Халық педагогтары бала тәрбиесіндегі ертегінің алатын орны жөніндегі түсінігі:
1. Халқымның тіл байлығын жоғалтпай тіл ұштауға қажет екенін түсінген.
2. Жазба әдебиеті жоқ жердегі ертегі баланың қиялын рухын тәрбиелеп, қиялдандыруға, жүйелі түрде сөйлей білуге баулитындығын түсінген.
3. Халқымның ой-өрісінен, салт – санасынан дерек беретінін ұғынған.
Сондықтан халық арасында арнайы ертегі айтатын ертекшілер болған. Олар әңгімесін мәнерлеп тыңдаушыны қызықтыру жағын қарастырған. Мысалы,
Ертек- ертек ерте екен,
Ешкі жүні келте екен,
Қырғауыл жүні қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен,
Мұзға мінген екен,
Бұты сынған екен,-
тақпақтап бастап қызықтыра бастады, ертегі айтушының тілі, үні дауыс интонациясын қоя беру шеберлігі көңіл аударғанын көреміз.
Қазақ ертегілері, 4000- ға жуық. Оларды: хайуанаттар туралы, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс – салт ертегілер, батырлық күлдіргі болып бірнеше түрге бөлінеді.
Хайуанаттар туралы ертегілер. Көне заманда елдің және аңдардың, малдың киесі бар деген, сенім қалыптасқан кезде пайда болған (Ақ қасқыр, Шопан ата, Шек-шек ата, Ойсыл ата, Зеңгі баба, Қамбар ата, т.б) ол дами келе, тыңдаушыны қуантатын, көңілдіретін ертегілермен толысты. Қазіргі хайуанаттар ертегілерінде космосқа ұшып жүрген (бәтінке, шұжық, балқаймақ) хйуанаттармен төрт түлікті көреміз.
Қиял ғажайып ертегілер. Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып, балалық шақтың болашағын елемтетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер. Ертеде «Ұшқыш кілем» ойлап шығарған халық енді «Зымыранның» өмірде бар екенін тілге тиек етіп, жұлдыздармен планеталарды еркін аралайтын алыптар туралы ертегілер шығарды. Мұндай ертегілердің көбісі ғылым болжамдарына сәйкестіріліп шығарылады. Сондықтан олардың ғылыми фантастикалық ертегілер деп атауға болады.
Тұрмыс - салтқа байланысты. Ертегілер халықтың тарихи талаптарына байланысты туған. Онда бай баласымен жарлы баласының таптық айырмашылықтары сөз болады, ақылды кедей мен сараң бай, қанағатсыз саудагер, ақымақ хан мен ақылды шаруаның іс - әрекеттері, мінез қылықтары суреттеледі.
Батырлық ертегілер. Елін қорғап, халық қадірлеген ерлердің таң ғажайып әрекеттері баяндалады.(«Күн астындағы Күнекей қыз», «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай» т.б.) оладың еңбектерімен ерліктері, адамгершілік іс-әрекеттері кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге етіп айтылады.
Аңыз ертегілер. Негізінен « Алдар Көсе», Қожанасыр есімдерімен байланысты, ондағы кейіпкер Сараң бай, Зұлым хан, Қаніпезер уәзір, Қуақы құл, Еріксіз қыз, еңіреп туған ер азамат болып келеді. Онда зұлымдықты тақырлық жеңіп отырады.
Ертегінің қандай түрі болсада бала жанына жақын, баланың қиялын, ойын өрге сүйрететін, еңбек сүйгіш, қолынан келмейтін өнері жоқ, өнегелі, «жеті қырлы, бір сырлы» - болуға тәрбиелейді.