Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Музыка
3-сынып
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге Білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН
ТАПСЫРМАЛАР ОШИБКА! ЗАКЛАДКА НЕ ОПРЕДЕЛЕНА.
ОРТАҚ ТАҚЫРЫП ТІРІ ТАБИҒАТ 4
ОРТАҚ ТАҚЫРЫП ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН, ЖАМАННАН ЖИРЕН 8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН
ТАПСЫРМАЛАР ОШИБКА! ЗАКЛАДКА НЕ ОПРЕДЕЛЕНА.
ОРТАҚ ТАҚЫРЫП УАҚЫТ 15
ОРТАҚ ТАҚЫРЫП СӘУЛЕТ ӨНЕРІ 18
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН
ТАПСЫРМАЛАР ОШИБКА! ЗАКЛАДКА НЕ ОПРЕДЕЛЕНА.
ОРТАҚ ТАҚЫРЫП ӨНЕР 21
ОРТАҚ ТАҚЫРЫП АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАР 26
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН
ТАПСЫРМАЛАР ОШИБКА! ЗАКЛАДКА НЕ ОПРЕДЕЛЕНА.
ОРТАҚ ТАҚЫРЫП СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ 33
ОРТАҚ ТАҚЫРЫП ДЕМАЛЫС МӘДЕНИЕТІ, МЕРЕКЕЛЕР 37
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР Ортақ тақырып Тірі табиғат
Бөлімше 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші
құралдарын анықтау және салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Музыканың сипатын, мазмұнын, жанрын,
көркемдеуіш құралдарын анықтап, ажыратады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
1. Музыканы тыңдап, әннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтап, ажырат.
Д.Нұрпейсованың Бұлбұл күйін тыңда. http:maturidiindex.phpkz2015-03-21-04-41-39audioaza-k-jleriitem2368-dina-nurpeisova-bulbul
Л.Хамиди Бұлбұл әнін тыңда. http:bearmusic.freedns.iodownload-E74FEbjBwNFB1Mi1OTWM42422kazakh-singer_mp3.html
Сұрақтарға жауап бер:
Бұл шығармалардан не түсіндің?
Шығарманы тыңдаған кезде көз алдыңа не елестеді?
Орындаушы шығарманы қалай жеткізді?
Шығарманың көңіл күйі қандай?
2. Венн диаграммасын толтыр.
Дескриптор Білім алушы
сұрақтардың негізінде шығарманың сипатын, мазмұнын айтады;
музыкалық шығармалардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
4
ЖОБА
Бөлімше 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 3.1.1.2 Музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы
танып ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Музыканы интонациясы мен әуені арқылы ажыратады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Антонио Вивальдидің - Жыл мезгілдеріне қатысты Күз музыкасын тыңда. Музыка жайлы өз сезіміңді баянда. Суретке назар сал. Музыка мен суретті не байланыстырады?
Дескриптор Білім алушы
музыкадан алған әсерін баяндайды;
сурет пен музыканың байланысын айтады.
5
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты әндерді
орындау
3.1.2.2. Музыкалық штрихтарды қолдана отырып, аспаптарда
ойнау дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әндердің екпінін, динамикасы мен ырғағын сақтап
орындайды
• Аспапты ойнау барысында музыкалық штрихтарды
қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Әсем ән әнін тыңда.
http:audio.nur1530863-serik-ibragimov-
lashin-tobi-asem-an
Сұраққа жауап бер.
Ән не жайында?
Әннің көңіл күйі қандай?
Екпіні қандай?
Әнді ән үйрену ережесімен үйрен.
Әнді фонограммамен немесе музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен ырғағын сақтап орында.
Дескриптор Білім алушы
әннің екпінін анықтайды;
әннің динамикасын анықтайды;
әнді аспаппен сүйемелдеп орындайды;
әннің ырғағын сақтап орындайды.
6
ЖОБА
Бөлімше 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 3.1.3.2 Ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестр аспаптарын
ажырату
3.1.3.3 Нотамен қарапайым әуендер орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Музыкалық аспаптардың түрін ажыратады
• Әнді нотамен орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Құрманғазының Балбырауын күйін тыңда. Күйдің, музыкалық көркемдеуіш
құралдарын анықта.
https:www.youtubewatch?v=beSPeoJD5DY
https:www.youtubewatch?v=MMiRsaYM2lI
Ұлттық және симфониялық оркестр аспаптарын ажыратып кестеге толтыр.
Мазмұны
Аспаптар атауы
Ұлттық оркестр аспаптары
Симфониялық оркестр аспаптары
Менің шөжелерім әнін нотамен орында.
Дескриптор Білім алушы
күйдің, музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтайды;
ұлттық оркестр аспаптарын атайды;
симфониялық оркестр аспаптарын атайды;
нотамен әнді орындайды.
7
ЖОБА
Ортақ тақырып Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
(жарық пен қараңғы)
Бөлімше 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші
құралдарын анықтау және салыстыру
3.1.1.2 Музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы
танып ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Музыканың сипатын, мазмұнын, жанрын,
көркемдеуіш құралдарын анықтап, ажыратады
• Музыканы интонациясы мен әуені арқылы
ажыратады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
1. Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы Жақсы мен жаман термесін тыңда. Терменің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтап, ажырат.
http:mp3.ccm30756-mejrambek-bespaev43936378-terme-zha-sy-men-zhaman-adam
2. Терменің әннен айырмашылығы мен ұқсастығын кестеге толтыр.
Айырмашылығы Ұқсастығы
Ән
Терме
Дескриптор Білім алушы
терменің сипатын, жанрын, мазмұнын анықтайды;
терменің көркемдеуші құралдарын анықтайды және ажыратады;
ән мен терменің айырмашылығын анықтайды;
ән мен терменің ұқсастығын атайды.
8
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты
әндерді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әндердің екпінін, динамикасы мен ырғағын
сақтап орындайды
• Әртүрлі сипаттағы әндерді музыкалық аспаптың
сүйемелдеуімен орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Еркем ай халық әнін ансамбльмен орында.
Ұрмалы, шулы музыкалық аспаптармен сүйемелде.
Орындауда әннің ырғағы мен екпінін сақта.
Дескриптор Білім алушы
әнді музыкалық аспапта сүйемелдейді;
ансамбльмен әннің екпінін, ырғағын сақтап орындайды.
9
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Музыкалық штрихтарды қолдана отырып,
аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Аспапты ойнау барысында музыкалық
штрихтарды қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Он үш жаман халық термесін тыңда.
Біріншіден не жаман?
Ұрлап жиған мал жаман.
Екіншіден не жаман?
Еркелеп өскен қыз жаман.
Үшіншіден не жаман?
Үлгісіз пішкен тон жаман.
Төртіншіден не жаман?
Керекті нәрсе жоқ жаман.
Бесіншіден не жаман?
Кері кеткен іс жаман.
Алтыншыдан не жаман?
Бәрін айт та, бірін айт,
Бәрінен де, ей, жоқ жаман, жоқ жаман.
Тыңдаған шығармаңды сипаттап бер. Терменің ырғағын, екпінін, динамикасын сақтап орында.
Дескриптор Білім алушы
шығарманың мазмұнын айтады;
терменің ырғағын, екпінін, динамикасын сақтайды.
10
ЖОБА
Бөлімше 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Музыкалық форманың құрылымын анықтау: шумақ,
шумақ-қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Музыкалық форманың құрылымын анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Төлеген Айбергеновтың Өсіп келе жатырмын әнін тыңда. Әннің құрылымын анықта және схемасын жаз.
Кеудесінде таулардың,
Адал терін әрдайым,
Кейде күнмен теңесем.
Кемесінде арманның,
Моншақтатып маңдайым...
Таласып күнмен мен өсем.
Жалау етіп өрлікті,
Соқсын дауыл, соқпасын,
Гүл теремін жерімнен,
Ескек етіп ерлікті,
Қиындықтың көк тасын,
Бірге туған елімнен
Есіп келе жатырмын!
Кесіп келе жатырмын.
Өсіп келе жатырмын!
Дескриптор
Білім алушы
−
әннің құрылымын анықтайды;
−
схемасын жазады.
11
ЖОБА
Бөлімше 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 3.1.3.6 Нотамен қарапайым әуендер орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әуенді нотамен орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Абайдың Желсіз түнде жарық ай әнін тыңда және сұрақтарға жауап бер.
Шығарманың жанрын және стилін анықта.
Ән не жайында?
Әннің көңіл күйі қандай?
Ән қалай орындалып тұр? Дыбыс биіктігі қандай?
Әнді суреттегі нотаның ырғағымен орында.
Дескриптор Білім алушы
музыкалық шығарманың жанрын, стилін анықтайды;
әннің көңіл күйін ажыратады;
дыбыс биіктігін анықтайды;
әннің әуенін нотамен орындайды.
12
ЖОБА
Бөлімше 2.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін
өз идеясын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығармашылық жұмыстарға идея ұсынады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жақсы мен жаман тақырыбына берілген өлең шумағын толықтыр. Оған сәйкес әуен ойлап тап және орындап бер.
Дескриптор Білім алушы
өлеңді қажетті сөздермен толықтырады;
өлеңге әуен шығарады;
өлеңді әуенімен орындайды.
13
ЖОБА
Бөлімше 3.1 Музыканы көрсету және бағалау
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және
өзгелердің жұмыстарын бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгелердің жұмысын бағалайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Тірі табиғат бөлімі бойынша кез келген әуенді орында.
Берілген критерийлер бойынша өз орындауыңды және жұбыңның орындауын бағала.
Дескриптор
әннің ырғағын сақтайды
әннің екпінін сақтайды
әннің динамикасын сақтайды
Дескриптор Білім алушы
өз орындауын бағалайды;
жұбының орындауын бағалайды.
14
ЖОБА
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР Ортақ тақырып Уақыт
Бөлімше 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын,
көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Музыканың сипатын, мазмұнын, жанрын,
көркемдеуіш құралдарын анықтап, ажыратады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген сілтемелер бойынша Часики және Тик-так әндерін тыңда.
https:www.youtubewatch?v=mjJBcJm6SvI https:www.youtubewatch?v=cFCTLAyaSN4
Сұрақтарға жауап бер.
Әннің мазмұны не туралы?
Әннің көңіл күйі қандай?
Әннің екпіні қандай?
Екі әннің ырғағын салыстыр.
Дескриптор Білім алушы
әндердің мағынасын ажыратады;
әннің көңіл күйін анықтайды;
әннің екпінін анықтайды;
әннің ырғағын салыстыра сипаттайды.
15
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты
әндерді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әндердің екпінін, динамикасы мен ырғағын
сақтап орындайды
• Әртүрлі сипаттағы әндерді музыкалық аспаптың
сүйемелдеуімен орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Фиксики мультфильмінің Часики әнін караокемен қосылып орында. Әнді орындауда ырғағын, екпінін, динамикасын сақта.
https:www.youtubewatch?v=mjJBcJm6SvI
Дескриптор Білім алушы
әннің ырғағын сақтайды;
екпінін сақтайды;
динамикасын сақтайды.
16
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Музыкалық штрихтарды қолдана отырып,
аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Аспапты ойнау барысында музыкалық
штрихтарды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Әсем әнім сырнайдай халық әнін
тыңда. https:www.youtubewatch?v=eby8h4hFFCM
Әнді музыкалық штрихтарды сақтап, шулы аспаптармен сүйемелдеп орында.
Дескриптор Білім алушы
әнді аспаппен сүйемелдеп орындайды;
музыкалық штрихтарды сақтап орындайды.
17
ЖОБА
Ортақ тақырып Сәулет өнері
Бөлімше 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Музыкалық форманың құрылымын анықтау:
шумақ, шумақ-қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Музыкалық шығарманың құрылымын анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
1. Бота Бейсенованың
Алтын күз әнін тыңда.
Келді міне, қоңыр күздің самалы, Бұлттар төніп, күн суытты шамалы. Келді міне алтын күз Келді міне жарқын күз Байлығы мен мерекелі, берекелі Келді міне алтын күз Келді міне жарқын күз Байлығы мен мерекелі, берекелі
Алтын күзім берекелі болады,
Қамба біткен ақ бидайға толады.
Келді міне алтын күз
Келді міне жарқын күз
Байлығы мен мерекелі, берекелі
Келді міне алтын күз
Келді міне жарқын күз
Байлығы мен мерекелі, берекелі
Келді міне алтын күз
Келді міне жарқын күз
Байлығы мен мерекелі, берекелі
Келді міне алтын күз
Келді міне жарқын күз
Байлығы мен мерекелі, берекелі
2. Әннің құрылымын анықта.
3. Схема түрінде дәптерге жаз.
Мысалы: Ш-Қ-Ш-Қ-Қ
Дескриптор Білім алушы
әннің құрылымын анықтайды;
схема түрінде дәптерге жазады.
18
ЖОБА
Бөлімше 2.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты 3.2.1.2 Қарапайым музыкалық-шығармашылық
жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуіш құралдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көркемдеуіш құралдарды қолданып,
импровизация жасайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретке қарап, Астана туралы бір шумақ өлең жаз.Оған әуен шығар.
Музыкалық көркемдеуіш құралдарды қолданып, шығарған әуеніңе импровизация жаса.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа сәйкес өлең құрастырады;
өлеңге әуен ойластырады;
импровизациялау үшін музыканың көркемдеуіш құралдарын қолданады.
19
ЖОБА
Бөлімше 3.1 Музыканы көрсету және бағалау
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және
өзгелердің жұмыстарын бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген әндерді топпен орында.
1-топ. Фиксики мультфильмінің Часики әнін
2-топ. Алтын күз әнін
3-топ. Астана әнін
Топтардың орындауын критерий бойынша бағала. + -
Топтар
1-топ 2-топ 3-топ
Әннің сөзін жатқа айтады
Әннің ырғағын сақтайды
Әнді музыкалық аспаптармен
сүйемелдейді
Дескриптор Білім алушы
топтың жұмысын критерий бойынша бағалайды.
20
ЖОБА
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР Ортақ тақырып Өнер
Бөлімше 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын,
көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Музыканың сипатын, мазмұнын, жанрын,
көркемдеуіш құралдарын анықтап, ажыратады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген сілтемелер бойынша Бременские музыканты мюзиклі мен "Снегурочка" операсының музыкаларын тыңда.
https:www.youtubewatch?v=kjG4uJeqIvY https:www.youtubewatch?v=kYE4R5N3IT4
Тыңдаған шығармаға сүйеніп, кестені толтыр.
Мюзикл Опера
Көңіл күйі
Екпіні
Динамикасы
Жанры
Мюзиклдің операдан айырмашылығы неде? Түсіндір.
Ұқсастығы Айырмашылығы
Мюзикл
Опера
Дескриптор Білім алушы
шығарманың көңіл күйін анықтайды;
екпінін ажыратады;
динамикасын ажыратады;
жанрын анықтайды;
мюзиклдің операдан айырмашылығын түсіндіреді.
21
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты
әндерді орындау
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Әндердің екпінін, динамикасы мен ырғағын
сақтап орындайды
• Әртүрлі сипаттағы әндерді орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Топпен Бауырсақ ертегісінің көркем образын ашып, дирижерлық қимылдар көмегімен орында.
Дескриптор Білім алушы
әннің образын ашып орындайды;
дирижерлық қимылды орынды қолданады.
22
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Музыкалық штрихтарды қолдана отырып,
аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Аспапты ойнау барысында музыкалық
штрихтарды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
1. Келіншек халық күйін тыңда.
2. Күйдің екпінін, динамикасын, ырғағын сақта. Музыкалық штрихтарды қолданып, аспапта ойна.
Дескриптор Білім алушы
күйдің ырғағын, екпінін сақтайды;
күйдің динамикасын сақтайды;
аспапта ойнауда музыкалық штрихтарды орынды қолданады.
23
ЖОБА
Бөлімше 2.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау
үшін өз идеясын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығармашылық жұмыстарға идея ұсынады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Ә.Қастеевтің туындысына назар сал. Суретті сипаттап бер.
Осы суретті негізінде көркемдеуіш құралдардың көмегімен музыка шығар.
Импровизация жасау үшін не істер едің? Өз ойыңды айт.
Дескриптор Білім алушы
суретті сипаттайды;
музыканың көркемдеуіш құралдарын қолданып, музыка шығарады;
өз идеясының негізінде импровизация жасайды.
24
ЖОБА
Бөлімше
2.2 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты
3.2.1.2
Қарапайым музыкалық-шығармашылық
жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін
музыкалық көркемдеуіш құралдарды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Көркемдеуіш құралдарды қолданып,
импровизация жасайды
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі
Тапсырма
1. Қалқаман Сариннің Күй өлеңінен үзінді оқы. Мазмұнын түсіндір.
Күйге толы дүние-ай, дүбірлеген,
Қайран шешем, Кішкентай күнім деген.
Көбік шашқан, Сары өзен жағасында,
Ерке сылқым, Айжан қыз күлімдеген.
2. Өлеңге орташа екпінде, бір октава көлеміндегі ноталарды қолданып, 24 өлшемінде (8 такт) музыкалық сөйлем жаз.
3. Импровизация жаса.
Дескриптор Білім алушы
өлең мазмұнын түсіндіреді;
өлеңге музыка шығарады;
импровизация жасайды.
25
ЖОБА
Ортақ тақырып Атақты тұлғалар
Бөлімше 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын,
көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру
3.1.1.2 Музыкалық шығармаларды интонация, әуен
арқылы танып ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Музыканың сипатын, мазмұнын, жанрын,
көркемдеуіш құралдарын анықтап, ажыратады
• Музыканы интонациясы мен әуені арқылы
ажыратады
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Үкілі Ыбырайдың Гәкку әнін әртүрлі орындауда тыңда.
А) https:www.youtubewatch?v=F4Cudz8eLVw Ә) https:www.youtubewatch?v=RLFqImtqNms Б) https:www.youtubewatch?v=eePW1xgMxjc
Әннің интонациясы, әуені бойынша ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, кестені толтыр.
Орындаушылар
Стилі
Екпіні
Көңіл
Әуені
күйі
Ұқсастығы
Айырмашылығы
1-орындауда
2-орындауда
3-орындауда
Дескриптор Білім алушы
әннің интонациясын анықтайды;
әуеннің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
26
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты
әндерді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әндердің екпінін, динамикасы мен ырғағын
сақтап орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Ахмет Жұбановтың Ақ көгершін әнін тыңда. Ән және әннің авторы туралы айтып бер. https:www.youtubewatch?v=5avQnU6UC8Y
Әнді караокеге косылып екпінін, динамикасы мен ырғағын сақтап орында.
https:www.youtubewatch?v=5tpJuy_6Hrw
Дескриптор Білім алушы
ән және әннің авторы туралы айтады;
әнді караокемен орындауда екпінін, динамикасын, ырғағын сақтайды.
27
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Музыкалық штрихтарды қолдана отырып,
аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Аспапты ойнау барысында музыкалық
штрихтарды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
1. Дәулеткерейдің Қосалқа күйін тыңда. Күйді нота бойынша, берілген штрихтарымен ойна.
2. Күйді қазақ халық аспаптарымен сүйемелдеп, ансамбльде орында.
Дескриптор Білім алушы
күйді нотаға сәйкес орындайды;
күйдің музыкалық штрихтарын сақтайды;
күйді ұлттық аспаппен орындайды.
28
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Музыкалық форманың құрылымын анықтау:
шумақ, шумақ-қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Музыкалық шығарманың құрылымын анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Мен ғарышкер боламын әнін тыңда және әннің құрылымын анықта.
https:www.youtubewatch?v=e-B1RL2fM9g
Дескриптор Білім алушы
әннің құрылымын анықтайды.
29
ЖОБА
Бөлімше 2.1 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 3.1.3.2 Ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестр
аспаптарын ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Музыкалық аспаптардың түрін ажыратады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
1. Музыкалық аспаптардың атауын жаз.
1. _______________ 2. _______________ 3. _________________
4.___________________ 5. ____________________ 6. _______________
2. Кестені толтыр. Аспаптарды сәйкес кестеге жаз.
Ұлттық аспаптар
Симфониялық оркестр
Үрмелі аспаптар
оркестрі
оркестрі
Дескриптор Білім алушы
музыкалық аспаптарды анықтайды;
аспаптарды қолданылу түріне сәйкес ажыратады.
30
ЖОБА
Бөлімше 2.2 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 3.1.3.3 Нотамен қарапайым әуендер орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әнді нотамен орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген нота бойынша әннің үзіндісін орында.
Дескриптор Білім алушы
берілген әуенді нотаға сәйкес орындайды.
31
ЖОБА
Бөлімше 3.1 Музыканы көрсету және бағалау
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және
өзгелердің жұмыстарын бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Топта Атақты тұлғалар тақырыбына ақпарат жинақтап, топта талқыла.
1 - топ. Музыка саласындағы атақты тұлғалар.
2 - топ. Кино саласындағы атақты тұлғалар.
3 - топ. Спорт саласындағы атақты тұлғалар.
Топ ішінде баға шкаласын құрастыр және топтарға баға бер, берілген бағаңды талқылап, түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
ақпарат жинақтайды;
топтық жұмысты орындайды;
баға шкаласын құрастырады;
берген бағасына түсінік береді.
32
ЖОБА
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР Ортақ тақырып Су – тіршілік көзі
Бөлімше
1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты
3.1.1.1
Әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын,
көркемдеуіш құралдарын анықтау және салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Музыканың сипатын, мазмұнын, жанрын,
көркемдеуіш құралдарын анықтап, ажыратады
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі
Тапсырма
1. Құрманғазының Көбік шашқан күйін тыңда. Күй бойынша кестені толтыр.
Мазмұны
Орындалған аспабы
Орындаушысы
Екпіні
Динамикасы
Жанры
Көңіл-күйі
2. Күй туралы өз ойыңды, сезіміңді айтып бер.
Дескриптор Білім алушы
күйдің негізінде кестеге сәйкес ақпараттарды анықтайды;
күй туралы сезімі мен ойын айтады.
33
ЖОБА
Бөлімше
1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты
3.1.1.2
Музыкалық шығармаларды интонация, әуен
арқылы танып ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Музыканы интонациясы, әуені арқылы
ажыратады
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген сілтеме бойынша (https:wav-librarywater) дыбыстарды ретімен тыңда және сәйкес суреттерді нөмірле.
Дескриптор Білім алушы
дыбысқа сәйкес суретті анықтайды.
34
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты
әндерді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әндердің екпінін, динамикасы мен ырғағын
сақтап орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Давид Тухмановтың Виноватая тучка әнін тыңда. Әннің екпінін, ырғағын сақтап, көркем бейнесін аша отырып, фонограмамен орында. https:zf.fmsong200222
Злую тучку наказали:
Ты плохая!- ей сказали. И она заплакала:
Да, кап-кап-кап-закапала.
Кап-кап-кап...
Дождик пошёл!
Кап-кап-кап...
Дождик пошёл!
Дескриптор Білім алушы
әнді фонограмаға ілесіп орындайды;
әннің екпінін сақтайды;
әннің ырғағын сақтайды;
әннің көркем бейнесін ашып орындайды.
35
ЖОБА
Бөлімше
2.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты
3.2.1.2
Қарапайым музыкалық-шығармашылық
жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін
музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Көркемдеуші құралдарды қолданып,
импровизация жасайды
Ойлау дағдыларының
Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Ұрмалы және музыкалық-шулы аспаптар мен дауысты қолданып, судың түрлі күйін бейнелейтін қысқа әуен құрастыр.
Импровизациялау үшін музыкалық көркемдеуіш құралдарды қолдан. Шығармаңмен таныстыр.
Дескриптор Білім алушы
ұрмалы және музыкалық-шулы аспаптарды қолданып, әуен шығарады;
музыканың көркемдеуіш құралдарын қолданып, импровизация жасайды.
36
ЖОБА
Ортақ тақырып Демалыс мәдениеті, Мерекелер
Бөлімше
1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты
3.1.1.1
Әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын,
көркемдеуіш құралдарын анықтау және салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Музыканың сипатын, мазмұнын, жанрын,
көркемдеуіш құралдарын анықтап, ажыратады
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Ағайынбыз бәріміз және Бірлігіміз жарасқан
әндерін тыңда.
https:www.youtubewatch?v=zumrqkN2kv0
https:www.youtubewatch?v=DZcbGnJiito
Әндердің негізінде кестені толтыр.
Ағайынбыз бәріміз
Бірлігіміз жарасқан
Мазмұны
Орындаушысы
Көңіл күйі
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Дескриптор Білім алушы
әннің негізінде кестеге сәйкес ақпараттарды анықтайды;
музыкалық шығармалардың ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттайды.
37
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты
әндерді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әндердің екпінін, динамикасы мен ырғағын
сақтап орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген сілтеме бойынша (http:www.saz-alemiload3-1-0-8921) Тұсау кесу әнін тыңда. Әннің екпінін, динамикасын, ырғағын сақтап, көркем бейнесін ашып орында.
Дескриптор Білім алушы
әннің екпінін сақтайды;
әннің динамикасын сақтайды;
әннің ырғағын сақтайды;
әннің көркем бейнесін ашып орындайды.
38
ЖОБА
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Музыкалық штрихтарды қолдана отырып,
аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Аспапты ойнау барысында музыкалық
штрихтарды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген сілтеме бойынша (https:www.youtubewatch?v=SYeWQRXIre0) Ән сал, сарбаз әнін тыңда. Әннің екпінін, динамикасын,ырғағын сақта және әнді музыкалық штрихтарды қолдана отырып, ұрмалы аспаптармен сүйемелдеп орында.
Дескриптор Білім алушы
әннің екпінін сақтайды;
әннің динамикасын сақтайды;
әннің ырғағын сақтайды;
аспаппен сүйемелдеуде музыкалық штрихтарды орынды қолданады.
39
ЖОБА
Бөлімше
1.3 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты
3.2.1.1
Музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау
үшін өз идеясын ұсыну
3.2.1.2
Қарапайым музыкалық-шығармашылық
жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін
музыкалық көркемдеуіш құралдарды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Шығармашылық жұмыстарға идея ұсынады
•
Көркемдеуіш құралдарды қолданып,
импровизация жасайды
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жеңіс күні тақырыбына бір шумақ өлең құрастыр. Көркемдеуіш құралдарды пайдаланып, музыка шығар. Импровизациялау үшін идеялар ұсын.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа сәйкес өлең құрастырады;
музыка шығаруда көркемдеуіш құралдарды орынды пайдаланады;
импровизациялау үшін идеялар ұсынады.
40
ЖОБА
Бөлімше 3.1 Музыканы көрсету және бағалау
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және
өзгелердің жұмыстарын бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жеңіс күні тақырыбына шығарған шығармаңды таныстыр.
Берілген критерийлер бойынша өз орындауыңды және жұбыңның орындауын бағала.
Дескриптор
өлең мазмұнын тақырыпқа сай жазады
музыка шығаруда көркемдеуіш құралдарды пайдаланады
әннің ырғағын сақтап орындайды
әннің екпінін сақтайды
әннің динамикасын сақтайды
Дескриптор Білім алушы
өз орындауын бағалайды;
жұбының орындауын бағалайды.
41