АУРУШАҢ БАЛА
Ұлжан шешеміз сегіз жасар баласы Мұратпен екеуі шай ішіп отыр. Аласа дөңгелек стол, тізерлей отырған Мұраттың көкірегінен келеді. Ол шайынан ұрттап жатып, қарсы алдында отырған шешесіне көзінің астымен қарап қояды.
— Іш, іш, — дейді шешесі, — тойып ал, шырағым.
Мұрат екі кесе шай ішті де:
— Тойдым, — деп орнынан тұрды.
Ұлжан шайын ұзақ ішті. Ол кісінің шайды ұзақ ішуі Мұратты жалықтырып жіберді.
Шешесі әрі қарап, әлі шай ішіп отыр. Есік ол кісіге бір қырын болатын. Мұрат жүрген дыбысын білдірмей, ептеп басып, есікке барды. Шешесі оны байқаған жоқ.
Мұраттың есікті білдірмей ашқысы келді. Екі көзі шешесінде болып, иығымен итеріп көріп еді, есік ашыла қоймады. Одан гөрі қаттырақ итеріп қалғанда, есік шыйқ етті де ашылып кетті.
Ұлжан шешеміз жалт қарағанда, зымырап жөнел ен Мұраттың өкшесін ғана көріп қалды. Есік тарс етіп қайта жабылды.
Мұрат жүгірген бойы Садықтың үйіне келді де оны тысқа ертіп шықты.
Олар футбол ойнап жүрген балаларды іздеуге шықса да, Мұрат оларға барғысы келмей, басқа жаққа сүйреледі.
— Солдаттар ойнап жатыр, солардың қасына барып, ойындарын көрейік, — деді ол Садыққа.
— Жүр! — деді Садық та оны қуана қостап.
Ауылдан жоғары, сайдың ішінде шекаралық застава бар болатын. Мұрат пен Садық ат ойнатып жатқан әскерлерді көреміз деп, заставаға келді.
Ол екеуі заставаның қасындағы, алыстан қарағанда төңкерген қазандай көрінетін, төбешіктің үстіне шыққанда, футбол ойнап жүрген балалардың да осылай қарай келе жатқанын көрді. Дабырлап сөйлесіп, олар жүгіре басып келеді.
Шекарашылардың шыбық шапқаны, ат қарғытқаны, шауып бара жатып ат үстінде әр түрлі қыймылдар жасауы балаларға қызық көрінетін. Олар мына төбешіктің үстінде тұрып, будан бұрын да талай рет тамашалап қараған. Сол әдетінше төбешіктің басына бір топ бала жыйналып қалды.
Ақбоз аты ойнақшып, қолындағы жалаң қылышы мен фуражкасының күнқағары жарқылдап, заставаның начальнигі тебініп қап, шаба жөнелгенде:
— Николай Трофимович!
— Начальниктің өзі, — деп, балалар өзара сыбырласты.
Ақбоз атты начальник ағызып бара жатып, оңды-солды қылыш сермегенде, жол шетіндегі шолақ бағандарға қадап қойған көк шыбықтар дір ете де алмай, қыйылған бойында шаншыла түсіп жатыр. Ол бір шыбықты да қалдырмай турап өтті.
— Қандай тамаша! — деді Мұрат. — Солдат болған жақсы ғой.
Қасында тұрған Садық. оған:
— Сені әскерге ала қоймас, — деді
Осыны айтып, ары бұрыла берген Садықты Мұрат иығынан тартып қалып:
— Неге? — деді.
— Өйткені әскерлер дәу-дәу (Садық дәу-дәу деген сөзді айтқанда иығын көтеріп, екі қолын ұшатын құстай қомдап қойды). — Сен кішкентайсың, арықсын... Екі күннің бірінде ауырып қаласын.
Мұрат нәзік бала болатын. Бүкіл денесіндегі сүйкімді жері — қарақаттай мөлдіреген отты көздері ғана. Жіңішке мойны глобусқа ұқсайтын домалақ басын зорға көтеретін сияқты. Шешініп отырғанда қарасақ қабырғалары мен төс шеміршектері терісіне ғана жабысып тыржыйып тұрғанын көресің. Қандай киім алып берсе де иығы салбырап түсіп кетеді, қандай шалбар тігіп берсе де белі кең келеді.
Садықтың сөзіне Мұрат намыстанып, өз денесінің Садықтай толық, кесек болмағанына іштей кейіп қалды
— Сені ала ма әскерге? — деді ол.
— Мені алады. Мен сенен үлкенмін, күштімін.
Мұрат өкшесін көтеріп, мойнын созып:
— Екеуміздің бойымыз бірдей-ақ қой, — деді.
— Күресесің бе ендеше? — деді Садық алақанына түкіріп.
Мұрат өзін ешкімнен кем санамайтын. Жүректі, батыл еді. Тәуекелшілдігі мен намысқойлығы да бар болатын.
— Күрессек үстіміз былғанады. Қол қысысайық, — деді ол.
Екеуі шап ұстаса кетті. Садықтың әлді жұмыр саусақтары Мұраттың шидей саусақтарын сығымдап ауыртып жіберді. Қатты ауырсынған Мұрат, ойбайлап жібермеу үшін бүгіліп, тістеніп алған.
Күнқағары салпаң-салпаң еткен, сары кепка киген, домалақ бет, семіз Достай араға түсті. Ол Садықты көкірегінен ары итеріп жіберді де, Мұратқа бұрылып:
— Садық сенін саусағыңды күйретіп жіберер, — деді.
Тұттығып сөйлейтін Сәлімжан Достайдың қолынан тартты.
— Өз жөніңмен тұр. Сен Садыққа болыспай-ақ қой. Мұрат одан жеңілмейді.
— Садықтың жасы үлкен, — деді даңғырлап қатты сөйлейтін, қысық көз сары Махмут.
— Кім айтты оны саған? — деді Садық іле сөйлеп.— Мұрат екеуміз түйдей жастымыз.
Одан да күресіндер, — деді Достай.
— Сол дұрыс.
Қане, күресіндер! — деп балалар шулап кетті.
Садық, күрессек күресейік дегендей, ыңғайлана берді. Ал Мұраттың күрескісі келмей, жансызданып қалған саусақтарын ашып-жұмып тұрған. Бірақ, балалар болмады. Ойлануға мұршасын келтірмей, екі бала екі қолынан ұстап, енді біреулері артынан итеріп, Садықпен екеуін еріктеріне қоймай, құшақтастыра салды.
Садық пен Мұрат ұстаса түскен соң өзге балалар ортаны ашып, кейін серпілді. Сөйткенше болған жоқ тырмысқанына қоймай Мұратты үйіріп әкеліп, Садық жерге топ еткізді.
* * * *
Балалар заставаның қасындағы төбешіктің үстінде отырып, солдаттардың ойынын тамашалап қараумен болды. Аспанды бұлт торлап, түнере бастағанын олар ақтарған жоқ. Ызғырық желге арқаларын төсеп отыра берді.
Жер мен көктің арасын тұтастырған қою қара бұлт тынысы тарылып, төніп келеді. Түнек шымылдығын жалт ете түскен найзағай ғана тіліп түсіп, қайта жоқ болады. Бұлт зілді, екпінді.
Талтүс ымыртқа айналып барады.
Күн жауып келеді, — деді Мұрат.
Сол кезде күн күркіреді.
Шулап тұрған балалар зуыл жаққа қарай тұра жүгірісті
Үйде отырған Ұлжан күннің күркірегенін есітіп, тысқа шықты Көрші кемпір тезегінің үстіне киіз жауып жатыр екен. Жауын нөсерлеп құйып кетті.
— Жеңеше-ай, қайтемін?— деді • Ұлжан. — Мұратым ертеден бері жоқ. Көйлек-дамбалшаң еді, суық тиеді-ау!
Ұлжан үйдің үстіне шықты. Айнала көз салып еді, көшедегі адамдар үйлеріне жүгіріп кіріп жатыр екен. Біреулер жаюлы тұрған кірлерін асығыс жыйнап жатыр. Бірнеше бала үйдің артынан жүгіріп өтіп барады.
— Әй, балалар, Мұратты көрдіңдер ме? — деп дауыстады Ұлжан. Аналар естіді ме, жоқ па — жауап қатпады.
Жаңбыр лезде күшейіп, қатты нөсерге айналды. Шелектеп құйып тұр! Мезгілдің қай кез екенін айырып болар емес. Үй төбесінен сарқырап аққан су жерді тесіп барады.
Бұл көріністі тамашалаған 'балалар терезелерден қарап тұр.
Арықтарға қызыл күрең лай су толып, аға бастады. Ойпаңдау жерлермен де сарқырап су акты. Осынын бәрі бес-алты минуттің ішінде ғана болды.
Нөсер саябырлады. Күңгірттеніп кеткен төңірек жадырап ашыла бастады. Қарсыдағы үйдің керегесіне ала-шұбар бұлттың жыртығынан сығалаған күннің сәулесі түсті. Нөсер басылды. Жердің беті жадырап, жаңа иістеніп қалды. Су әлі ағып жатыр. Тобын жазбаған қара бұлт шығысқа қарай жөңкіп көшіп барады. Бірақ көкті қанша торлағанмен; арты ыдырап, тарамдала бастағандығы байқалады.
Мұрат жалғыз жүгіріп келе жатыр. Өзге балалар озып кеткен. Мойнынан су сорғалап, қалтырап келеді. Бетінің түгі үрпиіп, қарынының да әбден ашқандығын жаңа сезіп, тамсанып қояды.
Қара жолдың үсті сабынша езіліп, батпаққа айналған. Бір рет тайғанап кетіп, Мұрат жамбастап жығылып түсті. Бір жақ саны батпақ болып, былғанып қалды. Ол енді жолдың шетімен жүрді.
Әбден тынышы кеткен Ұлжан, тағы да тысқа шығайын деп табалдырықтан аттай бергенде, Мұрат оған қарсы жолықты.
— Ойбай, шырағым-ай! — деп ол судан шыққан тышқандай үрпиіп, қалшылдап тұрған баласын көтеріп алды.
* * *
Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, төсек тартып жатып қалды. Бұрын да тамаққа нашар еді, енді мүлде ішуді қойды.
Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан шықпайды.
Жолаушы кеткен Батырбай қария (колхоздың белгілі бақшашысы) бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсек те жатқан баласын, қасында отырған өңі сынық Ұлжанды көріп шошып кетті.
— Мұрат жайша жатыр ма?
Кеудесің кере бір күрсініп алып:
Қайдан жайша болсын! — деп бастады да Ұлжан, Мұраттың ауруға шалдығу себебін баяндап берді.
Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып, біраз отырды да, басын шайқады:
— Дәрігерге көрсетпесе болмас.
Мұрат—Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы. Көздерінен таса еткілері келмейді.
Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана үйде ойна деп. оны как пайлай беретін. Есік алдына шықса болды, бірі қуа кегі. көтеріп, үйге алып кіріп кететін. Суық тиеді. сыз өтеді, шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, қатты сақтанушы еді
Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді.
Мұрат жақсы үлгіріп оқып кетті. Қазір ол II класта оқып жүр. Сабақтан қалмауға тырысады. іске мойын ұсынып, алан, болған адамдай-ақ, мектепке барарында ерте оянып, тез киініп қамданады.
Батырбай қария мен Ұлжан кейбір қатты жауында. немесе карлы боранды күндері Мұраттың сабаққа баруына да тежеу салып: Бүгін бармай-ақ қой, — деп оны мұндай күндері қыя бастырғылары келмейді.
Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін тебе алған жоқ. Әсіресе, жаз шыққалы ойнап жүрген балаларды көріп, жаңа иістеніп, құлпырып келе жатқан табиғатқа еліктеп үй төнірегінде жүруден мезі болады.
Батырбай қария жолаушы кеткен күні Мұраттың көшеге қарай қашуы да, еркін ойнап қайтатын балаларының шулағанын аса сағынғандықтан еді.
Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді:
— Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан қорқуға болмайды.
Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көн болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа созылып, тым азып кетті. Ол бүкіл төртінші тоқсан бойына сабаққа бара алмағандықтан, келесі жылы екінші класта қайта оқыды.
"ТҮСІНБЕЙМІН"
Уақыт ете берді. Мұрат өсе берді. Ол бастауыш мектепті бітірді.
Быйылғы жазғы демалыстың қалай өткенін Мұрат сезбей қалған сыяқты. Бірсыпыра жолдастарымен бірге пионер лагеріне жіберілген еді. Мүмкін, лагерь өмірінің аса қызықтығынан да болар, әйтеуір оқу жылынын. басталуын поезды тосқан жолаушыдай сарғая күткен жоқ.
Батырбай қария мен Ұлжан Мұратты пионер лагеріне жібергілері келмеп еді. Жайлаудың өзі жатқан бір курорт, рақат емес пе? Демалысыңды ауылда өткіз,-- деген олардың сөзіне Мұрат көнбеді.
Ақыры, қыйналғандай болып тұрып, баласынын лагерьге баруына келісімін зорға берген Батырбай карт: Жақсы жүр, сәулем, ешкіммен төбелеспе, жаман сөздер айтпа; жалаңаяқ жүрме, жылан шағып алуы мүмкін. Өзеннің терең жеріне шомылма, — деген сыяқты көп ақылын жайлап айтты да, Мұратты бетінен бірнеше рет сүйіп, қала берді.
Лагерьде Мұрат бір ай болып, әр жағынан жетіліп, іштей де, сырттай да жаңғырып қайтты. Ойы сергіп бойы өскендей болды. Көрікті табиғаттың құшағында еркін сауық-сайран құрып, жаңа күш, тын жігерге молыққандай еді.
Мұрат лагерьден қайтып келген күннің ертесіне, терезенің тұсында бірдеме тасырлаған соң Ұлжан сыртқа қараса, баласы жүгіріп бара жатқан адамға ұқсап, бір орында безек қағып тұр екен.
— Әкем-ау, бұнысы несі? — деп таңданды Ұлжан.
Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта темен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бұнымен де тынған жоқ. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды.
Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды.
Босағада жатқан калошын аяғына киіп, тысқа шықты да:
— Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?—деді Ұлжан шешей.
— Зарядка жасап жатырмын.
— Ол не дегенің ?
— Лагерьде бізге күнде ертемен зарядка жасататын.
Үйде де жасап тұрындар деген. Aпa, бұның пайдасы зор Атам екеуіңнің жасауларына да болады.
— Қой, құрып қалсын! Енді қартайғанда аяқ-қолымды ербеңдетсем...
— Шын айтам, апа. Үнемі зарядка жасап, физкультурамен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді.
Ұлжан дөңгелек столға шай жасап жатқанда, Мұрат орамал, сабын, тіс порошогін алып тысқа шығып кетті.
Үйдің артында арық бар еді. Арықта таудың мөлдір, суық суы ағып жататын. Ертемен бақшаны аралап көріп, енді кайтып келе жатқан Батырбай карт, бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан, трусишаң баласын көрді.
— Мұратжан-ау, мынауың не?
— Шынығып жатырмын.
— Бүйтіп шыныққаның түссін! Ойбай-ау, шаншу тиеді ғой! Әй, балалығың! Мұздай сумен де кісі жуына ма екен. Қи киіміңді!..
— Оқу жылы басталды.
Екі өзеннің сағасында жапырақтары сарғая бастаған қайың мен теректерді бүркеніп колхозды ауыл тұр. Біріне-бірі ұқсас аппақ үйлер ұзыннан шұбап созылып кетіп жатыр. Ауылдың күнбатыс жақ шетінде қыр үстінде шатырын көк қаңылтырмен қаптаған ұзын үй алыстан көз тартады. Үлкен терезелерінің әйнектері күнмен шағылысып, жалт-жұлт етеді.
Бұл колхоздағы бастауыш мектеп, быйыл жеті жылдық мектепке айналдырылған, мына үй соған арнап алынды. Мектептің айналасына әзірше ағаш егілген жоқ.. Мектептің оңтүстік терезе жағынан төрт гектар жер тақтаймен қоршаулы. Бұл жер мектептің паркі болмақ Болашақ бұл парктің бір бұрышында физкультура алаңына арналған учаске бар. Қазылған бірнеше шұңқырлар мен айқыш-ұйқыш ақ жолақ сызықтар, үйілген бөренелер — бұл жердің казіргі сырт көрінісі, міне, осындай.
Осы жерде қызу жұмыс жүріп жатыр. Оқушы балалар мен қыздар бірнеше топ болып сергек, батыл қыймылдап жүр. Біреулері жер қазып жатыр, екіншілері қазылған шұңқырларға бағаналар орнатып, ол бағаналардың басына баскетболдың торын бекітіп жатыр, үшінші бір топ жүгіретін жолды аршып, тегістеп еңбектеніп жүр Игілік іске құлшына жұмылған балалардың ішінде батыл, өнімді қыймылы, ірі тұлғасымен көзге ерекше түсіп, Николай Трофимович жүр. Осы жұмыстың бәрі соңын басшылығымен істеліп жатыр.
Николай Трофимович иықты келген, орта бойлы, жуан мойын адам. Ашық жүзінде қаны ойнап, қашан көрсеңіз де моншадан шыққандай боп, құлақ шекесіне дейін қызарып тұрады. Ол Ленинградтағы физкультура институтын бітіргеннен кейін армияға алынып, бірнеше жыл осы шекарада болды. Армия қызметінен босағаннан кейін быйылғы жылы дене шынықтыру пәнінен мұғалім болып, осында қалды. Майда сары шашы үлбіреп тұратын, талдырмаш денелі, әрқашан жүріс-тұрысының тездігімен көзге түсетін Анна Григорьевна дейтін дәрігер қыз бар еді. Николай Трофимович соған үйленді.
Быйыл Николай Трофимовичтің келуімен байланысты мектеп өмірінде көптеген жаңалықтар туып жатыр.
Оқушылар ғана емес, колхозшылар арасында да физкультура мен спорт ісін көркейтуді ол міндетіне алып, осы жолда табандылықпен іс жүргізуге ұйғарды. Ақылына салып, көп ойлап қараса, бірсыпыра іс қолынан да келетіндей, сол істі жүргізуге мүмкіндік те бар сыяқты.
Ол ен әуелі өзі бірнеше жыл кызмет атқарған шекаралық заставамен байланысуды мақұл көрді. Заставадан көп көмек күтуге болатын еді. Әуелі заставаға жаңа келген бастықпен ұзақ сөйлесіп, өз мақсатын, ойын баяндады.
— Бұл ауданда тұратындар,—деді ол, — қазақтар. Қаладан да алыс. Қазақ халқының өткендегісі сіз бен бізге мәлім. Физкультура мен спорттың негізгі түрлерінен бұлардың хабары әлі де аз. Бірақ қабілетті, таланты жастар мол.
Николай Трофимовичті заставаның бастығы қызу қуаттап, мүмкін болғанша көмектесіп тұруға сөз берді.
Николай Трофимович мектепте физкультура коллективін құрды. Мына жұмыс істеп жүргендердің көбі сол коллективтің мүшелері. Әзірше жеңіл атлетика, гимнастка және спорт ойындарының секциялары іске кіріссін деп қаулы алынған.
Әр секция жетісіне екі рет жұмыс істейтін болды.
Осылайша ұйымдасқан бұл коллектив алғашқы адымын мектептің физкультура алаңын жасаудан бастаған еді.
Физкультура алаңы бір жетіде-ақ көз тарта бастады. Бір шетінде гимнастика алаңы бар. Онда түрлі снарядтар көрінеді. Бірсыпыра снарядтар Алматыдан әкелінген жаңа, күнмен шағылысып жалтырап тұр. Ал кейбір снарядтарды, Николай Трофимович уақытша пайдаланып тұру үшін шекаралық заставадан сұрап алған.
Өз кабинетінің терезесінен физкультура алаңы жаққа бағанадан бері тесіле қарап тұрған, жасы қырықтар шамасындағы, тапал бойлы Тоқмолда кілт бұрылды да, тысқа шықты. Төңірегіне жалтақтап қарағанда, оның көзіне мектептің күзетшісі Сәйбек қарт түсті.
— Сәке,—деді Тоқмолда, — анау жүрген Николай Трофимович дейтін мұғалімді шақырып жіберіңізші. Тез келсін.
Тоқмолда кабинетіне қайта кіріп кетті.
Николай Трофимович келгенде ол шала тартылған папиросын столдың бір шетіне мыжып өшіріп, есік жақтағы босағаға лақтырып жіберді де, орнынан тұрды.
— Кел, кел, Николай Трофимович! — деді қолын созып. — Сәләмат боларсыз. Сізді сөйлесейін деп шақыртып едім. Пожалуйста, отырыңыз!
Тоқмолда, сөйлеуіне бөгет болғандай сырт көйлегінің жоғарғы түймесін ағытып, тамағын кеней бір жөтеліп ап, орнына қайта отырды. Ұстарамен шашын тақырлап алдырып тастаған басы терезеден түсіп тұрған күн сәулесімен жалтырай түсті. Көзін әдеттегісінше жыпылықтатып алып, ерні сөйлеуге икемделіп, сәл ашылып, жыбырлай түсіп, Николай Трофимовичтің отыруын тосуда. Николай Трофимович Тоқмолда отырған столдың шетіне таман тұрған орындыққа қырын қарап отыра бергенде, Тоқмолда сампылдап сөйлей жөнелді.
— Николай Трофимович, сіздің не істейін деп жүргеніңізді білуге бола ма? Мынау парктің бір бұрышындағы істеліп жатқан жұмыстарыңыз бітетін жұмыс па, жоқ әлде, оқушыларды әлекке сап қоятын бітпес бірдеңе ме? Бұл неткен әурешілік, алдымен осыны айтыңызшы?
Николай Трофимович мұндай сөз күтпегендей, жүзін оқыс өзгертіп, Тоқмолдаға қарай бұрылып отырды.
— Физкультура аланын жасауға өзіңіз келісім беріп едіңіз ғой.
— Келісім бергенде, мұнша әлекке түсіп, оқушыларды желіктіріп әкететіндігіңді мен қайдан білейін. (Тоқмолда Николай Трофимовичке сен деп сөйлеп кетті). Турник орнатып қана қояды екен деп қалдым.
— Жалғыз турниктен физкультура алаңы болмайды. Нағыз физкультура алаңы қандай болатынын енді бір жетіден соң көріңіз.
— Балалар бос уақыттарында кітаптың бетін ашпай, алысып ойнай беретін болды, киімдерінен де тамтық қалмайды, мүмкін, жығылып түсіп, мойындары үзіледі, немесе аяқ-қолдарын сындырып алады. Дене шынықтыру сабағын сол біреулерсіз-ақ жүргізуші еді ғой жұрт. Турник болса жетпей ме?
Сабыр етіңіз. Біріншіден, мен жасатып жатқандардың бәрі де керек. Екіншіден, балалардың сабаққа әзірленуіне ешқандай кеселдік келтірмейтін тәртіп орнатамыз. Балалар өз бетімен қалай болса солай барып, снарядтарға асыла бермейтін болады. Қайта, олардың бос уақыттарын пайдалы өткізіп, сабақты жақсы оқуына жағдай жасаймыз. Жақсы оқу үшін дұрыс демалу керек Физкультура мен спорт - барлық жағынан пайдалы. Ал, жығылып түсіп, мойындары үзіледі, немесе аяқ-қолдарын сындырып алады деп қауыптенбеуіңізге болады.
Николай Трофимович планшеткасын ашып, бірнеше тарақ жазулы қағаз алды да, бір тарағын Тоқмолданың алдына тастады.
Мынау физкультура коллективінің қаулысы, оқып шығыңыз. Ал мынау, секциялардың іс жоспары. Танысып, пікірлеріңізді айтыңыз.
Тоқмолда томсырайған күйде отырып, қаулыны оқып шықты да:
— Сендер тінті оқуды ұмытыпсыңдар ғой, — деді.
— Оқу ұмыт болмайды, — деп Николай Трофимович оның сөзін бөлді, — мына жоспармен танысыңыз. Әр секция расписание бойынша жетісіне екі рет, бір жарым сағаттан ғана жұмыс істейтін болады. Физкультура коллективіне мүше болған оқушыны бір-ақ секцияға қатысатын етеміз.
— Барлығы үш секция ма?
— Я, үш секция.
— Осы жұмыстың бәрін жүргізетін кім?
— Жүргізетін мына мен, — деді Николай Трофимович, Тоқмолданың көзіне тіке қарап.
— Мұның бәрі міндетті сабағыңнан тыс уақытта өткізіледі ғой?
Я, міндетті сабағымнан тыс уақыттарда өткізіледі
Тоқмолда біраз үнсіз отырып қалды да:
— Жарайды, әйтеуір оқушылардың саба оқуына бөгет болмайтын болсын, — деді.
ТҰҢҒЫШ ТАБЫС
Күн батып барады. Сабақ біткен кез. Кластар бос тұр. Мектеп кітапханасында ғана оқушылар отыр. Көзілдірік киген кітапханашы кемпір почтамен әкелінген бума газет-журналдарды столдың үстіне жайып салып жатыр. Оқушылар жабырласып, әрқайсысы өзіне керегін алып оқуға кірісті.
Мектеп маңында да көп жүріс жоқ. Парктерге жаңа отырғызылған шыбықтардың жапырақтары ашық көк түсін жойып, күреңдене бастаған. Түтеленіп тозған, имиіп сола бастаған шөптерден де күз бейнесі байқалады... Арықтардың жағасына тізіле отырғызылған ағаштар жуандап, салаланып, қаулап өсіп, жетіле қоймағандықтан сиреп, талданып көрінеді.
Физкультура алаңында он бес шақты оқушылар жүр. Жеңіл атлетика секциясының кезекті сабағы жүріп жатыр.
Бір топ оқушы ұзындықтан, енді бір тобы биіктіктен секіріп жүр. Бір бала, бір қыз жүгіретін жолда тұр. Олардың қасында Николай Трофимович бар.
— На старт!
Аяқтарында тапочка, үстерінде труси мен майкалары ғана бар әлгі екеуі стартқа тұрды. Дөңгелек қара көзі от шашқан, арықтау бала Мұрат еді. Жеңіл атлетикадан болатын аудандық жарысқа бұл мектептен он адам қатыспақшы. Мұрат солардың құрамында. Ол қазір жүз метр жүгіруге жаттығып жүр.
— Внимание!—деді бір кезде Николай Трофимович.
Әлгі екеуі тізесін жерден алып, кеудесін алға жіберіп, аңға шабатын арыстанша сұқтана қалды.
— Марш! — деген Николай Трофимовичтің үні саңқ ете түскенде, олар жүгіре жөнелді.
Мұрат аяқ-қолы безек қағып, құлшынып жүгіріп келеді. Жол ортаға жетті. Сөреге де таянып қалды. Міне, жіпке көкірегі тиді.
Арынын баса алмай, ол ілгері өтіп кетіп қалды.
Бұл кезде оқушылар Николай Трофимовичтің сағатына жабырлап қарауда еді.
— Он... он үш жарым секунд, — деді Николай Трофимович.
— Ура!—деп тұрғандар қолдарын шапалақтап жіберді.
— Он төрт жарым секунд!
— Тамаша жүгіріс!
— Біз озамыз жарыста!—деп шуылдасты балалар.
Садық қана үнсіз. Әлі демігіп тұрған Мұратқа ала кезімен қарап қояды. Ол жаңа ғана 100 метрді 15 секундте жүгіріп келген болатын. Аудандық жарысқа қатысам ба деп дәмелі еді. Енді болмады, Мұрат озып кетті. Николай Трофимовичке келіп, Садық:
— Мен тағы да бір рет жүгіріп көрейінші, — деп өтінді.
Николай Трофимович оған қарсылық білдірген жоқ.
Садық тағы да жүгірді. Жанын салып құлшынып самғағандай болып-ақ еді, бірақ, нәтижесі 15,5 секунд болып шықты. Осыдан соң аудандық жарысқа катысуды ол ойлаған да жоқ. ішінде қызғаныш тұтанғандай боп, топтан шығып кетті.
* * *
Мектеп оқушыларының жеңіл атлетикадан болған аудандық жарысында Николай Трофимович бастап барған Қызыл шекара жеті жылдық мектебінің коллективі бірінші орынға ие болды.
Мұраттың да қажырлы түрде жаттығуы жемісін көрсетті, ол жүз метрге жүгіруден аудан бойынша екінші орынға ие болды.
Жарыс соңынан Николай Трофимович мөлдір сулы кең арнаның жағасында отырып, шәкірттерімен сүйсін әңгімелесіп отырды.
— Адам баласы жеңбейтін қыйындық, алмайтын қамал жоқ, — дейді Николай Трофимович. — Қазақта мынадай бір сөз бар: бір адам сыйырдың жаңа туған бұзауын күніне үш рет көтеріп, жүз метрдей жерге апарып, қайта әкеліп жүреді екен. Күн сайын осылай дағдыланудың нәтижесінде әлгі адам, сол бұзауды құнан өгіз болғанға шейін қыйналмастан еркін көтеріп кете береді дейді - Мен бұған кәміл сенемін. Еңбек жеңбейтін ешнәрсе жоқ. Мен саған, — деді Николай Трофимович Мұратты нұсқап, — мынаны айтайын: орыстың атақты қолбасшысы Суворов жасында сен сыяқты нәзік, аурушаң бала болған. Ол он екі, он үш жастарынан бастап өзін шынықтырумен болды.
— Суворов жасыңда мең сыяқты болған ба? — деп
Әлгі екеуі тізесін жерден алып, кеудесін алға жіберіп, аңға шабатын арыстанша сұқтана қалды.
— Марш! — деген Николай Трофимовичтің үні саңқ ете түскенде, олар жүгіре жөнелді.
Мұрат аяқ-қолы безек қағып, құлшынып жүгіріп келеді. Жол ортаға жетті. Сөреге де таянып қалды. Міне, жіпке көкірегі тиді.
Арынын баса алмай, ол ілгері етіп кетіп қалды.
Бұл кезде оқушылар Николай Трофимовичтің сағатына жабырлап қарауда еді.
— Он... он үш жарым секунд, — деді Николай Трофимович.
— Ура!—деп тұрғандар қолдарын шапалақтап жіберді.
— Он төрт жарым секунд!
— Тамаша жүгіріс!
— Біз озамыз жарыста! — деп шуылдасты балалар.
Садық қана үнсіз. Әлі демігіп тұрған Мұратқа ала кезімен қарап қояды. Ол жаңа ғана 100 метрді 15 секундте жүгіріп келген болатын. Аудандық жарысқа қатысам ба деп дәмелі еді. Енді болмады, Мұрат озып кетті. Николай Трофимовичке келіп, Садық:
— Мен тағы да бір рет жүгіріп көрейінші, — деп өтінді.
Николай Трофимович оған қарсылық білдірген жоқ.
Садық тағы да жүгірді. Жанын салып құлшынып самғағандай болып-ақ еді, бірақ, нәтижесі 15,5 секунд болып шықты. Осыдан соң аудандық жарысқа қатысуды ол ойлаған да жоқ. ішінде қызғаныш тұтанғандай боп, топтан шығып кетті.
* * * *
Мектеп оқушыларының жеңіл атлетикадан болған аудандық жарысында Николай Трофимович бастап барған Қызыл шекара жеті жылдық мектебінің коллективі бірінші орынға ие болды.
Мұраттың да қажырлы түрде жаттығуы жемісін көрсетті, ол жүз метрге жүгіруден аудан бойынша екінші орынға ие болды.
Жарыс соңынан Николай Трофимович мөлдір сулы кең арнаның жағасында отырып, шәкірттерімен сүйсіне әңгімелесіп отырды.
— Адам баласы жеңбейтін қыйындық, алмайтын қамал жоқ, — дейді Николай Трофимович. — Қазақта мынадай бір сөз бар: бір адам сыйырдың жаңа туған бұзауын күніне үш рет көтеріп, жүз метрдей жерге апарып, қайта әкеліп жүреді екен. Күн сайын осылай дағдыланудың нәтижесінде әлгі адам, сол бұзауды құнан өгіз болғанға шейін қыйналмастан еркін көтеріп кете береді дейді. Мен бұған кәміл сенемін. Еңбек жеңбейтін ешнәрсе жоқ. Мен саған, — деді Николай Трофимович Мұратты нұсқап, — мынаны айтайын: орыстың атақты қолбасшысы Суворов жасында сен сыяқты нәзік, аурушаң бала болған. Ол он екі, он үш жастарынан бастап өзін шынықтырумен болды.
— Суворов жасында мен сыяқты болған ба? — деп көзін қысыңқырап, Мұрат Николай Трофимовичке күле қарады.
— Я, солай. Үнемі өзін шынықтырудың нәтижесінде кейіннен денсаулығы күшті, болаттай берік, төзімді болып алды. Солдаттарын да осылай тәрбиелеп, боранды, суық күндердегі жорықтарда бірге жаяу жүріп, кар төсеніп, мұз жастанып жүрді. Сандов дейтін атлет ол да жасында талдырмаш арық бала болған. Кейіннен көп жаттығып, үйреніп жүріп, цирктің атақты арыстанымен күресуші балуан болып шыққан. Салмағы 265 килограмм арыстанды екі қолымен көтеріп алып, басынан асыра лақтыратын. Руссель дейтін адам бойшаң да емес, бойы аласалау, ұмытпасам, 153 сантиметр болған. Ал ол, цирк те бір тонна салмақты көтеріп кететін болған. Осының бәрі еңбектенудің жаттығудың нәтижесі. Сенің де осылардың біріндей болуың мүмкін.
Мұрат аузын ашып, қас қақпай қарап қалыпты. Таңданып, қатты қызығып тындап тұр. Сенін де осылардың біріндей болуың мүмкін деген сөзді ойына қатты түйіп қалды. Әлдеқайда алыста бір үміт сағымданып, қызыл түлкідей құйрығын бұлаң еткізгендей болды. Белді бекем буып қуса жететін...
— Адамның төзімділігінде шек жоқ,— дейді Николай Трофимович шабыттана сөйлеп. — Тибурин аралындағы және Мексикадағы индиялықтар, оңтүстік Африкадағы бушмендер елікті, қоянды жаяу қуып ұстайды
— Қайтып жетеді?
— Біріншіден, олар жүйрік халық. Екіншіден, жүгіре жүгіре, жаттығып кеткен. Қоян мен елік болдырып, ақ көбік төрге буланып, құлағы салбырап тұрып қалғанша, немесе жүруге шамасы келмей құлап түскенше қуа береді. Соншама ұзақ жүгіріс олар үшін дағдылы іс. Қарттардан естіген бір қазақ ертегісінде, екі аяғына қазандай тас байлап алып қуғанда киікті қыя бастырмайтын Желаяқ деген жүйрік болыпты-мыс, сондықтан бұл қазақ. халқының да арман еткеи өнері болса керек...
Қатты таңданғандықтан Мұрат басын шайқап, таңдайын бірнеше рет қағып қойды.
— Мексикадағы нндиалықтар 20 километрлік айналма жолда жиі жарыс өткізіп отырады. Кейбір жарысқа қатнасушылар, сол айналманы он екі рет айналып шығады. Сонда он екіні жыйырмамен көбейтсек қырық жыйырма, яғный екі жүз қырық километр жүгіреді деген сөз. Ойлашы, қанша жер! Ешбір ат бұл жүріске төзбеген болар еді... Айтпақшы, қазақтар той-топырда ат шаптырып, бәйгі жасаумен қатар жаяу бәйгі де жасаған ғой.
Сөзінің қорытындысында Николай Трофимович:
— Бұл жарыста жүлде алуымыз — біздің коллективтің тұңғыш табысы,—деді. — Біз большевиктерміз, ендеше алға ұмтылып, жетіле беруіміз керек.
БОКСТЫҢ ҚОЛҒАБЫ ҒОЙ
Мектептің физкультура аланы. Гимнастика секциясының мүшелері жыйналып жатыр. Бір кезде: Николай Трофимович келе жатыр, — деді біреу.
Балалар снарядтардан тез түсісіп, үсті-бастарын түзеп, жөнделе бастады. Сол кезде:
— Становись! — деп айқай салды кезекші. Кезекшінің қолы созылған бағытқа сап түзеп, балалар тізіле қалды.
— Смирно! Санап шығындар!
Бастарын тез-тез бұрып:
— Бір, екі, үш... — деп қатарда тұрғандар санап ала жөнелді.
Кезекші артына бұрылып, анадай жерге келіп тұрған Николай Трофимовичке қарап, нық адымдап барып, үш метрдей жетпей тоқтады да, қолын шекесіне алды.
— Тренер жолдас! Гимнастика секциясының мүшелері сабаққа әзір. Келмей қалған ешкім жоқ. Бір спортшы жаңадан қосылды. Баяндап тұрған — кезекші Кемелбаев.
Николай Трофимович сапта тұрғандарға жақындап келді де:
— Сәләматсыздар ма, — деді.
— Сәләмат боларсыз, жолдас тренер! — деген үн төрт бунақталып бірауыздан шықты.
— Вольно! Жаңадан келіп қосылған кім?
Мұрат бір адым алға шықты да:
— Мен, жолдас тренер, — деді.
— Батырбаев, сен қайдан жүрсін? Женіл атлетиканы тастайын дедің бе?
— Жолдас тренер, екі секцияға бірдей қатынасқым келеді, — деді Мұрат.
— Жо-жо-жоқ, жолдас Батырбаев. Болмайды. Екі секцияға бірдей қатынасудан пайда аз. Біріншіден, уақытын жетпейді, саб.ақ оқуыңа бөгет болады; екіншіден, қалжырап шаршап, бар күш-қуатыңды спортқа сарп ететін боласын. Бір секцияны таңдағаның мақұл болар.
— Олай болса, Николай Трофимович, бүгіннен бастап осы гимнастика секциясына қатысайын.
Николай Трофимович өзі де бала шағында гимнастиканы, әсіресе, турникке ойнауды сүйетін. Ересектерден көргенін істеймін деп, бірнеше рет аяқ-қолын соғып алып қанатқаны да, жығылып түскені де бар еді.
Ол көп ойланбай-ақ:
— Жарайды, —деді.
Мұрат қуанып кетті.
— Сенің боксер болғың келе ме? — деп сұрады Николай Трофимович кенеттен.
Мұрат үндемей тұрып қалды.
— Жарайды, сен гимнастика емес, бокс секциясына қатынас. Жүре-бара көрерсің,—деді Николай Трофимович.— Жақында мен бокс секциясын ұйымдастырамын. Сенен жақсы боксер шығуы мүмкін.
Бокс секциясы да іске кірісті.
Балаларға алғашқы кезде бокс аса қызық та, сонымен бірге қауыпты да көрінді. Сырт қараған адамға шоқпардың басындай боксер қолғабымен басы-көзге ұрысу сұмдық сыяқты еді.
Мұрат боксқа зор ынтамен қатынасып жүрді. Үйде де ертенді-кеш көлеңкесімен соғысып жатады, жіптен секіреді, ақсаңдайды, әйтеуір неше түрлі жаттығулар жасайды.
Ол қазір күн өткен сайын толығып келеді. Тұлғасы да кесектеліп қалған. Етті-женді, иықты балалардың бірі боп саналатындай жөні бар.
— Становись! — деп айқай салды кезекші. Кезекшінің қолы созылған бағытқа сап түзеп, балалар тізіле қалды.
— Смирно! Санап шығыңдар!
Бастарын тез-тез бұрып:
— Бір, екі, үш... —деп қатарда тұрғандар санап ала жөнелді.
Кезекші артына бұрылып, анадай жерге келіп тұрған Николай Трофимовичке қарап, нық адымдап барып, үш метрдей жетпей тоқтады да, қолын шекесіне алды.
— Тренер жолдас! Гимнастика секциясының мүшелері сабаққа әзір. Келмей қалған ешкім жоқ. Бір спортшы жаңадан қосылды. Баяндап тұрған — кезекші Кемелбаев.
Николай Трофимович сапта тұрғандарға жақындап келді де:
— Сәләматсыздар ма, — деді.
— Сәләмат боларсыз, жолдас тренер!—деген үн төрт бунақталып бірауыздан шықты.
— Вольно! Жаңадан келіп қосылған кім?
Мұрат бір адым алға шықты да:
— Мен, жолдас тренер, — деді.
— Батырбаев, сен қайдан жүрсін? Женіл атлетиканы тастайын дедің бе?
— Жолдас тренер, екі секцияға бірдей қатынасқым келеді, — деді Мұрат.
— Жо-жо-жоқ, жолдас Батырбаев. Болмайды. Екі секцияға бірдей қатынасудан пайда аз. Біріншіден, уақытың жетпейді, сабақ оқуына бөгет болады; екіншіден, қалжырап шаршап, бар күш-қуатыңды спортқа сарп ететін боласын. Бір секцияны таңдағаның мақұл болар.
— Олай болса, Николай Трофимович, бүгіннен бастап осы гимнастика секциясына қатысайын.
Николай Трофимович өзі де бала шағында гимнастиканы, әсіресе, турникке ойнауды сүйетін. Ересектерден көргенін істеймін деп, бірнеше рет аяқ-қолын соғып алып қанатқаны да, жығылып түскені де бар еді.
Ол көп ойланбай-ақ:
— Жарайды, —деді.
Мұрат қуанып кетті.
— Сенің боксер болғың келе ме? — деп сұрады Николай Трофимович кенеттен.
Мұрат үндемей тұрып қалды.
— Жарайды, сен гимнастика емес, бокс секциясына қатынас. Жүре-бара көрерсің — деді Николай Трофимович. — Жақында мен бокс секциясын ұйымдастырамын. Сенен жақсы боксер шығуы мүмкін.
Бокс секциясы да іске кірісті.
Балаларға алғашқы кезде бокс аса қызық та, сонымен бірге қауыпты да көрінді. Сырт қараған адамға шоқпардың басындай боксер қолғабымен басы-көзге ұрысу сұмдық сыяқты еді.
Мұрат боксқа зор ынтамен қатынасып жүрді. Үйде де ертенді-кеш көлеңкесімен соғысып жатады, жіптен секіреді, ақсаңдайды, әйтеуір неше түрлі жаттығулар жасайды.
Ол қазір күн өткен сайын толығып келеді. Тұлғасы да кесектеліп қалған. Етті-женді, иықты балалардың бірі боп саналатындай жөні бар.
Бір күні ол мектептен бокс қолғабын ала келіп Есік алдында самаурын қайнатып жүрген шешесі:
Мұратжан, мынауың не? — деп сұрады.
— Бокстың қолғабы ғой.
Осындай да қолғап бола ма екен? ішіне не тығып тастаған. Қайтып киеді өзін. Добалдай ғой.
Бұл суықта киетін қолғап емес. Мұны киіп алып жұдырықтасады.
— Кім жұдырықтасады?
Бізде оны бокс дейді. Шын төбелес емес, ойын, міне былайша киіп аламыз.
Папкасын жерге қойып, Мұрат екі қолғапты екі қолына киіп алды. Таңырқап қарап тұрған, шешесі:
— Бұнымен ұрсаңдар өлтірмейсіңдер ме? — деді.
Қатты тимейді, апа, ішінде жылқының қылы бар, — деді Мұрат қолынан шешіп жатып.— Сіз киіңізші қолыңызға, мә.
— Тарт ары, өзің кие бер.
— Апатай, киіңізші, сонан соң менің басыма ұрып көріңіз! Рас, қатты тимейді.
Мұрат жалынып жатып шешесінің екі қолына бокстың қолғабын кигізді де, бауын тартып байлап берді. Ұлжан қызық көріп күліп тұр.
Ал, апа, ұршы енді менің басыма.
— Қой әрі!
Сол кезде үйден қорылдаған дыбыс шықты. Есік ашық тұрған. Ұлжан жалт қараса, плитаның үстіндегі ақ кострюльдегі сүт тасып, қақпағын селкілдетіп, төгіліп жатыр екен.
Ұлжан жалма-жан, кострюльді көтеріп алмақ болды. Қолында бокстың қолғабы бар екенін ұмытқан. Қолғап киген қолы кострюльдің тұтқасынан ұстауға келмей қалды. Сүт асып төгіліп жатыр. Кострюльді екі қолымен қысып ала беріп еді, қыйсайып кетіп, қызу плитаның үстіне сүт лак етіп төгіліп, пор-р-р етті. Ұлжан сасқалақтап шегіне беріп, кострюльді тастап жіберді. Кострюль құлап түсіп, сүттің бәрі ақтарылып қалды.
Мұрат та келіп еді. Состыйып тұрып қалған шешесі:
— Шығармайтының жоқ, тынымсыз жазған! — деп ашуға булығып екі қолын сілкіледі.
Мұрат сасқалақтап күліп жіберді. Ызалана түскен шешесі Мұраттың иығына ұрып қалды. Онан соң бір қолымен екінші қолын сыйпалап, бокстың қолғабы кигізілген қолдарын сөлекет көріп тағы сілкіледі. Қолғапты шешіп тастай алмай әлек болды. Қолындағы қолғаптар түсер емес. Мұрат сықылықтап күліп, шек-сілесі қатты. Онан әрі күйіп-піскен Ұлжан:
— Шешіп ал мынауыңды! — деп жекірді.
КЕРІСУ
Директордың кабинетін жұлқып ашып, Мұратты дедектетіп жетектеген Батырбай карт кіріп келді. Тоқмолда жазуын тоқтата қойып, таңырқай карады.
— Директор жолдас, — деді Батырбай қария сапылдап сөйлеп, — қарашы, мына баланың мұрнына!
Мұраттың бір танауы қанға боялып қалған екен. Аржағынан жылтылдан көрінген қанды ол тартып қойып, ағызбай тұр. Бірнеше тамшы ерні мен иегін бояпты.
— Мен түсінбеймін. Осындай да ойын бола ма екен? Әлгі Николай дейтін мұғалімдерін өңшең балаларды бір бөлмеге қамап алып, қолдарына добалдай бірдеме кигізіп төбелестіретін көрінеді. Сұмдық қой өзі! Покус үйреніп жүрмін деп, балам аузы-мұрны көкала боп келіп жүретін еді. Сөйтсе, осындай сұмдықтары бар екен. Бұл қалай?!
Директор Батырбайдың алғашқы сөзінен кейін-ак, әлденені ішіне сыйғызып сақтай алмай, сөйлей жаздап қалып отырды. Бірақ, тынбай сөйлеген Батырбай карт оның аузын аштырмады.
— Балама — бұның не?—десем, ойын дейді. Жеті атам көрмеген, бет-аузын талқандап ойнайтын бұл қандай ойын! Бұның аты төбелес емес пе?!
— Қария,—деді Тоқмолда,— айтып тұрғаныңыз дұрыс. Бара беріңіз. Николай Трофимовичпен өзім сөйлесемін. Қария... — деп Тоқмолда және бірдеңе айта беріп еді:
Жүр! — деп Батырбай карт Мұраттың қолынан сілкіп, директорды тыңдамай, баласын ертіп шығып кетті,
Мектептен бері шыққан соң Мұрат:
— Әке, — деді, — түсінсеңізші.
Қандай ақыл айтпақсың? — деп әкесі шақшақ ете түсті. — Қарағым-ау, тұмсыққа бергілегеннен не пайла табасын?
— Бұл спорт қой, — деді Мұрат. — Николай Трофимович: шынығасыңдар, шыңдаласыңдар деген.
— Басқа спортың аз ба, шынығудан кенде емессің ғой. Сендер істеп жүргеннің бірін де істемей-ақ өстік қой өзіміз. Барлық істеріңе көніп келемін, сен де менің бір айтқанымды мақұлдашы. Осы бір төбелесіп ойнағаның маған ұнамайды. Басқаңда жұмысым жоқ, тасташы осыны.
Мұрат әкесіне қарсы сөз айта қойған жоқ.
Батырбай қария шығып кетісімен Тоқмолда бұрқылдап сөйлеп, өз-өзінен әлекке түсті. Столының тартпасын суырып қалып, не іздегенін өзі де білмей, сарт еткізіп қайта жаба салды.
— Безобразие, түсінбеймін! — деді есікті сілкіп ашып.
Осыдан бір ай бұрын Николай Трофимович физкультура залын жасау туралы айтқанда да Тоқмолда күйгелектеп қалған болатын:
— Мен саған бөлме бере алмаймын, келесі оқу жылында оқушылар саны өседі, VI класс ашылады, сонан соң барлық бөлмелер класс болады, — деп тұрып алған
Николай Трофимович мектепте физкультура залын жасау керек екендігі туралы мәселені педагогикалық советке қойған. Педсоветте мұғалімдердің көпшілігі Николай Трофимовичті қолдап шыққан. Сонымен Тоқмолда амалсыз келіскендей болып еді. Осыдан соң Николай Трофимович ересек балаларды көмекке алып жүріп, физкультура залын өзі жөнге келтірді.
Кабинетінің есігін де сарт еткізіп жауып, сыртқа қарай қыйсайып кеткен қара пимасын сүйрете басып залға шыққан Тоқмолда, Физкультура залы деген жазу жапсырылған есікке кеп токтай қалды. Бұл есікті де жұлқып ашып, кіріп бармақ еді, өйткен жоқ. Көкірегінде ашу бұрқырап қайнап тұрса да, педагогтік әдеп сақтады. Мұғалім класта сабақ оқытып жатқан кезде, қандай адам болса да рұқсатсыз кіруге, мұғалімнің ісіне қан¬дай да бір бөгет жасауға хақы жоқ қой. Николай Трофимовичтің осы кездегі бокс секциясымен жүргізіп жатқан ісі де сабақ тәрізді екенін Тоқмолда жақсы біледі.
Тоқмолда қайтадан кабинетіне қарай жүрді. Әлгіде шығып бара жатып қатты жапқан есігі қайта ашылып кеткен болатын. Есікті жайлаңқырап жапты да сәл тұрып қалды. Ойына және бірдеме келе қалғандай, кілт бұрылып физкультура залының есігіне тағы барды. Есікті ашып қалып еді, қолында кішкене чемоданы бар, Николай Трофимович оған қарсы жолықты.
— Сәләматсыз ба?
— Жүріңізші кабинетке, — деді Тоқмолда.
Берген сәлемін алмай, қатаң үнмен зеки сөйлеуінен-ақ директордың ашуланып тұрғанын Николай Трофимович бірден аңғарды.
Тоқмолда кабинеттің есігін ашып, алдымен кіріп табалдырықты аттай беріп, артына бұрылып сөйлей жөнелді.
— Мен сізге бокс секциясын таратуды бұйырамын! Ол үшін кімге де болса жауап бере аламын. Осы аудандағы бір мектепте де мұндай сұмдық жоқ. Немесе, жоғарғы орындардың оқушыларға міндетті түрде осы үйретілсін деген қағазын көрсет. (Сөзін сіз деп бастап, енді сенге көшіп кетті). Бұл спорт емес, балаларды төбелеске, тентектікке баулу. Орта мектептерде де мұндай секция жоқ. Ал, сіз болсаңыз (Тоқмолда енді сізге қайта оралды), қаршадай балаларды жыйнап алып, қойғыластырып, бірін-біріне тоқпақтатып қойып, тамашалап қарап тұрасыз. Өткір қырғыш қазанның түбін теседі дегендей болмақпыз. Әлде, бүкіл оқушыларды мектептен қуайын деп жүрмісіз? Мына сұмдықты көрген ел, енді балаларын сабаққа жібермей қояды. Бұйырамын, бокс секциясы таратылсын!
Тоқмолда терезеге қарай бұрылып, үнсіз тұрып қалып еді, Николай Трофимович ешқандай абыржымай, жайлап қана жауап қатты:
— Директор жолдас, сіз дұрыс істеп тұрған жоқсыз. Екеуміз кеңірек отырып сөйлесуіміз керек болар.
— Сөйлесетін түкте жоқ!—деді Тоқмолда жалт қарап.— Таратылсын бокс секциясы!
Бокс секциясы таратылмайды.
— ім-м-м... — деді Тоқмолда ернін тістеп, үнін мұрнынан шығарып, — солай ма? Мен сені бұл мектептен қуамын. Оқу ісіне тигізіп отырған зиянкестігіңді әшкерелеймін. Сен педагог болуға лайық адам емес екенсің. Мен он бес жылдан бері мұғаліммін, екі жылдан бері директормын. Мектептің барлық жұмысына сен емес, мен жауаптымын!
Тоқмолда ендігісін өзің біл дегендей Николай Трофимовичке қадала қарап отырып алды.
* * *
Тоқмолданың сөзі ешбір эсер етпегендей, Николай Трофимович әдеттегісінше жайлап басып, үйіне кетіп бара жатыр. Кабинетінің терезесінен қарап, Тоқмолда оны көріп тұр. Атты әскерлер киетін ұзын шинель Николай Трофимовичті сондай бір әдемі тұлғада көрсетеді Жалпақ сары қайыс белбеумен белін қынай буынып алған. Ол көлденең көшеге жетіп, солға бұрылды да, биік ақ үйді айналып, көрінбей кетті.
Манадан үнсіз қараумен ғана тұрған Тоқмолда, кабинетінен шықты да физкультура залына келіп кірді.
Тоқмолда буған шейін бұл залға бас сұғып көрген емес еді. Есік алдында тұрып, бүкіл үй ішін көзімен шолып өтті. Таңырқап тұр. Өзі аты-жөнін білмейтін, таныс емес бірнеше снарядтар бар. Олардың кейбіреуінің қайдан пайда болғаны да мәлім емес. Қабырғаға бірнеше суреттер ілінген. Бірінде бір шаңғышы еңкейе түсіп, самғап бара жатыр. Екіншісінде бір қыз кең адымдап жүгіріп келеді. Үшіншісінде бокс қолғабын киген бала тұр.
Қоңырау соғылып, коридорға балалар дабырлап шыға бастады.
Тоқмолда физкультура залының есігін бекітіп, кілтті әкеп босағадағы орнына іліп қойды да, қасынан өтіп бара жатқан баланы:
Жақан, — деп тоқтатып алды. — Завхозды шақырып келші.
Қара фуфайка, мақталы шалбар киген, аяғында қара байпағы, басында сұр құлақшыны бар, кесек тұлғалы, қоңқақ мұрын мектеп завхозы жабырқау тұрған Тоқмолданы есік алдында жолықтырды.
— Бүгіннен бастап физкультура залына от жағылмасын, — деді Тоқмолда.
Завхоз жігіт неге деп сұраған жоқ. Мақұл, — деп басын изеді.
* * *
Мектепке кірген балалар кіреберістегі Хабарландыру тақтасына көз тікпей өтпеуші еді. Мектеп өміріндегі жаңалықтар мен өзгерістердің алғашқы дабылы осы арада қағылатын.
Сол Хабарландыру тақтасының алдына ертемен бір топ бала жыйналып қалды. Олардың көзі қызыл қарындашпен жазылған, аса көрнекті де емес, бір тарақ қағазда.
БОКС СЕКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ!
Бокс секциясы уақытша таратылады. Қалағандарыңыз басқа секцияларға мүше болыңыздар. Бокс қолғабын алғандар маған әкеп тапсырсын. Я. Т. Иванов.
Осы хабарландыру Тоқмолданың көзіне де бірден шалынды. Бұл кезде барлық кластарда сабақ өтіп жатқан. Тоқмолда төс қалтасынан қарындашты алды да,
і.
уақытша деген сөздің үстінен иректеп, танылмастай етіп сызып тастады.
Үзіліс кезінде Николай Трофимовичті бір топ бала қоршап алды. Бұлардың барлығы да бокс секциясының мүшелері еді.
— Николай Трофимович, бокс секциясы неге таратылады?
— Уақытша ғана таратылады. Біраз күннен кейін іске қайта кірісеміз.
Сол кезде Мұрат былай деді:
— Николай Трофимович, спорттың бір түрімен шындап айналысқан соқ, үзіліс жасамай, системалы түрде жаттығу керек, сонда ғана жемісті болады деп өзіңіз айтушы едіңіз ғой. Біраз күннен кейін іске қайта кірісетін болсақ, ендеше бокс секциясын неге таратасыз?
Николай Трофимович күлімдегендей болып, үнсіз тұрып қалды. Ал, шынында тура қараған кісі оның көзінен ешбір күлкінің нышанын көрмеген болар еді, терең бір ой танылар еді.
— Бокспен шындап айналысқың келе ме? — деп сұрады Николай Трофимович Мұраттан.
— Шындап, — деді Мұрат құлшына басын изеп.
— Боксты мен де сүйемін, — деді Махмут.
Садық және бірнеше балалар да осы сөзді айтты.
— Боксты шын сүйсеңдер, жақсы боксшы болып шыққыларың келсе, онда әдеттегі расписание бойынша біздің үйге келіңдер, жаттығуды біздің үйде өткізейік, — деді Николай Трофимович.
Николай Трофимович Мұраттың талабына тағы да сүйсініп қалды. Оның зор ынтасы, табандылығы мен алғырлығына будан бұрын да көп жерде Николай Трофимович ой тастаған. Осы бір арықтау, онша көзге түсе қоймайтын жұпыны денеде лаулауға дайын тұрған от бар сыяқты...
Николай Трофимовичтің Жаттығуды біздің үйде өткізейік — деген сөзіне балалар таңырқасқандай болып еді.
— Үйде-ақ өткізуімізге болады, — дегеннен басқа Николай Трофимович ештеңе айтқан жоқ.
Үш күннен кейін Николай Трофимовичтің ас ішетін үлкен бөлмесі физкультура залына айналды. Сембі және сәрсембі күндері түскі астан кейін ортадағы стол дереу ауыз үйге шығарылады да, бокс секциясының сабағы өткізіледі.
Анна Григорьевна келген балаларды күлімдеп қарсы алады. Бокс секциясы жұмысын осылайша жүргізе берді.
КЕЛІСУ
Бокс секциясы таратылмағанын, оның жұмысы Николай Трофимовичтің ас үйінде өткізіліп жатқанын өз баласы Садықтан есітіп, Тоқмолда тағы да күйіп-пісті. Таз ашуын тырнадан алады дегендей, әуелі ұрынарға қара таппай, өз бетімен біраз бұрқылдады да, онан соң Садыққа дүрсе қоя берді.
— Мен саған айтып едім ғой, бокстан аулақ жүр деп. Тыңдайсың ба, жоқ тыңдамайсың ба айтқанды? Оның орнына сабағыңды неге оқымайсың?!
— Өзге балалар да катысып жүр ғой, — деп күмілжіді Садық.
— Осы сенің құлағыңнан айтқан сөз ағып кете ме деймін? Мен сендерді, бокс секциясына катысып жүрген балаларды, не оқымайтын етем, не менің айтқанымды тыңдайтын боларсыңдар. Шық үйден, айт барып ана жолдастарыңа! Әлгі Батырбайдың баласы катысып жүр ме? Мен оның әкесін шақыртып алып, сөйлесейінші. Баласына ие болмайтын неғылған жұрт бұл!
Тоқмолда бір нәрсе жөнінде осылайша байламдар айтып, байбалам салғанымен, артынша көбінесе өз сөзіне мән бермейтін. Сол іс қашан алдынан тағы да кесе кездескенше бұрынғы қоңыр әуеніне түсіп кететін. Сол әдетімен мына айтылған ашулы сөздерін де түскі тамақтан кейін мүлде ұмытып кеткендей. Бокс секциясына қатысып жүргендерге де бұл күні ештеңе дей қоймады, Батырбайды да шақырып алған жоқ.
Екі күннен кейін ол Николай Трофимовичтің терезесінің тұсынан өтіп бара жатыр еді, іштен сартылдаған Дыбыстар, Николай Трофимовичтің берген командалары естілді. Бақса, бокс секциясының сабағы екен. Садықтың күлкісі құлағына шалынды. Сол кезде іштен ду күлкі естілді. Олар Тоқмолданы мазақтап күлген секілденді.
Тоқмолда жүрісін тездетті. Үйіне келді де, атын ерттеді. Тасырлатып желген бойда мұғалімдер кеңсесінің терезесінің тұсына келді де:
— Әшім, бармысың? — деп дауыстады,
Әшім мектептің оқу ісін басқарушы болатын. Ол:
— Бармын, Тока, — деп іштен үн қатты.
— Бері шығып кетші.
Қара пальто киген денелі сары жігіт шықты. Тоқмолда оны жақын кел дегендей сұқ қолымен ымдап шақырды. Басқыштан ырғып түсіп, Әшім ат үстінде тұрған Тоқмолданың қасына тақап келді.
— Мен ауданға кетіп барамын.
— Жайша ма?
— Николайдың мәселесімен. Өзгесін келген соң естисің. Ал, мынау жұмыстар өзіңе қалып барады.
Тоқмолда атының басын шұғыл бұрып, шаба жөнелді.
Николай Трофимович жөнінде көңіліне алып барғанын да Тоқмолда ләм деп айта алған жоқ. Айта алмауына себеп болған, аудандық оқу бөлімінің физкультура және спорт істерін басқаратын инспекторы Іргебаевпен әңгімесі еді.
Іргебаев аудандық оқу бөлімінің аппаратына жақында келіпті. Ол өзін таныстырып болғаннан кейін Тоқмолдаға аудандағы көпшілік мектептерде физкультура және спорт ісінің нашар күйде екенін, осы олқылықтан шығудың шұғыл шараларын қарастырып жатқанын айтты.
— Жақында сіздер жаққа бармақпын. Сіздің атыңызға мынау телефонограмманы жазып қойып едік. Стадион жасау туралы. Оған күштеріңіз жете ме? Физкультура пәнінен сабақ беретін мұғалімдеріңіз өте іскер, ынталы адам деп естимін. Соның тікелей басшылық етуімен мектеп жанынан физкультура алаңын жасап, бірсыпыра дене шынықтыру секцияларын ұйымдастырған көрінесіздер. Өте қуанарлық игілікті іс. Қуанып жатырмын. Жақын арада барамын. Ал, стадион жасау жұмысын Николай Трофимович екеуіңіз, колхоз активтерімен ақылдасып, шеше беріңіздер. Қалай еткенде де жасаудың қамына кіріскен жөн.
Тоқмолда аудан орталығына бір қонып шықты да, қайтып келді. Барысы қандай тез болса, кайтысы да сондай жылдам болды.
Үзіліс кезінде Николай Трофимович мектептің алдында жалғыз өзі тұр еді. Тоқмолда қасына келіп.
— Сәләматсың ба, — деді де қолын берді.
* * * *
Тоқмолда ертеңіне кешке жақын педсовет пен ата-аналар комитетінің біріккен мәжілісін шақырды. Директордың кабинетіне жыйылған жұрт мәжіліс басталғанша қандай мәселе қаралатынын анық білген жоқ. Кейбіреулер: Директор кеше ауданға кетіп еді, сірә, бір жаңалық бар шығар, — деп топшылады.
Кішкентай сары, қоңырауын шылдыр еткізді де, Тоқмолда мәжілісті ашты.
— Қүн тәртібінде бір-ақ мәселе,—деді ол. — Ол мәселеге көшпестен бұрын мен сіздерге бір сыр айтайын. Осыдан он күн бұрын Николай Трофимович екеуміз араздасуға шейін бардық. Шынын айтқанда, физкультура мен спорт ісінің оқушылар арасында кең өріc алып келе жатқанына мен наразы болдым. Оқу ісіне зыяны тиеді екен теп ойладым. Әсіресе, оқушылардың бокспен шұғылдануы маған олар үшін лайықсыз, жат қылықтан көрініп еді. Олай емес екен, біз оның маңызын жете түсінбеппіз.
Батырбай карт пештің түбіне таман оңаша отыр еді. Біз оның маңызын жете түсінбеппіз деген сезді айтқанда, Тоқмолда оған тесіле қарап, иегін көтеріп қойды
Тоқмолда осыдан соң өзінің өткендегі қателерін мойындады.
— Аудан бізге стадион жасауды ұсынды, — деді ол. — Бұл мәжілісте сөз болғалы отырған мәселе, міне, осы. Колхоздың дәулеті шалқып өсті. Оқушылар саны жыл сайын көбейіп келеді. Әсем мектеп үй.ін жасап алдыңдар. Іргелес отырған екі колхоз тағы бар. Сендерге стадион керек дейді. Стадион жасай аламыз ба, жете ме күшіміз?
Отырған кепке біраз үнсіз қарап тұрды да: Менің сөзім бітті, сендер не айтасыңдар? — дегендей Тоқмолда отыра кетті.
Николай Трофимович сөз алды. Ол дене шынықтыру ісінін жалпы маңызын, физкультура менспорттың біздің елімізде кен өpic алып, оған үкімет пен партия зор маңыз беріп отырғанын айтты.
Сөзінің соңында Николай Трофимович стадионның сырт көрінісі қандай болатынын сыпаттап, оны жасаудың аса қыйын еместігін, керекті құрылыс материалдарының мөлшерін айтты.
Шығып сөйлеген сауыншы Зылиқа, колхоздағы бастауын партия ұйымының секретары бір қолы шолақ, ұзын бойлы Әмір — қай-қайсысы болса да, қолдан келген көмегімізді аямаймыз, •—деп, колхозшылар көпшілігінің атынан ниет білдірді.
Колхоздағы бастауыш комсомол ұйымының секретарш тракторист Тілеуберді де сөйледі. Бірнеше жыйындарда, талай топтың алдында сөйлеп машықтанғанын танытып, ол өз ойын әсерлі үнмен еркін айтып тұр. Сөзінің соңында қолын сілтеп, үнін қатты шығарып:
— Біз, колхозшы жастар, көмегімізді аямаймыз. Бізге стадион керек, — деді.
Жаз шығысымен стадион жасау ісі қолға алынсын деп ұйғарылды. Бұл мәселе ауылдық советтің және колхоздың жалпы жыйналысының алдына қойылып, тиісті көмек сұралатын болды.
АЛҒАШҚЫ АЙҚАС
Жыл жарым уақыт өтті. Апрельдің аяқ шені.
Көкшіл аспан тұнық, таза. Күннің қызғылт сәулесі шашырап, аспанның шығыс жақ жиегін құлпыртты. Қызғылт сәуле минут сайын сұйыла бастады да, ақырында жоқ болды. Көкжиектен күн көрінді, жайымен жылжып көтеріліп келеді, дүниеге отты көзін тіге түседі. Сонау қырқаның көлеңке бетінде ғана ала кар жатыр.
Жол бойындағы қайың мен тал жаңа бүршіктеп келеді.
Осындай бір нұрлы шуақ күні түп-түзу тас жолмен бір жүк машинасы зырғып келе жатты. Жол тегіс болған соң шофер де пәрменімен ағызып келеді.
Машинаның үстінде екі жақ бортқа жағалай арқаларын сүйеп оншақты адам отыр. Тілеуберді, Николай Трофимович, Мұрат, Батырбай карт және бірнеше адамдар бар.
Боксшылардың аудандық жарысы өткізілмекші. Николай Трофимович бас болып, Мұрат пен бірнеше колхозшылар соған кетіп барады.
Бокстан жарыс өткізу аудан тарихында тұңғыш оқыйға болатын. Бірнеше күн бұрын хабарланып қойылған жұрт, асыға күтіп жүрген. Жарыс болатын күні кеш болысымен-ақ жұрт опыр-топыр болып, аудандық клубтың маңына жыйнала бастады. Ымырт үйіріле халық молайып кетті. Тұс-тұстан асыға басып келгендер жабық тұрған кассаның алдындағы: Барлық билеттер сатылып болды деген жазуды оқыйды да, кері қайта алмай немесе клубқа кіре алмай, сеңдей соғылысып, кіріліп тұрып қалады.
Кейбіреулері есік алдында тұрған таныс милиционер Бүркітбайға жалынады.
— Бүке, жіберіңізші, билет таусылып қалыпты.
— Болмайды, балалар, бос орын жоқ. Қайда отырмақшысыңдар?
Үшінші қонырау да соғылды. Билеті барлар асыға кіріп жатыр. Билетсіздер үмітін үзіп, сирей бастады.
— Бүке! Бүке! — деп анталай жалынған бірнеше адам есіктің тұтқасынан ұстап жапқызбай тұр.
— Қарақтарым-ау, қараңдаршы, тұратын да жер жоқ! Қайда барасыңдар? Түсінсеңдерші. Қане, арырақ тұрыңдар.
Есік сарт етіп жабылып, ілмегі ілінді.
Жарыстың программасы жарияланды. Бүгін он екі адам кездеседі екен. Оның төртеуі оқушы балалар. Сахна ашылғанда әлгі он екі адам парадқа шықты. Ең соңында Мұрат. Кернеп отырған халықтың шапалағы клубтың ішін жаңғырықтырып жіберді.
Бұрын бокстың ірі жарыстарының талайын көрген, бокстың тәсілдерімен әбден таныс адамдарға мына өтіп жатқан бокс ойынының әсері шамалы еді. Боксшылардың көбі ұрыс тәсілдеріне алаң болғандықтан тұрпайы, жабайы әдіске кете береді. Рингтегі судья Николай Трофимович, оларды жиі-жиі ажыратып, ескертулер жасаумен әлек болды.
Ал, бұны бұрын көп көрмегендерге бұл бір соны қызық.
— Қатты соқ!.. Шықшыттан бер! — деп тепсініп, айқайлап жатты.
Алдымен кездескендер орта, ауыр салмақтағы колхозшы боксшылар еді.
Алдыңғы қатарда отырған Батырбай карт ішінен күйзеліп отыр.
Рингтегі боксшылар бірін-бірі қатты соққан сайын, оның жүрегі ауырады. Қазір Мұрат та шықпақ. Ол да мыналардай төбелеске түседі. Оны да біреулер соққының астына алады-ау!
Рингке Мұрат шыққан кезде Батырбайдың денесі ду етіп, ысып кетті. Ерні қыбырлап бірдемелерді айтып, жөтеліп, қозғалып та қойды. Біресе Мұратқа, біресе рингтің екінші бұрышындағы онымен жұдырықтасқалы тұрған балаға қарайды. Мұратпен ұрысатын жуан мойын, сойталдай қара екен. Мұратқа қарағанда иықты да, білектері де толық. Мұраттың денесі талдырмаштау болғанымен шымыр. Жүріс-тұрысында сергектік, ептілік бар. Өзін еркін билеп, ұрысқа тастай түйіліп алған. Қазір жеңемін дегендей күлімсірейді.
Гонг сыңғыр ете түсті. Бокс ойыны басталды. Бұлардың алдында шыққандардың тәсілінен мынаның артықшылығы бірден көзге түсті. Әдептілік бар. Андып ұрысады. Анау бала қорғанумен жүр. Қарсы соққыны сирек жұмсап қояды. Мұрат қатаң шабуылға шықты. Оң қолымен қырдан тез ұрып-ұрып жіберді. Бұл кезде оның сол қолы төмендеп кетіп, иегі ашық қалған еді. Мысықша аңдыған анау, ілгері ыршып түсіп, Мұраттың иегінің астынан соғып қалды да Мұратты шалқасынан құлатты...
"ТҰМСЫҒЫҢНЫҢ ҚЫШУЫ ҚАНҒАН ШЫҒАР"
Қоңырау соғылды. Мұғалім келе қойған жоқ. Оқушылар класқа кіріп жатыр. Дабыр, шу, тыныштық сақтаған ешкім жоқ. Қыздар терезе жақтағы партада отырған. Үмітжанды қоршап алып, жабырласып газет оқуда Садық тақтаға бормен сурет салып жатыр. Қайта-қайта өшіріп, түзей салады. Ойдағыдай шықпай жатқан сияқты. Кейде шегініп барып, анадайдан қарайды. Оның бұл ісіне көңіл бөлген ешкім жоқ..
Ол, суретін салып болды да, тақта сүртетін шүберекті орнына қойып.'борға былғанған саусақтарын үргілеп,
артына бұрылды. Бүкіл класты шолып тұр. Сол кезде класқа Мұрат кеп кірді.
— Мұрат келді, —деп бір бала дауыстап қалып еді, өзгелер де жапырлап есік жаққа қарасты.
— Аман қайттың ба?
— Неше боксшымен төбелестің?
— Қаншасын жеңдің?
— Тұмсығыңның қышуы қанған шығар, — деп балалар, ол орнына отырып болмай жабырлап, ортаға алды.
— Ей-ей, балалар! — деді сол кезде әлі де болса тақтаның алдынан кетпей тұрған Садық айқайлап. — Бері қараңдаршы.
Балалар Садыққа қарады. Мұрат та қарап тұр.
— Мұраттың боксшылар жарысында қалай болғанын мен айтып берейін, — деді Садық өтірік күле түсіп — Әбден масқара болып қайтыпты. Алғашқы соққыны жегенде-ақ мұрттай ұшыпты. Міне, мына суретке қараңдаршы, тырайып құлап жатқан Мұратты көріңдер.
Садықтың тақтаға салған суреті мынадай еді: бір боксшы ілгері адымдап, оң қолын созып тұр да, екіншісі оның соққысынан шалқасынан түсіп қулап жатыр. Екі аяғы көктен келіп, ұшып түскендігі бейнеленген. Қолдары да жайылып түскен. Аузы-мұрны қыйсайып, өте ұсқынсыз көрсетілген.
Мұрат қып-қызыл бол кетті. Кейбір балалар тақтадағы суретке қарап, мәз болып, күліп жатыр.
Рас па? — деп Мұраттың өзінен сұрады.
Мұрат мойындағандай. Ол көзінің астымен қыздар отырған жаққа қарап еді, олар да күлісіп жатыр екен.
Ұят пен қабат ыза да бойын кернеген Мұрат, сумкасын партаның үстіне қоя салып, балаларды кимелеп тақтаға барды. Бұл кезде Садық сықылықтап күліп, ары қарай тайқый берген. Мұрат тақтадағы суретті тез-тез өшіре салып, Садыққа жақындады.
— Кімді мазақтағың келеді?
Мұраттың бетінен түгі шығып, көзінен оты лаулап, қатты ашынғандығы белгілі еді. Садық тіке қарай алмай, сасып қалды.
— Мықты болсаң сен неге бармадың? — деді Мұрат Садықты жеп жіберетіндей сұстанып, жақындай түсіп (анау шегіншектеп барады).—Мен қапылыста жығылып түстім, бірақ, есімнен айрылған жоқпын. Әкем болмаса, мен оған танытатын едім...
Жас боксшылардың аудандық жарысы болмастан бұрын бокс секциясына катысып жүргендердің мектеп бойынша жарысы өткізілген еді. Мұндағы айырықша көзге түскендер Мұрат пен Садық болатын. Николай Трофимович бұл екеуінің ішінен Мұратты озық санайтын Аудандық жарысқа қатысу үшін Мұрат кеткенде, Садық қызғанғандай болып қалған. Әзін ол Мұраттан кем емеспін деп есептейтін. Бокс секциясында староста болғандықтан, қайта одан гөрі артықшылығым бар деп ой лаушы еді.
Аудандық жарыста Мұраттың қандай сәтсіздікке ұшырағанын ол түнде естіген.
Ертемен елден бұрын келіп, бір өшіріп, бір түзеп тақтаға сурет салып жатқандағы Садықтың ойы: өзімен күндестеу болып. жүрген Мұратты балалардың алдында ұялтып: Мен барсам жеңіп қайтатын едім, — деген сөзді айтпақшы еді.
— Мынау қайтеді, ей, — деп шегіне берген Садық бұрышқа барып тірелді.
Мұрат та өзінің осал еместігін жұрт алдында таны= туды ойлады.
— Мен саған масқара болғанды көрсетермін, — дегі тістеніп, тастай түйілген жұдырығын Садықтың тұмсығына тіреді.
— Тарт ары қолыңды! — деп ол Мұраттың қолын итеріп тастады. — Қайтер екен десем, келе жатырсың ғой, менде де қол бар.
Сол кезде:
— Ағай келе жатыр, — деген үн саңқ ете түсті. Мұрат пен Садықты қоршалай ентелеп тұрған балалар орындарына жүгірісті. Мұрат бері жүре беріп:
— Көрсетермін!—деді жұдырығын салмақтап.
* * *
Көрсетермін дегенін Мұрат сабақтан тарағанша көрсеткен жоқ. Көрсетер ме екен деп Садық қауіптеніп еді. Сабақта отырғанымен ойынан шықпаған. Бірақ Мұрат жақын келмеді. Оның жақын келмегеніне Садық қуанып, үзіліс кезінде Мұратқа көрінбеуге тырысып, қашақтай түсті.
Соңғы сабақ біткен соң ғана Мұрат, мұғалім шығып кеткеннен кейін, Садықтың қасына келді. Садық күткен болғандай үрейленіп, сескеніп қалды.
— Жүр, — деді Мұрат, — Тысқа шығайық.
Мұрат пен Садықты ортаға алып, төрт-бес бала ілесе шықты. Мектептен ұзай беріп, Мұрат жан-жағына қаран алды да, үнсіз келе жатқан Садықты иығынан тартып қап тоқтатты.
— Сен мені жұрттың алдында неге келемештейсің?
— Келемештегенім жоқ. Нокаут болғаның өтірік пе?
— Мен онда,—деді Мұрат сөзінің қыйыны қашып, тұттығып,—неғып аяғым тайып кетіп, қапыда жығылдым. Нокаут болғаным жоқ. Николай Трофимовичтің өзінен-ақ сұрашы. Ал, сенің мені келемештеуің барып тұрған тәртіпсіздік. Бес килоң артық болса да, мен сенен ешуақытта жеңілмеймін. Шыдасаң, кездесіп көрейік. Мақұл ма? Келісесің бе? Неге темен қарайсын?
— Кездессе, қорқады дейсің бе?—деді Садық Мұратқа сүзе қарап.
Мұрат пен Садық екеуі екі түрлі салмақ категорияларына жататын. Сондықтан олар кейде жаттығу кезінде Николай Трофимовичтің бақылауымен аздап ұрысып, тәсіл үйреніскені бомаса, ашық кездесіп көрген емес еді.
— Қашан кездесеміз?—деп сұрады Мұрат.
— Бүгін болсын, — деді Махмут.
— Ең әуелі Николай Трофимовичтен рұқсат сұрау керек,—деді ұзын бойлы Шәкір даңғырлап, қатты сөйлеп.
Балалар осыған келісті.
Николай Трофимович есігінің алдында жатқан жуан бөрененің үстінде балық ұстайтын ауды екі аша ұзын ағашқа кере шегелеп жатыр екен. Балалар әбден қасы на кеп тоқтағанша өз ісімен бола берді.
— Не айтасыңдар, балалар?
— Николай Трофимович, — деп Шәкір бір аттап ілгері басты. — Мұрат пен Садықтың бір рет кездесуіне руқсат етесіз бе? Олар өздері тіленіп отыр.
— Қандай кездесу?
— Бокстан.
— Судья кім болады?
— Махмут.
Махмут бокстың ережелерін жақсы білетін. Судья болуға одан лайық ешкім жоқтығы Николай Трофимовичке аян.
Мұрат өз салмақ категориясындағылардың қайсысынан болса да көп басым. Николай Трофимович оны енді бір салмақ категориясы жоғары біреумен кездестіруді ойлап жүретін. Балалардың мына тілегі оның осы ойындағысын жүзеге асыруға себепші болды.
— Менің қарсылығым жоқ, тек қоятын шарттарым бар: кездесулері тұрпайы кекті төбелеске айналып кетпесін. Соңынан маған келіп нәтижесің айтыңдар
Николай Трофимович балаларға екі пар бокс қолғабын берді.
Балалар бері шыққан соң мынаған келісті: кешкі серуен кезінде Мұраттардікіне жыйналады. Онан соң тоғайға, жұмсақ көк шөпті бір алаңқайға барады.
* * *
Түскі тамағын ішіп болған соң Мұрат мол етіп отын Жарып оны ас үйге кіргізді де, сабақ оқуға отырды. Алдымен үйге берілген есептерді шығарды. Онан соң, орыс тілінен берілген тапсырманы орындады. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін кеше бастап, ортадан aya еңсеріп тастаған Құрыш қалай шынықтыны қайтадан оқуға кірісті.
Бұл кітап Мұраттың бар зейінін лезде өзіне тартып әкетті. Ол Павел Корчагинмен достасып, бірге жүрген 1 дей болып, қызықты оқыйғаларға араласып кетті. Үйге кірген Достайды қасына келгенде бір-ақ байқады. Достай Мұраттың секунданты еді.
— Әлгілер келген жоқ па? — деді Достай. Әлгілер деп отырғаны: Мұратпен айқасатын Садық оның секунданты Қасым, рингтегі судья болып белгіленген Махмут.
— Келген жоқ. Мен кітаптың қызығымен отырып қалыппын ғой.
— Мен де манадан бері кітапханада болдым, — деді Достай.
— Мынауың қай кітап? Құрыш қалай шынықты екен ғой. Тамаша кітап. Мен оқып шықтым. Қазір Ананы оқып жатырмын.
— Ананы мен оқып шыққанмын.
Сол кезде сау етіп, Садық, Махмут, Қасым, Шәк \ және Сәлімжан кіріп келді.
— Ал кеттік, — деп, екі пар бокс қолғабын газета орап алып, бәрі үйден шықты.
Бұлар жүрген бойда диірменді өрлеп барып, тоғай( кірді. Қаулап көгерген талдардан хош иіс аңқып тұр
Бірнеше сауысқан шықылықтап ұшып, әр талға бір қонып қашақтайды. Өте сақ құс. Балалар жақындай бергенде, ұшып кетті.
Балалар көгі тебіндеп өсіп келе жатқан бір алаңға тоқтады. Айнала қалың тоғай. Тап келіп, үстінен түспесе, ешкім көретін емес.
Мұрат пен Садық сырт киімдерін шешіп тастап, боксер формасына түсті. Секунданттарының көмегімен боксер қолғаптарын да киіп алды.
— Сағатсыз қалай болады? —деді Махмут.
— Қашан біріміз жеңілгенше үзіліс болмасын.
Балалардың бәрі осыны қостап еді, алғашқы кезде
разы болыңқырамай тұрып, артынан Садық та келісті.
Диірменнің артында жатқан, түбі шіріп кеткен бір ескі шелекті керек болады деп Шәкір әлгінде ала келген болатын. Ол бір талдың бұтағына сол шелекті салбыратып байлады да, жіліктің қу сүйегімен даңғырлатып ұрып көріп:
— Тамаша гонг!—деді, мәз болып. — Қараңдаршы!
Екі боксшы да әзірленіп болды. Сүзе қарасып, команда күтіп тұр.
Шәкір жіліктің сүйегімен шелекті даңғыр еткізіп. ұрып та қалды. Ойын басталды.
Аянбай-ақ ұрысып жатыр. Мұратта тәсіл мол. Садықтың өршелене сілтеген бірнеше соққысы дарымай кетті. Уһ!—деп, ез екпінмен қулай жаздап барып қалды. Мұрат бірнеше соққыны жаудырып жіберіп, тез жалт береді, немесе кейін ыршып түседі. Көп жаттығудың арқасында қатып-пісіп алған ол тершіп алқынар емес, қайта шыйрай түседі. Ал Садық болса, жөндеп бір де ура ал қолын босқа сілтеумен шаршайын деді.
Рингтің? өте кендігі ол үшін жақсы болмады. Мұрат тіпті жолатар емес. Тек оқта-текте Мұраттың соққыларына Садық босқа қарсыласып қол жұмсайды. Онысы көбінесе Мұраттың шынтағына немесе қолғабына тиеді. Бұдан келіп-кетер не бар?
Балалар тыныш қараумен тұр. Еріндері сертиіп, сөйлей жаздап барып қояды. Кейбіреулерінің ауыздарынан оқыс бірдеме шығып кетсе, қасында тұрған екіншісі түртіп қап, тоқтау салады.
Садық болдырып, босаңсый бастады. Бүкіл денесі еріп кеткендей бұлғаңдайды.
Кімнің жеңілетіні белгілі болып-ақ қалды. Садық ұтылып барады. Тұмсығына дәл тиген бірнеше қатаң соққылар жігерін қайырып, оны амалсыз жасқаншақ етті. Тұмсығын қорғап, жасқана берді, шабуылға шығуды к,ойып, қорғанумен болды. Садықтың қалжырағаны Мұратты шабыттандыра түсті. Секеңдеп, басын тұқырып алып шегіне берген Садықты Мұрат кимелеп, тықсырып барады.
Гонг саңғыр ете түсті. Саңғыр еткен дауыспен бірге Садық та шалқасынан құлады. Садықты Мұрат дереу Құшақтап, көтеріп алды. Садық буынын бекіте алмай, теңселіп кетті. Шәкір кепкасымен оның бетіне желпи бастады. Мұратқа біраз сүйеніп тұрды да, Садық қалпына келді.
— Кектеспейік, — деп Мұрат Садыққа қолын ұсынды.
Садық Мұраттың қолын алды. Қалжыңбас Шәкір күле түсіп:
— Тұмсығыңның қышуы қанған шығар! — деді Садыққа.
ҚОШ, ҚОШ, НИКОЛАЙ ТРОФИМОВИЧ!
Қаһарлы қыстың аязды шыңылтыр күні. Күн жаздағыдай өткір, ақжарқын емес. Оты қашып, жанары солған көзін алысқа қадаған кәрідей дүниеге қыйын, бұлдыр қарайды. Ой мен қыр тегіс аппақ. Ағаштар да қырауға малынып, аяздан қорғанғандай сыбдырлай алмайды. Балқыған күмістей жалтырап, бұралып ағатын әсем сулар қазір жым-жырт. Күркіреп көбік шашып жататын өзен де мұз астымен дүңгірлеп жортады.
Стадион беті көк айна мұз. Күн сәулесімен айнадай жалтырайды. Топ бала жұлдыздай ағып, хоккей ойнап жүр. Аяз сорып, қаны сыртына теуіп ажарланған беттері алма шырайлас. Олар жеңіл киінген. Оты лаулаған жас дене аязды елер емес.
Стадионнан ары аппақ даланың бетіне салынған өрнектей жолақ сызықтар көрінеді. Ол колхоздың егістік жеріне кар тоқтату үшін егілген ағаштар. Жаңа мектеп салынған жылы отырғызылып еді. Үш жылдың ішінде қаулап өсіп, берік тамырланып, тоғайға айналды.
Одан әріде қатпарлы қырқалар созылып кетіп жатыр. Көкжиекпен жапсарласып жатқан сияқты. Сол қырқаның төбесіне бір қарайған шықты да, темен сорғалай жөнелді. Қарайған соңынан қарайған шығып, көбейе бастады. Жақындап, төмендеген сайын, кесектеле келе адам тұлғаларына айналды. Аяқтарындағы шаңғысы мен қолдарына ұстаған таяқтарының дөңгелектері айқын көрінді. Бұлар шаңғы жарысына қатысқан мектеп оқушылары. Сөре мектеп үйі еді. Соған беттеп келеді. Аркасында рюкзагі бар Николай Трофимович топтың соңында келе жатыр. Кейіндеп қалғандарға: Қане, тезірек! — деп қояды. Бір кезде ол аршындай басып, ілгері самғады. Шұбалып келе жатқандардан біріндеп озып, алға ұмытылды. Екінші болып келе жатқан Мұратқа жанай беріп:
— Самғата түс! — деді
Жалт қарап, Николай Трофимович екенін көрген Мұрат та барына басты.
Николай Трофимович Мұраттан да оза түспек еді. Сөреге тым болмаса бес-он минут бұрын барып, балаларды тосып алып, кім қанша уақытта келгендігіне белгі соғуы керек. Бірақ, қатарласып Мұрат қалар емес, бәйгеде үзеңгі қағысқан аттай ұшып келеді. Әлі де болса сөреге екі километрдей жер бар еді. Николай Трофимович бір сын болсын деп:
— Қалма менен! — деді де жүрісін барынша тездетті
Мұрат қанат біткендей, жеңіл самғап келеді, барған
сайын ағындай түседі. Николай Трофимович оған мойынын бұрып қарап қойып, сүйсініп келеді. Шаңғыны Мұрат осынша жақсы тебетін болып алды деп ол ойламаған еді.
Старт берілгенде-ақ оза жөнелген Садық алда келе Жатқан. Ол бар күшін салып, ешкімге жеткізбеуге тырысады. Мұрат шынтуайтқа басса оны қуып жетер еді, озып та кетер еді. Бірақ Мұрат бір сарынмен келе Жатыр. Сөреге шейін әлі де болса бірсыпыра жер бар болған соң жанталаса жүгірген жоқ. Жарты километрдей қалғанда тездетпек ойы бар еді. Николай Трофимович қатарласа беріп —Самғата түс! — деген соң ғана қатты ұмтыла жөнелді.
Алда бірінші болып келе жатқан Садықпен де қатарласа беріп Николай Трофимович Мұратқа айтқан сөзін қайталады.
Садық терге малынып, босаңсып қалған болатын. Николай Трофимович пен Мұраттың қуып жеткенін көргенде, солардан қалмауға әрекет істеп бақты. Жеңімен ма дайын асығыс сүртіп, тез-тез таянып ұмтылды. Бірақ сүйткенше болған жоқ, анау екеуі сыр-сыр етіп өте шықты. Мұрат артына бұрылып:
— Қалма, Садық! — деді дауыстап.
Садық жауап қатқан жоқ. Жауап қататындай да болған жоқ еді. Себебі, соны карды бұзғаннан гөрі жеңіл болады ғой деп, Мұраттың шаңғысының ізіне тез бұрылып түсе берген. Қырсық шалғанда, екі аяғындағы шаңғының бастары айқасып кетіп, шалынып жығылды.
Омақаса жығылған Садықтың басы карға кіріп кеткен. Ол тез тура алмай қалды. Екі таяғын қабағынан көлденең қойып, қолымен тіреп тұрмақ болып жатыр. Бірақ шаңғысының шатысын жазу оңай соқпады. Мұрат пен Николай Трофимович көп ұзап кетіпті. Садық кеудесін көтеріп барып; бір жағына аунап түсті. Осы кезде бірінші бала қасынан өтті.
— Жатысын, жайлы болсын, Садық!
— Тапқаныңнан бізге де берерсің!
— Қардың астын зерттеп жатырмысың! — деп, олар қалжың айтып барады.
Сөреге бұрын жеткен Мұрат пен Николай Трофимович басқалар келгенше әңгімелесе тұрды.
— Мен аз күнде көшемін, — деді Николай Трофимович оқыстан.
— Қайда? — деді Мұрат жұлып алғандай.
— Алматыға.
— Неге?
— Республикалық физкультура және спорт комитеті қызметке шақырып отыр.
Николай Трофимовичті кетуге қыймаған Мұраттың іші удай ашыды.
— Бармаңыз, Николай Трофимович! — деді ол өкініш пен өтініш реңкін қабат білдіріп. — Біз қайтеміз?
— Не қайтетіні бар, оқый бересіңдер.
— Физкультурадан кім сабақ береді, секцияларды кім басқарады?
— Жаңадан мұғалім келеді.
Келген балалар бұл хабарға дереу құлақтанып жатты. Бастарын шайқап, таңдайларын қағып, өкініш білдірді. Жаутаңдап Николай Трофимовичке қарай берді.
— Николай Трофимович, кетпеңіз! — дейді шулап, ортаға алып.
— Кетпеуге болмайды, партия жұмсап отыр, — деді
Ертеңіне Николай Трофимович көшеді екен деген сөз бен физкультурадан сабақ беретін жаңа мұғалім келіпті деген хабар қатарынан тез тарады.
Бірнеше күннен бері Николай Трофимовичтің көп мұғалімдер мен колхозшылардың үйінде қонақ болып жүруі де бір жайды аңғартқандай еді. Екі күннен бері ол өз жұмысын өткізіп те болды.
Әне, есігінің алдында төбесі жабық үш тонналық машина тұр. Машина маңы көп адам: оқушылар, колхозшылар, мұғалімдер — бүкіл ауыл адамдары қоштасқалы келіп жатыр. Бірнеше жігіт үй жиһаздары мен мүліктерін алып шығып тиеп жатыр.
Түлкі тымағын түсіріп киген, қара тоны бар Батырбай қарт:
— Әлгі Николай балам қайда? — деді топқа қарап.
Әмірмен сөйлесіп тұрған Николай Трофимович:
— Сәләматсыз ба, қария, —деді Батырбайға қарай жүріп, қолын созып.
Николайдың қолын алып тұрып:
— Алматыға көшкелі жатырмысың? — деді Батырбай.
— Солай, қария.
— Өз баламыздай болып кетіп едің қарағым, ағаттық қылықтарымыз да болған шығар, кешір!
Николай Трофимович күліп жіберді. Екі жыл бұрын физкультура залынан Батырбайдың Мұратты жетектеп алып шығып кеткені есіне түсті.
— Оқа емес, қария, оқа емес!
— Қайда болсаң да бағың ашылсын, аман бол, қарағым! Малға кетіп бара жатыр едім, қоштасайын деп келдім.
— Рақмет, қария!
Жүкті тиеп қойып, Николай Трофимович мұғалімдермен және әр секцияның мүшелерімен суретке түсті.
Машина оталып, жүруге беталғанда, оқушылар Николай Трофимовичті анталап, қоршап алды.
— Хатты жиі жазып тұрыңыз, Николай Трофимович!
Жазда қонаққа келіңіз.
— Ұмытпаңыз! — деп әрқайсысы тілек айтып жатыр.
— Николай Трофимович, біз БГТО-ға норма тапсырып болдық қой. Енді значогімізді кім береді? — деп сұрады Садық.
— Значоктеріңді аласыңдар, — деді Николай Трофимович.
Николай Трофимович машинаға отырғаннан кейін де қоштасу ұзаққа созылды. Әсіресе оқушылар қайталап кеп қоштасады. Сүйікті ұстазының қолын қайта-қайта ұстап, бетіне қарай бергілері келеді.
— Қош, қош, Николай Трофимович!
АҢСАҒАН АЛМАТЫҒА
Есік алдындағы ұзын скамейкада Ұлжан күншуақтап отыр еді. Мұрат анадайдан тісін ақсыйта күліп, зор қуанышы барлығын аңғартып келе жатты,
— Қабылдады ма, Мұратжан? — деді Ұлжан дауыстап баласы қасына келгенше шыдамы жетпей.
Мұрат Шешесіне қарай жүгіре басып:
— Қабылдады! — деді де мойнына кеп асыла түсті.
— О, айналайын, жігіт болды деген, міне, осы! Енді комсомол мүшесісің — деп шешесі оның албыраған ыстық бетінен мейірлене сүйді.
— Саған хат келді, — деп шешесі Мұратқа бір хатты ұсынды.
Мұрат хаттың адресін оқыса, Николай Трофимовичтен екен. Бұл Николай Трофимовичтен келген үшінші хат.
— Мен Николай Трофимовичке комсомол мүшесі болғандығымды айтып хат жазамын, — деді де, Мұрат хатты асығыс ашып оқый бастады.
Мұрат!—депті Николай Трофимович,—мен қызметімнен тыс, қалалық спорт мектебінің бокс секциясына тренермін. Шәкірттерім өздеріңдей балалар. Өзім де бокспен шындап айналысып жүрмін. Спорт шебері деген атақ алдым. Мүмкіндігің болса, оқу бітісімен кел. Жазғы демалысыңды осында өткіз. Қарияға, жолдастарыңа менен сәлем айт.
Хаттың аяғына өзінің адресін жазыпты.
Мұрат үшін бұл зор қуаныш болды. Көрікті Алматыны көрсем деп арман ететін. Қымбатты ұстазы Николай Трофимович шақырып отыр. Жазғы демалысыңды осында өткіз, — дейді. Қанаты болса, ұшып жөнелетіндей, секіріп қуанды.
Батырбай қария:
— Өзіміздің колхоздың машинасы күнде жүріп жатыр, барсаң бар, тамашалап қала көріп кел, — деді.
Ал Ұлжан жібергісі келмеді.
— Алматы біздің Қызыл шекара емес, адасып кете ме, кім білсін, — дей берді.
Мұрат әр күнді санап өткізіп жүрді. Соңғы сынақ болатын күн жақындай түскен сайын Алматыны жиі aйтып қояды.
Ол күн де жетті. Соңғы сынақты да тапсырып шықты. Кеудесінде қос қуаныш құлпырады: жеті жылдық мектепті үздік бітіріп шығып отыр. Жұрт алдында мақтау қағаз алды. Той жасаймын шырағымның мектеп бітіргендігі үшін, — деп, Батырбай қария шалқыды.
Оқудың бітуін тосып еді. Енді аланы жоқ. Жүрегі қалаға алып ұшады. Ертең — бүрсігүні деп, оны тежеп жүрген әкесі Батырбай ғана.
— Сенің қуанышына той жасайын деп жатырмын ғой, балам, өз тойыңда өзің болуың керек. Рұқсатымды бердім ғой, сонан кейін барып, бір ай жүріп келсек Де еркің, — дейді ол қыңқылдаған баласына.
Жексенбі күні той болды.
Той өткеннің ертеңіне-ақ Мұрат қалаға бара жатқан колхоз председателінің машинасына отырып жолаушы шықты.
Таспаша шұбатылған тас жолмен төбесі ашық жеңіл машина жүйткіп келеді. ішінде төрт адам бар. Артқының бірі Мұрат. Машинаның ернеуінен басы ғана қылтыйып көрінеді. Мына жол оның бұрын баспаған жолы. Айнала соны жерлер. Мойнын соза түсіп, қараумен отыр. Шілдеде шыңын қар басып жататын Алатауды бөктерлеп келеді. Сонау жазықта шөккен түйедей болып, дөңкиіп-дөңкиіп төбелер көрінеді. Суы мөлдір сарқырама тау өзендерінен де өтті. Көк жібектей құлпырған бетеге даланы сағымдандырып тұр. Көшесінде радио ән салған бірнеше әсем селолар да артта қалды. Міне жазық.
Жазықтың беті — қыбырлаған мал. Машина жайылып жатқан көп жылқының арасымен өтіп барады. Сәйгүліктер үйір-үйір болып, бүкіл жазықты алып жатыр. Бірінен-бірі өтіп, көзіңді тұндырады. Жібек жал, күлте құйрық, қаз мойын, аршын төс арғымақтар; от орнындай тұяқты, қабырғалы қазанаттар; бауыры жер сызған семіз биелер — осқырынып, едірейіп қарайды. Қорс етіп үркіп, кеңсірік атқан қамыс құлақ асау құлын-тайлар бірінен-бірі өтеді.
Жол үстінде тұрып, едірейіп қараумен болған, жылқының ең шеті — биік жирен ат, машина жақындаған кезде ол жер тарпып, құйрығын бұлаң еткізіп, жол шетіндегі ордан ырғып кетті.
Енді еркін жүйткіген машина, бір белден төмен еңкейе берген кезде, алдынан бір қора ақ қой кездесті. Тауға бет алып, өріп барады екен. Жолдан бір тобы өтіп үлгіріпті. Араларын қақ жарып өту ниетімен шофер Жақындап-ақ келді, Бірақ амалсыздан кідіре тұрды. Себебі, көп қой дүрлігіп, бірінің артынан бірі шұбалып, тау жақ бетке жүгіріп өтумен болды.
Осының бәрі колхоз дәулеті!
Алматыға шейінгі жол әр қыйлы еді. Мұрат отырған жеңіл машина өркеші бұлтқа тірелген талай таудан өтіп, жартастары сүмеленіп төніп тұрған талай қыя асулардан асты. Сағым торлап, тағы жортқан, сусыз қуаң далалар да кездесті. Табиғаттың әралуан шебер құрылған суреттерін,-әсіресе, бояуы сантүрлі қатпарлы жарларды Мұрат тамашалап, қараумен болды. Тік қыя беттер, қорым тас құздар, бұрмасы көп құлдыйлаған еңістер бірінен соң бірі ұшырап отырды.
Осыншама көп көріністерді қызыға қараумен болған Мұрат қыялымен де шарлап ұшты. Оның басында талай тәтті ойлар алмасып жатты. — Қыстыгүні,—деп ойлады ол, — мына жазықты қалың кар басып жатады ғой. Сонда шаңғы жорығын жасап, Алматыға шейін жаяу барса, қандай рақат болар еді!
МОСКВАҒА
Мұрат қала өміріне тез үйреніп кетті. Қаладағы мәдениет орындарынан оның бармағаны қалмады. Бірінен соң бірі соны қызық, тамашалар уақыттың қалай өтіп жатқанын аңғартпады. Күннің қапырық ыстығы, асфальттан лаулаған жалынды леп қана күндіз өз қысымды көрсетеді.
— Бір айдан кейін жасөспірім боксшылардың қалалық жарысы болады, соған қатысуға қалайсың? — Де" сұрады Николай Трофимович бір күні Мұраттан.
— Кім біледі? — деп жымыйды Мұрат.
— Өзің білесің — деді Николай Трофимович, — өз әзірлігін біледі.
— Мұндағылар мықтылар шығар, — деді Мұрат көңіліндегі күдікті аңғартып.
— Бұлар да сен сыяқтылар, рас, жақсы боксшы болып шығатын жастар жоқ емес.
Мұраттың жүрексініп тұрғанын сезген Николай Трофимович өзі байлам айтты.
— Сен біздегі бокс секциясына қатынас. Ондағылармен таныс. Сонан соң тағы көрерміз.
Мұрат Николай Трофимовичпен ілесіп, қалалық спорт мектебінің бокс секциясына барды. Олардың жаттығулары М. Горький атындағы паркте өткізіледі екен. Бұрын өзі көрмеген көптеген снарядтармен танысты. Сыздаған алмұрт, Пунктбол дейтіндерді тамашалап, ұрып байқады.
Ол бокс секциясына зор ынтамен катысып жүрді. Мұндағылармен тез танысып, достасып кетті. Біраз уақыт етіп, бокс техникасына жетіле түскен кезде, Николай Трофимович оны бұрынғы таңдаулы шәкірттерімен Жаттығу айласын? шығарып алып жүрді. Мұраттың боксшылық өмірі шын мәнісінде енді басталды. Ол Николай Трофимовичтің көп кеңестерін бойына сіңіріп, физкультура мен спорт мәселелері жөнінде. оның ішінде бокс туралы жазылған бірсыпыра кітаптарды оқып шықты.
Осылайша өткен бір ай Мұратты көп жетілтіп өсірді. Жасөспірім боксшылардың қалалық жарысына шейін бірнеше ашық кездесулерге қатысып, талапты боксшы есебінен танылып қалды.
Жасөспірім боксшылардың қалалық жарысында өткен жеңіл салмақтылардың ішінен үздік шығуы оның спорттық мірінде үлкен әрлеу болды. Осы бір жұпыны денеде тұтануға дайын тұрған от бар сияқты,—деген Николай Трафимовичтің үміті ақталып келе жатқандай. Мұраттын келешегіне үңіле қарап, алыстан барлау жасаған ол:
Сегізінші класты осы жерде оқысаң. қалай болады қыста жасөспірім боксшылардың республикалық жарысын өткізбекшіміз. Мүмкін, соған қатынасарсың. Оған шейін бокс секциясынан қол үзбе, — деді Мұратқа.
Мұрат өзі де осыны тілеп жүретін. Қуанып кетті. Әке-шешесінің соңғы күндері: Қайтсын тезірек, — деп хабар салып жатқаны бар-ды. Олар Мұратты сағынған болар. Мұрат оларға Алматыда қалғанын, енді осында оқитынын айтып хат жазып жіберді.
Қыс қызу спорт жарыстарымен өтті. Жасөспірім боксшылардың республикалық жарысында Мұрат женіл сал мықтылардың ішінен үздік шығып, тағы да бірінші орынға ие болды.
• • •
Март айында республикалық физкультура және спорт комитетіне Москвадан телеграмма келді. Мазмұны мынадай еді: Июнь айында Париж қаласында жасөспірім боксшылардың бокстан дүниежүзілік жарысы өткізіледі. Соған қатысу үшін төрт қазақ жасын әзірлеңіздер.
Бұл хабар республикалық комитеттегілерді қуанышқа бөледі. Жасөспірім боксшылардың дүниежүзілік жарысы! Соған катысу үшін төрт қазақ жасын әзірлеу керек!
Телеграмма бірнеше қайталанып оқылып, көп рет талқыға салынды. Мұндай жауапты іске олай етпеуге де болмайтын еді. Мынау, тосыннан келген әрі жауапты, ірі қуанышты жаңалық.
Көп ұйғарындыдан кейін республикадағы түрлі спорт мектептерінің бокс секциясына катысып жүрген разряды барлардан төрт адам таңдалып алынды. Төрттің бірі Мұрат. Олар дереу Алматыға шақырылып, жаттығу жұмысына кірісті. Тренер болып белгіленген Николай Трофимович еді.
Осылайша Мұраттың спорттық өмірінде қызу өрлеу кезеңі туды. Парижға барып дүниежүзілік жарысқа қатысуға асығып қуанады. Бірақ қашан Парижға кеп кіргенше сенбейтіндей. Мен осы дәрежеге шын-ақ жетіп қалдым бa? — деген іштей күдігі де бар. Әйтеуір үлкен толқу үстінде.
Алматыдағы физкультура институтының гимнастика залы. Үстін қызыл мауытпен жапқан төрдегі столда алты адам комиссия мүшелері отыр. Үшеуі Москвадан келген. Бір ер, бір әйелдің киген ақ шапандары олардың дәрігерлер екенін танытады Столдың бір шетінде өзінін зор Денесімен стол үстіне етпеттей түсіп Николай Трофимович отыр. Бәрі күбір-күбір сөйлеседі. Ортадағы комиссия председателінің алдында төрт адамның фамилиясы жазылған тізім жатыр. Сөз болып отырған осы тізімдегі төрт адам. Ол төрт адам — төрт жас боксшы — комиссия мүшелерінің тап алдында, залдың орта шенінде трусиімен ғана тұр. Бұлар Парижда болатын жас боксшылардың дүниежүзілік жарысына қатысу үшін Қазақстаннан баруға ұйғарылған жастар.
Төрт боксшының төртеуінің де кішкене болса да әдемі құрылған, сом, шымыр денелері көп жаттығудан өткендіктерін аңғартады. Бабындағы тас түлек қырандай көздерінен оты лаулап, сергек тұр. Кемелдеріне келе тепкісі темір үзетін, жұлқығаны жұлынбай қоймайтын жігіттер болатынын танытады.
Әуелі бір шеттен оларды алуан саққа жүгіртіп, дәрігер қарап шықты.
Онан соң әркімді жекелеп шақырды. Бокстың негізгі тәсілдерін істетіп байқады. Оңға, солға арнаулы тәсілдерді жасатты. Комиссияның председателі Москвадан келген жауырынды, қыр мұрынды, еңгезердей жігіт өзі команда беріп тұр. Былғары қапты, сыздаған алмұртты, пупктболдарды ұрғызып байқады.
Ең соңынан өзгелерден көрі бойы аласа Мұрат шықты. Ол да әрқилы ұзақ сынға түсті.
— Турникке ойнап көрші, — деді бір кезде комиссияның председателі Мұратқа.
Мұрат турниктің астына кеп жоғары қарап тұрып, әлдеқайда биіктегі турникті секіріп барып ұстай алды. Mұраттан бойы көп ұзын бала жаңа ғана аяғының астына орындық қойып, зорға жеткен еді.
— Вот это толчок! — деп комиссияның председателі таңырқаған пішінмен қасындағы Николай Трофимовичке карады.
Мұрат бұралып көтерілуді жайлап жасады да, онан соң үлкен айналымға көшіп, бірнеше айналғаннан соң артқа дік етіп, секіріп түсті. Қыймылының бәрі әсерлі, көркем еді. Өзіне сеніммен қарап, баппен істейді. Оны басқа снарядтарға да ойнатып байқады.
Комиссияның сынауы бұнымен де аяқталған жоқ Төрт боксшыны бір-бірімен екі минуттен бокс ойнатып байқады. Осыдан кейін ғана оларға киінуге рұқсат етілді.
Комиссия мүшелері тағы он минуттей кеңесіп, күбір күбір сөйлескеннен соң өздерінің қорытындыларын жариялады: төрт боксшының біреуі ғана екі айлық даярлықтан өту үшін ертек Москваға жүрмек. Ол—Мұрат Батырбаев еді.
Бұлардың іздеп келе жатқандары Николай. Трофимовичтің үйі болатын. Іздеген номерлері екінші этаждан табылды.
Әли босағадағы кнопканы басып еді, аржақтан ашылған есіктің дыбысы, келе жатқан адамның аяқ тықыры естілді.
Есік ашылып ала халат киген Анна Григорьевна көрінді. Әуелі бұл кім дегендей. басын ғана қылтыйтып қаpaп еді, келіп тұрғандарды таный кеткенде, ашық capғылт жүзіне келісті көрініп тұратын көкшіл көзі күлімдеп, көптен көрмеген төркіндерін қарсы алғандай, есікті кеңінен ашып жіберді
— Сәләматсыздар ма?
Келгендер жабырласып қол беріп амандасып жатыр Амандықпен бірге Кіріңіздер, төрлетіңіздер деген сіздерді қайталап айтып, үй иесі қошамет етуде. Ақ ниеті ажарынан танылады. Келген қонақтарға қуанышпен қарайды. Және бір есікті тез ашып, Кіріңіздер, төрлетіңіздер, — деді.
Қонақтар Николай Трофимовичтің жұмыс бөлмесіне кірді. Екі қабырғаға сылап кітап толтырылған әйнекті шкафтар тұр. Терезе алдында көп тартпалы стол. Диван және бірнеше жұмсақ орындықтар қойылған. Бұрыштағы радиоприемник сөйлемей, сырылдайды. Бүкіл еденге қызыл кілем төсеп тастаған. Келгендер сыпайылықпен жайлап отырысты.
— Николай Трофимович қайда? — деді босаға жақтағы орындыққа отыра кеткен Әли, есік алдында айрықша жылы шыраймен" қарап тұрған үй иесіне.
— Николай Трофимович пен Мұрaт екеуі Москваға кетті, — деді Анна Григорьевна.
— Қашан? — деп Батырбай қария селт ете қалды.
— Осыдан бір сағат бұрын ғана аэродромға кетті.
Батырбай қария санын бір соқты. Басқалар да едірейісіп қалды.
— Ұшып кете қойған жоқ шығар, — деді Әли Батырбайға қарап.
— Жүр барып қайтайық.
— Қайда бармақсыздар? — деді үй иесі әйел түсінбей.
— Ұшып кетпесе, балаларға жолығып келейік, — деп Батырбай карт орнынан тұрды.
Балаң мықты боксшы болып кетіпті, талай төбелес терге қатысып, жеңіп шығыпты. Боксшылардың мектебінде оқиды екен,— деген сөздер қыс бойы Батырбай мен Ұлжанға еміс-еміс жетіп тұрған. Қарт әке мен шеше баласының қалада оқуға қалуына адам болсын деп разылығын берсе де, мықты боксшы болуына үрке қарайтын еді. Япыр-ай, сол бір ойынын қойып-ақ, тек жүрсе игі еді!— деп, бас шайқап қойысатын. Николай Трофимовичтің үйінде жүрген соң, оған: Ойыныңды тас та, — деп бұйыра хат жазған жоқ.
Осыдан екі күн ғана бұрын біреулер: Балан Москваға жүргелі жатыр екен, одан әрі Парижға барып. жер жүзіндегі мықты боксшылармен кездеспек. деген хабарды мактай жеткізді. Бірақ олардың Мұратты мақтап, Батырбай мен Ұлжанды қуантам деген бұл сөздері нысанаға дәл тиген жоқ, қарт әке-шешені қатты шошытты. Бұл хабардың расына көзі жеткен Батырбай қария Ұлжанның: Бұл не сұмдық! Өлейін дегені шығар. Ойбай-ау, жет тезірек, ойыны курсын, жалғызымды әкеп берші! — деген үрейлі сөздерінен онан арман жел алып: Мен оны жібермеймін, үйге алып келемін,—деп Алматыға аттанған еді. Міне мұнда кеп өкінішке ұрынып. санын соғып қалды.
Батырбай қария отырған машина өртке асыққандай самғатып, аэрдромға жетті. Шофермен екеуі де тез секірісіп түсіп, самолеттер тұрған жерге жүгірісті. Бірінші кездескен ұшқыш олардың сұрағына:
— Анау самолетте солар отыр, — деп жауап берді, сол мезетте ғана зыр қағып жөнелген самолетті көрсетіп.
Батырбай қария мен Әли қарай қалысқан самолет біртіндеп көтеріліп, алыстап бара жатты.
ГАЗЕТ ХАБАРЛАРЫ
Правда газетінде мынадай хабар жарияланды: Жасөспірім боксшылардың дүниежүзілік жарысына қатысу үшін алты оқушы боксшымыз Париж қаласына ұшып кетті. Оларды бастап апарушы спорт шебері Н. Т. Иванов.
Жасөспірім боксшылардың дүниежүзілік жарысын өткізу бұл тарихта тұнғыш рет болайын деп отырған, тамаша оқиға.
Правданың бетінде осы хабар басылып шыққан күні
Американын Нью-Йорк Таймс газеті де жасөспірім боксшылардың дүниежүзілік жарысына катысу үшін алты американ боксшысының Парижға ұшып кеткенін хабарлады.
Мазмұны жағынан бұл екі хабар бір-бірінен өте алшақ еді. Нью-Йорк Таймс тарихи оқиғаны сабырлылықпен баяндамай, кеудесін қаға, даурығып жазды. Дәлірек айтқанда, женіл ауыз журналист атанған Хикерсонның салақұлаш даурықпа мақаласын жариялады.
Хикерсон өз мақаласының үштен екісін болашақ бұл жарыстың нәтижесіне сәуегейлік құруға арнады. Париж қаласына ұшып кеткендердің ішінде он алты жасар, аса талантты, жас боксшымыз Питер Сандерес бар. Ол табиғи нәсіл артықшылығы айқын байқалатын жалынды жас. Шыр етіп дүниеге келгенде оның үстіңгі екі тісі шығып туған. Бала кезінде қыстың қызыл шұнақ аязы шыртылдап тұрғанда, бес жүз метр жерге апарып, Қардың астына көміп қойған ақшаны жалаңаяқ барып, тауып әкелуші еді. Ол осы кезде бес минуттің ішінде 1 кг мороженыйды еркін жеп тауысады. Питер Сандерестің төзімділік қасиеттері, міне, осындай.
Жас боксшы аз өмірінің ішінде қырқысқан қырық айқасты бастан кешіріп үлгірді. Осының екеуінде ғана ол кездейсоқ себептердің салдарынан ұтылған еді. Өзге кездесулердің көбінде ол бокс техникасына үздік жетілгендігін және табиғи бейімділігі мен ғажап талантын танытып, қарсы жақты нокаутпен жеңіп шығып, занды түрде үстемдік алып отырды.
Айта кету керек, бұл болатын дүниежүзілік жарысқа Питер Сандерес атақты менеджер Бирсонның бақылауы мен алты ай бойы қажырлы түрде дайындалды. Ағылшынның жеңіл салмақты даңқты боксшысы Джим болмаса, Питер Сандерестің көзге шалынбайтын жойқын соққысына төтеп берерлік дүние жүзінде ет пен сүйектен жаралған адам бар деп айту қыйын.
Бір күннен кейін ағылшынның кертартпа газеттері де Нью-Йорк Таймстың сарынымен шулап қоя берді. Олар Хикерсонның мақаласының: Ағылшынның жеңіл салмақты данқты боксері Джим болмаса, Питер Сандерестің көзге шалынбайтын жойқын соққысына төтеп берерлік дүние жүзінде ет пен сүйектен жаралған адам бар деп айту қыйын,— деген жерін дәл келтіріп, өздеріне зор мақтаныш санағандай болады. Англия — бокстың отаны. Дүние жүзінің халқы ағылшын боксшыларынан зор үміт күтеді. Онысы заңды да, деп кеуде кере тоқ пейілденді.
Жасөспірім боксшылардың тарихта бірінші рет өткізіліп жатқан бұл жарысы аяқталып келеді. Жарысқа он алты елден тоқсан алты боксшы катысып еді. Жарыстың тәртібі бойынша екі рет ұтылған боксшы жарыстан шығып қалып отырды. Қазір екшеле кеп, санаулы адам дар қалды. Спорттың осы аса ауыр түрінен әсіресе кімдердің үздік шығатындығын барлық жұрт қызыға, асыға күтуде.
Мұраттың тренері болып. Николай Трофимович те Парижға бірге келген болатын. Ол Мұрат екеуі қонақ үйдің екі бөлмелі бір номеріне орналасты Тергі бөлмеде Николай Трофимович пен Мұраттың төсектері, ортада стол, босағада гардероб. Ал алдыңғы бөлмеде, бокс қолғаптары, сыздаған алмұрт, кұм толтырған қап тұр.
Соңғы кезде Совет боксшыларына, оның ішінде Мұратқа да Совет Одағынан көптеген құттықтау телеграммалар келіп жатыр. Әкесі Батырбайдан бастап, жүз таныс емес украин қызы Марияға шейін оның абройлы боп, озып шығуына, совет спортының даңқын арттыра түсуіне шын жүректен тілектестік білдіреді.
Жеңіл ауыз журналист Хикерсонның Нью-Йорк Таймсқа жазған мына хабарын бүгін таңертең Америка радиосы өңешін созып, таратып жатты.
Европаның ауа райы біздің Америка боксшыларының денсаулығына әсерін күшті тигізіп отыр. Оған дәлел — соңғы кезде олардың мұрындарынан қан тыйылмай жиі ағатын болып жүр. Бұл жағдай, әрине, жауынгерлердің айқасқа қаблетін сөзсіз кемітеді. Орыстардың алда келе жатуының себебі де бұл жарыстың олар үшін қолайлы жағдайда өткізіліп жатқандығынан деп білуіміз керек. Дегенмен, біздің боксшыларымыз басқа материктен келгеніне қарамастан жарыста екінші орынға ие.
Асқан талант иесі, бокс: техникасы творчестволық түрде өзге ешбір жанның құлашы жетпестей қыяға да мытып жеткізген Питер Сандересіміз үздік келе жатқандардың бірі.
Бір танқаларлық нәрсе: ССРО-ның жеңіл салмақты Мұрат деген боксшысының ұпай саны Питер Сандереспен бірдей көрінеді. Ол өзі Азиялық, ұлты қазақ.
Алдымыздағы жексембі күні жарыста үздік шыққан боксшылар дүние жүзінің чемпионы атағын алу үшін кездеседі. Жеңіл салмақтылардан біздің құдыретті Питер мен ағылшын боксері Джим немесе мен жоғарыда атаған Азиялық кездеседі деп болжауға дәлеліміз бар. Бокс тарихында кездейсоқ жалт ете түскен қара тері Мұратты біздің Питер дауылдай соғып, май шамша өшіретіндігіне шүбалануға болмайды.
ТІЛДЕЙ САРЫ ҚАҒАЗ
...Ерте тұрып зарядка жасап болып, Николай Трофимович енді жуынғалы жатқанда, есік қағылды. (Бұл кезде Мұрат төргі бөлмеде болатын). Ол есікті кілтпен бұрап ашып еді, хат тасушы бір топ телеграммаларды ұстатты да кетіп қалды. Телеграммалардың үстінде көк конвертті бір хат тұр екен. Оқыстан суық сұрғылт көрінген бұл хатты Николай Трофимович дереу ашын еді, орысша бір сөйлем ғана жазылған тілдей сары қағаз шыға келді: "ЧЕМПИОН БОЛЫП ШЫҚСАҢ АЗАППЕН ӨЛТІРІЛЕСІҢ!"
Николай Трофимовичтің денесі дір ете түсті де, мұздап кетті. Төргі үйге қарай тұра жүгіре беріп, тоқтай қалды. Шошып қалған сезімін ақылымен тежей қойды да, басқаша ойға келді. Бұл хатты көрсетіп, Мұратты үркіткісі келмеді.
Хатты қалтасына асығыс салып жатып, телефонный трубкасын жұлып алды. Совет елшілігіне хабарламақ еді. Тағы да басқа ой сап ете түсті, телефонды қоя салды.
Қолындағы бір уыс телеграммаға карады. Сол кезде:
— Келген кім, Николай Трофимович? — деп Мұрат алдыңғы бөлмеге шықты.
— Хат тасушы ғой, — деп Николай Трофимович қолындағы телеграммаларды Мұратқа ұсына берді.
Телегрммаларды екеулеп оқып тұр. Тағы бірдеме шыға келмесе игі еді, — деген оймен Николай Трофимович қауіптене қарауда. Бір телеграмма Тоқмолдадан екен. Николай Трофимовичтің атына жіберіпті.
Табыстарыңызбен құттықтаймын. Ен соңғы айқасқа шейін абройлы болып, совет спортының даңқын арттыра түсіп қайтады деп сенеміз. Физкультура мен спорт жасасын!
Тоқмолда.
Мұрат иен Николай Трофимович біріне-бірі қарал күлімсіреді. Онан кейінгі бір телеграмма Садықтан екен. Мұраттың атына жазылған.
Қымбатты Мұрат! Үздік келе жатқанына шын жүректен қуаныштымыз. Барлық балалардан саған және Николай Трофимовичке ыстық сәлем. Чемпион болып шығуыңа тілектеспіз. Ұмытпа бізді. Қымбатты Отанымыздың даңқы арта берсін!
Садық.
— Тыныс белгісінен бір де қате жібермеуге тырысыпты, — деді Мұрат.
Мұрат әдеттегісінше келесі телеграмманы оқымастан бұрын ен соңындағы кісі атына көз тігіп елі, Ұлжаннан екен.
— Мынау менің апамнан, — деп қалды да, оқый жөнелді:
Қымбатты балам Николай, ерікті елдің ішінде емес көрінесіңдер, сақ жүріңдер. Мұратым саған аманат, ойнаймын деп көшеге жалғыз кетіп қалып жүрмесін.
— Әй апам! — деп Мұрат қарқылдап кеп күлді.
Николай Трофимович те күліп тұр. Бірақ ол күліп тұрып ойлап тұр: Мұратым саған аманат дейді. Баласына сұқтанған жамандықты ана жүрегі әлде сезді ме екен?.
* * * *
Бүгін Мұрат қатты қалжырап шаршады. Парижға келгелі бокстан бүгінгідей қатаң ойын да кездестірмеген сияқты. Ағылшын боксері Джим енді бір рет жеңілсе жарыстан шығып қалатын болғандықтан, қайткенде де Мұратты осы кездесуде жеңуге тырысқан. Екі раунд шиеленіскен жойқын айқаспен өткен. Екінші раундтың соңына таман, рингтегі екі боксшы да әбден шаршап, күш-қуаттары сарқылғандықтан қорғануды қойып, бірі көз-бірі жасқанып, алқынып қалған. Үшінші раунд басталғанда-ақ әлгідегідей емес, тыңайып, сергігендік танытып, қызу ұрысты. Джимді Мұрат бір бұрышқа қамап алып еді. Бір кезде Джим арқанға асылып барып, бүктетіліп, сылқ етіп құлады. Қайта тұрып төбелесе алған жоқ...
Қатты қалжыраған Мұрат бөлмесіне келген соң душқа шомылып шықты да, жеңіл тамақтанып алып, демалуға жатты. Ешбір жері ауырмаса да, жалқаулық басқандай, денесі ауыр тартып, тыныштық тілегендей і күйде еді. Николай Трофимович те оған жатып демал дегенді айтты.
Ол жатысымен тәтті ұйқтап кеткен. Оянса, үй оңаша екен. Сағатына қарай еді, үш сағат ұйқтапты. Көп ұйқтаппын-ау, — деп ойлады да, сандалын аяғына іліп орнынан тұрды. Тынығып қалыпты. Қолын жоғары көтеріп, бірнеше рет керіліп, ұйқысын ашты.
Николай Трофимович бір парақ қағазға қызыл қарындашпен: Мен совет елшілігіне кеттім, — деп жазып, стол үстіне қойып кетіпті.
Телефон шылдыр ете түсті
— Маған Мұрат керек, — деді әйел дауысы.
— Я, тыңдап тұрмын.
— Американ журналисі сіздің қабылдауыңызды өтінеді.
— Келсін, — деді де Мұрат тез киіне бастады.
Әлдене уақыттан соң ақырын ғана тырсылдап, есік қағылды.
— Кіріңіз, — деді Мұрат.
Есіктен сәл ғана ашып тұрып:
— Рұқсат па екен? — деп біреу басын сұқты,
Оның үні күшіктің қыңсылауына өте ұқсас еді.
— Рұқсат.
Құс тұмсық, ұзын мойын арық Хикерсон, биік төбелі қалпағын қолына алып, басын иіп сәлем берді.
— Отырыңыз, — деп Мұрат оған диванды нұсқады.
Мұрат ақырып қалып, тақтайды теуіп жіберіп, үйден қуып шығатындай-ақ, Хикерсон жасанды сайқал күлкіден езуін жыймай, құрдай жорғалап жүр. Қалпақ ұстаған нәзік саусақтары да қалтырағандай болады.
Бұдан бұрын да журналистер мен газеттердің тілшілері жиі келіп, табалдырықты тоздырған еді. Көп ұлттың талай адамдарымен кездескен Мұрат Хикерсонға таңырқай қараған жоқ. Бірақ бұрынғы келгендерді қабылдайтын да, олармен сөйлесіп, қайтаратын да Николай Трофимович болатын. Бұл жолы оңаша үйде Мұрат шетел журналисін өзі қабылдап отыр. Сондықтан ол балалық қылық көрсетпеуге тырысып, өзін Николай Трофимовичтін, үлгісімен, қатты ұстады.
— Уақытыңызды бөліп, мені қабылдағаныңыз үшін, менімен әңгімелесуге разылық ниет танытып тұрғанын,ыз үшін рақмет айтамын, — деді Хикерсон отырып жатып.
Қаншама жағымды, жарасымды көрінемін деп айлалы түлкідей әдісқойлыққа салғанмен, Хикерсонның бет-әлпетінде, қала берді, бүкіл дене қыймылыңда ызғарлы сұрқыялық танылатын еді. Шүңірек көкшіл көзінің болуы да, суықтығы да мұздай болатын.
Мұрат қайта айтуға сез таппағандай, үнсіз тұрып қалды.
— Мен, журналиспін, — деді Хикерсон, — дүниені кезіп, сіздердей үздік адамдармен әңгімелесіп, ен жақынымдай сыр шертісуге жаным құмар. Кімге болса да, бақыт, рақат керек қой. Бақыттан бақытқа талпынып, жақсы адамдардың өркені өсе беруіне қолымнан келгенше себімді тигізуді арымның борышы деп білемін.
Бұл сездерді ол тереңнен толғағандай, темен қарап отырып, жайлап айтты.
— Отырыңыз, мырза, — деді ол кенет басын шақшақ еткізіп, Мұратқа сығрая қарап. — Сіз біздің американдар жөнінде, жалпы Америка жөнінде аз білетін боларсыз. Бізде өнерлі адамдарға зор құрмет көрсетіледі. Мен де сізді сыйлауды міндетім деп санаймын. Әсіресе, спорттан үздік шыққандарды біздің елімізде аса жоғары бағалайды.
Бұл сөздердің Мұратқа қандай әсер еткенін білу мақсатымен Хикерсон: Сіз қалай дейсіз? — дегендей пішінмен Мұратқа қарады.
Мұрат әлі үнсіз тұр.
— Сіздей адам дүние жүзіндегі ұлы мемлекеттерді аралап көруі керек, — деді Хикерсон.
— Жақсы болар еді, — деді Мұрат.
— Америкаға барғыңыз келе ме? Америкаға барғыңыз келсе, мен көмектесер едім. Сіз ғажап мәдениетті елді көрген болар едіңіз.
— Мен Америка жеңінде білемін... — деп келе жатыр еді, Мұраттың сөзін бөліп:
— Сіз әлі өте аз білесіз, — деді Хикерсон. — Сіз он алты жасар оқушысыз. Сіздің біліміңіз тайыз. Егер Америкаға барған болсаңыз, сіз сол жерде тұрып қалған болар едіңіз. Америкада өмір сүру рақат қой, шіркін! Қудай ақына, мен сізге ІІІЬІН жүректен досша сөйлеп отырмын.
— Капитализм бар жерде қайыршылық қой, — деді Мұрат.
— Сізді өкімет өз қарамағына алар еді, — деп жалпы Америка жайындағы сөзден Хикерсон жалт берді де. Мұраттың жеке басын сөз ете бастады. — Сізге өте әсем женіл машина берер еді. Ақша жағын айтып та жатпаймын. Банкте өз счетыңыз болар еді. Сан алуан асыл бұйымдарды керегіңізше алар едіңіз. Достығымыздың бастамасы деп мына сағатты сізге сыйлағым келеді.
Хикерсон қалтасынан төрт бұрышты алтын қол сағатты алып. екінші қолының алақанына салды. Сағат өте әдемі еді. Аударып-төңкергенде, көзге шағылып жалтылдайды Бауы да таза алтын, — деп, Хикерсон сағатты Мұратқа ұсына беріп еді, Мұрат оның ұсынған қолын қағып токтатты да:
— Сағатыңыздың керегі жоқ! — деді.
Түсінбеймін, — дегендей, Хикерсон иығын қомдап, созған қолын дереу тартып ала алмай, көзін адырайтып Мұратқа қарап қалды
Мұраттың ойына Крыловтың Қарға мен түлкі мисалы түсті. Мы на отырған Хикерсон сондағы сұм түлкі сияқты еді.
— Ата-анамдай көретін қымбатты. Отаным бар. Мен оның адал ұлымын. Сондықтан да бақыттымын. Сіз маған сыйқыр сездерді айтпаңыз, — деді Мұрат.
Хикерсон сықылықтап кеп күлді. Оның жасанды күл кісі Мұраттың ызасын келтірді. Көкіректен бір-екіні түйіп жіберер ме еді! — деп ойлап қойды.
— Сен түсінбей тұрсын, інім!—деді Хикерсон күлкісін тыйып.
— Мен сіздей адамға іні емеспін, — деді Мұрат.
— Әй, балалығың! Кісі танымайсың. Мен сенен гөрі көпті көрдім, көп білемін. Зыян айтып тұр десең, өзін біл.
Қатты өкінгем адамша, Хикерсон басын шайқап қойды.
— Сенің келешегіңді бағалап, — деді ол орнынан тұрып жатып, — адал ақ ниетіммен ақыл беруге келіп едім Жарайды, сыйқыр сөз десең, айтпай-ақ қояйын. Бірақ, кейін өкінерсің. Ал, қош. Мен сені жас өміріңді қыйғалы ұрған қанды қанжардан арашалайын деп едім. Тілдей сары қағаз өзіңе де келіп жеткен болар...
Хикерсон аяғын жылдамдап басып, еңсесі түсіп шығып кетті.
Мұрат соңғы екі сөйлемді түсінбей қалды.
ШЕШУШІ АЙҚАС
Дүние жүзіндегі халық Парижға қотарылғандай, қала адамға лық толған. Июньнің ашық аспанды желсіз күні Мереке күнгі демонстрацияға шыққандай болып мыңдаған адам Н. стадионының алдында құж-құж қайнайды.
Билет жай уақыттағыдан бес есе қымбат болғанымен, сатылып біткеніне он күн болды. Жарыстың бүгінгі соңғы кездесуін көрсем деп арман етушілер жүруге жол бермейді. Атты, жаяу полицияның зекіп қуғанына қарамай, халық толқыны стадион қақпасына қарай лап береді.
Тыйын сылдырласа шошып оянатын стадион директоры орынсыз бес мың билет және сатты. Шынын айтқанда, касса арқылы сатқызған жоқ. Өзінің маман саудагер аярлары арқылы ете жоғары бағамен жасырып сатты. Ақша өзен болып ағып кеп, оның қалтасына құйылып жатыр.
Зор стадионның қақ ортасында күні бұрын әзірлеп қойған ринг тұр. Сығылыса отырған халық үйілген дәндей құжынайды. Бәрі де рингке қарайды. Шыдамсыздықпен жүректері тулап тосуда. Орынсыз билет алып кіргендер жүретін жолдар мен стадионның көгінде айнала сынасып тұр. Араларынан өту мүмкін емес. Стадионның көгін қоршап қойған білектей жуан темір шарбақ бол маса, лап қойып рингті таптап кететіндей.
Стадионда отырғандар тек қала халқы ғана емес. Бүгінгі шешуші айқасқа боксшылары катысатын елдердің бәрінен-ақ көптеген қызбалар келіп жеткен. ССРО ның бес боксшысы бүгінгі төбелеске түсетіндер, яғни үздік шыққан он төрт боксшының құрамында барлар болғандықтан, таразының салмақты басы Москваға қарай ауытқыйды.
Москва мен Алматыдан және басқа совет қалаларынан бірнеше самолеттер кеше-ақ ұшып жеткен болатын, Стадионның бір жағында бүкіл қатарды алып, жоғарыда совет адамдары отыр. Олар дүние жүзінің алдында өз боксшыларының тамаша табысын мақтаныш ету үшін кел әндер. Бірінші орынға совет командасы ие болатындығына кәміл сенімдері бар.
Стадионға халықтың осыншама көп енгізілуінен түрлі тәртіпсіздіктер туа бастады. Айқай, шу естіліп жатыр. Әсіресе семіздерге қорлық болды! Демі бітіп, терге малынып, судан шығарылып тастаған балықтай, аузын аша береді. Көздері алақтап, талып жығылып қалғандар да болды. Ондайларды сүйемелдеуге кісі шықпайды, таптап өтіп, алға мойын созған халық.
— Біздің Москвадағы Динамо стадионында болсайшы! — дейді совет адамдарының бірі, — қанша орын болса, сонша билет қана сатылар еді Еркін отырып. рақаттана қарар едіңіз.
* * * *
Телефон шылдыр ете түсті. Николай Трофимович тыңдай қалды.
— Николай Трофимович?
— Я, мен.
— Сөйлеп тұрған совет елшілігінен ғой. Ешқандай қауіптенбеңіздер. Бәрі де реттелді.
Николай Трофимович жадырап сала берді.
Төргі үйде Мұратқа дәрігер массаж жасап жатқан
Телефон және шылдыр ете түсті. Николай Трофимович тыңдап еді, стадионнан екен.
— Халық стадионды қыйратып барады, жарыс мезгілінен жарты сағат бұрын басталатын болды. Келулеріңізді сұраймыз.
Николай Трофимович бұл хабарды Мұратқа айтты да, көрші бөлмедегі совет боксшыларына телефон соқты.
Бұлар есіктен шыға келгенде, иіріліп тұрған халықты көрді. Басқышты айнала қоршап, анталаған фотографтар тізерлей қап, аппараттарын сығаласты. Анадайда тұрған бірнеше машинаның үстіндегі шар айналары жарқылдап, совет боксерлерін киноға түсіріп алып жатыр.
Іші қандай ала болса, сыртына да сондай ала костюм
киген ағылшын журналисі Мұраттың алдын кес-кестеді
Не дерін білмей, Мұрат тұрып қалды. Қоршап алған фотографтар мен журналистер совет боксшыларын жүргізбей қойды.
— Сіз Мұрат мырзасыз ба? — деді ағылшын журналисі тілін шайнай сөйлеп, тізесін бүгіп, мойнын қыйсайып, зымияндық қыймыл істеп.
— Я, Мұратпын.
— Сіздің ұлтыңыздың қазақ екені рас па?
— Оның несіне таңдандыңыз? — деді Мұрат, мысқылды көзімен оны зәрлене атып. — Рас, мен қазақпын.
Ағылшын журналисі қасын керіп, басын кейін қарай дық еткізді де:
— Біздің Джимді нокаут еткен сізбісіз, мырза? — деді - Мүмкін, — деді Мұрат иығын көгеріп.
Ағылшын журналисі сұстанып қалды.
— Мырза, — деді ол машинаға қарай жүре бастаған Мұратқа, — бүгінгі жеңіс кімдікі болады деп ойлайсыз?
— Білгіміз келетіні сол, — деп Хикерсон қоштай кетті.
— Біз жеңеміз, —деді Николай Трофимович Мұрат үшін жауап беріп.
Стадиондағы шешінетін бөлмелердің бір кеніне совет боксшылары, олардың менаджерлері және бірнеше совет дәрігерлері кірді. Николай Трофимович осы жерде боксшыларға қысқа ғана, бірақ әсерлі отты сөздер айтты.
Бізді Москва жіберіп отыр. Дүние жүзінін алдында совет мемлекетінің даңқы үшін айқасқа түсіп, Отан сенімін аброймен ақтап шығындар деп тапсырған еді Бүгін бес боксшымыз дүние жүзінін чемпионы атағын алу үшін төбелеске шыққалы отыр. Олар мына сендерсіңдер. Бұл шешуші айқас. Дүние жүзі қай елден кімдер үздік шығар екен деп көз тігіп тұр. Бұл жарыстың нәтижесіне Сталин құлақ түруде. Жолдастар, біз жеңіп шығуға тиістіміз. Рингке жеңемін деген сеніммен шығындар Отанымыздың даңкы үшін бар өнерімізді аямайық!
Николай Трофимович қыза сөйлеп, үні жарқын шығып барып тоқтады. Осыдан кейін ол былай деді:
Орыс боксшыларының атасы Аркадий Георгиевич Харлампневтей боксқа толық мәнді анықтама беріп, сырын, ойын ашқан адам ешбір елде болған емес. Ол былай дейді: Бокс — бұл искусство. Оны ойлап алу керек,ей. әуелі ойлап алу керек Бұл жабайы төбелеспен тең емес. Бұл рингтегі оралымды ойдың әдісқойлық төбелесі. Амалы қат-қабат, бірін-бірі жеңуге тырысатын жауынгердің жекпе-жегі. Бокстағы ең бастысы — бас.
Түсініп тұрсыз ба, ең бастысы — бас.
Осыдан соң Николай Трофимович сағатына қарады да:
— Дайындала беруге де болады, —деді басыңқы қоңыр үнмен.
Кішкене чемодандарын ашып, боксерлер киіне бастады Секунданттары олардың киімдерін қарап қолдарын орап, кызмет етіп жатыр.
* * *
Радио: Тыңдаңыздар! — дегенде стадиондағы гулеп кететін отырған адамдар ауыздарын баса қойғандай тына қалды Бүгін он төрт жас боксер дүние жүзінің чемпионы атағын алу үшін төбелеске шығады. Бірінші кездесетіндер женіл салмақтылардан үздік шыққан Сандерес (АҚШ) пен Мұрат (ССРО).
1) Сандерес бокспен шұғылданғанына бес жыл болды. Жасы он алтыда, салмағы 51 килограмм.
2) Мұрат. Бокспен шұғылданғанына үш жыл болды. Жасы он алтыда, салмағы 48 килограмм.
Рингтің екі бұрышында кішкене екі жалау тұр. Бірі — ССРО-нікі, екіншісі - АҚШ-тікі. Жұрттың көзі сол і бұрыштарға қадалуда.
Ду етіп шапалақ соғылды. Ақ киінген бірнеше адамның ортасында көк жолақ шапан жамылған екі бала, екі жағына темір қаша орнатып тастаған жіңішке жолмен рингке қарай келе жатыр. Сартылдаған шапалақ жаңғырығы бүкіл Парижды шайқалтқандай. Әр жерден
Әр түрлі айқайлар да естіледі.
Ала шапан жамылған екі боксшы рингтегі өз бұрыштарына шыққанда, отырғандар әрқайсысының қай елдікі екенін танып білді. Рингті айнала бүгжеңдеген суретшілер, бір тұрып, бір отырып, суретке түсіріп жатыр.
Мұратқа қарағанда Сандерес бойшаңдау екен. Бірақ оның сымпыйған денесінен гөрі Мұрат иықты еді. Кесек тұлғалы көрінбесе де шымыр, шыйрақ. Әсіресе төрт—бес жылдан бері үздіксіз шынығу, спортпен айналысып, I дәрігерлер мен сүйікті ұстазы Николай Трофимовичтің айтқанын қалт етпей, орындап отыру оны осы дәрежеге жеткізді. Салалы жұмыр саусақты, қайыспайтын қабырғалы, бұлшық еттері білеуленген сұлу тұлғаға ие болды. Өз бойындағы дамып жетілгендікті сезіп, көрген сайын масаттанады. Спорт оны әрі батыл, әрі сымбатты, әрі төзімді берік етті. Сақылдаған аяз, жазғы ыстық оған осы кезде қорқыныш емес. Қызара бөртіп, ажарланып қарсы алады.
Москвада екі ай жаттығудан өтуі тіпті шыйрата түсті. Тәжрибесі мол, терең білімді адамдардың бақылауымен қатаң жаттығу даярлығын бастан кешті. Парижға келместен бұрын бірнеше төбелестерде .мемлекет комиссиясының алдында сыналды.
Совет командасының составында: үш орыс, бір украин, бір грузин, бір қазақ бар еді. Отан сенімін бәрі де аброймен ақтап, жарыстың ұзақ бойына жігерленіп, оза түсуде. Бүгінгі шешуші айқаста олар өздерінін большевиктік жігері мен қайратын Отан мәртебесі үшін әлемге тағы да таныта түспек.
Міне, женіл салмақтылар бойынша дүние жүзінін чемпионы атағын алу үшін бірнеше секундтен кейін төбелесетін екі боксшы рингте, өз бұрыштарында тұр.
Аға секунданттары олардың толқыған сезімдерін жайбарақаттандыру үшін маңдайынан, арқаларынан сыйпап қояды. Мұраттың аға секунданты Николай Трофимович еді. Ол Мұраттың бокс қолғабын киген қолдарын ұстап қарайды. Өз жүрегінің дүрсілін, өз көңіл күйіндегі толқынды сезімдерді Мұратқа сездірмеуге тырысады.
— Халық неткен көп еді! —деді Мұрат.
Сол кезде ұзын бойлы судья рингке шығып еді.
Николай Трофимович Мұраттың иығынан ала жібек шапанды алды.
* * * *
Мыңдаған көздер қас қақпай қарап, боксшылардың әр қыймылдарын бағып тұр. Орынсыз кіргендер мойын дарын созып, алға ұмтылып, көруге тырысады.
Гонг шыңғыр ете түсті. Бокс ойыны басталды. Айлалы екі жас тап берісіп бірақ батыл шабуылға шыға алмай, тая қыймылдайды. Боксерлер мұны барлау дейді.
Бірі екіншісінің әдіс-айласын, қалай соғуға машық екенін білмек. Қарсы жақты танып алмай жатып, бар өнеріңді ала жүгіру қауыпты.
Мұрат бір айла істеді. Сол қолын төмендетіңкіреп жіберді де, оң қолымен қырынан ұратын сыяқтанды Бетін әдейі ашық қалдырып еді. Сандерес ілгері шапшып, тура соққы жұмсады. Күткені осы болған Мұрат, дереу он, қолымен Сандерестің білегінен жоғары қарай ұрып қалды да, ашық қалып, соққының эсерінен шалқая берген оның мұрнына бірді тапсырды. Сандерес нокаут болып, арқанға асылып қалды. Тез араға түскен судья; Бір адым артқа, — деп команда берді. Мұрат кейін секіріп түсті де, айқасқа әзір тұрды.
АҚШ-тың ұшып келген бір топ семіздер рингке жақын отыр еді. Орындарынан шулап тұрысты. Сандерес бұл кезде басын кегжитіп барып, көзін алартып, төбелеске қайтадан ұмтылды. Бірақ, шабуылға шыққан жоқ. Есін толық жыйнап алу мақсатымен үнсіз қорғануда болды. Бұндай жағдайда текке соққы жұмсап қажеті жоғын Мұрат та біледі. Ол жақын кеп, Сандересті қорғанудан шығару мақсатымен бірнеше жалған соққылар жұмсап, дәмелендірмек болды. Тәжрибесі мол қу Сандерес оған алданбады. Қорғанған күйінде қала берді. Мұрат және бір жалған соққы жұмсап, нәтиже шықпаған соң, шегіне беріп еді, сол кезде көзге шалынбайтын тездікпен Сандерес оны екі жақтан бірдей бораған соққының астына алды;. Намысын өрт алғандай шабынған Мұрат та осыны күткен сияқты, қорғанып қалған жоқ, ол да бораған соққымен жауап берді.
Бірнеше секундке созылған бұл айқас клинчпен аяқталды. Сандерес Мұраттың екі қолын бірдей қысып, басын оның төсіне тіреп тұрып қалды. Мұрат шегіншектеп, ананы итеріп тастамақ болып еді. Осы кезде рингтегі судья: Токта! — деп команда берді. Екеуін ажыратып жіберді де, Бокс — деп және команда берді.
Бірінші раунд өзгеріссіз аяқталды.
Кімнің басым екені аңғарыла қойған жоқ.
Әркім өз бұрыштарына барып отырысты. Николай Трофимович Мұраттың терін жайлап сүртіп, бетіне екі-үш рет қана жай желпіді. Оның ойын тәсіліне разы сияқты, ештеңе дей қойған жоқ. Тек екінші раунд басталар алдында құлағына аузын таяп:
— Ұтымды жағдайда ғана шабуылға шық, күшіңді бекер тоздырма, — деді.
Сандерестің құлағына екі адам сыбырлап жатыр. Оның бірі менаджер Пирсон жұдырығын түйіп, сыздай сөйлейді. Сандерестің шып-шып терлеп тұрған бетіне түкірігі де шашырап кетті:
— Он төрт мың, — дейді ол буындап, созып айтып, — аз ақша ма? Өміріңе жетеді. Жеңілсең, бүгіннен бастап қайыршысын...
Сандерестің тер құйылып, бұлдырлап тұрған көзіне аязды ақ боранда нан дүкенінің сыртқы босағасын бағып, қолын жайып тұратын, мойнында жыртық дорбасы бар, арық қайыршы балалар елестеді...
Гонг қайтадан сыңғыр ете түсті. Жойып жібермек ниеті бардай, Сандерес бірден батыл шабуылға шықты. Жылпос қыймылдап, әдісі мен айласын жалт-жұлт өзгертіп, жай таппай жүр. Бірнеше соғып жіберіп, шоршып түсіп, еңкейе қалып, мың құбылады. Ол қожасы уәде еткен он төрт мың сомнан айырылып қалмас үшін жанын салып қыймылдады. Мұрат оның әр шабуылынан қорғана отырын, өзі де бірнеше соққы беріп жіберді.
— Питер, фортун таузенд1, — деп Пирсен қатты айқайлап жіберді.
Іле-шала және бірнеше американдықтар:
— Фортун таузенд! Фортун таузенд! — деп дауыстан жатыр.
Бір кезде Мұрат Сандересті соққынын астына алып. бір бұрышқа тықсырды. Сандерес аркасы арқанға тірелгенше шалқалап барып, үнсіз қорғанып тұрып қалды. Сол кезде америкалықтармен қатар отырған бір зор денелі француз жұмысшысы қарғып тұрып:
— Тұмсықтан соқ, есін жыйғызба! —деп айқайлады. Американдықтар оған бажырайып қарай беріп еді, сол мезетте әлгі жұмысшыны қостап:
— Өлтіре соқ!
— Мұрнын бұз.
— ССРО жасасын!
— Сталин үшін! — деген үндер әуелі әр жерден шығып, лезде бүкіл стадионның ұранына айналып кетті.
Әр дауыс Сандереске қосымша соққы боп тиді. Кұлағы тұнып, қорғанудан шыға алмай қалды. Ал Мұратқа күш құйылып, қуаты артқандай, жойқын соққыларды дәл тапсырып жатыр.
Сандерес бұлт етіп, бұрыштан қашып шықты. Мұрат ес жыйғызар емес. Жактан және бірнеше қабат ұрды Енді Сандерес басын тұқырып алып, Мұратқа тап берді. Күресетін адамша кеп құшақтай алды. Токта! Бір адым артқа! — деген команда берілді. Мұрат шегіне бергенде ызаланған анау берілген командаға қарамай, Мұратты бүйректен соқты. Пәрменімен ұрғанға ұқсайды. Мұрат бүйрегін басып бұрышқа қарай қыйсая берді де сылқ етіп құлап түсті. Жұрт ду ете қалды:
— Хулигандық!
— Кәззаптық!
— Сандерес рингтен қуылсын! — деп жатыр.
Көпшілік орындарынан тұрып, бас киімдерін қолдарына алып айқайлайды. Дүрсілдетін тақтайды тебеді.
Мұраттың жылдам тұрып кеткендігін еске алып, рингтегі судья Сандереске қатты ескерту жасаумен тынды да, ойынды жүргізе берді.
Екінші раундтың соңынан Мұраттың көн басым екендігі кімге болса да ап-айқын көрінді.
Бүкіл кеудесі көрікше көтеріліп-басылып, терге малынып, аузын кен аша дем алып, алқынып отырған Сандерестің құлағына менаджор Пирсон тағы да тұттыға сөйлеп жатыр:
— Тіпті жеңіліп бара жатсақ, қандай жолмен болса да қарсы жақты мертіктіріп кет Аяғыңды да жұмсап жібер!
Үшінші раунд шиеленіскен шабуылдардың жойқын соққыларымен басталды. Әркім соңғы айқасқа барын салғандай. Жұрттың жүрегін тітіркентерлік қауыпты жағдай жиі алмасып жатты. Екі боксшы да бірнеше реттен сүрініп, тез тұрысты. Бір кезде Сандерестің мұрнынан қан көрінді. Бір жақ танауы қып-қызыл боп боялды.
— Берілме!
— Шыдап бак!
— Он төрт мың! — деп американдықтар шулауда.
Сандерес қатты шабуылға шықты. Көзге шалынбайтын соққыларымен Мұратты көміп тастады. Оның мақсаты соңғы раундта басымдығымен көзге түсу, ұпай санын арттырып озып шығу еді.
Мұрат қорғана отырып, шегініп барады. Бұрышқа жетті, аркасы арқанға тірелді. Сандерестің соққысы бәсеңдер емес. Мұрат зымп беріп, Сандерестің қолтығының астынан өтіп, лезде артқы бұрышқа жетті. Сандерес те оқыс бұрыла берген. Осы мезетте Мұрат атылып кеп, жақтан соқты. Соққы жойқын еді. Сандерестің жағы қаусағандай боп қалды. Жағын қорғап, сүзе қарай беріп еді, Мұрат оны иектен көтере ұрды. Арқанға асылып барып ол рингтің сыртына құлап түсті, төбесімен шаншыла құлады...
Американдықтардың шу ете түскен үнін, бақырып айтқан әдепсіз сөздерін сартылдаған шапалақ дауысы тұншықтырып жіберді. Мұрнынан аққан қаны екі езуін бояған Сандерес соғылған қасқырша бұралып, шалқасынан жатыр. Төніп келіп, судья санап тұр. Бір, екі, үш... тоғыз... жұрттың айқайы мен ұрасы күшейіп кетті:
Сандерес тұрған жоқ.. Ол тұрмастай болып жығылған еді.
Кеудесін кере ентіге дем алып, Мұрат рингтің қақ - ортасында тұр. Жұртқа ақжарқын қарап, шырайы жайнай түсті. Шапалақ қыза соғылып, басылар емес.
— ССРО жасасын!
— Бостандық жасасын!
— Сталин жасасын! — деген ұрандар ду-ду етіп жаңғырады:
Мұрат қолтығынан канат біткендей болып, әсем сазды ыстық сезімге шомылды. Қыялы шартарапқа жосылып, қуаныштың құшағында балқыды. Қошамет етуші жұртқа асқан бір сезімтал әдептілікпен басын иіп, разылық білдірді.
Сол кезде рингтегі судья:
— Жеңіл салмақтылар бойынша дүние жүзінің чемпионы атағын Мұрат Батырбаев алды, — деп оның қолын көтерді.
Ду қошамет асқақтап кетті. Жер жүзі үн қосып жатқандай. Жұрттың жүрегіндегі жалынды махаббатай болып, стадионның төбесіне ССРО-ның қырмызы қызыл туы желбіреп көтерілді. Сүйсінген халықтың көңіл күйімен қабат шалқып ажарланды. Алтын Герб жарқылдап, бойға от тастағандай. Радио Совет Одағының Гимнін ойнады.
Гимннің шалқып шыққан қуатты үні Мұратпен бірге бокс ойнында озық өнер көрсеткен езге жолдастарына да ұлан-байтақ Совет Одағының қуанышты құттықтауындай естіліп кетті. Бүкіл ата-ана мен халықтың қуанышты, мейрімді лебізі осы үнде тұрғандай совет боксшыларын тіпті арқаландырып жіберді.
Жайшылықта сабырлы, салмақты Николай Трофимович балаша секіріп, рингке шықты да, Мұратты құшырлана құшақтап, бетінен сүйді. Масаттанған Мұратқа Николай Трофимовичтің құшағы Отанның аясындай сезілді.