Дескриптор
Білім алушы

оқырманға хат жазады;
кіріспе бөлімде оқырманмен амандасып, шығарма туралы жазады;
негізгі бөлімде кесте негізінде шығармадан дәлелдер келтіре отырып, алған әсерін айтады;
қорытынды бөлімде оқырманмен қоштасады.

Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесі

Оқу мақсаты

5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп, эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Шығармадағы бір кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан келесі кесте бойынша талдаңыз.

Кейіпкер
Мәтіннен мысал
Сіз берген мінездеме
Өмірде кездестірген ұқсас адам

Кестеге түсірілген жазбаға сүйеніп, әдеби эссе жазыңыз.

Дескриптор
Білім алушы

шығармадағы кейіпкерді таңдайды;
кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін талдайды.
берілген пікірге қатысты өз пікірін анықтайды;
өз ойын дәлелдеу мақсатында шығармадан дәлелдер келтіреді;
кейіпкерге мінездеме береді;
кейіпкерге өмірде кездестірген ұқсас адамға мысал келтіреді.


Скачать


zharar.kz