Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілді емес)
3-сынып
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып , тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
Мазмұны
1-тоқсан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Тыңдалым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Айтылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Оқылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Жазылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Тілдік дағдылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Ошибка! Закладка не определена.
2-тоқсан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Тыңдалым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім:Айтылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Оқылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Жазылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Тілдік дағдылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Ошибка! Закладка не определена.
3-тоқсан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Тыңдалым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Айтылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Оқылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Жазылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Тілдік дағдылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Ошибка! Закладка не определена.
4-тоқсан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Тыңдалым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Айтылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Оқылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Жазылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім: Тілдік дағдылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Ошибка! Закладка не определена.
3
ЖОБА
1-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлімше 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша
қарапайым нұсқауларды орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздердіңсөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет
жасайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтіндерді тыңда. Мәтінде қай жануар сипатталған? Жануардың атауын жаз немесе суретін көрсет.
Бұл жануардың құйрығы ұзын. Түсі қызғылт сары. Орманды, далалы жерлерді мекендейді. Ол - жыртқыш жануар.
Бұл - өте үлкен жануар. Құлақтары үлкен, тұмсығы ұзын. Оның денесі 6-8
метрдей, салмағы 9 тоннадай болады. Ол шөппен қоректенеді.
Бұл жануардың құлақтары өте ұзын. Қыста түсін өзгертеді. Ертегілерде оны
қорқақ деп сипаттайды.
Бұл жануардың мойны өте ұзын. Басында кішкентай мүйіздері болады.
Жапырақтармен қоректенеді.
Керекті суреттер:
Жұптық жұмыс
Жұбыңа кез келген жануарды жұмбақтап сипатта және оның сипаттаған жануарын анықта.
Дескриптор Білім алушы
сипаттамасы бойынша жануарларды анықтайды;
сипаттама беруде сөздердісөйлемдерді орынды қолданады.
4
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер
мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Аққу, шортан һәм шаян бейнематериалын қара. (https:www.youtubewatch?v=U9x6dw2LhkA)
Берілген сөйлемдерге иә( ) немесе жоқ(×) деп жауап бер.
Шортан, шаян және аққу жүк тартты.
Аққу жүкті суға тартады.
Шаян жүкті артқа итереді.
Шортан жүкті аспанға тартады.
Олар жүкті орнынан қозғай алмады.
Жүк өте ауыр болды, сондықтан
орнынан қозғалта алмады.
Мысал арқылы автор бірлікке шақырады.
Дескриптор Білім алушы
мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды;
мәтін мазмұнына сәйкес емес сөйлемдерді анықтайды.
5
ЖОБА
Бөлімше 1.3 Тыңдаған аудиобейнематериалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырукесте толтырумазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Арыстан мен тышқан бейнематериалын қара.
(https:www.youtubewatch?v=YaTPyh51toQ
Тыңдалым мәтіні:
Бір күні арыстан тоғайда ұйықтап жатады. Бір тышқан оның үстіне шығып алып, ойнай бастайды. Арыстан оянып кетеді. Ол тышқанды ұстап алады. Тышқан оған:
Кешіріңізші. Бір күні мен де сізге көмектесемін ғой, - дейді. Арыстан оның сөзіне күледі.
Сен маған қалай көмектесесің? Өзің кіп-кішкентайсың, - деп тышқанды босатып жібереді.
Бірде арыстан торға түсіп қалады. Одан шығу үшін бар күшімен секіреді. Бірақ тордан шыға алмай, ашуланып ақыра бастайды.
Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанды көреді. Ол тордың жібін
і б
Сұрақтарға жауап бер.
1) Арыстан тордан қалай босанды?
2) Мысал неге үйретеді?
Кестедегі сөйлемдерді оқы. Осы іс-әрекетті жасаған кейіпкерді жаз.
Ол ұйқысынан ашулы оянды.
Досын тордан босатты.
Дескриптор
Білім алушы
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
іс-әрекеті арқылы кейіпкерді анықтайды.
6
ЖОБА
Бөлімше 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну
Оқу мақсаты 3.1.4.1 Тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және жағымсыз
кейіпкерлерді, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің жағымдыжағымсыз кейіпкерлерін
атайды
• Мәтіндегі оқиғалардың ретін анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қарға мен түлкі мысалын тыңда.
Қарға жерден ірімшік тауып алады. Ірімшікті тістеп алып, ағашқа келіп қонады.
Оны бір түлкі көреді. Түлкі қарғаға келіп:
Қарғажан, сен қандай әдемісің! Сенің даусың да әдемі. Бір ән айтып берші. Сенің даусыңды естігім келеді, - деп мақтай бастайды.
Қарға түлкінің сөзіне сеніп, қарқ етеді. Ал ірімшігі жерге түседі. Түлкі ірімшікті жеп қояды.
Саған мысалдағы қай кейіпкер ұнады немесе ұнамады? Неліктен?
Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдердің ретін тауып, белгіле.
Сөйлемдер
Реті (1,2,3...)
Қарға өтірік мақтауға сеніп, қарқ етеді.
Қарға ірімшік тауып алады.
Түлкі қарғаны мақтайды.
Түлкі қарғаны көреді.
Ірімшік жерге түсіп қалады.
Түлкі ірімшікті жеп қояды.
Дескриптор Білім алушы
жағымдыжағымсыз кейіпкерлерді атайды және негіздейді;
мәтіндегі оқиғаның ретін дұрыс анықтайды.
7
ЖОБА
Бөлім: Айтылым
Бөлімше 2.1 Сөздік қорды толықтыру
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және
сөйлеу барысында қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген суреттерге қатысты сөздерді жаз. Сол сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
суретке қатысты сөздерді табады;
сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады;
тірек сөздерді орынды пайдаланады.
8
ЖОБА
Бөлімше 2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретке қара. Берілген тіреқ сөздерді пайдаланып, сурет бойынша сөйле.
Тірек сөздер: жаз мезгілі, тиін, саңырауқұлақ, бұтақ, кептіреді, қысқа дайындалады, іліп қояды, жинайды.
Дескриптор Білім алушы
суретке сәйкес сөйлемдер құрастырады;
тірек сөздерді орынды қолданады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
9
ЖОБА
Бөлімше 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу, сұхбаттасын
түсіну және олардың ойын толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырып бойынша диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Мысалдар тақырыбында диалог құрастыр. Диалогта келесі мәселелерді қамту керек:
Мысалдың кейіпкерлері
Мысалдағы негізгі оқиғалар
Мысалдың ғибраты
Керекті сөздер мен сөз орамдары: қай мысал?, басты кейіпкерлері кім?,олар не істеді?, ғибраты не?, неге үйретеді?
Дескриптор Білім алушы
берілген мәселелерді қамти отырып, тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
сұхбаттасына сұрақтар қояды;
сұхбаттасының сұрақтарына орынды жауап береді;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
10
ЖОБА
Бөлімше 2.4 Оқығантыңдаған материалды мазмұндау
Оқу мақсаты 3.2.4.1 Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер
негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын айтады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Арыстан мен тышқан мысалының мазмұны бойынша суреттердің ретін белгіле. Берілген тірек сөздерге сүйеніп, мысалдың мазмұнын айт.
оянды, ұстап алды, жіберді көмектесті
торға түсіп қалды ұйықтады, үстіне мінді
арыстанды көрді
Дескриптор Білім алушы
суреттердің ретін анықтайды;
мысалдың мазмұнын жүйелі баяндайды;
тірек сөздерді орынды қолданады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
11
ЖОБА
Бөлімше 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
Оқу мақсаты 3.2.5.1 Оқылғантыңдалған материал бойынша өз пікірін
(менің ойымша ., менің көзқарасым бойынша ., себебі ...) дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Шын дос
Мұқан есебін шығара алмай отырған. Ойына Сәкен түсті. Жүгіріп Сәкенге келді. Ол есебін шығарып қойыпты. Мұқан есепті көшіріп алғысы келді. Бірақ Сәкен дәптерін бермеді . Мұқан досына ренжіп қалды. Ол есікке қарай беттеді. Сәкен досын тоқтатты. Олар ұзақ отырып есеп шығарды. Мұқан досына риза
болып, үйіне қайтты.
Мәтіннің кейіпкерлерін жаз__________________________________________
Саған қай кейіпкер ұнады? Неліктен?
Мұқан мен Сәкенді шын достар деуге бола ма? Ойыңды дәлелде.
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің кейіпкерлерін атайды;
жағымды кейіпкерді анықтап, себебін түсіндіреді;
мәтіндегі оқиғаға қатысты дәлелді ой айтады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
12
ЖОБА
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 3.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу,
шолып (танысу мақсатында) оқу рөлге бөліп оқу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінді түсініп оқиды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді оқы. Мәтіннің мазмұны бойынша кестені толтыр.
Түлкі – жыртқыш аң. Түсі сұрғылт сары. Жүні жұмсақ. Орманда,
ашық жерлерде, өзен-көл жағалауында, тауда мекендейді. Күндіз інінде жатады, ал түнде қорегін іздейді. Ұсақ жәндіктермен, көбінесе, тышқандармен қоректенеді. Түлкінің бірнеше түрлері бар. Ақ, қызғылт сары түлкілер болады.
Атауы
Сипаты
Мекені
Қорегі
Қосымша ақпарат
Дескриптор Білім алушы
мәтінді қатесіз, түсініп оқиды;
мәтіннен кестеге сәйкес ақпараттарды анықтайды.
13
ЖОБА
Бөлімше 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан
құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Шындық бәрінен қымбат
Асан ойнап отырып қымбат кесені сындырып алды. Оны ешкім көрген
жоқ. Анасы жұмыстан келді. Ол:
Кесені кім сындырды?, - деп сұрады.
Мен, - деді Асан ақырын ғана.
Шыныңды айтқаның үшін рақмет!, - деді анасы.
Анасы баласына не үшін алғыс айтты?
Саған баланың іс- әрекеті ұнады ма? Неліктен?
Асан қандай бала деп ойлайсың?
Асаннан қандай үлгі алуға болады?
Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
мәтіннің кейіпкеріне қатысты пікірін негіздейді;
мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды.
14
ЖОБА
Бөлімше 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата,
мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау сипаттау мәтіндерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіннің түрлерін ажыратады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Барыс - жыртқыш аң. Денесінің ұзындығы 130 см. Түсі көк сұр, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары болады.
Барыс кешкі уақытта қорек іздеуге шығады. Ол арқар, елік, жабайы шошқа сияқты аңдармен қоректенеді.
Барыс – бағалы аң.
1) Мәтін не туралы?
2) Бұл қандай мәтін? Белгіле ( )
әңгімелеу мәтіні сипаттау мәтіні пайымдау мәтіні
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің тақырыбын атайды;
мәтіннің түрін анықтайды.
15
ЖОБА
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты 3.4.1.1 Тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды
қолдана отырып, мәтін құрастыру постер құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суреттердітірек сөздерді қолданып, мәтін
құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретке қара. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша мәтін құрастырып жаз.
Тірек сөздер: демалыс, маса, кітап оқып жатыр, ызыңдады, мазасын алды, қонды, кітаппен ұрды, құмыраны сындырды.
Дескриптор Білім алушы
суреттің мазмұнына сәйкес мәтін құрастырады;
тірек сөздерді орынды қолданады;
сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
бас әріп пен тыныс белгілерін орынды қолданады.
16
ЖОБА
Бөлімше 4.2 Тыңдаған оқыған көрген материалдың мазмұнын жазу
Оқу мақсаты 3.4.2.1 Оқығанаудиобейне материалдың мазмұнын тірек
сөздерді қолданып жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Өгіз бен бақа
Бір күні өгіз су ішуге көлге келеді. Көлде бір бақа отырады. Ол өгіздің су ішкенін көреді. Бақа өгіз сияқты үлкен боламын деп су іше бастайды. Ол басқа бақадан:
– Қарашы, мен анау өгіз сияқты үлкен болдым ба? – деп сұрайды.
– Жоқ, өгіз үлкен, ал сен кішкентайсың. Сен өгіз сияқты бола алмайсың, – дейді екінші бақа. Бақа тағы да су ішеді.
– Енді қарашы, өгіз сияқты болдым ба? – деп тағы сұрайды.
– Жоқ, сен әлі кішкентайсың, – дейді қасындағы бақа.
Бақа тағы су іше береді. Ақыры бақаның денесі жарылып кетеді.
Мәтін бойынша суреттердің ретін тап. Сандармен белгіле.
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын жаз.
Тірек сөздер: өгіз, көлге келеді, су ішеді, бақа, өгіз сияқты, сұрайды, жарылып кетеді.
Дескриптор Білім алушы
мәтін мазмұны бойынша суреттердің ретін анықтайды;
мәтіннің мазмұнын жүйелі жазады;
тірек сөздерді орынды қолданады;
сөйлемдердің құрылымын сақтап жазады.
17
ЖОБА
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 3.4.5.1 Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктер қолдауымен
дұрыс жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздердісөйлемдерді қатесіз жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Көп нүктенің орнына қ, ү, ы, у, я, ң, ө әріптерінің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.
Б..ркiт-қыран құс. Ол қо...н, қарсақ және тыш...андарды жейдi. Бүркіт кейде ақб...кен мен та...ешкiнiң т...лдерiн ұстайды. Бұрын қазақтар бүркiтпен а... аулаған. Үйретiлген бүркiт т...лкi мен елiктi, қасқ...р мен қоянды ұстаған.
Сөздікті пайдаланып, берілген сөздердің жазылуын тексер.
Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазады;
сөздерді қатесіз жазады;
берілген сөздерді мағынасына сай қолданып, сөйлем құрастырады.
18
ЖОБА
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 3.4.5.2 Дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздерді
емлесін сақтап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дауыссыз дыбыстардың емлесін сақтап жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.
кіта... – кіта.. ы
бірлі ... – бірлі...і
б-п
к-г
Жақсылы... – жақсылы...ы
қ-ғ
2 сөзбен сөйлем құрастырып жаз.
Дескриптор Білім алушы
көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қояды;
берілген сөздермен сөйлемдер құрастырады;
сөйлемнің құрылымын сақтайды;
сөйлемдегі сөздерді қатесіз жазады.
19
ЖОБА
Бөлімше 4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 3.4.3.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату
және сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлемнің түрлерін ажыратады
• Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Сөйлемдерді оқы. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қой.
"Аққу, шортан һәм шаян" мысалы не туралы
"Арыстан мен тышқан" мысалының басты кейіпкері кім
Даусыңыз қандай әдемі
"Аққу, шортан және шаян жүкті неліктен тарта алмады
Алақай, атам маған мысалдар кітабын сыйлады
Мен мысал оқуды жақсы көремін
Дескриптор Білім алушы
хабарлы сөйлемдерді анықтайды;
сұраулы сөйлемдерді анықтайды;
лепті сөйлемдерді анықтайды.
20
ЖОБА
Бөлім: Тілдік дағдылар
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді
қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атынсыныніс-
қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің
мағынасын ажырату, ауызша және жазбаша сөйлеу
тілінде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді
ажыратады
• Заттың атын сынын қимылын білдіретін сөздерді
орынды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретке қара. Суреттен кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып жаз.
Кім? Не?
Қандай?
Не істейді?
Жазған сөздерді пайдаланып, сурет бойынша шағын мәтін құрастырып айт.
Дескриптор Білім алушы
заттың атын білдіретін сөздерді анықтайды;
заттың сынын білдіретін сөздерді анықтайды;
заттың қимылын білдіретін сөздерді анықтайды;
суретке сәйкес жүйелі мәтін құрастырады;
сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.
21
ЖОБА
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.2 Өз бетінше шағын мәтіннен көптік тәуелдік
септікжіктік жалғаулы сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Септік жалғаулы сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Асты сызылған сөздерге тиісті қосымша жалғап, мәтінді көшіріп жаз.
Тиіндер қарағайлы орман (-да, -ға) өмір сүреді. Тиіннің түсі
қоңыр, қызыл сары. Жүні үлпілдек, қалың, құйрығы ұзын, құлағы (-на, - нда) шашағы бар. Құйрығы суық (-қа,-тан) қорғануға көмектеседі. Тиін жаңғақ (- ты, -пен) қоректенеді.
Дескриптор Білім алушы
сөздерге тиісті септік жалғауларын жалғап жазады;
мәтінді қатесіз жазады;
каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
22
ЖОБА
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.4 Мұғалім қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін
ажырату, ауызша және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жіктеу есімдіктерін дұрыс септейді
• Сөйлеу барысында орынды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Сұрақтың көмегімен мен және сен сөздерін өзгерте отырып, диалогті оқы.
Сен (кімге?) қандай мысал ұнайды?
Мен (кімге?) "Арыстан мен тышқан" мысалы ұнайды. Ал сен (кімнің?) сүйікті мысалың қандай?
Мен (кімнің?) сүйікті мысалым - "Аққу, шортан һәм шаян". Өйткені бұл мысал бірлікке үйретеді.
Мен (кімде?) мысалдар кітабы бар. Кітапта мысалдар өте көп.
Керемет! Кітапты мен (кімге?) бере аласың ба?
Әрине, ал.
Рақмет!
Дескриптор Білім алушы
жіктеу есімдіктерін сұраққа сәйкес өзгертіп айтады;
дауыс интонациясын сақтап оқиды.
23
ЖОБА
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі
сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жай және құрамалас сөйлемдер құрастырады
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Адасқан сөздер ойынын ойна. Сөздердің орнын тауып, ретін санмен белгіле. Сөздерден сөйлем құрастырып айт.
тауып ірімшік алады қарға
қарғаны түлкі ағаштағы көреді
түлкі өтінеді және қарғаны ән айтуын мақтайды
қарқ етеді бос мақтауға сеніп, қарға
ірімшік түседі, жерге
ірімшікті түлкі жеп қояды
Дескриптор Білім алушы
сөйлемдегі сөздердің ретін дұрыс анықтайды;
сөйлем құрылымын сақтайды.
24
ЖОБА
2-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлімше 1.1 Тыңдаған материалдыңмазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап,түсінгені бойынша
қарапайым нұсқауларды орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздердіңсөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет
жасайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда және сәйкес қимылдар жаса.
Шынықсаң шымыр боларсың
Бойды сергек, тік ұста,
Емін- еркін тыныста. Деміңді ішке тез ал да, Оң қолыңды соз алға! Қол ұшына қара да, Үшбұрыш сыз ауада. Сол қол босқа тұрмасын, Шеңбер жасап тынбасын!
Бойды сергек, тік ұста,
Емін- еркін тыныста. Деміңді ішке тез ал да, Сол қолыңды соз алға! Қол ұшына қара да, Үшбұрыш сыз ауада. Оң қол босқа тұрмасын, Шеңбер жасап тынбасын!
Дескриптор Білім алушы
сөздердің мағынасына сәйкес қимылдар жасайды.
25
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер
мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.
Бір аптада
Дүйсенбіде доп ойнадым далада,
Сейсенбіде серуен құрдым қалада.
Сәрсенбіде сурет салдым сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледім әндетіп.
Жұма күні жидек тердім қыратта,
Сенбі күні суға түстім бұлаққа.
Жексенбіде үйде болдым, демалдым
Осылайша өте шықты бір апта.
Кейіпкердің бір аптадағы жасаған іс-әрекеттеріне сәйкес қимыл көрсет кестеге жаз немесе суретін сал.
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Өзіңнің бір күніңді сипаттап айт.
Дескриптор Білім алушы
сөйлемдердің мағынасына сәйкес сурет саладықимыл жасайды;
өзінің бір күнін сипаттап айтады;
сөздердісөйлемдерді мағынасына сәйкес қолданады.
26
ЖОБА
Бөлімше 1.3 Тыңдаған аудиобейнематериалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырукесте толтырумазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Әли мен Айя бейнематериалын мұқият қара (4:05 – 8:25 аралығы). (бейнематериал сілтемесі http:balapan.kaztrkkzarchivecartoonsqazir_efirdeali_aia378515)
– Әке, бұл Бәйтеректің суреті ғой?
– Дұрыс, Айя, бұл - Бәйтерек.
– Мынау - Хан Шатыр. Ол жерде көп ойын аттракциондары бар.
– Думанды қара, Айя.
– Әке, мен мұхитаралынан алтын балық көрдім. Ол жылт-жылт етеді.
– Иә, балалар, ол жерде балықтың түрі көп. Бұл мұхитарал мұхиттан 3000 км жерде орналасқан. Астана - кереметтерге бай қала. Ол гүлденіп, дамып келеді. Астана - еліміздің мақтанышы. Астана - болашақтың қаласы.
– Болашақтың қаласы? Ол қалай, әке?
– Біздің болашағымыз – сендерсіңдер. Сендер білімді, тәрбиелі болуларың керек. Ол үшін Астанада барлық жағдай жасалған. Сондықтан да Астана - болашақтың қаласы.
1) Балалар әкесімен не туралы сөйлесті?
2) Мәтінде қандай ғимараттар туралы айтылады? Белгіле.
Хан Шатыр Ақорда Думан Бәйтерек
3) Сұрақтарды жауабымен сәйкестендір.
Бәйтеректе
Қай жерде түрлі балықтар көп?
Хан Шатырда
Қай жерде ойын аттракциондары көп?
Думанда
Дескриптор Білім алушы
мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;
мәтінде айтылған ғимараттарды анықтайды;
сұрақтарға сәйкес жауапты анықтайды.
27
ЖОБА
Бөлімше 1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі
оқиғаны болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқиғаның басынсоңын болжайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіннің үзіндісін мұқият тыңда. Оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың? Суреттер бойынша мәтін құрап айт.
Шегіртке жаз бойы ән айтты, би биледі. Қысқа дайындалмады.
Ал құмырсқа қысқа дайындалды. Ол үй жасады, тамақ жинады.
Жаз өтті. Қыс келді . Шегірткенің үйі де, тамағы да жоқ . Шегіртке енді
билемейді, ән
айтпайды.
Дескриптор Білім алушы
мәтінді жүйелі аяқтайды;
сөздер мен сөз орамдарын орынды қолданады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
28
ЖОБА
Бөлім: Айтылым
Бөлімше 2.1 Сөздік қорды толықтыру
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және
сөйлеу барысында қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жағдаятты түсініп оқы. Тапсырманы орында.
Айдана жазғы демалысқа шықты. Ол демалыста Астана қаласына
баруды жоспарлады. Саяхатының жоспарын жасап, қай жерлерге баратынын ойластырды.
1) Айданаға қай жерлерге баруға кеңес берер едің? Неліктен?
2) Ол жерлерде Айдана нені тамашалай алады?
Тірек сөздер: кеңес беремін, баруға болады, содан кейін, ол жерде, тамашалайсың, көресің.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа қатысты ойына дәлелді пікір айтады;
тірек сөздерді орынды пайдаланады;
тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.
29
ЖОБА
Бөлімше 2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Берілген тірек сөздердің көмегімен ас бөлмесін сипаттап айт.
Тірек сөздер: қасында, жанында, үстінде, ортада, оң жақта, сол жақта, бұрышта, алдында
қабырғада
Дескриптор Білім алушы
сипаттау барысында тірек сөздерді орынды қолданады;
сөйлеуде тілдік нормаларды сақтайды.
30
ЖОБА
Бөлімше 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу, сұхбаттасын
түсіну және олардың ойын толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырып бойынша диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Берілген сөз тіркестері мен суреттерді пайдаланып, Менің үйім тақырыбында диалог құрастыр.
неше бөлме
көпқабатты
қасында
ортада
бұрышта
демаламыз
конақтарды қарсы аламыз
кең, жарық
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
тірек сөздерді орынды қолданады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
31
ЖОБА
Бөлімше 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 3.2.6.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында
айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар
сөздерді дұрыс дыбыстайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген сөздерді оқы. Бұл сөздерді айтқанды қай дыбысты қолданамыз? Жазғанда қай әріппен жазамыз? Сөздерді дұрыс айт.
е ө е
бөлм... сөр... күмб...з
ө е ө
ұ е
құл ... п үст...л
ы ө
Сөздерді дұрыс жаз және айтылу транскрипциясын көрсет.
Үлгі: бүгін [бүгүн], ... ..
Дескриптор Білім алушы
сөздің айтылуына қатысты дыбысты анықтайды;
сөздерді дұрыс жазады;
сөздің айтылу транскрипциясын дұрыс көрсетеді.
32
ЖОБА
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 3.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып
(танысу мақсатында) оқу рөлге бөліп оқу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінді рөлге бөліп,түсініп оқиды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді рөлге бөліп оқы.
Көйлекті маған кім берді?
Менің інім мүлде мазасыз. Өзінің сұрамайтыны жоқ. Бір күні көйлек сатып әкеп беріп едім, ол:
Бұл көйлекті маған кім берді? - деді.
Кім берсін. Дүкеннен алдым.
Дүкенге қайдан келген?
Қоймадан келген.
Қоймаға қайдан келген?
Тігін фабрикасынан.
Тігін фабрикасына қайдан келген?
Мата тоқитын фабрикадан
Мата неден тоқылады?
Мақтадан. Мақта жазда, күн ыстықта ғана өседі. Оны мақташылар теріп, өткізеді.
Е, онда маған көйлекті мақташылар берген екен ғой,- деді ол.
Мәтінге сүйеніп, көйлектің кейіпкерге қалай жеткенін сызбаға түсір.
Дескриптор Білім алушы
мәтінді өз рөлін сақтай отырып, қатесіз оқиды;
мәтіннен сызбаға сәйкес ақпараттарды анықтайды.
33
ЖОБА
Бөлімше 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін
нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан?
қайда?) құрастыру және оған жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнынакейіпкерлеріне қатысты сұрақтар
қояды
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Бекеттер ойынын ойна. Әр бекетте берілген мәтінді оқып, сұраққа жауап бер. Жұбыңа бір сұрақ қой.
1-бекет
Астана-Бәйтерек монументі – Астана қаласының әйгілі ғимараты. Монумент шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Үлкен шар күн сәулесіне шағылысып, жарқырайды.
Сұрақ: Бәйтерек неден жасалған?
2-бекет
Астана- Бәйтерек монументі ертегінің негізінде салынған. Ертегі бойынша үлкен ағаштың басында Самұрық құстың ұясы болыпты. Бірақ құстың балапандарын жылан жеп қояды екен. Батыр жыланды өлтіріп, балапандарды құтқарыпты.
Сұрақ: Бәйтерек монументі ненің негізінде салынған?
3-бекет
Бәйтерек монументі 3 бөліктен тұрады. Ең астыңғы бөлікте дәмхана, аквариум және шағын галерея бар. Бәйтеректің ең жоғарғы бөлігінде елбасымыздың оң қолының ізі бар. Ол Аялы алақан деп аталады.
Сұрақ: Бәйтеректің ең жоғарғы бөлігінде не бар?
Дескриптор Білім алушы
мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді;
мәтіннің мазмұны бойынша жұбына сұрақ қояды;
сұрақтың құрылымын сақтайды;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
34
ЖОБА
Бөлімше 3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
Оқу мақсаты 3.3.5.1 Сөздіктер, журналдар мен анықтамалықтардан қажетті
ақпаратты іздеу жолын білу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпараттарды табады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Әртүрлі дереккөздерді пайдаланып, еліміздегі атақты ғимараттар туралы ақпараттар ізде.
Ақпаратты берілген кестеге жаз.
Ғимараттың атауы
Ғимараттың сипаты
Ғимараттың
Қосымша ақпарат
(не?)
(қандай?)
орналасқан жері
(қайда?)
Жинаған ақпараттарға сүйеніп, аталған ғимарат туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа қатысты ақпараттарды іріктейді;
жинақталған ақпараттардың негізінде ғимаратты сипаттайды;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
35
ЖОБА
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 4.2 Тыңдаған оқыған көрген материалдың мазмұнын жазу
Оқу мақсаты 3.4.2.1 Оқығанаудиобейне материалдың мазмұнын тірек
сөздерді қолданып жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын жаз.
Түркістан
Түркістан – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан көне қала. Ол бұрын Иасы деп аталған. Түркістанда Қожа Ахмет Иасауидың кесенесі бар. Бұл –ғажайып ғимарат. Бұл қалада тарихи орындар көп.
Түркістан – қасиетті жер.
Тірек сөздер:
Түркістан
Иасы
Қожа Ахмет Иасауи
көне қала
кесене
ғажайып ғимарат
тарихи орын
қасиетті жер
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің мазмұнын жүйелі жазады;
тірек сөздерді орынды қолданады;
сөйлемнің құрылымын сақтайды;
бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
36
ЖОБА
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 3.4.5.1 Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктер қолдауымен
дұрыс жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздердісөйлемдерді қатесіз жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Бөлме атауларын жаз. Жазған сөздеріңді сөздікпен тексер. ______________________________________ ______________________________________ _____________________________________
_____________________________________
Дескриптор Білім алушы
бөлме атауларын қатесіз жазады;
каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.
37
ЖОБА
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 3.4.5.2 Дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздерді
емлесін сақтап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дауыссыз дыбыстардың емлесін сақтап жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Көп нүктенің орнына суреттегі заттың атауын қойып, сөз тіркесін құрастырып жаз.
Үйдің ... _________________________________________________________
Ғимараттың ... _________________________________________________
Інімнің ... ________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
заттың атауын тәуелдей отырып, сөз тіркесін құрап жазады;
сөздің соңғы дыбыстарын емлеге сәйкес өзгертіп жазады.
38
ЖОБА
Бөлімше 4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 3.4.4.1 Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің
биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, берілген мәтінді қатесіз көшіріп жаз.
Бәйтерек – Астана қаласының ______________________монументі. Оның
__________________97 метр. Бәйтерек сөзі өмір __________________ деген
мағынаны білдіреді. Ағаштың басында ______________________шар орналасқан.
Бәйтеректен Астана қаласын __________________________ тамашалауға болады.
Қажетті сөздер: атақты, алтын, биіктігі, жоғарыдан, ағашы.
Дескриптор Білім алушы
көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады;
әріптердің мөлшерін, көлбеулігін сақтап жазады;
әріптердің байланысын дұрыс салады.
39
ЖОБА
Бөлім: Тілдік дағдылар
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді
қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атынсыныніс-
қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің
мағынасын ажырату, ауызша және жазбаша сөйлеу
тілінде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді
ажыратады
• Заттың атын сынын қимылын білдіретін сөздерді
орынды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Сурет бойынша берілген мәтінді тиісті сөздермен толықтыр.
Бұл - қонақ бөлмесі. Терезенің алдында ... ... ... ... ... тұр. Бөлменің оң жағында ... ... ... ... ... ... ,
ал сол жағында ... ... ... ... ... ... ... ... ... . тұр. Диван мен креслоның түсі ... ... ... ... ... ... ... ...
Үстел ... ... . Диванның қасында ... ... ... . шкаф бар. Қабырғада әдемі суреттер ... ... ... ... ... ... ...
Қажетті сөздер: теледидар, қызыл, кресло, диван, үлкен, кішкентай, ілініп тұр.
Дескриптор Білім алушы
заттың атын білдіретін сөздерді анықтап жазады;
заттың сынын білдіретін сөздерді анықтап жазады;
заттың қимылын білдіретін сөздерді анықтап жазады;
жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
40
ЖОБА
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.3 Мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің
шақ, рай формаларын ауызша және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеуде жазуда етістіктің шақтарын орынды
қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Сөйлемдерді оқы. Көп нүктенің орнына тиісті қосымша жалғап жаз.
Кеше менің құрбым кел ... .. Екеуміз Астанада қыдыр ... . Қаладағы әсем ғимараттарды,
биік үйлерді тамашала ... ... Астананың символы – Бәйтерекке бар ... ... Бәйтеректің қасында
суретке түс... . Ертең біз Хан Шатырға бара ... ... ... Хан Шатырдағы ойын
аттракциондарында ойнай ... ... . Мұхитаралдағы балықтарды тамашалай ... ..
Мәтін мазмұны бойынша іс-әрекеттің қашан орындалғанын белгіле ( ).
Кеше Ертең
Әдемі ғимараттарды тамашаладық.
Хан Шатырға барамыз.
Бәйтерекке бардық.
Бәйтеректің қасында суретке түстік.
Мұхитаралда балықтарды көреміз.
Ойындар ойнаймыз.
Дескриптор Білім алушы
етістіктің өткен шағына сәйкес қосымшаларды анықтайды;
етістіктің келер шағына сәйкес қосымшаларды анықтайды;
іс-әрекеттің орындалу уақытын анықтайды.
41
ЖОБА
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.4 Мұғалім қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін
ажырату, ауызша және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жіктеу есімдіктерін дұрыс септейді
• Сөйлеу барысында орынды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген суреттерді пайдаланып, Астананың көрікті жерлері туралы әңгімеле диалог құрастыр. Сөйлеу барысында мен, сен, ол сөздерін түрлендіріп қолдан.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа сәйкес мәтіндиалог құрастырады;
жіктеу есімдіктерін септей отырып, орынды қолданады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
42
ЖОБА
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі
сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жай және құрамалас сөйлемдер құрастырады
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген сөздерден сөйлем құрастыр.
1) ғимарат әйгілі Үндістандағы қалай аталады
2) қанша Пиза биіктігі мұнарасының
3) Тәж Махал жасалған кесенесі неден
4) мұнарасын деп атайдықұлағалы тұрған мұнара Пиза
5) Пиза бар мұнарасының қабаты неше
6) Тәж Махал биіктігі кесенесінің74 метр
Сөйлемдерді аяқтап жаз.
Мен жазда Астанаға барамын және ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пиза мұнарасы қисық, өйткені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Егер мен Италияға барсам, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Дескриптор Білім алушы
құрылымын сақтай отырып, жай сөйлемдер құрастырады;
құрмалас сөйлемдерді мағынасына сәйкес толықтырады;
43
ЖОБА
3-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлімше 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша
қарапайым нұсқауларды орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздердің сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет
жасайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
.Өлеңді тыңдай отырып, түсі аталған қарындаштарды көрсет.
Қарындаштар
Мынау – сары қарындаш, Мұнымен күнді бояймын. Мынау – қоңыр қарындаш, Мұнымен құмды бояймын. Мынау – қара қарындаш, Мұнымен түнді бояймын.
Мынау – жасыл қарындаш, Мұнымен гүлді бояймын. Мынауым – көк қарындаш, Мұнымен туды бояймын. Мен суретші боламын , Қарындашты аламын.
Ақ мамамның суретін
Ақ бояумен саламын.
Кестеге баланың салған суреттерінің атауын жаз.
сарымен
қоңырмен
қарамен
жасылмен
көкпен
ақпен
Сен қандай сурет салар едің? Түрлі- түсті қарындаштарды қолданып, сурет сал және ол туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
қарындаштардың түстерін дұрыс ажыратады;
кестеге сәйкес ақпараттарды жазады;
салған суретін сипаттап айтады;
-сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
44
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер
мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын
ажыратады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Домбыра - қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. Домбырамен қазақ халқы күй
шертеді. Домбыраны тұтас ағаштан ойып немесе ағаштардан құрап жасайды. Домбыраның екі ішекті, үш ішекті деген түрлері бар. Ал балаларға арналған домбыраны шіңкілдек домбыра деп айтады. Домбырада ойнау үшін сол қолмен пернелерді басу керек. Ал оң қолмен ішектерді шерту керек.
Берілген сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтап, тиісті картаны көтер.
Домбыра - қазақ халқының ұлттың музыкалық аспабы.
Домбыра тек қана екі ішекті болады.
Домбыраны тұтас ағаштан ойып немесе ағаштардан құрап жасайды.
Балаларға арналған домбыраны шіңкілдек домбыра деп атайды.
"Дұрысбұрыс" ойынын ойна.
Мәтін бойынша 1 дұрыс, 1 бұрыс сөйлем құрастыр. Сөйлемдеріңді жұбыңа жасыр. Оның сөйлемдерін тыңдап, дұрысбұрыстығын анықта.
Дескриптор Білім алушы
мәтін бойынша дұрыс және бұрыс сөйлемдерді анықтайды;
мәтін бойынша дұрысбұрыс сөйлемдер құрап айтады.
45
ЖОБА
Бөлімше 1.3 Тыңдаған аудиобейнематериалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырукесте толтырумазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіннің мазмұны бойынша оқиғаның желісін анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Аңыз бойынша Қорқыт туар кезде аспанда қара бұлттар пайда болып, найзағай
жарқырайды, қатты жел соғады. Адамдар қатты қорқады. Сол кезде сәби дүниеге келеді. Адамдарды қорқытты деп, сәбиге Қорқыт деген ат береді.
Қорқыт ер жетеді. Бірде ол ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде ақ киім киген, қолында таяғы бар, ақ сақалды қария қобыз аспабын жасау керектігін айтады. Қорқыт қобыз жасайды. Қобызбен әдемі күй тартады.
Берілген тірек сөздерді суреттің әр бөлігіне сәйкестендіріп жаз. Оларды толықтыр.
Мәтіннің ортасы
Мәтіннің басы
Мәтіннің соңы
Тірек сөздер: Қорқыт туар кезде, қорқады, ер жетеді, түс көреді, ақ сақалды қария, аспап.
Дескриптор Білім алушы
тірек сөздерді суреттің бөліктеріне сәйкес орналастырады;
мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сәйкес тірек сөздерді тауып жазады.
46
ЖОБА
Бөлімше 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну
Оқу мақсаты 3.1.4.1 Тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және
жағымсыз кейіпкерлерді, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын оқиғалардың ретін анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жетіген туралы бейнематериалды мұқият қара (04:51 – 05:38аралығы).
(http:imektepmuzikalyk-aspaptar)
Жетіген деген аспаптың көне және жаңа түрі бар. Жетігеннің көне түрінде 7 асық бар. Аңыз бойынша ертеде бір қарттың жеті ұлы болыпты. Олар кішкентай кезінде асық ойнауды жақсы көрген екен. Бір жылы қатты жұт болады. Қарт кісі жеті ұлынан айрылады. Сонда қарт кісі әр ұлының асығын үлкен тақтайға қойып, аспап жасайды. Сол аспаппен әр ұлына арнап күй шығарады. Ол күйлерді "Жетігеннің жетеуі" деп атайды.
Мәтінге ат қой.
Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді ретімен орналастыр (1,2,3,...)
Ол аспаппен әр ұлына арнап күй шығарады. Ертеде бір қарттың жеті ұлы болыпты.
Бір жылы қатты жұт болады. Ұлдар асық ойнауды жақсы көріпті.
Ақсақал тақтайға жеті ұлының асығын қойып, аспап жасайды. Ақсақал жеті ұлынан айрылады.
Бұл күйді Жетігеннің жетеуі деп атайды.
Дескриптор Білім алушы
мәтінге тақырып қояды;
мәтіндегі оқиға желісі бойынша сөйлемдердің ретін анықтайды.
47
ЖОБА
Бөлімше 1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі
оқиғаны болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқиғаның басынсоңын болжайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіннің бастапқы бөлігін мұқият тыңда. Ары қарай не болады деп ойлайсың? Берілген тірек сөздердің көмегімен мәтінді аяқтап көр.
Бір күні кішкентай зерттеуші орманға барады. Ол ормандағы тиіндерді бақылай
бастайды. Бір кезде оның басына бір жаңғақ топ ете қалады. Қараса ... ... ... ... ..
тиін
жаралы
емдеу
дос болу
жаңғақ
сиқырлы
сөйлей алу
тиінге айналу
өмір сүру
ғажайып
Дескриптор Білім алушы
оқиғаның соңын жүйелі жалғастырып айтады;
мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
тірек сөздерді орынды қолданады.
48
ЖОБА
Бөлім: Айтылым
Бөлімше 2.1 Сөздік қорды толықтыру
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және
сөйлеу барысында қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Кестеге Егер біз өнертапқыш болсақ... тақырыбына қатысты сөздер жазыңдар.
Егер біз өнертапқыш болсақ, ... ..
Сендер не ойлап табасыңдар?
Оны қалай сипаттайсыңдар?
Оның адамдарға қандай
пайдасы болады?
• Жазған сөздеріңді қолданып, сөйлемдерді толықтырып айт.
Егер біз өнертапқыш болсақ, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ойлап табамыз.
Ол ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..болады.
Адамдар оны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... үшін пайдаланады.
Дескриптор Білім алушы
− тақырыпқа қатысты сөздерді жазады;
− тірек сөздерді қолданып, сөйлемдерді толықтырады;
− сөздерді мағынасына сәйкес қолданады;
− сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
49
ЖОБА
Бөлімше 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу, сұхбаттасын
түсіну және олардың ойын толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырып бойынша диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Берілген рөлдер бойынша Зерттеушімен кездесу тақырыбында диалог құр.
Рөлдер:
екі кішкентай зерттеушінің атынан (сен және мен)
зерттеуші мен оқушының атынан (сіз және мен)
Диалогке қажетті сөздер мен сөз орамдары: нені зерттеу, қалай зерттеу, бақылау, зерттеуші болу үшін, қайда зерттеу, немен зерттеу.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
сұхбаттасына сұрақтар қояды;
сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;
сөздер мен сөз орамдарын орынды қолданады;
сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтайды
50
ЖОБА
Бөлімше 2.4 Оқығантыңдаған материалды мазмұндау
Оқу мақсаты 3.2.4.1 Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер
негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын айтады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген суреттердің ретін тап. Тірек сөздерге сүйеніп, мысалдың мазмұнын айт.
ақсақал, жеті ұл, ертеде
жұт, айырылу, бір жылы
жеті ұлдың асығы, аспап жасау
асық ойнау, жақсы көру, жеті ұл
Дескриптор
Білім алушы
суреттердің ретін дұрыс анықтайды;
мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;
тірек сөздерді орынды қолданады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
51
ЖОБА
Бөлімше 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
Оқу мақсаты 3.2.5.1 Оқылғантыңдалған материал бойынша өз пікірін
(менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Ақсақ құлан аңызын мұқият тыңда.
Ертеде бір хан болыпты. Ханның ұлы бар екен. Бірде ханның ұлы аңға шығады. Ол ана құлан мен кішкентай құланды көреді. Ханның ұлы оларды қуып жүріп, кішкентай құланды өлтіреді. Сол кезде ана құлан ханның баласын сүзіп өлтіреді. Хан өзінің баласын іздейді. Кім маған қайғылы хабар әкелсе, соның аузына қорғасын құямын - дейді хан ашуланып. Ешкім ханға баласының өлгені туралы айта алмайды. Ханға тек бір күйші келеді. Ол домбырасымен күй тартады. Хан күйді тыңдап, барлығын түсінеді. Хан қорғасынды домбыраға құяды.
Аңыз бойынша Көңіл күй шкаласын толтыр.
2) Шкаланың көлденең сызығына аңыздың оқиғаларын жаз.
3) Әр оқиғаға қатысты өзіңнің сезіміңді белгіле.
4) Аңыз бойынша сезіміңнің графигін сыз.
бақытты
қуанышты
көңілді
көңілсіз
мұңды
қайғылы
52
ЖОБА
Үлгі:
Өз сызбаңды таныстыр.
"Мен ... ... ... ... ... ... . деген оқиғаны оқығанда, ... ... ... ... ... болдым".
Дескриптор Білім алушы
− шкалаға мәтіндегі оқиғаларды ретімен жазады; − әр оқиғаға қатысты өз сезімін белгілеп көрсетеді; − мәтіндегі оқиғаға қатысты өз көзқарасын білдіреді; − сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
53
ЖОБА
Бөлімше 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 3.2.6.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында
айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар
сөздерді дұрыс дыбыстайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген сөздерді мұқият тыңда және жаз (сөздік диктант).
Олар қалай айтылады? Кестеге айтылу транскрипциясын көрсетіп жаз және оқы.
Үстел, кітап, құлын, жүгері, жұмыс, өнер, орын, көркем, көңіл, шай, күміс.
Жазылуы
Айтылуы
•
Дескриптор Білім алушы
сөздерді қатесіз жазады;
берілген сөздердің транскрипциясын дұрыс көрсетеді;
сөздерді дыбыс үндестігін сақтай отырып, дұрыс айтады.
54
ЖОБА
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 3.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу,
шолып (танысу мақсатында) оқурөлге бөліп оқу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінді рөлге бөліп, түсініп оқиды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді рөлге бөліп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Жанат үшінші сыныпқа өтті. Қанат бірінші сыныпты бітірді. Екеуінің мінезі екі басқа. Жанат көрсеқызар, шыдамсыз. Қанат – ойлы, салмақты. Бірде Жанат атасына өтініш айтты:
Ата, маған домбыра алып берші.
Жарайды, балам.
Айтқанындай-ақ атасы домбыра әкеліп берді. Жанат бар өнерін салды.
Домбыра дегеніне көнер емес. Жанаттың ызасы келді.
Мә, сен шертші, - деп, інісіне лақтырып жіберді. Қанат домбыраны қағып алды. Қолтықтап, тысқа шықты.
Арада біраз күн өтті. Бірде үй ішінен күмбірлеген домбыраның даусы естілді. Ішке кірсе, інісі екен.
Кім үйретті? – деді Жанат.
Ешкім де ... Өзім ... – деді Қанат.
Балам, - деді атасы, - талаптансаң, алмайтын асу жоқ, біліп қой.
Жанат ұялғанынан қызарып кетті.
Жанат домбыра тартуды неліктен үйрене алмады?
Қанат қандай бала?
Жанат неге ұялды?
Атасының айтқан сөзін қалай түсіндің?
Мәтіннен қандай үлгі алдың?
Дескриптор Білім алушы
мәтінді өз рөлін сақтай отырып, қатесіз оқиды;
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
мәтіннің мазмұнына қатысты ой қорытып айтады.
55
ЖОБА
Бөлімше 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата,
мақал-мәтелдер) ажырату, әңгімелеу сипаттау мәтіндерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің түрінжанрын анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ең алғашқы бағдаршам XIX ғасырда ойлап табылды. Бұл құрылғы алғаш рет 1968 жылы Лондон қаласының көшелерінде қойылды. Ал үш түсті бағдаршам тұңғыш рет Нью-Йорк қаласында пайда болды.
Мәтін не туралы?
Бұл мәтіннің қай түрі? Белгіле ( ).
әңгімелеу мәтіні сипаттау мәтіні пайымдау мәтіні
Суретті пайдаланып, бағдаршам туралы сипаттау мәтінін құрап айт.
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің түрін анықтайды;
сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырады;
сипаттау сөздерді орынды қолданады.
56
ЖОБА
Бөлімше 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін
нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?)
құрастыру және оған жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнынакейіпкерлеріне қатысты сұрақтар
қояды
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді оқы.
Ертеде адамдар бір-бірімен хабарласу үшін құстар арқылы хат жіберген, от
арқылы белгі берген. Өнертапқыш Александр Белл әлемде алғашқы телефонды ойлап тапты. Ол сөйлей алатын телеграф деп аталды. Адамдар телефонның өте пайдалы екенін білді. Телефон қазір фото, бейне түсіру, ғаламторға шығу сияқты қызметтерді атқарады.
Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.
Ертеде хабарласудың қандай әдістері
болған?
Бірінші телефонды кім ойлап шығарды?
Алғашқы телефон қалай аталды?
Қазіргі телефондар қандай қосымша
қызметтер атқарады?
Алтын сандық ойынын ойна.
Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып, сандыққа сал. Сандықтан 1 сұрақ алып, жауап бер.
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақ құрастырады;
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
57
ЖОБА
Бөлімше 3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
Оқу мақсаты 3.3.5.1 Сөздіктер, журналдар мен анықтамалықтардан қажетті
ақпаратты іздеу жолын білу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпараттарды табады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Кітаптардан, журналдардан төмендегі сазгерлердің біреуі туралы ақпарат тауып, кестеге жаз.
Құрманғазы Сағырбайұлы
Дина Нұрпейісова
Шәмші Қалдаяқов
Сазгер
Туған жері
Шығармалары
Қосымша ақпарат
Кестеге сүйеніп, олар туралы әңгімелеп бер.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа қатысты ақпаратты іріктейді.
жинақталған ақпараттардың негізінде әңгімелейді;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды
58
ЖОБА
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты 3.4.1.1 Тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды
қолдана отырып, мәтін құрастыру постер құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суреттердітірек сөздерді қолданып, мәтін
құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Топтық жұмыс
Карусель ойынын ойна. Топта берілген суретке қатысты сөздерді жаз. Уақыт аяқталған соң келесі суретке ауыс. Осылайша 3 сурет бойынша сөздер жаз. Басқа топтардың жазған сөздерін қайталама.
Өздерің жазған тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша мәтін құрастырып жаз. Төмендегі сөздерді пайдалан.
Бір күні ... ... ... ... ... ... ... ... .
Содан соң ... ... ... ... ... ... ...
Сол кезде ... ... ... ... ... ... ...
Соңында ... ... ... ... ... ... ... ...
Дескриптор Білім алушы
суретке қатысты сөздерді анықтайды;
сурет бойынша жүйелі мәтін құрастырып жазады;
тірек сөздерді орынды қолданады;
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;
сөйлемдегі сөздерді қатесіз жазады.
59
ЖОБА
Бөлімше 4.2 Тыңдағаноқыған көрген материалдың мазмұнын жазу
Оқу мақсаты 3.4.2.1 Оқығанаудиобейне материалдың мазмұнын тірек
сөздерді қолданып жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Берілген тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жаз.
Зейінді оқушы
Шоқан он жасында әскери мектепке оқуға түсті. Мектепке келгенде орыс тілін білмейтін. Ол аз күнде орыс тілін тез үйреніп алды. Шоқан өте зейінді оқушы болды. Ол саяхат туралы кітапты қызығып оқыды. Саяхатшы болуды армандады. Шоқан суретті де жақсы салатын. Ол мектепті өте жақсы бітірді.
Тірек сөздер: әскери мектеп, аз күнде, үйреніп алды, зейінді оқушы, саяхат туралы, қызығып оқыды, армандады, жақсы салатын, жақсы бітірді.
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің мазмұнын жүйелі жазады;
тірек сөздерді орынды қолданады;
сөйлемнің құрылымын сақтайды;
бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады;
сөздердісөйлемдерді қатесіз жазады.
60
ЖОБА
Бөлімше 4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 3.4.4.1 Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің
биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың
байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық
дағдыларын дамыту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады •
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Өлеңді түсініп оқып, жаттап ал. Көркем жазу талаптарын сақтап, өлеңді жатқа жаз.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
Дескриптор Білім алушы
өлеңді қатесіз жазады;
әріптердің мөлшерін, көлбеулігін сақтап жазады;
әріптердің байланысын дұрыс салады.
61
ЖОБА
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 3.4.5.1 Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктер қолдауымен
дұрыс жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздердісөйлемдерді сауатты жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Сөздік диктант
Сөздерді мұқият тыңда және жаз. Сөздікті пайдаланып, жұбыңның жазғанын тексер.
өнертапқыш
өнертабыс
әйгілі
атақты
алғашқы
құрылғы
Кез келген 2 сөзбен сөйлем құрастырып жаз.
Дескриптор Білім алушы
сөздерді есту арқылы қатесіз жазады;
сөздікпен тексеру арқылы қатесін түзетеді;
сөйлем құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды.
62
ЖОБА
Бөлім: Тілдік дағдылар
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді
қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.2 Өз бетінше шағын мәтіннен көптік тәуелдіксептік
жіктік жалғаулы сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Септік жалғаулы сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Сөйлемнен кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жаз.
Күйшінің туған жер туралы күйі бүкіл әлемге әйгілі болды.
Мен досыма сазгердің шығармасы туралы айттым.
Өнер мұражайында әр түрлі аспаптарды көрдік.
Сазсырнай аспабының үні өте нәзік, құлаққа жағымды.
Домбыраның екі ішекті болуы туралы аңыз бар.
Аңыз бойынша хан қайғылы хабарды жеткізген домбыраға қорғасын құйған екен.
Кімнің? Ненің? Кімге? Неге? Кімді? Нені?
Кез келген сөзбен үш сөйлем құрастырып жаз.
Дескриптор Білім алушы
ілік септіктегі сөздерді анықтайды;
барыс септіктегі сөздерді анықтайды;
табыс септіктегі сөздерді анықтайды;
сөздерді мағынасына сәйкес қолданып, сөйлем құрастырады;
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
63
ЖОБА
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.4 Мұғалім қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін
ажырату, ауызша және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жіктеу есімдіктерін дұрыс септейді
• Сөйлеу барысында орынды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жақшаның ішіндегі сұраққа байланысты "мен" сөзін өзгертіп қолдан.
Әке, сіз неліктен зерттеуші болдыңыз?
- (кімге?) ... ... ... ... ... ... саяхат жасау ұнайды. Саяхат кезінде адам көптеген жаңа
нәрселерді біледі, көреді. (кім?) ... ... ... ... қалаларды зерттеймін. Қаладағы
ғимараттарды, үйлерді суретке түсіремін, салыстырмын. (кімнің) ... ... ... ... ...
түсірген суреттерім өте көп.
- Әке, рахмет! (кім?) ... ... ... ... ... ... . де ер жеткенде зерттеуші боламын.
Жұбыңмен "Зерттеушілер" тақырыбында диалог құрастыр. Диалог барысында төмендегі сөздерді қолдан.
Мен, маған, сен, саған, менде, сенде
Дескриптор Білім алушы
жіктеу есімдігін дұрыс түрлендіріп оқиды;
тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
септелген жіктеу есімдіктерін орынды қолданады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
64
ЖОБА
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі
сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жай және құрамалас сөйлемдер құрастырады
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттегі атақты тұлғалар туралы не білесің? Олар туралы бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
Абылай хан Ыбырай Алтынсарин Әбілхан Қастеев
Дескриптор Білім алушы
-тірек сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
65
ЖОБА
4-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлімше 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер
мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Ертеде екі адам алыс жолға шығады. Олардың біреуі көп алтын, бағалы тастар алып шығады. Ал екіншісі көп су алады. Олар шөлді жермен жүреді. Жолаушылар қатты шаршайды, шөлдейді. Алтыны бар адам екіншісіне:
Маған бір жұтым су берші! Мен саған бар байлығымды беремін. Су болмаса, өмір жоқ екен. Ал мынау алтын, күмістер - жай ғана тас екен. Мен судың баға жетпес байлық екенін түсіндім, - дейді.
2) Мәтін не туралы?
3) Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін сөйлемдерді белгіле.
• Жолаушылардың біреуі жолға су алып шығады.
• Жолаушылардың екеуі де жолға алтын алып шығады.
• Екінші жолаушы судың бағалы екенін түсінеді.
• Бір жолаушы екіншісінен су сұрайды.
• Жолаушылар үлкен қалаға жетеді.
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің тақырыбын атайды;
мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды.
66
ЖОБА
Бөлімше 1.3 Тыңдаған аудиобейнематериалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырукесте толтырумазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді • Мәтінді жүйелі мазмұндайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Наурыз - қазақ халқының ұлттық мейрамы. Наурыз - жылдың басы, Жаңа жыл.
22- наурызда күн мен түн теңеледі, табиғат оянады, күн жылынады. Бұл күні адамдар әдемі киімдерін киеді, бір-бірін құттықтайды. Ұлттық ойындар ойнайды. Наурызда адамдар наурыз көже пісіреді. Наурыз көжені 7 түрлі тағамнан дайындайды. Наурыз көже өте дәмді.
Мәтін не туралы?
Берілген сурет пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.
Тірек сөздер:
ұлттық мейрам
теңеледі
ұлттық киім
ұлттық ойын
наурыз көже
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің тақырыбын анықтайды;
мәтінді жүйелі мазмұндайды;
тірек сөздерді орынды қолданады.
67
ЖОБА
Бөлімше 1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі
оқиғаны болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқиғаның басынсоңын болжайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жеке жұмыс
Берілген үзіндіні оқы. Оқиға неден басталды және қалай аяқталады деп ойлайсың? Оқиғаның басы мен соңын болжап көр. Пирамиданың сыртқы бөлігіне өз нұсқаңды жаз.
Біз ...
Суға шомылдық. Өзен жағасында доп ойнадық. Қайықпен өзеннің екінші жағасына жүзіп бардық. Ол жақта бөтелкелер, қағаз қалдықтары мен басқа да қоқыстар шашылып жатыр екен.
Біз ...
Топтық жұмыс
Топта талқылай отырып, Пирамиданың ортаңғы бөлігіне топпен құрастырған мәтінді жазыңдар.
Дескриптор Білім алушы
негізгі бөлімге сәйкес болжаулар жасайды;
тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;
мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.
68
ЖОБА
Бөлім: Айтылым
Бөлімше 2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жоспар бойынша Менің туған күнім тақырыбында менталды карта әзірле.
1) Туған күнге дайындық
2) Сыйлықтар
3) Қонақтар
4) Туған күн кеші
Менталды карта үлгісі:
Жазған ақпаратыңа сүйеніп, жұмысыңды қорға.
Дескриптор Білім алушы
жоспарға сәйкес менталды карта жасайды;
сөздерді мағынасына қарай қолданады;
жұмысын таныстыруда тілдік нормаларды сақтайды.
69
ЖОБА
Бөлімше 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу, сұхбаттасын
түсіну және олардың ойын толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырып бойынша диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Су туралы не білесің? бейнематериалын мұқият көріп, кестені толтыр (https:www.youtubewatch?v=3_ZQDr_tugg ).
Су - тіршілік көзі. Біз күн сайын суды рахаттана ішеміз. Барлық тіршілік
иелерінің ағзасында да су бар. Мысалы адам ағзасының 86%-ы судан тұрады. Ал балықтардың 75%, қияр мен қарбыздың 95%-ы судан тұрады. Үйге құбырымен келетін судың құрамында хлор бар. Ал хлор ағзаға зиянды. Сондықтан суды сүзгіден өткізіп ішу керек. Ал өзеннің суын ішуге болмайды. Өйткені ол лас болуы мүмкін.
Адам
Балық
Қияр мен
Құбырдағы су
Қосымша
ағзасында
денесінда
қарбызда
ақпарат
Кестедегі ақпаратқа сүйеніп, жұбыңмен диалог құрастыр. Диалог барысында берілген сөз орамдарын қолдан.
Диалогке қажетті сөздер мен сөз орамдары: тіршілік көзі, баға жетпес байлық, қызықты мәлімет, неше пайыз, ...екенін білемін, білесің бе?
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің негізінде кестеге сәйкес ақпараттарды жазады;
берілген ақпараттарды қамти отырып, диалог құрастырады;
сұхбаттасына сұрақтар қояды;
сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;
сөйлеуде тілдік нормаларды сақтайды.
70
ЖОБА
Бөлімше 2.4 Оқығантыңдаған материалды мазмұндау
Оқу мақсаты 3.2.4.1 Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер
негізінде оқиға желісін сақтай отырып, мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын айтады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Ертеде бұлттың ішінде бір кішкентай тамшы өмір сүріпті. Бір күні жаңбыр
жауып, кішкентай тамшы да жерге қарай құлайды. Тамшы өзенге түседі. Мен қайда келдім? Бұл жерде су қалай көп!- деп таң қалады тамшы. Тамшы ағыспен жүзіп отырып, үлкен көлге жетеді. Сол жерден оны күннің көзі жылытып, тамшы бу болып, аспанға көтеріледі. Мен ұшып барамын! деп айқайлады тамшы. Кішкентай тамшы бұлттарға қайта қосылады. Бұлтта басқа тамшылар да көп екен. Олар бір-біріне жердегі оқиғаларды айта бастады.
Кішкентай тамшының жүріп өткен жолын сызбаға жаз. Сызбаға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.
тамшы
Дескриптор Білім алушы
оқиға желісін сызбаға түсіреді;
сызбаға сүйеніп мәтіннің мазмұнын айтады;
баяндауда жүйелілікті сақтайды;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
71
ЖОБА
Бөлімше 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
Оқу мақсаты 3.2.5.1 Оқылғантыңдалған материал бойынша өз пікірін
(менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Ертеде бір баланың ойыншық қайығы болыпты. Ол қайығын жылғадағы суға жүздіріп ойнауды жақсы көреді екен. Бір күні оның қайығы ағыспен алысқа жүзіп кетеді. Бала ұстай алмай қалады. Жолда қайық сарқырамаға құлайды. Тастарға соғылады. Осылайша тынық суға әрең жетеді. Ол көп уақыт тынық сумен жүзіп отырып, үлкен теңізге жетеді. Теңізде дауылға кездеседі. Теңіз толқыны оны жағаға шығарып тастайды.Жағада жатқан қайықты бір бала тауып алады.
Осылайша қайық басқа баланың сүйікті ойыншығына айналады.
Қайықтың жүрген жерлерін сызбаға жаз.
Сызбаға ойыншық қайықтың жүріп өткен жолын жаз.
жылға
жаға
Кестеге мәтіндегі негізгі оқиғаларды және оған қатысты өз сезіміңді жаз. Неліктен?
Оқиға
Менің сезімім
Дескриптор Білім алушы
сызбаны оқиға желісіне сәйкес толтырады;
мәтіндегі негізгі оқиғаларды анықтайды;
әр оқиғаға қатысты өз сезімін білдіріп, себебін түсіндіреді;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
72
ЖОБА
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан
құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Қызғаныш
Аузында тістеген сүйегі бар Мойнақ көпірден өтіп келе жатты. Ол судағы өз көлеңкесін көрді.
Мойнақ су бетіндегі өз көлеңкесі екенін білмеді. Сүйек тістеген басқа күшік екен деп қалды. Ол енді сол сүйекке қызықты. Аузындағысын тастап жіберді. Бірақ оны ала алмады. Өз сүйегі де су түбіне кетті.
Мойнақ өз сүйегін неліктен суға тастап жіберді?
Мәтін неге Қызғаныш деп аталады?
Мәтін арқылы автор не айтқысы келді?
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
мәтіннің тақырыбына қатысты ойын айтады;
мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды.
73
ЖОБА
Бөлімше 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата,
мақал-мәтелдер) ажырату, әңгімелеу сипаттау мәтіндерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің түрлерін ажыратады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Менің туған күніме анам қонжық сыйлады. Сыйлық маған өте ұнады. Мен қонжықпен достасып кеттім. Мен онымен ойнаймын, түнде бірге ұйықтаймын. Ол мені жаман түстерден қорғайды.
Мәтін не туралы? ___________________________________________________
Бұл қандай мәтін? __________________________________________________
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрап айт. Өзің құрастырған мәтіннің түрін анықта.
Тірек сөздер:
үлкенкішкентай
... ... ... ... ... . жасалған
жұмсақ қатты
түсі
қоңыр ақ сұр
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің тақырыбын анықтайды;
мәтіннің түрін анықтайды;
тірек сөздер арқылы жүйелі мәтін құрастырады;
тірек сөздерді орынды қолданады;
өзі құрастырған мәтіннің түрін анықтайды.
74
ЖОБА
Бөлімше 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін
нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?)
құрастыру және оған жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнынакейіпкерлеріне қатысты сұрақтар
қояды
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Ертең менің кішкентай сіңлімнің туған күні. Біз отбасымызбен ақылдасып, туған күнге қандай сыйлықтар алатынымызды, мерекелік дастарқанға не қоятынымызды ойландық.
Әкем мен анам әдемі ақ көйлек сатып алды. Ағам екеуміз үлкен, жұмсақ қонжық алдық. Сіңлімнің сүйікті тағамдарын, тәттілерін әзірледік. Туған күнге ата-әжеміз, барлық туыстарымыз келді. Олар сіңліме жақсы тілектерін айтты.
Туған күн кеші өте тамаша өтті. Сіңлімнің қуанышында шек болмады.
Туған күнге қандай дайындық жасалды?
Туған күнде қандай сыйлықтар берілді?
Туған күнге қандай қонақтар келді?
Мәтіннің мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырып жаз.
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырады.
75
ЖОБА
Бөлімше 3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
Оқу мақсаты 3.3.5.1 Сөздіктер, журналдар мен анықтамалықтардан қажетті
ақпаратты іздеу жолын білу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпараттарды табады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қосымша дереккөздерден Наурыз мейрамы туралы ақпараттар жинақта. Оларды кестеге жаз.
Наурыз сөзі қай
Наурыз сөзі
Наурыз
мейрамы
Наурыз мейрамын
тілден шыққан?
қандай мағына
қашан тойланады?
қалай тойлайды?
білдіреді?
Жазған ақпараттарға сүйеніп, Наурыз мерекесі туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа қатысты ақпараттарды іріктейді;
жинақталған ақпараттың негізінде әңгімелейді;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
76
ЖОБА
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты 3.4.1.1 Тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды
қолдана отырып, мәтін құрастыру постер құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суреттердітірек сөздерді қолданып, мәтін
құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген суреттердің негізінде әңгіме құрастырып жаз. Берілген нұсқаулықты қолдан.
1) Сен достарыңмен демалуға бардың. Табиғатты, өзенді сипатта.
2) Демалыстың қалай өткенін сипатта.
3) Кенет өзенге бейтаныс адам келді. Оның іс-әрекетін сипатта.
4) Сендердің іс-әрекеттерің туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
суреттерге сүйеніп жүйелі мәтін құрастырады;
мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;
сөйлемдерді қатесіз жазады.
77
ЖОБА
Бөлімше 4.2 Тыңдаған оқыған көрген материалдың мазмұнын жазу
Оқу мақсаты 3.4.2.1 Оқығанаудиобейне материалдың мазмұнын тірек
сөздерді қолданып жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жаз.
Гүлді баптау
Жандостың апасы сары құмыраға әдемі қызыл гүл өсірді. Оған өзі су құйып,
баптап жүрді. Осыны көріп жүрген кішкентай Жандос та гүлдерге су құйғысы келді.
Апасы жұмысқа кеткенде дастарқандағы гүлдің суретіне су құйды. Су еденге төгілді.
Жандос суретке су құюға болмайтынын енді түсінді.
Тірек сөздер:
гүл өсіру
сары құмыра
гүлдерге су құю
дастарқандағы гүлдің суреті
еденге төгілу
түсіну
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің мазмұнын жүйелі жазады;
тірек сөздерді орынды қолданады;
сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
сөздерді лексика-грамматикалық нормаға сай жазады;
сөйлемдерді қатесіз жазады.
78
ЖОБА
Бөлімше 4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 3.4.4.1 Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің
биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Көп нүктенің орнына ұ, ү, у әріптерінің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.
... сыз тіршілік жоқ. Жер бетінің көп бөлігін с ... алып жатыр. М...хиттар,
теңіздер, өзендер мен көлдерде су көп. Жер астында да, топырақта да с... бар. Су
атмосферада б...лт, т...ман, бу, жаңбыр, қар түрінде болады. Су с...йық, қатты, газ тәрізді үш түрлі к...йде кездеседі.
Дескриптор Білім алушы
көп нүктенің орнына тиісті әріпті қояды;
мәтінді қатесіз көшіреді.
бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін сақтайды;
әріптердің байланысын дұрыс салады.
79
ЖОБА
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 3.4.5.1 Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктер қолдауымен
дұрыс жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздердісөйлемдерді сауатты жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген суретке қатысты 10 сөз жаз. Оларды сөздікпен тексер.
2 сөзбен сөйлем құрастырып жаз.
Дескриптор Білім алушы
суретке қатысты сөздерді жазады;
сөйлем құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды;
сөздерді лексика-грамматикалық нормаға сай жазады.
80
ЖОБА
Бөлім: Тілдік дағдылар
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді
қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атынсыныніс-қимылын
білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын
ажырату, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді
ажыратады
• Заттың атын сынын қимылын білдіретін сөздерді орынды
Қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Ертең менің құрбымның туған күні. Мен оған ерекше сыйлық сыйлағым келді. Мен ерекше сыйлық іздедім. Менің сыйлығым қымбат емес, бірақ бағалы болуы керек. Мен ұзақ сақталатын және пайдалы сыйлық бергім келді. Мен сыйлықты көп таңдадым. Ақыры кітап сыйладым.
Мәтіннен кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жаз.
кім? не? қандай?
Сызбаны не істейді? сұрағына жауап беретін сөздермен толықтыр. сыйлайды
Жазған сөздеріңді пайдаланып, екі сөйлем құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
мәтіннен зат есім,сын есімдерді анықтайды;
сызбаны тиісті етістіктермен толықтырады;
сөйлем құрастыруда сөз таптарын орынды қолданады;
сөйлемнің құрылымын сақтайды.
81
ЖОБА
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.3 Мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің
шақ, рай формаларын ауызша және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу барысында қалау райлы етістіктерді
қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Бекеттер ойынын ойна. Әр бекетте жасырылған тапсырмаларды орында. Жауабыңда -ғы-гі+келеді формасын қолдан.
1-бекет. Ертең сенің ең жақын досыңның туған күні. Сен досыңа не сыйлағың келеді?
Неліктен?
2- бекет. Ертең сенің туған күнің. Туған күн кешіне кімдерді шақырғың келеді?
3- бекет. Ертең сенің туған күнің. Сыйлыққа не алғың келеді? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
сұрақтарға қалау райлы етістіктерді қолданып жауап береді;
сұраққа қатысты ойын дәлелдейді.
82
ЖОБА
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.4 Мұғалім қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін
ажырату, ауызша және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жіктеу есімдіктерін дұрыс септейді
• Сөйлеу барысында орынды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді өзгертіп оқы.
Алақай, бүгін мен туған күнім! Мен ең бірінші ата-анам құттықтады. Олар мен үлкен ойыншық сыйлады. Мектепте мен достарым, мұғалімдер құттықтады. Сыныптастарым мен ертегі кітабын сыйлады.
Мектептен кейін отбасымызбен саябаққа бардық. Саябақта серуендедік. Балмұздақ жедік. Мен туған күнім тамаша өтті!
Сұрақтарға жауап бер.
2) Оны бірінші болып кімдер құттықтады?
3) Ата-анасы оған не сыйлады?
4) Саябақта олар не істеді?
мен, менің, маған, мені сөздерімен сөйлемдер құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
жіктеу есімдігін түрлендіріп,дұрыс оқиды;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлемдер құрастырады;
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
83
ЖОБА
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі
сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жай және құрамалас сөйлемдер құрастырады
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттер бойынша кестені толтыр.
Не?
Қандай?
Не істейді?
Кестедегі ақпаратқа сүйеніп, сөйлемдер құрастырып айт.
Дескриптор Білім алушы
сұрақтарға сәйкес сөздерді тауып жазады;
-тірек сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады;
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
84