Қазақ тілі (оқыту тілі қазақ тілінде) пәні бойынша
күнтізбелік-тақырыптық жоспар
8-сынып
Қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.
Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын оқулыққа сай таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады.
Жылдық жүктеме 68 сағат, аптасына 2 сағат.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
Лексика-грамматикалық бөлім
Грамматикалық материал
Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым
Оқылым
Жазылым
Әдеби тіл нормасы
І тоқсан
(16 сағат)
1-бөлім:
Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Орфография
Жалқы есім емлесі
8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
8.1.3.1 -
тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.
8.2.2.1 - публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
8.2.3.1 -
мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
8.3.5.1 -
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазу;
8.3.6.1 -
БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау.
8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.
2-бөлім:
Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті
Фонетика
Сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс
8.1.2.1 -
әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;
8.1.4.1 -
мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
8.2.4.1 -
тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;
8.2.3.1 -
мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
8.3.1.1 - тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;
8.3.2.1 -
жанрлық және стильдік ерекшелік-теріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, құрастырып жазу.
8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
Тоқсандық жиынтық бағалау 1 сағат
ІІ тоқсан
(16 сағат)
3-бөлім:
Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Лексика
Сөздік қор және сөздік құрам
8.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;
8.1.5.1 -
перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау.
8.2.1.1 -
тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;
8.2.5.1 -
перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
8.3.3.1 -
мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу;
8.3. 4.1 -
эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу.
(аргументативті эссе);
8.4.3.1 - сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.
4-бөлім:
Ғарышты игеру жетістіктері
Синтаксис
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері.
Сөз тіркесінің байланысы түрлері.
Сөз тіркесінің түрлері.
8.1.3.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
8.1.6.1 -
коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.
8.2.2.1 -
публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
8.2.3.1 -
мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
8.3.2.1 -
жанрлық және стильдік ерекшелік-теріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис құрастырып жазу;
8.3.5.1 -
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;
8.4.4.1 - сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану;
Тоқсандық жиынтық бағалау 1 сағат
ІІІ тоқсан
(20 сағат)
5-бөлім: Биоалуантүрлілік.
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
Синтаксис
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
8.1.5.1 - перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;
8.1.6.1 -
коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.
8.2.1.1 -
тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;
8.2.4.1 -
тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;
8.2.5.1 -
перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
8.3.2.1 -
жанрлық және стильдік ерекшелік-теріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу ;
8.3.3.1 -
мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу.
8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.
6-бөлім: Қоршаған орта және энергия ресурстары
Синтаксис
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
8.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;
8.1.6.1 -
коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.
8.2.2.1 -
публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
8.2.4.1 -
тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;
8.3.5.1 -
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;
8.3.6.1 - БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау;
8.4.4.3 - сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді қолдана білу;
7-бөлім: Жасөспірім және заң
Синтаксис
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
8.1.2.1 - әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;
8.1.3.1 -
тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.
8.2.3.1 -
мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
8.2.6.1 -
оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу;
8.2.7.1 -
ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау.
8.3.1.1 -
Тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;
8.3. 4.1 -
эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу.
(аргументативті эссе).
8.4.4.4 - жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану
Тоқсандық жиынтық бағалау 1 сағат
IV тоқсан
(16 сағат)
8-бөлім: Театр өнері мен мәдениеті
Синтаксис
Жай сөйлемнің түрлері
8.1.2.1 -
әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;
8.1.3.1 -
тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.
8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;
8.2.7.1 -
ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау.
8.3.1.1 - тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;
8.3.5.1 -
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;
8.4.4.4 –
жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану;
9-бөлім:
Қазақстандағы туризм және экотуризм
Пунктуация
Сөйлем соңында қабаттасып қолданылатын тыныс белгілері
8.1.1.1 -
мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
8.1.5.1 -
перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау.
8.2.1.1 -
тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;
8.2.5.1 -
перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;
8.2.6.1 -
оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу.
8.3.3.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу;
8.3. 4.1 -
эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу.
(аргументативті эссе).
8.4.5.1 - сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Тоқсандық жиынтық бағалау 1 сағат