ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР
Ол екі бөлімнен тұрады: 2.1 Кәсіби қызметі , 2.2 Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік құндылықтары
2.1 Кәсіби қызметі Бұл мәселені қарастырмас бұрын біз «Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік тұлғасы деден көрінеді ?» деген сұрақты қарастыруымыз керек. Бұл сұрақ әрбір әлеуметтік қызметкердің барлығының бойында болатын көрініс.
Әрбір әлеуметтік қызметкер ол кәсіби маман болуы үшін ол көптеген жылдар еңбек ету керек. Яғни практика жинап, әлеуметтік кәсіби маман болуы керек. Ол кәсіби маман болуы үшін оның жан-жақты білім салаларынан білімі, әлеуметтік мәселелерді жақсы білу, әлеуметтік жұмыс теориясын, әдістерін, технологияларын білу, адам психологиялары жақсы білу, адамды түсіну сияқты сапалары болуы керек.
И. А. Зимняя әлеуметтік қызметтердің 13 професионалды ролін функционал арқылы анықтаған:
- әлеуметтік қызметкер. Ол адамдар, топтар, халық ішінен қиындықтары барын анықтайды, кризисті ситуацияда, қиын жолдарға түсуі адамдарды тексереді. Оның негізгі тапсырмасы мәселе, туғызатын, қоғам факторларын анықтау.
Клиентті анықтаушы( outreach worker) деп аталады.
Брокер( broker) – проблемасы бар адамдарға тиісті көмек көрсету орнына жіберу. Яғни әлеуметтік мекемелерді халыққа таныту және оған орналастыру.
Буфер (mediator) - екі топ пен адам арасында болуы мүмкін, сондықтан оның міндеті осы екеуінің арасындағы келіспеушілікті тоқтату бірге жұмыс істеуге үйрету.
Адвокат, қорғаушы (advocate) – қорғауды қажет ететін адамдардың құқығын қорғаушы әлеуметтік қызметкер.
Бағалаушы ( ekaluktor) – ақпаратты жинаушы әлеуметтік қызметкер, тұлғаның топтың проблемасын бағалау, шешім табуға көмектесу.
Мобилизатор ( mobilizator) – проблеманы шешуді болмайды, оның міндетін шешу жолдарын табу, істі бастау, ұйымдастыру. Ол өз жеке адам әрекет немесе ішіндегі әрекет болуы мүмкін.
Оқытушы ( teacher) – ақпарат береді, халыққа білімін дамытуға көмектеседі .
Корректорлы әрекет ( Bavior chorder) – ол адамның істерін, әрекеттерін өзгерту, топтың немесе тұлғаның қабылдауына өзгерту енгізуші.
Консультант ( consultant) – кешен проблемасын шешуде басқа жұмыскерлермен немесе ұжыммен бірігіп жұмыс істеуші.
Проектоист (Community plaanner) – бірігіп жұмыс істеушілер, қызметінің бағдарына, дамуына өз үлесін қосуда.
Ақпарат менеджері ( Data mannader) - әлеуметтік орта туралы мәлімет жинап таратушы.
Администратор ( administrator) - әлеуметтік көмек мекемесі ақпаратты, мекемені , ұйымды басқарушы.
Әрбір кәсіби маман бойында:
- адамгершілік;
- силамдық;
- адамды ол қандай, солай қабылдау;
- кішіні құрметтеу, үлкенді қадірлеу;
- Өзінің мамандығына деген қызғушылық;
- өз ісіне жауаптылық т.б қасиеттер . Себебі әлеуметтік қызметкердің қолында адам өмірі тұр . Ол өз ісіне жауапты , тұрақты болуы тиіс.
Әрбір әлеуметтік қызметкер бірден кәсіби маман болып кетпейді. Біз осыны есімізде сақтауымыз керек. Ол оның қызметінің барысында дамып, оның бойына сіңіріледі.
Әлеуметтік жұмыс жеке адамға бағытталған. Тіпті ол топпен жұмыс істесе де ол олардың әр қайсысымен жеке-жеке жұмыс атқарады.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік тұлғасы мына жағдайларда ерекше көрінеді:
-Белгілі бір мәселені шешкенде, әлеуметтік қызметкердің методологиялық базасының кеңдігі;
- Қызмет процесіндегі клиент пен әлеуметтік қызметкер арсындағы әлеуметтік қақтығыстарды шешуі;
- Мәселені шешу кезіндегі болжау, шешу, басқару .
Әлеуметтік ықзметкер кәсіби маман ретіндегі міндеті оның қызметін күрделендіреді.
Әлеуметтік қызметкер міндетіне мүгедектердің үйіне немесе станционарлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру кіреді. Әлеуметтік қызметкердің атқаратын жұмысы әртүрлі .
Отбасына , жетімханаларға көмек көрсетуге (балаларға қамқорлық, қамқоршылық) орталықтарын , мүдессі бойынша жеткіншектердің балардың және
Екінші бөлімі: 2.2 Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік құндылықтары
Ұйымдастырушылық қызмет әр жерде ( аймақта , тұрғындық жерлерде ) әлеуметтік қызмет мекемелерін құрумен және басөқару мен байланысты байланысты әлеуметтік қызметкер адамдар қызығушылығын біле отырып, олардың бос уақытын ұйымдастрыуна әр түрлі ұйымдар қатыстыра отырып өткіщуге себеп болады.
Бұдан басқа тікелей және жанама түрде маргиналдық тұоғындар бөлігіне қолдау көрсетеді.
Көмек сұраушымен жұмыс істегенде әлеуметтік қызметкер психиканың денсаулық факторларын қалыпқа келтіруге тиіс.
1 . Адам өз өміріне жауапкершілігін сезінуге міндетті.
2. Өздік рефлексия мен өздік таңдауға қабілеттілігі
3. Өзінің кім екенін тануы.
4. Бүгінгі күнмен өмір сүруі.
5., Жеке әлемін құру, жеке өһмірінің мәнін өз құндылықтар жүйесін құру қажеттілігімен байланысмтыра ойлау.
6. Басқаларды түсінуде адамды тек жай ғана тыңдап естіп қана қоймай қоршағн социумды қапбылдау деп түсіну.
7. Өмірді сол қалпында қабылдау.
Әлеуметтік қызметкер міндеті жеке адамға қиын жағдайда қорғана білуге , түрлі қоқыныштардан, үрейлерден қорғана түсуге үйрету.
Әлеуметтік қызметкерлер барлық мұқтаж адамдардың проблемасын ( яғни мәселесін) шешуге көмектеседі., ең алдымен әлеуметтік жағынан қаралмағандарға :
Қарттарға, мүгедектерге, дұрыс отбасы тәрбиесін алмаған баларға , психикасы бұзылған адамдарға, маскүнемдерге, нашақорларға, СПИД дертіне шалдыққандарға е сепке алынған отбасыларға , және т.б. әлеуметтік қорғауға мұқтаж әлеумсеттік топтарға.
Сондықтан әлеуметтік жұмыс – бұл теория ғана емес, ол адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттік қарым-қатынасының өнері. Ескре кететін жағдай , біздің мемлекетімізде әлі әлеуметік жұмыстың технологиясы мен әдістері жеткіліксіз. Адамның бабын табу, әлеуметтік жұмыстың принципі ретінде адамға назарын аударту сияқты қиын мәселені өте қажет етеіді.
Әлеуметтік жұмыс ол – қайырымдылық іс. Яғни кез- келегн адам, кез-келген маман бойында халыққа деген жан ашушылық, , халыққа деген сүйіспеншілік қасиеттері болмаса, шын ниетпен халыққа адамгершілік, қайырымдылық қызмет көрсетуге тырыспаса ол маман клиент мәселесін шеше алмайды.
Сондықтан әлеуметтің қызметкердің бойында біріншіден адамгершілік қасиеттері қалыптасуы қажет деп ойлаймын.
Әр қазақ жастарының бойында және әр болашақ әлеуметтік қызметкердің бойында адамгершілік, қайырымдылық қасиеті болса, еліміздің халқы бір-біріне жаны ашып, көмек көрсетіп тұрса бұл мемдлекетімізге тіптен де пайдалы.
Осы мақсатта мен әлеуметтік қызметкерді елімізге қажетті және оны көбейтуге шақырғым келеді.
Осыған орай әлеуметтік қызмсеткердің қызмет түрлерін :
- Психологиялық қызмет;
- Кеңес беру қызметі:
- Мәселені шешу;
- Басқа мандармен байланыс;
- Құжаттық қызмет;
- Үйге көрсететін қызмет;
- Әр түрлі әлеуметтік қорғау мекемеріндегі қызмет ;
- Қоғамды реттеу қызметі;
Қорытынды. Курстық жұмысты қорытындылай келетін болсақ, біздің мемлекетіміз әлеуметтік жұмыстың дамуының ең бастапқы сатысында келеді екен. Осыған байлансты , болашағымыз дұрыс болуы үшін әлеуметтік қызметкерлерге ерекше көңіл бөлінуі керек. Болашақта әлеуметтік жұмыс жайлы заң қабылданып, әлеуметтік қызметер өз орнын мамндар ішінде алатын болса ол мемлекетімізге пайдалы . біздің мемлекетімізде әлеуметтік қызметкердің міндеттері мен таспсырмалары , оның қызметінің жан-жақтылығын, қажеттігін жайлы көптеген пікірлер қалыптасып, ел арсында таратса ол қоғамда , мемлекетімізде өз орнын табар еді.Сондықтан да мен бұл курстық жұмысымды осы тақырыпта жазып отырмын. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметі туралы мәліметті толық жеткіздім деп ойлаймын.