Білікті жұмысшылар дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы
Кәсіптік педагогика зерттеу ауқымы емес, өзінің даму тарихымен әр кезеңдегі ашылған жаңалықтарымен, тұлғалар тағдырындағы текетірестер мен адасулар, түпсіз тұңғиыққа тірелген ойлар әлемімен қызықты.
Кәсіптік педагогика жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты. Бұл енді дамып, қанат жайып келе жатқан жас ғылым саласы.
Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар. Қазіргі кезде нарық талабына сай бәсекеге қабілетгі жұмысшылар дайындау мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, оқыту әдістері мен оны ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Кәсіптік педагогика осындай мәселелермен шұғылданып, Егемен елімізде білікті маман жұмысшы дайындауда, оны өркениет деңгейіне көтермекші. Қазіргі нарық жағдайына бейімделген ақпаратты тез, негізді түрде, әрі тиімді игере білуіміз қажет. Білікті педагог, өз ісінің білгір маманы болу үшін, ғылымды игеру жеткіліксіз, оны практикалық тұрғыда өмірге қолдана біліп, кәсіптік әлемдік деңгейіне дейін жеткізіп, нақты іске асыра білетін жан-жақты кәсіп иелері болуымыз керек.
Білікті жұмысшы мамандығының қалыптасуы және оның кезеңдеріне тоқталатын болсақ әлеуметтік жағдайлар мен кәсіби қызметтің сипаттамасына қарай маманның кәсіби біліктілігін жетілдірудің (Э. Ф.Зеер пікірі бойынша) мынадай 5 сатысы бар:
Оптация — адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай кәсіп таңдауын қалыптастыру.
Кәсіптік білім беру — жеке тұлғаның кәсіби білім, білік және дағдыларын типтік үлгідегі әлеуметтік және кәсіби мәні бар қасиеттеріне қарай бағыттау арқылы жетілдіру.
Кәсіби бейімделу - өз бетінше кәсіби бағдар айқындауда игеруі тиіс әлеуметтік жаңа бағыт, яғни кәсіби қызмет дағдыларын үйренуге өз бетінше тәжірибе жинақтау.
Кәсібилену - кәсіби ұстанымды қальштастыру, маңызды кәсіби қасиеттер мен дағдыларды ұштастыра білу, кәсіби кызметті жоғары біліктілікпен атқара алу.
Кәсіби шеберлік— жеке тұлғаның кәсіби қызметін жоғары шеберлік деңгейіне жеткізіп, пығармашылықпен жұмыс істей алу қабілетімен ұштастыруы. Авторлық кызмет жүйесіне ену. Осы аталған кәсіби біліктіліктердің ең жоғарғы шегі - кәсіпті игерудің түпкі мақсаты - кәсіби шеберлік деңгейіне жетіп, өз ісінің маманы атану.
Қазірге дейін жұмысшылар мен мамандарды даярлау мәселесі олардың кәсіптік біліктіліктеріне сипаттама беру тұрғысынан негіздеу кең сипат алып келді. Кәсіптік мектепті бітірушілерге оқу орындары беретін біліктілік сипаттамасы - оның оқу барысында білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптарды анықтайды, ол орталық атқарушы органдардың кәсіптік білімге біліктілік тағайындайтын саласы арқылы белгіленеді. Мұнда айтқанымыздай, бітірушілердің білімі, біліктілігі және дағдылары ғана айқындалған.
Бітірушілерге қажетті маңызды кәсіби сапа мен жеке тұлғалық қасиеттер байқалмайды. Сондай-ақ бітірушінің шығармашылық қабілеттілігі мен іскерлік әрекеттерінің кәсіпкерлікпен ұштастыру, шыңы кәсіби шебер деңгейіне жету, сөйтіп авторлық қызмет жү йесіне енуі көрсетілмеген. Мұны қазіргі кәсіптік мектеп бітіруші түлектерді дайындауда олардың біліктілік сипатын анықтайтын негізгі кемшіліктер деп түсінеміз. Кәсіптік дайындау мәселесін профессиографиялық тұрғыдан қарау ғана бұл тығырықтан шығара алынады. Кәсіби дайындау деңгейін, оның сапалық дәрежесін біліктілік сипаттама емес, профессиограмма анықтап бере алады.
Профессиограмма белгілі бір кәсіпке жан-жақты сипаттама бере келе, оның адамға қоятын талаптарын, ол қызметті атқару үшін қажетті жеке тұлғалык, моральдық қасиеттер сапасын, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін сол арнаулы білім, білік және дағдылық әрекеттерді іске қосатын жүйе болып табылады. Сөйтіп, кәсіптік деңгей бітірушілерінің дайындығы тек білім, білік және дағдылық қасиеттерден басқа да анықтайтын объективті қажеттіліктер бар мүмкіндігі белгілі болды.