Әкеміздің жеке шаруа қожалығы бар, аты - Алтын дән

Скачать

Нан болса, ән де болады - дейді менің апам. Жалпы ол туралы, нан туралы көп айтады. Әкеміздің жеке шаруа қожалығы бар, аты - "Алтын дән". Көктем айында дала төсі еңбек әуеніне бөленеді. Шаруа қожалығы техникаларымен егін егіп, жер жыртады. Әкеміз бұл кезде үнемі дала төсінде жүреді.
Ал күзде, егін піскен кезде әкеміздің комбайны алтын ораққа кіріседі. Бұл кездер қандай ғажап! Бізді әкем жиі-жиі егіндік басына алып барып, дала төсіндегі қайнаған еңбекпен таныстырады, оған біз де үй ішімізбен шаттанамыз. Біз әкемізге, әкеміз бізге қымбат екенін оның еңбегінен түсінеміз.


Скачать


zharar.kz