Менің шыр етіп дүние есігін ашқан мекенім – арайлы Ақтөбе қаласы. Ақтөбе қаласы кең байтақ Қазақстанымның батыс бөлігінде орналасқан. Қойнауы байлыққа толы шырайлы Ақтөбем – менің ата-бабамның мекені. Тәуелсіздігіміз, бостандығымыз үшін тер төккен Әлия мен Есет бабамыздың мекені.
Қаламыздың тарихы 1869 жылы үлкен төбенің басына бірнеше үй салудан бастау алған. Содан бері көптеген түрлі зәулім ғимараттар мен тарихи ескерткіштер орнатылып, танымастай болып өзгерді. Қаламыз өте әдемі, көрікті. Әсіресе кешкі мезгілде көше шамдары жарқылдап жанып тұрған кезде тура бір ертегі әлемінде жүргендей күйге түсемін.
Гүлдене бер, туған өлкем – Ақтөбем! Мен сені мақтан тұтамын!