Дүниетанымның мәні

Скачать

Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары , өмір сүріп отырған микро және макро ортасы , көпшілік хабарларды тарату құралдары , оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл фкторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі . Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқаруды үйрену керек .
Дүниетанымның психалогиялық құрылымы танымдық , эмоциондық және еріктік сияқты құрамаларды қамтиды . Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай , терең сезіну , қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек .
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес . Ол адам өмірін түгел қамтиды . Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздісіз өзгерістерге ұшырайды . Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар .
Мектепте оқытылатын жаратылыстану , математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды . Ботаника , жалпы биология курстарын оқу , мектептің оқу – тәжірибе учаскелерінде , оқушылардың өндірістік бригадаларында шәкірттер жұмыс істей жүріп , өсімдіктердің даму процесін адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді .
Физика , химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірибе жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін , дүниетанымдылық көзқарсын және сенімін нығайтады . Физика , астрономия сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте – бірте ашуы , тануы және заңдарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады . Бұл жөнінде ғарышкерлердің космосқа ұшуы , оның кеңістігін зерттеу пән мұғалімдерін бай материалдармен қамтамассыз етеді .
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың алатын орны ерекше . Тарих , әдебиет сабақтарында қоғамрың дамуы туралы шәкірттердің диалектикалық – материалистік көзқарастары қалыптасады , олар адам өмірінің мәніне , мұраттарының , мінез – құлқының бағыттылығына , іс - әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді .
Тарих курсы қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіндік жасайды . Әдебиет адамдар арасындағы қарытынасқа жаңа өмірге , еңбекке жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді . Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір шындығымен , Отандық және дүние – жүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлермен , идеялық байлығымен танысады .
Сонымен мектепте оқыту оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі . Олай болса оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек .
1.Мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамассыз ету . Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәнінің орнын анықтау , пән аралық байланысты айқындау , негізгі филдософиялық , саяси - әлеуметтік және адамгершілік идеяларды бөліп алу маңызды . Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді , оларды пәндерді оқудың уақыты бойында логикалық және деректік сипатына қарай күрделенетін ретпен тізбектей орналастырып , бірнеше басқышқа бөледі. Үшінші кезеңі дүниетаным қорытындыларын топтауды міндет етеді . Төртінші кезеңде оқытылатын материалдан шығатын дүниетаным қорытындыларын тақырыптарға сәйкес бөлу және оларды сабақ жоспарларында , оқшылардың өзіндік жұмысы үшін берілетін тапсырмаларды белгілеу жүзеге асады . Бесінші кезеңде оқушылардың оқуын , ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс- әрекеттің тәсілдерін , оқытудың әдістері мен формаларын анықтайды .
2. Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру . Дүниетаным идеяларын меңгеруге оқушының белсенді және орынды қатынасы оның ақиқат екендігіне сенімін қалыптастырады .
3. Алған білімді меңгеру , қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі . Білім тек саналы ойлау жұмысының нәтижесінде алынып , тәжірибеде тексеріліп , іс-әрекеттің жетекші идеясына айналса ғана дүниетаным сипатын алады .
4. Оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы . Адамгершілікті көзқарастарты қалыптастыру , тереңдету мен бекіту , оқушыны қоршаған орта , оны қоғамның – саяси белсенділікке , өз бетіндік іс - әрекет және жауапкершілікке итермелейтіндей жағдайға қоюды талап етеді .
5. Мұғалім – ғылыми дүниетаным иесі және оны жүзеге асырушы . Жалпы , оқушының дүниетанудағы жәрдемшісі мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай идеялық , психологиялық және әдістемелік даярлығы бар , ой - өрісі кең және берік көзқарасты адам болуы керек .
Мектепте , үйелмен және өндірісте оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегінің , олардың қоғамда өз роліне , бақытты өмір сүруіне түсінуінің , өзінің алатын орнын біреуінің маңызын атап кеткен жөн . Өйткені еңбек процесінде оқушылар әр түрлі ұжымдармен , жеке адамдармен қарым – қатынас жасау арқылы білім және практикалық дағдыны игереді , қоғамдық қатынастар тәжірибесін иемденеді . Осының нәтижесінде оқушылардың адамгершілік көзқарасы , сенімі мен сезімі дамиды .
Ғылыми – атейістік тәрбиенің негізгі мксаты дүниенің материалды біртұтас екендігі жөнінде оқушылар көзқарастарының жүйесін қалыптастыру . Ең маңыздысы оқушылар жас шамасының мүмкіндігіне сай дүниеде мәңгі қозғалыста және диалектикалық дамитын материялдан басқа ешнәрсенің жоқ екендігін түсінуінде .
Міндет – оқушыларды жаратылыстан тыс күшке сенуді жоққа шығаратын ғылыми атеизммен қаруландыру .
Тәрбие процесін басқару өте қиын , ол еш уақытта бірқалыпты жағдайда өтпейді . Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады .Өйткені педагогтар мен ата – аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық , педагогикалық қателіктер жіберіледі .
Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балалар – бұлар оқуға , еңбекке , қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар . Олар дөрекі , әдепсіз , барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді . Мұндай тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі – үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік , яғни балаларын оқытуда , тәрбиелеуде ата – аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейрімсіздікті , яғни қатыгездікті, дөрекілікті , өзімшілдікті туғызады .
Екінші себеп – бұл үйелмендегі сәтсіздік-маскүнемдік, ұрыс- төбелес, ұрлық, ата-аналардың және басқа үйелмен мүшелерінің жеңілтек мінез құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу – неке бұзу


Скачать


zharar.kz