Менің туып өскен жерім-Егеменді Қазақстан. Қазақстан өте көлемі үлкен, жері кең ел. Қазақстан табиғаты өте тамаша, жер қойнауы байлыққа толы. Жезқазғанда темір өндіреді. Маңғыстауда мұнай шығады. Алматының дүниежүзіне танымал апорты бар. Шымкент көкөніске бай қала. Жетісайда мақта өндіреді. Қыжылордада күріш өндіреді. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Қазақ елі сынға төтеп берген, ауырға қайыспайтын ел. Басқа елдерге адал болып, жауына бас имеген ел. Осындай елде, жерде біздің ата-бабаларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шырайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашанда мақтан тұтамын.