Көктемде қар еріп, күн жылынып, барлық тіршілік атаулы тіріледі. Алғашқы күнінен бастап мерекеге толы бұл мезгілдің адамзат баласына қуаныш сыйламауы мүмкін емес. Ақ жаулықты әжелеріміз, аяулы аналарымыз, сүйікті әпке-қарындастарымызға арналған 8 наурыз да, жыл басы болып саналатын, ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз да осы көктем мезгілінде орын алған. Жер Ананы жаңартып, тіршілік атаулыға нәр берген Көктемді жақсы көрмейтін адам кемде-кем шығар.