«Жігер» ұйымының әнұраны

Скачать

«Жігер» ұйымының әнұраны
сөзі- Шангишбаева А.С әні-Шаймардан С.Б

Шыңғыстай мектебі,
Гүлденіп келеді.
Шығады дарындар,
Халқымның ертеңі!
Тарихи мектепте
Дарынды даналар,
Танымал әр елге-
Оқыған ағалар!
Қайырмасы:
Біздің ұйым – Жігер,
Одан әрі кемелденер,
Алға бастап ұландарды жолға,
Бізді, ұстаздар, қолда!
Жігер қоғамын!

Әбдікерім салдырған,
Мектепте оқимыз.
Сұлтанмахмұт оқытқан,
Білімді тоқимыз!
Шыңғыстай мектебін,
Бар елге танытқан-
Оралхан ағамыз,
Осында оқыған!
Қайырмасы:
«Жігер» десе күш аламыз,
Одан ары жүлде аламыз,
Жылдан-жылға басамыз біз алға,
Бізді ,ұстаздар, қолда!
«Жігер» қоғамын!

Туған жер байлығын,
Сақтаймыз ертеңге.
Халқымның дәстүрін,
Қолдаймыз мәңгіге!
Өнер мен біліммен,
Алға біз басамыз,
Бірлесіп «Жігермен»,
Шыңдардан асамыз!
Қайырмасы:
Біздің ұйым- «Жігер»,
Одан ары кемелденер,
Алға бастап, ұландарды жолға,
Бізді ,ұстаздар, қолда!
«Жігер» қоғамын!
«Жігер» десе күш аламыз,
Одан ары жүлде аламыз,
Жылдан-жылға басамыз біз алға,
Бізді, ұстаздар, қолда,
«Жігер»қоғамын!


Скачать


zharar.kz