Ірі қараның биологиялық ерекшеліктері. Эволюциялық, дамуы барысында адамға қажетті биологиялық ерекшеліктерін қалыптастырған ipi қараның анатомияльқ құрылысы мен физиологияльқ процестерінде біршама айырмашылық бар.
Қоректену типі жағынан шөп қоректілерге, ал қорытуы жағынан күйіс қайыратындарға жатады. Ipi қараның күйіс қайыруы олардың ас қорыту жолдарының құрылыс ерекшеліктерне байланысты мәселе. Ipi қара асқазаны көп камералы келеді Оның үш алдыңғы белігінде без болмайды, қарын сөлі бөлінбейді. Сондықтан олар желінген азьқты күйсеуге дейін сақтайтын орын больш табылады. Аумақтары да соған бейім, өте сыйымды келеді. Мәселен таз қарынның аумағы 150—180 л, жұмыршақтыкі —12 л, жалбыршақтыкі —18 л.
Жұтылған азьқ өңеш арқылы құрсақ қуысының непзгнен сол жақ бөлігінде орналасқан таз қарынға түседі. Ауыз қуысында мол сілекейге шыланған (сиыр тәулігіне 100 литрдей сілекей бөледі) азық, қарынның ішкі жақ, қабырғасы мен жұмыршақтың күшті жиырылуының арқасында (бес минут ішінде 7—10 рет жиырылады) іштегі заттармен араласады. Жұмыршақтың ұяла-рында жұмсарған, бірақ, толық ұнтақталмаған азықтар кекіру ке-зінде өңеш жолымен ауыз қуысына кайтып оралады. Содан әбден шайнальш барып, қайта жұтылады. Бұл процесті күйіс кайыру деп атайды. Қарындағы азық әбден шайналғанша ауыз қуысына осылайша қайта-қата қайтарылып тұрады. Мал күйісті азықтан-ғаннан кейін 15—20 минуттан соң қайырады.
Әбден шайнальш, сілекейге шыланган азық қайта жұтылып, қарынға түскеннен кейін одан әрі механикалық жэне химиялық өңдеуден өтеді. Азықтың осылай алдыңғы қарындарда өңдеуден өту процесі биологиялық, дәлірек айтқанда микробиологиялық, өңдеумен қатар жүреді.
Алдыңғы қарындардағы микроорганизмдер әсерінен алдымен қиын қорытылатын азықтық заттар — клетчатканың қорытылуы көңіл аударуға тұрады. Осы микроорганизмдер’ тіршілігі арқылы алдыңғы қарындарда азықпен түскен клетчатканың жартысына жуығы қорытылып, ыдырайды. Жалпы алғанда микробиологиялық процестер арқылы күйіс малын көп камералы қарындарында азық қорыту және сіңіру процестерінің негізгі бөлігі (70— 80%), ал ішектерде тек 20—30 проценті ғана өтеді.Сондықтан да ішекте қорытылу процесі басым бір камералы қарынды малға қарағанда көп камералы қарынды малда қарын мен ішекте қорытылу процестері қатар жүреді.
Күйіс малының алдыңғы камераларында орын алатын микро-биологиялық процестерді түсіндіру үшін ол қарындардары зат-тардың (жынның) әр 1 миллилитрінде 80 мыңнан 2 миллионға дейін инфузориялар және 20 мыңнан 100 миллиардқа дейін түрлі бактериялар тіршілік ететінін айтсақ, олардың азық қорыту ба-рысындағы атқаратын қызметі сөзсіз айқындалады деуге болады.
Осынша микроорганизм алдыңғы қарыңдардан азық бөлшек-теріне ілесіп негізгі қарынға өтөді де, қарын сөлінің қышқылдылығы салдарынан өліп, азықтың қоректік заттарымен қатар қорытыла бастайды. Олардың денесіндегі түзілген белоктар ыдырап, күйіс малының организмін азықта болмаған, ауыстыруға келмейтін амин қышқылдарымен байытылған белокпен қамтамасыз етеді. Осы микробиологиялық түзу өнімін белок деп атайды. Тәулігіне әрбір сиыр, биологиялық тұрғыдан байытылған, осындай жоғары сапалы 400—450 грамм құнды белокқа ие болады.
Міне, ас қорыту барысының, көп камералы қарнындағы ас қо-рыту ерекшеліктерінің арқасында ірі қара ірі азықты барынша көп жеп, қорыта алады. Қорытылған қоректік заттардан аса сапалы өнімдер ет және сүт өндіреді. Сауын сиырлар сүт өндіру үшін азықтық қорөктік затының 50 процентіне дейінін пайдаланса, бордақылаудағы өгізшелер тек 16—20 процентін ғана пайда-
ланады.
Қолға ұстап үйреткеннен бергі уақытта ірі қараның нерв жүйесі біршама өзгерді, адамға пайдалы қасиеттері жетіліп, қалыптасты. Олар өсіру жагдайларына көнбіс келеді. Олардың жыныстық қасиеттері де өзгеріп, тек көктемде ғана емес, жыл бойы төлдеуге бейімделді. Төлінің өсуі мен жетілуі, өнімділігі де әлденеше
есе өсті.
Қазіргі ірі қара тұқымдарының төлі 6—9 айлырында-ақ жыныстық жағынан жетіледі. Бірақ бұл кезде олардың организмі әлі толыса қоймайды. Физиологиялық ерекшеліктері мен шаруашылыққа пайдалы қасиеттері жетіле бермейді. Міне, осыдан барып олардың алдымен өз организмінің өсіп-жетілуіне кедергі келтірмей, ал екінші жағынан, болашақ төлдің жақсы жетіліп туылуына жағдай туғызу үшін оларды 6—9 айлырында емес, 1,5 жасында, тірідей салмағы 320 килограмнан асқанда ғана ұрықтандыру қажет.
Ұрықтандыру жұмысы нәтижелі болу үшін құнажындарды жыныс’ циклының белгілі кезеңінде ұрықтандырады. Жыныс циклы нәтижелі ұрықтанғанға дейінгі әрбір 3 апталықта қайталаньш тұрады. Осы цикл ішінде сиырлар тек жыныстық қабылдау кейпін танытқан мезгілде ұрықтандырылса ғана ол тоқтайды. Орта есеппен сиырлар буаздығы 285 тәулікке созылса, сол уакыттағы бағып-күтіміне байланысты 260 тәуліктен 312 тәулікке дейін ауытқиды.
Әдетте сиыр жалқы туады. Бұл түлікте егіз туу өте сирек кездесетін құбылыс. Тұқымына және бағып-күту ерекшеліктеріне байланысты жаңа туьшған.бұзау салмағы 20 килограмнан 40 килограмға дейін тартады немесе енесі салмағының 7 процентіндей келеді. Еркек бұзаулар салмағы ұрғашыларынан 1—2 килограмм артық тартады. Олар 5 жасына дейін жақсы өсіп-жетіледі.
Денесінің қызуы—38,6°С, тамыр соғысы минутына 50—60 рет. Сақа малда 32 тіс (20-сы астыңгы жақ, 12-сі үстіңгі жақ сүйегіне орналасқан) болады. Тістердің ауысу мерзімі мен жұқару белгілеріне қарап малдың жасын ажыратуға мүмкіндік бар.
Сүтті сиырлардың негізгі өнімі – сүті өте күрделі, жоғары сапалы азықтық өнім. Оны өндіру үшін сиыр организмі орасан зор физиологияльқ қызмет атқарады. Айталық, тек 1 литр сүт түзілу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден астам қан айнальш өтеді екен.
Міне, осыншама күрделі жұмыс атқара отырьш, сиыр оргамизмі өндірілген сүттің құрамын, жалпы алғанда, бірқалыпты сақтайды. Сиыр сүтінде орта есеппен 87,5% су, 3,5% сүт майы, 3,3% сүт белогы, 4,7% сүт қанты, 0,7% минералды заттар болса, сол коректік заттар тобының құрамдары да өте бай және басқа азықтарда кездеспейтін түрде қалыптастырылады. Мысалы. сүт белогының- құрамында тіршілікке қажетті барлық амин қышқылдары болса, сүт майы өте сіңімді ұсақ май түйіршіктерінен тұрады. Сүт қанты мен минералды заттары сүтте сіңірілуге қолайлы ерітінді түрінде кездеседі. Адам организмінде сүт белогы 96%, сүт майы—95%, сүт қанты 98 процентке қорытылады. Сүттен тіршілікке қажетті барлық дерлік минералдық элементтерді табуға болады.
Ірі қарадан алынатын келесі бағалы өнім — ет. Ол белокты (15—17%) және әдейі бордақылаудан кейін майлы (16—19%) диеталық азық болып табылады. Әсіресе етті тұқымның ірі қарасы мен және жергілікті тұқым ірі қарасының еті дәмді келеді.
Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы